- •Әдістемелік нұсқау
- •Әдістемелік нұсқау
- •Зертханалық жұмыс №1. Механизмдердің структуралық анализі мен классификациясы және олардың кинематикалық сұлбасын құрастыру
- •Б. Жұмыстың орындалу реті.
- •В. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №2. Көп сатылы тісті берілістердің құрылымдық және кинематикалық анализі
- •А. Теориялық бөлім
- •Осьтері қозғалмалы тісті берілістер.
- •В. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №3. Тісті дөңгелектердің эвольвента пішінді профилін тісті рейкамен орау әдісі арқылы салу
- •А. Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті.
- •Г. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №4. Сырғанау подшипниктеріндегі келтірілген үйкеліс коэффициентін «қозғалыстан шығу» әдісімен анықтау
- •А. Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті
- •Г. Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс №6. Червякты редуктордың пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •А. Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы
- •В. Жұмыстың орындалу реті
- •Г. Бақылау сұрақтары
- •Б. Қондырғыны сипаттау
- •Г. Бақылау сұрақтары.
- •Зертханалық жұмыс №8. Роторды динамикалық теңгеру
- •А.Теориялық бөлім
- •Б. Қондырғының сипаттамасы.
- •В. Жұмыстың орындалу реті.
- •II түрлі жұдырықшаның профилінің есептелу және құру
- •Г. Бақылау сұрақтары
В. Бақылау сұрақтары.
Тісті берілістердің атқаратын жүмысы және олар қалай классификацияланады?
Жай, қарапайым, планетарлық және дифференциалдық тісті механизмдердің айырмашылықтары неде ?
Айналу осьтері қозғалмайтын механизмдердің беріліс қатынастары қалай анықталады?
Қозғалысты кері айналдыру әдісі дегеніміз не және оны планетарлық, дифференциалдық механизмдердің беріліс қатынасын анықтау үшін қалай қолданады?
Ось сәйкестігі шарттарын қалай түсінесің?
Келтірілген механизм дегеніміз не? Қандай жолмен дифференциалдық механизмнен планетарлық механизм алуға болады?
Конусты дифференциалдың жетектегішін айналу саны әр түрлі екі қозғалтқыш (двигатель) арқылы қозғалтуға бола ма?
Беріліс қатынасын тәжірбиелік жолмен қалай анықтаймыз?
Зертханалық жұмыс №3. Тісті дөңгелектердің эвольвента пішінді профилін тісті рейкамен орау әдісі арқылы салу
Жұмыстың мақсаты: Орау әдісі арқылы тісті дөңгелектердің эвольвенталы профилін салу. Тісті дөңгелектердің негізгі параметрлерін анықтай отырып, тіс кесетін аспаптың ығысуына байланысты тістердің қиылуының алдын-алу іс-шараларымен танысу.
Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар: Сызба жұмыстарын орындау үшін қалам, циркуль және сызғыш қажет болады.
Сабақта алдын-ала дайындалған (қиылған) дөңгелек ақ қағазбен қоса, орау әдісімен тістердің эвольвентті профилін сызып шығу үшін зертханалық прибор беріледі.
А. Теориялық бөлім
Қарапайым
тісті берілістің өзін екі тісті дөңгелек
пен тіреуіштен (қозғалмайтын звено)
құралған үш звенолы механизм деп
түсіндіруге болады. Берілістегі екі
дөңгелектің айналу осьтерінің
(центрлерінің) ара қашықтығы
әрпімен белгіленеді де, ось аралық
қашықтығы деп аталады. Тісті дөңгелектерінің
тістерінің өзара жанасуы ілініс деп
аталады. Ілініс сызығы мен (3.1 - сурет)
ось аралық қашықтығына түсірілген
перпендикуляр түзудің арасындағы бұрыш
ілініс бұрышы деп аталып
әрпімен белгіленеді.
Тістердің бүйір бетінің профилін кескіндейтін қисық сызық ретінде негізінен эвольвентті қисық қолданылады, сондықтан бұндай тістердің профилі эвольвентті деп аталады.
Ілініс
қадамы
деп, көрші тұрған екі тістің, дөңгелектің
бөлгіш шеңбері бойынша өлшенген аттас
нүктелерінің ара қашықтығын
атайды. Іліністегі дөңгелектердің
қадамдары бірдей болады.
Ілініс
модулі
қадаммен
есе кіші миллиметрмен өрнектелген
ұзындық болып табылады. Модуль бір тіске
бөлгіш шеңберінің қанша миллиметр
бөлігі тиесілі екенін көрсетеді.
Дөңгелектің бөлгіш шеңбері деп модулі стандарттық мәнге ие болатын шеңберді атайды. Бұл шеңбер тістердің өлшемдерін анықтау үшін өте қажет және арқылы белгіленеді.
Дөңгелекті
айналу осіне перпендикуляр қиғанда
болгіш шеңбер тісті бас жане аяқ жағы
етіп екі бөлікке боледі.Тістің бас жағы
болып диаметрі
әрпімен белгіленген тістер төбесінің
шеңбері мен бөлгіш шеңбердің арасына
орналасқан бөлігі аталады. Ал бөлгіш
шеңбер мен диаметрі
әрпімен белгіленген тістер ойығы
шеңберінің арасындағы бөлігі аяқ жағы
деп аталады.
Әрбір
тіс бүйір жағынан екі симметриялық
эвольвентті профильмен шектелген. Осы
екі профильдің бөлгіш шеңбері бойымен
өлшенген ара қашықтығы
арқылы белгіленіп, бөлгіш шеңбер бойынша
тіс қалыңдығы деп аталады.
3.1 - сурет
Тісті дөңгелектер осы параметрлері бойынша кесіліп дайындалады. Дайындау тәсілдерінің ішінде кең тарағаны эвольвентті профильдерді орау әдісімен кесу.
3.2 - сурет. Эвольвентті тісті профильдерді тісқашауышпен (долбяк) кесу
3.3 - сурет. Эвольвентті тісті профильдерді аспаптық рейкамен кесу
Бұл
әдісте аспап ретінде тістерінің бас
жағы
тең тісті дөңгелек түрінде жасалған
қашау (3.2 - сурет), не оның бөлгіш диаметрі
болғандағы дербес түрі тісті рейка
(3.3 - сурет) және ұзына бойғы осьтік қимасы
тісті профиліне ұқсайтын червякты фреза
болуы мүмкін. Дөңгелектерді дайындау
осы аспаптарға сай тіс қашайтын, тіс
жонатын, тіс фрезерлейтін станоктарда
жүргізіледі.
Ал кесу процесіне көңіл бөлсек, байқайтынымыз орап кесу барысында кескіш аспап «А» және дайындама «Д»-ға (3.2 және 3.3 - суреттерінде көрсетілген) іліністегі шестерня (тісті рейка) мен дөңгелектің қозалыстары сияқты салыстырмалы қозғалыс беріледі.
Қашау, жону технологиялық операциясы бекітілген дайындама мен ілгері-кейінгі қозғалыстағы аспаптың стрелкамен көрсетілген бағытында орындалады.
Аспаптың жүрісінің арасында дайындама суреттегі II стрелкасымен көрсетілген бағытта аздаған бұрышқа бұрылып отырады.
Осы әдіске негізделіп тіс кесетін станоктардың артықшылығы бір ғана аспаппен әр түрлі өлшемді эвольвенттік профильдерді кесуге болатындығында. Іштей тісті арнаулы дөңгелектерді қашау станогында дайындау тек осы әдістің арқасында ғана мүмкін. Аспап ретінде тісті рейканың бір жақты қасиеті – кесетін тіс формасының жиегінің қарапайым болып келуі, яғни түзу сызық болуында. Осы қасиетінің арқасында аспаптар және онымен дайындалатын дөңгелектер жоғары дәлдікпен жонылып, ілініс жұмысын жақсартып жатады.
ГОСТ 16532-76 бойынша тісті дөңгелектердің бастапқы контурын өзгеріссіз және ығыстыру арқылы дайындау қарастырылған. Бастапқы контурды ығыстыру деп нормаль бойынша цилиндрлі тісті дөңгелектің бөлгіш жазықтығы мен аспаптың бөлгіш жазықтығының ара қашықтығы аталады және әрпімен белгіленеді.
Ығысудың цилиндрлі тісті дөңгелектің модуліне қатынасымен ығысу коэффициенті анықталады. Ығысу оң деп қабылданады, егер де аспаптың бөлгіш жазықтығы кесілетін дөңгелектің бөлгіш жазықтығымен қиылыспайтын болса, теріс деп, егер де олар қиылысатын болса. Дөңгелектерді дайындау барысында мынандай жағдайларды аспапты ығыстыру кажет:
ось аралық қашықтығын сақтап қалу үшін;
ілініс сапасының көрсеткіштерін жақсарту үшін;
тістердің аяқ жағының қиылуын болдырмау үшін;
Ал
тістердің қиылуын болдырмау үшін,
дөңгелектегі тістердің минимум саны
-ді
анықтау өте қажет. Рейкалы іліністер
үшін
.
Дегенмен, егер де кесілетін дөңгелектегі
тістер саны
болса, онда бастапқы контурды ығыстыру
оң етіп жүргізілуі қажет.
Ығысу
коэффициентінің минимум мәні
мына формуламен анықталады:
,
ал
ығысудың өзі осы коэффициент пен
модульдің көбейтіндісіне тең болады:
.
Дұрыс таңдап алынған ығысу коэффициенті
тісті берілістің пайдалану мүмкіндігін
арттыра түседі.
