Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MU_proiz_ped_praktiki_kaz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

2 Практиканы ұйымдастыру барысындағы жақтардың құқықтары мен міндеттері

Студент-практикант:

құқылы

- жеке бас бостандығын бұзуға әкелетін, практика бағдарламасы, қауіпсіздік ережесі және еңбекті қорғау ережесі қарастырмаған жұмыстардан бас тартуға;

- практика барысында туындайтын мәселелер бойынша кафедрадан практика жетекшісіне, әкімшілікке жүгіну;

міндетті:

  • практиканың бағдарламасы қамтитын тапсырмаларды орындауға;

  • оқу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

  • еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік

санитарияны сақтауға;

  • практика барысында күнделік жүргізуге;

  • жоғары оқу орны бекіткен форма бойынша практиканың күнделігін

жүргізу;

  • бекітілген форма бойынша практика жетекшісіне жазбаша есеп,

практиканттың есебін көрсетуге;

  • практика бойынша есепті комиссия мүшелері алдында қорғау;

  • практика бағдарламасын белгіленген мерзімде өтпеген студенттер практикаға шығуға мүмкіндігі болмаған немесе ауырған жағдайда өтеу.

Кафедрадан практикаға жауапты жетекші:

  • студенттермен қондырғы және қорыынды конференциясын, техника

қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізеді;

  • практика басталмай тұрып студенттерді сәйкес құжаттармен

қамтамасыз етеді (әдістемелік нұсқау, күнделік, практикаға жолдама, практиканың жұмыс жоспар кестесі), есеп беру формасының талаптарын анықтайды;

  • практиканттар қызметі үшін қалыпты жағдайды ұйымдастыру мен

қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады, әрбір жаңа жұмыс орнында міндетті техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты студенттермен өткізуін бақылайды;

  • студенттердің практиканы өтуін бақылауын, студент-практиканттардың

практика базасында ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауды жүзеге асырады;

  • практика бағдарламасына сәйкес студенттердің практикасын сапалы

өтуін қамтамасыз ету;

  • білім алушыларды практиканы өтуге байланысты барлық мәселелер

бойынша кеңес береді;

  • студенттер жеке тапсырмаларды орындау мен материал жинауда оларға әдістемелік көмек көрсетеді;

  • практиканың өту барысын бақылауды жүзеге асырады;

  • студенттердің есеп беу құжаттамасын, жеке тапсырмаларды орындау күнделігін қарап, оларды бағалайды;

  • кафедра меңгерушісі мен институттың практика меңгерушісін практика барысы жайлы хабардар етеді;

  • практика есептерін қорғау бойынша комиссия жұмысына қатысады;

  • практика қорытындысы бойынша конференцияларды ұйымдастырады;

  • студенттердің есебін бағалап, олардың жұмысына пікір береді;

  • практиканың өтуі мен оның қорытындылары, оны жетілдіру үшін

ұсыныстар мен ескертулер туралы жазбаша есепті ұсынады.

Педагогика кафедрасының практика жетекшісі:

  • студенттердің педагогикалық практикасына жетекшілік етеді,

педагогикалық практика бағдарламасының және сынып жетекшісінің ұйымдастыру және тәрбиелік қызметіне байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  • практика басталғанға дейін студенттерді тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді: бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулықтар;

  • есептің талабы мен формасын анықтайды;

  • практиканың өткізілу барысында практика бағдарламасы бойынша нақты жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады, студенттерге аталған не басқа жұмыстардың қалай өткізілетінін көрсетеді;

  • практикаға шығар алдында ұйымдастыру конференциясына қатысады;

  • студент-практиканттардың жұмысын басқарады және қажетті кеңес береді;

  • сынып жетекшісінің ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарымен танысу барысында, сынып жетекшісінің көмекшісі жұмыстарын орындағанда студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарын бақылап, кеңес береді;

  • практика бойынша есеп қабылдағанда комиссия жұмысына және тәжірибе қорытындысы бойынша өткізілетін конференцияға атсалысады;

  • педагогикалық практиканың күнделігін тексереді;

  • студенттердің тәжірибе бойынша есептерін қарайды, олардың жұмыстарына пікір білдіреді, тәжірибенің өткізілуі және қорытындысы бойынша оны жетілдірудегі ұсыныстар мен ескертулерді қоса отырып жазбаша есеп береді.

Мектептегі практика жетекшісі:

Мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі:

  1. мектептегі практиканы өту үшін қалыпты жағдайлар тудыру;

  2. студенттерді мектеппен, педагогикалық ұжыммен, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырумен, мектеп құжаттамасымен таныстырады;

  3. педагогикалық кеңес отырыстары мен әдістемелік бірлестіктеріне қатысу мүмкіндігін ұсынады;

  4. кафедрадағы практикаға жауапты жетекшімен бірігіп студенттерді сыныптарға бөледі;

  5. студенттердің сабақтарына таңдаулы түрде қатысады, оларды талқылауда қатысады;

  6. студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

Пән мұғалімі:

  1. өзіне бекітілген студенттерді құжаттамамен таныстырады (күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары және т.б.), ашық сабақтар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады;

  2. практика жетекшісімен бірігіп студенттер арасында сабақтар тақырыптарын белгілеп, өзара бөледі;

  3. студенттерді сабақ өткізуге дайындауда кеңес береді, жоспар-баяндамаларын тексеріп, бекітеді;

  4. студенттердің сабақтарына қатысып, оларды бағалауда қатысады;

  5. студенттерге және олардың жұмыстарына мінездеме мен баға береді, практика қорытындылары бойынша және мүмкіндіктері бойынша жиналыстар мен конференцияларға қатысады.

Сынып жетекшісі:

  1. студенттерді сынып құрамымен таныстырады, олардың жеке істерімен, үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртәбә, негізгі тәрбие міндеттері мен жұмыс жоспарымен таныстырады;

  2. педагогика кафедрасынан практика жетекшісімен бірігіп студенттер арасында сыныптан тыс шараларды белгілеп, бөледі; студентерді шараны өткізуге дайындық барысында кеңес береді, олардың орындауын бақылайды;

  3. студенттердің жеке тәрбие шараларына қатысып, оларды талқылау мен бағалауда қатысады; студенттерді сыныппен бірге ағымдағы тәрбие жұмысына қатыстырады (кезекшіліктер, үйде оқитын оқушыларға бару, ата-аналармен әңгіме);

  4. студент-практиканттарға мінездеме береді, олардың тәрбие жұмыстарына бағалайды;

  5. практиканың нәтижесі бойынша жиналыстарға, қорытынды конференцияларға қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]