Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
www.stud.kz_904572423.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

2.3. Дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Шаруашылық активтерін бағалаудың негізгі принципі олардың нақты өзіндік құнын анықтау болып табылады. Өндірілген немесе сатып алынған өнімнің (тауарлардың) өзіндік құнын анықтау тәсілі калькуляция деп аталады. Калькуляция дегеніміз шығарылған өнімнің, көрсетілген қызметтің бір бұйымға немесе біркелкі топтастырылған бұйымның өзіндік құны. Калькуляция көрсеткіштері кәсіпорында жасалған өндірістік шығындарды бақылау, рентабельді анықтауға, резерв қалыптастыруға және өзіндік құнды тиімді жасауға пайдаланылады. Калькуляция құжат түрінде дайындалады. Онда шығындар калькуляция объектісі мен шығын баптары бойынша көрсетіледі.

Калькуляция құрылу уақытымен мақсатына қарай жоспарлы, нормантивтік, есеп беру түрлеріне бөлінеді.

Жоспарлы калькуляция – жоспарлау мерзім басындағы жоспарлау мерзім ішіндегі нормалы шығынға байланысты жоспарлы тапсырманы белгілейді.

Нормативтік калькуляцияда белгілі мерзімдегі шығынды есептей отырып, өнім дайындағанға дейінгі өзіндік құннан құрылады. Оның басты мақсаты–белгіленген нормадан тыс нақты шығындардың ауытқуына бақылау жасау болып табылады.

Есеп беру калькуляциясында – нақты шығарылған өнімдердің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өзіндік құндары анықталынады. Өнімнің бір данасын өндіруге кеткен өзіндік құнын жоспарлы құнымен салыстыра отырып, өндіріс орнының (мекеменің) жұмыс сапасын анықтауға болады.

Сонымен калькуляция бухгалтерлік есептің бір тәсілінің элементі болып табылады. Ол активтердің құнын өлшеу мен мекеменің шаруашылық қызметінің әрбір кезеңіндегі (жабдықтау, өндіру, өткізу) процестерінің құнын бағалау үшін қолданылады.

Жабдықтау–мекеменің (өндіріс орнының) жұмысын жүргізу үшін қажетті еңбек құрал–жабдығы (машина, құрал–жабдықтар, станоктар т.б.с.с.), еңбек құралдары мен (шикізат, материалдар, жанар –жағар май) қамтамасыз ету.

Калькуляция көмегіне сүйене отырып, шаруашылық қызметінде келтірілген баптар бойынша тауарлық–шаруашылық қорларының (шикізаттар, материалдар, жанар–жағар май) қорлары дайындалады.

Өндіріс–шаруашылық қызметінің бұл бабында калькуляцияға сүйене отырып өндірілген өнімнің фабрикалық, зауыттық өзіндік құны анықталынады.

Өткізу–бұл бапта дайын өнімнің толық өткізу құны есептелінеді. Шаруашылық қызметінің әрбір бабтарында калькуляция өнімнің жоспарланған өздік құнын төмендетуді бақылау мен өнімнің бірлік мөлшерін өндіруге жұмсалатын шығын нормасын бақылап отыру үшін қолданылады.

Өздік құн әрбір өндіріс орнының жұмыс сапасын көрсетеді. Ол өндіріс орнына жіберілген есептегі қателіктер мен кемшіліктерді уақытында айғақтауға мүмкіндік береді. Калькуляцияны тұтастай объектіге жеке бұйымға құруға болады. Калькуляция құрудың дұрыстығына (нақтылығы) өзіндік құнды құраушы шығындарды тиісді топтастыру калькуляция құрылған объектінің шығындарын дәл есептеу жанама шығындарды тарату әдістерін таңдауға байланысты болады.

Калькуляция объектісі болып өндірістен шығарылатын өнім танылады (әр түрлі дайындық түрінде):

  • өндірістен шығарылған жалпы өнім;

  • цехтар бойынша әр түрлі дайындық түріндегі бұйымдар;

  • цехтар бойынша жартылай фабрикаттар;

  • сыртқа өткізілетін (сатылатын) жартылай фабрикаттар;

  • цехтардың шаруашылық нәтижесін анықтау үшін шығарылған өнімдер.

Калькуляцияны есептеу үшін әр түрлі өлшеуіштер қолданылады:

  • табиғи (натуралды) – дана (штук), тонна, кг., киловатт/час, метр, куб.метр, литр...;

  • іріленген натуралды – 100 пар (аяқ киім), шойын тонна, гектолитр (сыра)..;

  • жобалы - натуралды - 100%-ды қышқылды спирт, 1000 жоба банке...;

  • құндылы -(тауар өнім шығыны теңгемен шығарылған немесе өткізілген бағаман);

  • жұмыстай - еңбекті – 1норма – z, 1норма-смена.

Құрылыс өндірісте, жөндеу жұмыстар кәсіпорындарда, автокөлік қызметтер көрсету кәсіпорындарда жасалған жұмыстар тонно-км. тасымалдау, машино-смена және басқа түрлері қолданылады.

Мысалы:

ЖШС «Тарлан» кәсіпорны жиһаз дайындаумен айналысады.

Осы кәсіпорынның қаңтар айы бойынша өндірілген өнім (жиһаз) бірлігінің нақты өзіндік құнын анықтайық:

№

Көрсеткіштер атауы

Сома (тг.)

1.

Шикізат пен материалдар

(фурнитура, тақтайлар, мата және т.б.)

200000

2.

Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы төленді

150000

3.

Өндірістегі жұмысшылардың

еңбек ақысына әлеуметтік салық және төлем есептелді

30000

4.

Өнімді буып-тию шығындары (қорап)

6420

5.

Технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия

(Коммуналдық шығындар)

15250

6.

Жал шығындары

20560

7.

Өндірісте пайдалынған МЕА мен НҚ-ға амортизация есептелді

2350

8.

Нақты өзіндік құнның жиыны

424580

9.

Ай ішінде өндірілген өнімнің саны

25

10.

Өнім бірлігінің нақты өзіндік құны

16983,2

Сонымен, ЖШС «Тарлан» кәсіпорнында өнімнің нақты өзіндік құны анықталды: 1 өнімнің (жиһаздың) құны 16983,2 теңге құрды.

Бухгалтерлік есепте шығындар есебінің бірнеше әдісі қолданылады: нормативті, тапсырыс беру, қайта бөлу, процесстік (жәй) әдістер және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, дамыған мемлекеттерде «Директ-костинг» әдісі қолданылады.

Нормативті әдіс

Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың негізгі ерекшеліктері келесілерден тұрады:

а) өндіріс шығындарының есебі материалдар шығы­сы­ның техникалық жағынан негізделген нормаларға, жасалатын өнімдердің әрбір түрін өндірудің жеке технологиялық операциялары бойынша уақыттық және келісімді бағалар нормаларына негізделеді;

б) сол сәтте қолданылатын материалдар шығыстары нормалары, өнім шығару нормалары мен келісімді бағалар, өндіріс пен басқару қызметіне жұмсалатын шығыстар сметасы өндірістің қол жеткізген деңгейін көрсететін өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруды құрайды;

в) материалдар шығыстарының нормалары, өнім шығару нормалары және келісімді бағалар жүйелі түрде қайта қаралып отырады және есептеліп шығарылған қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізіледі; сонымен бір мезгілде осылар арқылы аяқталмаған өндіріс қалдықтары қайта бағаланады. Сөйтіп, аяқталмаған өндіріс пен өндірістегі одан кейінгі шығындардың есебін жүргізуде нормалардың біртұтас деңгейіне қол жеткізіледі;

г) өндірістің тікелей шығындарының бастапқы құжаттары тиісті нормаларға сәйкес жасалады және есеп жүйесінде нормалар бойынша шығындарды көрсетеді;

д) белгіленген нормалардан артық материалдар шығыстары (мысалы, материалдарды үнемдеп пішпегенде немесе бөлшектердің ақауы болғанда), сондай-ақ технологиялық процесте қаралмаған жұмыстарға ақы төлеу айрықша құжаттарда бөліп көрсетіледі немесе «Нормалардан ауытқу» өзгеше белгісімен жеке құжаттар арқылы ресімделеді; нормалардан ауытқыған шығыстар құжатын есепке алу үшін кәсіпорынның жетекші қызметкерлерінің рұқсат бұрыштама қолы (визасы) талап етіледі, соның арқасында өндірістік емес шығыстарды туғызатын себептерді қабылдауды жеңілдетеді;

е) жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығыстары, қосымша шығыстар өнімдердің түрлері бойынша кешенді түрде бөлінеді (нормалар бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығыстар сомасын бөлу арқылы);

ж) өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі нор­малар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нор­ма­лардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсетумен әрбір объекті бойынша (тапсырыстар, қайта бөлулер, өнім түрлері немесе өнім топтары бойынша) жүргізіледі;

з) өнімдер бірлігінің нақты өзіндік құны нормалар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсету арқылы есеп­теледі; бірыңғай өнімдер өндіруге жұмсалатын шығын­дар­ды топтық есепке алу кезінде нақты өзіндік құнын есеп­теп шығару аталмыш есепке алу тобының әрбір өнімі бойынша жасалады.

Бұдан көзделетіндей, өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісі жедел бақылау және өндірістік процесстің өзінің барысында өндірістік емес шығындарды анықтау үшін қажетті жағдай туғызады; маңызды экономикалық көрсеткіштер есебінде өндіріс шығындарындағы жоспарлы нормалардың сақталуын көрсетуді қамтамасыз етеді; аталмыш топтағы өнімдердің әрбір түрінің өзіндік құнын есептеп шығару мүмкіндігін сақтай отырып, шығындарды топтық есепке алу объектілері бойынша өндіріс шығындарының есепке алу техникасын ықшамдайды;

Өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісін қолдану мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығару материалдар шығыстарының техникалық негізделген нормаларына, жекелеген технологиялық операциялар бойынша келісімді бағалар мен уақыт нормаларына, басқару және өндіріске қызмет көрсету бойынша шығыстар сметасына және осы база негізінде жасалған өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруларға негізделеді.

Аталмыш сәтте кәсіпорында қолданылатын материалдар, еңбек ақы, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге жұмсалатын өзге тікелей шығындар мен кешенді шығыстар нормалары бойынша жасалған, соған сүйеніп есептелген өнімдердің өзіндік құны нормативтік есептеп шығару деп аталады.

Шағын кәсіпорындарда өзіндік құнды нормативтік есептеп шығару жекелеген цехтардың шығындарға қатысты үлесін бөліп көрсетпестен, тұтастай түрде зауыт бойынша жасалады.

Ұйымдастыру-техникалық шаралар жоспары негізінде, прогрессивті технологияларды енгізуден, неғұрлым үнемді материалдарды қолданудан, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланудан және өндіріс тиімділігін арттыруға ба­ғыт­тал­ған өзге де шараларды жүзеге асырудан қол жеткізген үнем негізінде нормативтерді жүйелі түрде қайта қарау қаралады.

Жоспарда көрсетілген үнемге қол жеткізу және осыған сәйкес қолданыстағы нормативтердің өзгеруіне байланысты жаңа нормативтік өзіндік құнды есептеп шығару (калькуляция) жүргізіледі. Нормаларды өзгерту әдетте айдың басына сәйкестендіріледі, яғни бұл шамалы техникалық қиындықтармен байланысты аяқталмаған өндірісті барынша дәл қайта бағалауды қамтамасыз етеді.

Тапсырыс беру әдісі

Өндіріс шығындар есебін және өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың тапсырыстық әдісі жеке және шағын-сериялы өндірістерде қолданылады. Ауыр машина жасау және кеме жасау өндірістерінде жеке тапсырыспен турбиналар (құбырлар) жасау, корабльдер құрастыру, блюминг жасау, ательеде ерлер немесе әйелдер костюмін, пальтосін тігу жеке өндіріске тән болып саналады.

Жеке өндірісте бір бұйым жасауға немесе шағын-сериялы өндірісте сериялы (5-10) бірдей бұйымдар жасауға тапсырыс ашады. Сөйтіп, тапсырыстық әдіс кезінде, номер беретін тапсырыс есепке алу және есептеп шығару объектісі болып саналады.

Тапсырысты шарт негізінде тапсырыс беруші ашады. Одан өзге, бір цех өзге цехтың өнімін шығаратын немесе жұмысын орындайтын зауыт ішілік тапсырыстар болады. Зауыт ішілік тапсырыстар жеке дара және жылдық (мысалы, жөндеу цехына жылдық тапсырыс, негізгі өндірістің қандайда бір цехының жабдықтарын ағымдық жөндеу жүргізуге тапсырыс) тапсырыстар ашады (береді).

Тапсырыстарды жоспарлау - өндірістік бөлімі ашады, қандай бұйым жасауға жатады, қандай санда, қай цехтарда және қандай мерзімге барлығы көрсетіледі.

Ірі сериялармен және жаппай өндіретін бірсыпыра кәсіпорындар (машина жасау және жеңіл өнеркәсіп) бұйымдардың түрлерін және тіпті тетіктерді есепке алу үшін жылдық тапсырыстарды қолданады.

Аналитикалық есеп әрбір тапсырысқа ашылады және шығындар жазылатын карточкаларда жүргізіледі.

Тапсырыстың өзіндік құны, оның ашылған күнінен орындалған күніне және жабылғанға дейінгі өндірістің барлық шығындарының сомасымен анықталады. Бұдан көзделетіндей, тапсырыс әдісі бойынша есептеп шығару тапсырыс арқылы жасалған жұмыс орындалғаннан кейін барып жасалады. Тапсырыс бойынша жұмыстың аяқталғандығы жасалған дайын өнімдерді немесе жұмыстарды тапсыруға (өткізуге) арналған құжатта (жүк құжатында, актіде) белгіленеді. Содан кейін барып тапсырыс жабылады: жабылған тапсырыстың нөмері көрсетілген құжат көшірмесінің күші жойылады.

Сөйтіп, тапсырыс әдісі бойынша тапсырыстың өзіндік құнын есептеп шығаруды тапсырыс арқылы жасалған барлық жұмыс орындалғанша жүргізуге болмайды. Мұндай жағдайда жартылай орындалған тапсырыстың өзіндік құнын анықтау қажет болады. Тапсырысты орындауды аяқтағанға дейін оның жартылай бөлігінің өзіндік құнын жоспарлы есептеп шығару негізінде немесе оны жасаудың техникалық жағдайларының өзгеруін есепке ала отырып, бұрын жасалған бұйымдардың (өнімдердің) өзіндік құнын нақты есептеп шығару негізінде, әдетте шартты түрде анықтайды.

Тапсырысты орындау кезіндегі жұмыс уақытында және шығындарды есепке алу кезінде тиісті тапсырыстарға мате­ри­алдар және жартылай фабрикаттар құнының дұрыс апа­рыл­ғанына бақылау жасау жүзеге асырылады, өйткені бір тап­сырысқа жазылған материалдар мен бөлшектер кейбір уа­қыттарда өзге тапсырыстарды орындау үшін пайдаланылуы мүм­кін, мұндай жағдайлар өнімдердің өзіндік құнын бұр­ма­лай­ды.

Қайта бөлу әдісі

Өндіріс шығындары есебін және өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығаруды қайта бөлу әдісі бастапқы мате­риалдар мен өңдеу сипаты бойынша, жалғастық сатылармен өңдеу жағдайында (құю, металлургиялық, тері, тоқыма өндірісі және т.б.) бірыңғай жаппай өнімдер өндірілетін өнеркәсіп салаларында қолданылады. Бұл өндірістерде бастапқы шикізат технологиялық процестің жекелеген сатыларында жалғастықпен өңдеуден өтуге тартылады.

Өндірістің қайта бөлу (қорыту) технологиялық проце­сінде жұмсалатын шығындарды баптар (статьялар) бойынша – есептеп шығару баптарына бөлек және өнімдердің түрлері немесе топтары бойынша қайта бөлуді ескеру қажет.

Қайта өңдейтін өнеркәсіптің кейбір өндірістерінде бастапқы бір шикізаттан өнімдердің бірнеше сорттары жасалуы мүмкін. Мысалы, ағаш тілетін өндірісте бір бөренеден тақтайлардың әртүрлі сорттары шығады. Мұндай өндірістерде өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығару кезінде коэффициенттер әдісі қолданылады, есептеп шығару әдісі екі тәсілді орындайды: алдымен шартты өнімді есептеп шығарады, яғни бір сортқа шартты түрде келтірілген өнімдердің өзіндік құны есептеліп шығарылады, содан соң коэффициенттердің көмегімен өнімдердің әрбір жеке сортының өзіндік құны анықталады.

Қандайда бір сортты шикізатты өңдеуге әртүрлі еңбек жұмсалатындығы, технологиялық тәртібіндегі айырмашылық және өңдеудің ұзақтығы коэффициенттер жүйесінің негізіне жатады, яғни өнімдердің қандайда бір сортын өндіру үшін әртүрлі шығындар жұмсауға тура келеді. Мәселен, домна өндірісінде коэффициенттер жүйесі шойынның әр түріне жұмсалатын шығындардың деңгейін ескере отырып құралады, ал прокат өндірісінде коэффициенттер жүйесі әртүрлі өнім профилдеріндегі прокаттың ұзақтығы ескеріле отырып құралған.

Өнімдердің қандайда бір сортының өзіндік құны коэффициенттерді құру негізі етіп алынған базаға байланысты емес қатынасы бойынша қалған бүкіл сорттардың өзіндік құнын анықтайтын бірлік ретінде қабылданады.

Процесстік әдіс

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процесстік әдісі біртүсті өнім шығаратын кәсіпорындарда пайдаланылады (су элетр станциялары, кен, көмір, мұнай, газ). Бұл кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс болмайды. Бұл әдісте өнім шығаруға кеткен шығындардың бәрі есепке алынады, өнім шығару процессі бірнеше кезеңнен құралады, мысалы көмір шығару: алдымен дайындық жұмыстар, көмірді алу, шахтаға дейін тасымалдау және сыртқа шығару, сорттау,өңдеу, вагонға тиеу. Бұл әдіс екі түрде танылады – тікелей және жанама.

Өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілдері

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау – ол өндірістік есептің соңғы

кезеңі, ол үш кезеңнен құрылады:

І – шығарылған өнімнің өзіндік құны жалпы есептеледі;

ІІ - шығарылған өнімнің өзіндік құны жеке түрлері бойынша есептеледі;

ІІІ - шығарылған 1дана өнімнің өзіндік құны есептеледі;

Калькуляциялауда бірнеше тәсілдері қолданылады: нормативті, шығындарды сомалау, шығындарды пропорциалды бөлу (индексті), тікелей есептеме, аралас және коэффициентті тәсілдер.

Пропорционалды әдісте жалпы шығындар бір базистік көрсеткішке бөлу арқылы есептеледі (%).

„Директ-кост“ әдісі үлкен шаруашылықтарда қолданылады (машина жасау). Өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай түрып есептеледі.Шығындар стандартын есептеу үшін натуралды және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Нақты жұмсалған шығындармен стандартты арасындағы айырмашылық анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]