- •1 Өндірістік педагогикалық практиканың мазмұны
- •2 Практиканы ұйымдастыру барысындағы жақтардың құқықтары мен міндеттері
- •3 Студенттердің есеп құжаттамасы
- •3.1 Есепке қойылатын талаптар
- •3.2 Есеп құжаттарын ресімдеу талаптары.
- •4 Практиканы қорытындылау тәртібі
- •Сабақты бақылау парағы
- •Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы
- •Кесте 1 Сабақтағы қарым-қатынаста мұғалім мінез-құлығының стильдік ерекшеліктері
- •Практика бойынша студенттің есеп үлгісі
- •(Практика түрі) есебі
- •Есептің құрылымы
1 Өндірістік педагогикалық практиканың мазмұны
Практика барысында студенттер мұғалімнің дублері және сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде жұмыс атқаруы тиіс.
Өндірістік (педагогикалық) практиканың бірінші 2 аптасы белсенді емес кезең, оқу мекемесімен жалпы танысу: оның құрылымы, оқу-материалдық базасы, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формалары, оқушылар ұжымы, бекітілген сыныптың сабағына қатысу және бақылау парақтарын толтыру.
Практикант бекітілген сыныптағы оқушылардың аты-жөндерін есте сақтауы қажет; түрлі құжаттамамен (жоспарлар, журналдар, сабақ кестесі және т.б.) танысуы қажет. Екінші аптаның соңына қарай практикант өзінің сабақ кестесі мен сыныптан тыс шаралардың кестесін құруға міндетті және де сол кестемен практика жетекшілерін таныстыруы тиіс.
Студент-пратиканттың іс-әрекет мазмұнына кіреді:
- мекеменің ресми сайтын зерттеу; оқу мекемесі туралы ақпарат жинақтау; материалдық-техникалық база жағдайы; оқу мекемесінің әкімшілігі; оқу мекемесінің жетістіктері; сынып, оқушылар саны туралы мәлімет, оқу мекемесінде өткізілетін сынақтар туралы ақпарат; оқу мекемесінің тәрбие жұмысының жоспары туралы ақпарат; оқушыларды сабақтан тыс қызметпен қамту туралы мәлімет; жоспарланған тәрбие шаралары туралы ақпарат; сыныптың құрамы; оқушылардың үлгерімі;
- оқу мекемесінің материалдық-техникалық базасын барлық құрал-жабдықтың сипатамасымен, әдістемелік жабдықталуымен зерттеу (суреттер немесе кабинеттің (шеберхананың) жоспары);
сынып жетекшінің жұмыс жүйесімен танысу (сынып жетекшімен әңгіме, оның жұмыс жоспарымен танысу, тәрбие шараларына қатысу және т.б.);
оқушының тұлғасын зерттеу және психологиялық-педагогикалық мінездеме құру;
сынып ұжымын зерттеу және психологиялық-педагогикалық мінездеме құру;
мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасының стильдік ерекшеліктерінің сипаттамасын (келісім бойынша) құру, мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализын орындау;
сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын өткізуге көмектесу (ұжымдық шығармашылық шараларды ұйымдастыру және өткізу; сыныпта және мектепте кезекшілік ету; сынып журналын жүргізу; күнделіктерді тексеру; жеке оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгіме және т.б);
пән бойынша сабақтан тыс тәрбие қызметінің (үйірмелер) тәжірибесін зерттеу;
сынып жетекшісіне ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізуге көмектесу;
оқушылармен тілектес, құрметтес қарым-қатынасты орнату;
өзінің педагогикалық қызметіне анализ жасау, жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау; ары қарай жетілу үшін нақты міндеттерді қою (қосымша 7);
өндірістік педагогикалық практиканың юелсенді кезеңінде (8 апта) студент тиіс:
бекітілген сыныптың сабақатарына қатысу, сабақтың бақылау парақтарын толтыру (қосымша 1);
пән мұғалімдері мен курстастарының сабақтарына қатысу мен талдау (аптасына 3 сабақтан кем емес, практика барысында 24 сабақтан кем емес) – сабақтарды талдау парағы (қосымша 5);
сабақты дайындап, өткізу (аптасына 2 сабақтан кем емес, практика барысында барлығы 16 сабақтан кем емес); өткізген сабақтарды өзін-өзі талдау парақтарын толтыру (қосымша 6);
бір есептік (ашық) сабақ өткізу; сабақтарды өзін-өзі талдау парағын толтыру;
өткізілетін сабақтарға дидактикалық материалдар дайындау, (коллекциялар, технологиялық карталар, түйіндеп өңдеу үлгілері, электрондық презентациялар, тестік тапсырмалар, дидактикалық ойындар және т.б.);
түрлі формадағы үш тәрбиелік шараларды дайындау және өткізу (сынып сағаты, этикалық әңгіме, диспут және т.б), әрбір шараны өткізу бойынша есеп құрастыру;
мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру (қосымша 2);
сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру (қосымша 3);
мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасының стильдік ерекшеліктерінің сипаттамасын (келісім бойынша) құру, мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализын орындау; (қосымша 4).
Практика бойынша есепті баспа және электронды түрде тапсыру.
