Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
www.stud.kz_904572423.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

2.2. Өзіндік құн анықтау әдістері

Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізгі бағалай білудің үлкен маңызы бар. Қорларды бағалау әдісін таңдау:

  • өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамының регламенттелетін құжаттарына сәйкес келу;

  • мүлікті бағалауға қатысты, кәсіпорыннның есеп саясатын көрсету;

  • «Сатып алу немесе өндіру» шешімін қабылдау кезінде негізгі элемент болып қатысу;

  • өндірістік шығындарды бақылау жүйесімен келісімде болу сияқты талаптарға жауап беруі тиіс. .

ХҚЕС-на сәйкес № 2 «Қорлар» стандартында ТМҚ өндірістен босату тәртібі үш тәсілге негізделген, онда өзіндік құнын бағалауы орташа өлшенген құн, ФИФО және арнаулы идентификациялық тәсілдерімен жүргізіледі.

Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезен басындағы қалдықтарды ескеріп, есепті кезен ішінде кіріске алынған ТМҚ-дың орташа бағасын анықтауға негізделген.

ФИФО – бүл материалдық қүндылыңтарды олардың бастапқы қүны бойынша бағалау әдісі. Мүндай әдісте мынадай принцип қолданылады: «Бірінші топтама — кіріске, бірінші болып — шығыска», яғни материалдық қүндылықтардың шығынын оларды сатып алу қүны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдардың шығындарын есептен шығарады, одан кейін — екіншісін, содан кейін — үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады. Бағалау тәртібі материалдарды жұмсаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес.

Ерекше ұқсастыру (идентификация) - әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған ТМҚ бірлігінің өзіндік құны есептеледі. Арнайы тапсырыспен босатылады.

ЛИФО (ХҚЕС бойынша қарастырылмаған) – кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді. ЛИФО әдісімен бағалау кезінде, бірінші кезекте «соңғы топтама кіріске, бірінші болып шығысқа» принципі бойынша соңынан алынған немесе өндірілген қорлар құны есептен шығарылады.

Ай соңында қоймада қалған ТМҚ түгендеу нәтижесінде бағалар бойынша босатылғанды анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші әртүрлі тәсілді таңдауды есеп саясатында белгілейді.

Әр қолданған тәсілдің қорытындысын мына теңестірумен тексеріледі:

Б.қ. + Т.ө. = Ө.ө. + С.қ.

Осыдан :

Ө.ө.= Б.қ. + Т.ө. – С.қ.

Б.қ. – бастапқы қалдық;

Т.ө. – түскен өнім;

Ө.ө. - өткізілген өнім;

С.қ. – соңғы қалдық.

Мысалы:

«Мерей» ЖШС кәсіпорындағы материалдарды бағалау 4 тәсілмен қарастырайық:

1 қаңтарға ТМҚ қалдығы:

1300 бірлік*50 теңге=65000 теңге

Ай ішінде ТМҚ түсуі:

I топтама 100 бірлік*30 теңге=3000 теңге

II топтама 800 бірлік*45 теңге=36000 теңге

III топтама 950 бірлік*70 теңге=66500 теңге

Бір айдағы жиыны: 1850 бірлік 105500 теңге

Ай ішінде өндіріске босатылды: 1500 бірлік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]