Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.64 Mб
Скачать

Б. Қондырғының сипаттамасы.

Ілгерілемелі немесе тербелмелі қозғалыс жасайтын итергіштері бар жұдырықшалы механизм жұдырықшасының профилін салуға (анықтауға) арналған ТММ-21 приборының конструкциясы 9.5 - суретте көрсетілген. Прибор негізіне 41° арқылы бөлінділері бар диск 1 бекітілген. Диск тұтқа арқылы қозғалысқа келетін фрикционды механизм көмегімен өз осі бойымен айнала алады. Дискінің бұрылыс бұрышы индекс 17 бойынша есептеледі. Дискінің жоғарғы бетіне жұдырықшаның дайындамасы ретінде қолданылатын чертеждық қағаздан қиылған шеңбер бастырылады. Прибордың оң жақ бөлігінде корпус 6 бекітілген, ол тұтқа 7 басқаратын механизмнің бойымен және тұтқа II басқаратын механизмнен бойымен орын ауыстырады. Корпустың бойымен орын ауыстыру шкала 8 бойынша, ал бойымен-шкала 12 бойынша есептелінеді. Корпус осінде 14 бекітілген бағыттағыш 3 айналуын тұтқа 13 қамтамасыз етеді. Бағыттағышқа 3 оның бұрылыс бұрышын анықтап тұратын градустық бөлінділері (+60°) бар сектор 5 бекітілген. Бағыттауыш 3 саңылауында жылжымалы тиек 2 жүреді және оның орын ауыстыру шамасы бағыттағышта көрсетілген шкала бойынша есептелінеді. Жылжымалы тиекте 2 түймелі ине 16 бекітілген, ол тұтқа 18 арқылы қозғалысқа келіп, тығыршық (ролик) шеңберін сызуға арналған (тығыршық радиусы тұрақты).

а) II типті тербелмелі (күйентелі) итергіші бар жұдырықшалы механизмнің профилін келесі көрсетілгендей етіп сызамыз. Шкала 8 тұтқамен нольге келтіріледі. Шкала 12 бойынша тұтқамен II тапсырмаға сәйкес ара қашықтығы орнатылады. Бағыттағыш 3 шкаласымен жылжымалы тиек өлшемі берілген күйенте ұзындығына ( ) тең болатындай орынға келтіреді. Диск 1 нольдік бөлімге орнатылады. Итергіштің берілген үдеулер заңынан механизмнің толық жұмыс циклына сәйкес (жұдырықша бұрылысы -ға тең). мәндері есептелініп кестеге түсіріледі.

Содан соң диск 1 ретінде индекс 17 бойынша бұрышының келесі мәндеріне, ал бағыттағыш (күйенте) 3 - шкала 5 бойынша есептелген бұрыштарға ауыстырылады.

9.5 - сурет

Әрбір орында кнопканы 16 басу арқылы ине дайындамаға (алдын-ала дайындалған қағаз) төмен түседі де, тұтқаны 18 айналдыру арқылы роликтің шеңбері сызылады. Дайындама иненің тескен центрлері арқылы жүргізілген қисық жұдырықшаның теориялық профилі болып табылады, ал ролик шеңберлерін іштей қамтитын қисық жұдырықшаның практикалық (конструкциялық) профилі болып есептеледі.

б) Бұл жағдайда егер ілгерілмелі қозғалатын итергіші бар I типті жұдырықшалы механизмнің профелі сызылатын болса, онда прибормен жұмыс істеу мына жолмен жүргізіледі.

Берілген үдеудің өзгеру заңы бойынша мәндерінің кестесі толтырылады (есептелінеді). Тұтқа 13 арқылы шкала 5 нольге келтіріледі. Шкала 8 бойынша тұтқа 7 арқылы корпус 6 итергішпен (бағыттағышпен 3) бірге эксцентристет шамасына ығыстырылады. Тұтқа 11 - мен корпус 6 оңға қарай шкала 12-нің «12» мәніне дейін орын ауыстырады, бағыттағыш 3 шкаласы бойынша «12» мәні диск I центрінің дәл төбесіне келіп тұрады. Бұдан кейін жұдырықша бұрылу бұрышының әрбір мәні үшін бағыттағыш 3 шкаласы бойынша итергіштің орын ауыстыру шамасы орнатылады, ол үшін жылжымалы тиек (120- ) мм мәніне орнатылады. бұрыштары дискті 1 бұру арқылы орнатылады ( бұрышын есептеу индекс 17 бойынша іске асады). - дің әрбір мәні оған сәйкес - тің әрбір мәні үшін кнопка 16 мен тұтқа 18 көмектерімен диск 1 дайындамасында ролик шеңбері сызылады. Ролик центрлерінің геометриялық орны жұдырықшаның теориялық профилі болып табылады, ал ролик шеңбердің іштей қамтитын қисық жұдырықшаның практикалық профилі болып табылады.