Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
www.stud.kz_904572423.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.88 Кб
Скачать

2.4. Дайын өнімнің өзіндік құнын құжатталуы

Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу үшін 8000 шоттың келесідей шағын бөлімдерін қолдануды ұсынады:

8010 «Негізгі өндіріс», мұнда өнімдер өндіруге жұмсалған бүкіл шығындар жинақталады., яғни есепті кезең соңында аяқталмаған өндірісті есепке ала отырып, негізгі өндіріс цехтарындағы дайын өнімдердің өзіндік құны қалыптасады;

8010 «Материалдар», өнімдерді шығару кезінде жұмсалған материалдардың құнын көрсетуге арналған.

Осы транзиттік шотта келесілер есепке алынады:

а) жасалатын өнімнің негізін құрайтын немесе оны жасау кезінде қажетті құрамдары болып саналатын шикізаттар немесе материалдардың шығындары. Мұнда технологиялық мақсаттарға пайдаланылатын қосымша материалдар шығыстары көрсетіледі. Лимиттік-заборлық карталар, талап-жүк құжаты, өндіріске материалдар босатуға арналған есептесу – жүк құжаттары өндіріске жұмсалатын материалдар мен шикізатты есептен шығару үшін негіз болып саналады;

б) қайтарылатын қалдықтар – бұл қайталап пайдалану үшін қоймаға тапсырылуы тиіс негізгі өндіріс қалдықтары. Егер ол негізгі өндіріс қажеті үшін пайдаланылатын болса, қалдықтар бастапқы шикізат пен материалдың ең төмен бағасы бойынша бағалануы мүмкін; егер қалдықтар қайта өңдеуге баратын болса немесе оларды сыртқары жаққа сататын болса, оларды жинау мен өңдеуге жұмсалатын шығыстар шегеріле отырып, қалдықтардың белгіленген бағасы бойынша бағаланады; егер қалдықтар кондициялық шикізат немесе толыққанды материал түрінде пайдалану үшін өткізілетін болса, онда қалдықтар бастапқы шикізат немесе материалдардың толық бағасы бойынша бағаланады. Қайтарылатын қалдықтар қоймаға талап – жүк құжаты немесе кіріс жүк құжаты бойынша кіріске алынады;

в) сыртқары кәсіпорындардан өндірістік сипаттағы сатып алынған өнімдер, жартылай фабрикаттар және қызметтер, яғни орнатылған есептегіш көрсеткіштері бойынша өндіріс шығындарына есептен шығарылатын, өндірістік процессте тікелей жұмсалатын отын және электр қуаты шығындары.

Шикізат, материалдар сатып алынған өнімдер және жартылай фабрикаттар материалға жауапты тұлғаның есебінде тұрған, есепке алу бағасы бойынша келтірілген құжаттар бойынша өндіріс шығындарына есептен шығарылады. Есепті кезең соңында арнайы есеп айырысу негізінде шикізат пен материалдар бойынша дайындау - көлік шығыстары есептен шығарылады. Сөйтіп, №7 «тауарлық-материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес тауарлық-материалдық қорлардың өнімдер өндіру шығындарының құрамына нақты өзіндік құны бойынша енгізіледі.

8010 «Өндіріс жұмыскерлері еңбекақысы». Осы транзитттік шотта өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақыларының сомасы көрсетіледі. Бригаданың өнім өндіру туралы рапорттары, ауысымдағы өнім өндіру рапорттары, жол бағыты парақшалары, бригаданың өнім өндіру ведомосы, келісімді жұмыстар нарядтары, жұмыс уақыты есебінің табелдері, сыйлықтар, қосымша ақылар есептеу туралы бұйрықтар және өзге де құжаттар ақпарат көздері болып саналады.

8010 шотында көрсетілген еңбекақыдан жасалған аударымдар 8010 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотына есепке алынады.

8010 «Үстеме шығындар». Үстеме шығындар бір ай аралығында 8040 «Үстеме шығындар» шотында, цехтар бойынша бөлек белгіленген баптар номенклатурасы бойынша жинақталады және таңдап алынған бөлу базасына сәйкес әрбір цехта жасалатын өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі.

8010 «Негізгі өндіріс» (жинақтаушы) шоты мен транзит шоттар (№8010) активті есептеу шоттары болып саналады.

Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу бойынша типтік (үлгі) корреспонденциялық шоттардың тізімі келесідей:

Операциялардың мазмұны

Құжат

Корр. шот

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Есепті кезең басында аяқталмаған өндіріс қалдықтары өндіріске қайтарылды

Аяқталмаған өндірісті түгендеу актісі

8010

1340

2.

Негізгі өндіріс цехтарына өнімдер өндіруге шикізат пен материалдар босатылды

Лимиттік-босату (заборлық) картасы, бір жолғы талап, өндіріске материалдар босатуға арналған есеп айырысу жүк құжаты

8010

1310

3.

Негізгі өндіріс цехтарында технологиялық мақсаттарға пайдаланылған электр қуатының құны көрсетілді

Шот қосымша өндіріс өнімдерін (жұмыс, қызмет) бөлумен есеп айырысу

8010

3310

4.

Жұмыс атқарған уақыты немесе орындалған жұмыс көлемі үшін негізгі өндіріс цехтарындағы жұмыскерлерге еңбек ақы есептелді

Есеп айырысу ведомосы

8010

3350

5.

Негізгі өндіріс цехтарындағы жұмыскерлердің еңбек ақыдан аударымдар (ЖТС,ЖЗҚ) жасалды

Аударымдар мен есеп айырысу

3350

3120,

3220

6.

Өндіріс цех жұмысшыларыны4 еңбек ақысына әлеуметтік салық және төлем есептелді

Аударымдар мен есеп айырысу

8010

3150,

3230

7.

Негізгі өндіріс цехтарының үстеме шығыстары есептен шығарылды

Үстеме шығыстардың бөлінуімен есеп айырысу

8010

8040

8.

Өндірісте пайдаланылмаған шикізат қоймаға қайтарылды

Кіріс жүк құжаты

1310

8010

9.

Өндірістік цехта өнімнің өзіндік құны анықталды

8000

8010

10.

Негізгі өндірістегі ақаудан орын алған шығындар сомасы есептен шығарылды

Өндірістік ақауға жасалған акті

8000

8040

11.

Негізгі өндіріс цехтарында тұтынылған өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттар құны есептен шығарылды

Шығыс жүк құжаты

8010

8020

12.

Есепті кезең соңында аяқталмаған негізгі өндіріс құны есептен шығарылды

Аяқталмаған өндіріске жасалған түгендеу актісі

1340

8000

Осы жазулар түсірілгеннен кейін негізгі өндіріс цех­тарындағы өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің нақты өзіндік құны анықталады және есептен шығарылады.

Операциялардың мазмұны

Құжат

Корр. Шот

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Қоймаға кіріске алын­ған негізгі өн­ді­ріс цехтарының дай­ын өнімдерінің нақ­ты өзіндік құны есептен шығарылды

Кіріс жүк құжаты

1320

8000

2.

Есепке алудың жарты­лай фабрикат вариан­ты жағдайындағы нақты құ­ны есептен шығары­ла­ды

Кіріс жүк құжаты

8020

8000

3.

Түпкілікті ақаудың нақ­ты өзіндік құны есептен шығарылды

Өндірістік ақауға жасалған акті

7210

8040

4.

Өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды

Шот

7010

1320

Негізгі өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі №10 журнал-ордерге ашылатын №10 журнал-ордер мен №1,2 ведомостарда жүргізіледі.

№10 журнал-ордерге ашылатын №1 ведомос (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл төте және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау (аналитикалық) есеп баптарында бөлек көрсетіледі. Әрбір айдың шығындары туралы жазулар әртүрлі бастапқы және жиынтық құжаттар, өзге журнал-ордерлер, шифрын ашушы – парақшалар негізінде корреспонденциялық шоттарда бөлек көрсетіледі. Кәсіпорын бойынша тұтастай, корреспонденциялық шоттарға бөле отырып өндіріс шығындарының жалпы сомасын есептеу №1 ведомостағы «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінде жүргізіледі. Негізгі өндіріс цехтарындағы өндіріс шығындары туралы жиынтық мәліметтер «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінен №10 журнал-ордердің бірінші бөліміне ауыстырылады. №10 журнал-ордерге тіркелетін №2 ведомосты пайда болған жері бойынша өндіріс шығыстарын топтастыруға, сондай-ақ дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтауға арналған.

№10 журнал-ордер жинақтаушы тізім-көрсеткіш (регистр) болып саналады. Мұндағы жазулар №1,2 (негізгі өндіріске қатысты) ведомостар негізінде жүргізіледі. №10 журнал-ордерде Бас кітапқа түсіру үшін 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы», 1310 «Материалдар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 2930 «Күдікті борыштар бойынша резервтер», 1620 «Алдағы кезеңдер шығыстары», 3310 «Жеткізушілермен және мердігерлермен есептесу», 3390 «Өзге кредиторлық берешек және есептеулер», 8010 «Негізгі өндіріс», 8020 «Меншікті өндіріс жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосымша өндіріс», 8040 «Үстеме шығындар», бөлімі шоттары бойынша кредит айналымдары жинақталады және есептелінеді.

Мұнан өзге, аталмыш №10 журнал-ордер кәсіп­орын­ның жоспарлау-экономикалық қызметінде пайдаланылады, сондықтанда тізім-көрсеткіштің үшінші бөлімінде эконо­ми­калық элементтері бойынша шығындар топтастыры-лады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]