Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
www.stud.kz_904572423.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.88 Кб
Скачать

2.7. Дайын өнімді есептен шығару (ақаулар) есебі

Өзіннің сапасы бойынша белгіленген стандартқа немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және осы себеп бойынша тікелей мақсатында пайдаланыла алмайтын немесе оларды түзетуге қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана барып пайдаланылуы мүмкін тетіктер, тораптар мен өнімдер өндірістегі ақау деп аталады.

Айқындалған жарамсыздық сипатына қатысты ақау түпкілікті (түзетуге келмейтін) және түзетуге келетінге бөлінеді.

Ақауды техникалық тұрғыдан түзету мүмкін емес немесе оларды түзеу экономикалық тұрғыдан тиімді емес өнімдердің сапасыздығы түпкілікті сапасыздық деп аталады.

Ақауларын техникалық тұрғыдан түзету мүмкін және экономикалық жағынан тиімді болатын сапасыз өнім, қалпына келтіріп, түзетуге болатын сапасыз өнімге жатады.

Сатып алушыларға өнімді жеткізгенге дейін кәсіпорында анықталған сапасыз өнім ішкі, ал сатып алушылар анықтаған сапасыз өнім сыртқы сапасыздық деп аталады.

Кәсіпорындарда өнімдердің сапасы үшін бақылау жүйесін белгілеу кезінде өндірістегі әрбір ақаудың анықталу жағдайын құжаттық ресімдеу қаралады.

Техникалық бақылау бөлімі (ТББ) немесе шебер анықтаған сапасыз өнім сапасыздық туралы актімен ре­сім­деледі, онда ақаудың анықталған уақыты мен орны, се­беп­тері және оған кінәлілер, сондай-ақ ақаудың өзіндік құ­нын анықтау үшін қажетті есептеу мәліметтері мен кінәлілерден ұстауға жататын сомалар толық келтіріледі. Егер сапасыз ретінде анықталған тетік, ақау анықталған кезге дейін әртүрлі цехтарда өңдеуге тартылған болса, онда түпкілікті сапасыз өнімнің өзіндік құны әрбір цехтың шы­ғын­дары бойынша актіде бөлек-бөлек есептеліп шығарыла­ды.

Сапасыз өнім туралы құжаттамалар жедел мақсаттар үшін және өндіріс шығыстарын есепке алу үшін пайдаланылады. Мәселен, сапасыз өнімдер туралы актілер негізінде өнім түрлері бойынша сапасыз өнімдердің өзіндік құны есептеліп шығарылады, себептері және кінәлілер бойынша сапасыз өнімдер мәліметтері жасалады; олар сапасыз өнімдерді сапасыз өнімдерді тапсыру изоляторына тапсыруды, сапасыз өнімдерге кінәлілерден келген шығындар сомасын ұстап қалуды бақылау үшін пайдаланылады.

Анықталған ақауды түзету, оған жол берген жұмыскерлердің өздеріне жүктелген жағдайда акт жасалмайды. Нақты кінәліні анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ақаулы тетіктерді жөндеп, түзету үшін басқа жұмыскерге беру талап етіледі, онда ақау туралы акт ақауды түзетуге наряд жазып беру үшін негіз болып қызмет етеді.

Өндірістегі ақаудың есебі, олардың түрлері және өнімдері бойынша ақаудың өзіндік құнын анықтау мен өнім түрлері бойынша ақаудан келген шығынды анықтауға арналған 8040 «Өндірістегі үстеме шығындар» активті есептеп шығару шотында жүргізіледі.

Түпкілікті және түзетілетін ақаулардың есебіндегі айырмашылық, түпкілікті ақау шығындары оны анықтау кезінде, дайын өнімдерге жұмсалған қалған шығындармен бірге 8000 «Негізгі өндіріс» шотында көрсетілгендігінен тұрады, сондықтан да түпкілікті ақаудың өзіндік құны, ақауды есептеу негізінде 8000 «Негізгі өндіріс» шотынан 8000 «Өндірістегі ақау» шотына есептен шығарылады, ал ақауды түзетуге жұмсалатын 8010 «Негізгі өндіріс» шотын қозғамай, 8040 «Өндірістегі үстеме шығындар» (шағын түрлері бойынша) дебет шотына тікелей апарылады.

Түпкілікті (түзетілмейтін) ақаудың есебі 8040 «Өндірістегі үстеме шығындар» шотына тікелей апарылады, дебет бойынша өндірістен алынған түпкілікті (түзетуге келмейтін) ақаудың құны (цехтағы өзіндік құны) көрсетіледі, ал кредит бойынша – оны пайдалану бағасы бойынша ақауға кінәлінің төлеуіне жататын ақау құнының сомасы көрсетіледі.

Түпкілікті (түзетуге келмейтін) ақау шығындары дайын стандартты өнімнің өзіндік құнын көбейту есебінен есептен шығарылады.

Бухгалтерлік есеп шоттарында түпкілікті ақаудың қалай көрсетілгендігін қарастырамыз:

Операциялардың мазмұны

Құжат

Корр. шот

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Түзетуге келмейтін, өн­дірістен алынған жа­рамсыз (сапасыз) өнім­нің өндірістік өзін­дік құны есептен шығары­ла­ды

Өндірістік ақау туралы акті

8040

8000

8010

8030

2.

Сапасыз өнім құнының бір бөлігі кінәлінің еңбек ақысынан ұсталды

Есеп айырысу ведомосы

3350

8040

3.

Сапасыз өнім пайдалануға болатын баға бойынша қоймаға кіріске алынады

Кіріс жүк құжаты

1310

8040

4.

Өндірістік ақауға ұрын­дыр­ған сапасыз шикізат жеткізгені үшін жабдық­тау­шыға талап білдірілді

Талап білдіру хаты

1280

8040

5.

Түпкілікті ақаудан кел­ген орны толтырыл­май­тын шығындар есептен шығарылады

Өндірістік ақау туралы акті

8000,

8010,

8030

8040

Ақауды түзету шығындарының есебі транзиттік шоттар дебеті бойынша 8040 «Өндірістегі үстеме шығындар» шотына жинақтау үшін жұмсалған шығыстар есептен шығарылады.

Ақауды түзету шығыстары бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей түрде көрсетіледі:

Операциялардың мазмұны

Құжат

Корр. шот

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Ақауды жөндеуге жұм­салған материалдар құ­ны есептен шығарылды

Шығыс жүк құжаты

8040

1310

2.

Ақауды түзегені үшін жұмыскерлерге еңбекақы төленді

Есеп айырысу ведомосы

8040

3350

3.

Ақауды түзеу бойынша шығыстарға жататын үс­те­ме шығындар есептен шығарылды

Үстеме

шығындарды бөлумен есеп айырысу

8040

8030

4.

Өндіріс ақауларын түзеу шығындарының жалпы сомасы қалыптасады

№4 ведомосы

8000

8040

5.

Ақауды түзету бойынша шығыстар есептен шыға­рыл­ды

№4 ведомосы

8000, 8010, 8030

8040

Түпкілікті ақаудың талдау (аналитикалық) есебі және ақауды түзету бойынша шығыстар (сыртқы және ішкі), шығыстардың баптары, жарамсыз (сапасыз) өнімдердің құнын есептен шығару баптары бойынша № 4 ведомосте жүргізіледі.

№ 4 ведомостың қорытынды мәліметтері № 10 журнал-ордерге ауыстырылады.

Қортынды

Курстық жүмысты қорытындылай келе мынадай анықтамаларға келеміз:

Сонымен, дайын өнім дегеніміз - өндірістен шығарылған өнімді айтамыз. Кәсіпорынның маңызды активтерінің бірі болып саналып, болашақ кезеңінде кәсіпорынға пайда әкелуге негізделген. 1320 «Дайын өнім» - инвентарлық шотта есебі жүргізіледі. Дайын өнім өндірісте нақты өзіндік құн бойынша бағаланады.

Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны дегеніміз – дайын өнімді дайындауға кеткен нақты шығындар сомасын айтамыз.

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығындар өзіндік құнын есептеп шығарудың келесі баптары бойынша топтастырылады:

  • шикізат және материалдар;

  • қайтарылатын қалдықтар (шегеріледі);

  • сыртқары кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы жартылай

фабрикаттары мен қызметтері, сатып алынатын өнімдер;

  • технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия;

  • өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы;

  • еңбек ақыға есептелген төлемдер;

  • өндірісті дайындау мен игеру шығыстары;

  • қосымша шығыстар;

  • өзге де өндірістік шығыстар.

Кәсіпорын бойынша өндірістік шығындарды көрсету үшін «Өндірістік есеп шоттары» VІІІ бөлімінде көрсетіледі:

  • 8000 «Өндірістік есепке алу шоттары»

  • 8010 «Негізгі өндіріс»

  • 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары»

  • 8030 «Қосалқы өндірістер»

  • 8040 «Үстеме шығыстар»

Өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілі калькуляция деп аталады. Калькуляция - өнімнің (жұмыс, қызмет) бірлігінің өзіндік құнын ақшалай есептеп анықтайтын тәсіл, немесе өнім өндіріп, өткізуге жасалған шығындарды ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құнына (жұмыс, қызмет) материалдарды және еңбек ресурстарды үнемді (тиімді) пайдаланудың деңгейі, техникалық қаруландыру, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]