- •Жоспар:
- •V. Қосымшалар
- •1.1. Дайын өнім түсінігі
- •2.2. Өзіндік құн анықтау әдістері
- •Фифо (Бірінші түсті – бірінші сатылды)
- •Ерекше ұқсастыру (идентификация)
- •2.3. Дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- •2.4. Дайын өнімнің өзіндік құнын құжатталуы
- •2.5. Дайын өнімді кіріске алу есебі
- •2.6. Дайын өнімді шығысқа шығару есебі
- •2.7. Дайын өнімді есептен шығару (ақаулар) есебі
- •IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •V. Қосымшалар: құжаттар, слайдтар.
Тақырыбы «Дайын өнімнің өзіндік құн есебі»
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1. Дайын өнім түсінігі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Өзіндік құн түсінігі
2.2. Өзіндік құн анықтау әдістері
2.3. Дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
2.4. Дайын өнімнің өзіндік құнын құжатталуы
2.5. Дайын өнімді кіріске алу есебі
2.6. Дайын өнімді шығысқа шығару есебі
2.7. Дайын өнімді есептен шығару (ақаулар) есебі
ІІІ. Қортынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
V. Қосымшалар
Кіріспе
Дамыған нарықтық экономикалық елдерде ондаған жылдардан бері бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық есепке бөлінуі өмір сүреді. Соңғы жылдары біздің елімізде де есеп жүргізудің басқарушылық және өндірістік есепке бөлінушілігі байқалуда. Есеп барған сайын көбірек бизнес тіліне айналуда.
Нарықтық қатынастарды дамыту: жекешелендіру, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар құру Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жеке салаларға бөліну қажеттілігіне әкелді. Әсіресе өндірістік есеп құруға айрықша назар аударылған. Бұл жүйеде өндірістен алынған кірістерді бағалау үшін өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын есептеп шығару мен өндіріс шығындарының есебі көрініс табады. 1996 жылдың 18 қарашасындағы №6 бухгалтерлік есеп жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Қаулысымен бекітілген субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары құрамында осы мақсатпен алғаш рет өндірістің түрлері мен үлгілері (типтері), өнім (жұмыс, қызмет) түрлері және тұтастай түрде кәсіпорын бойынша өндірістік шығындарды көрсету үшін «Өндірістік есеп шоттары» VІІІ бөлімінде көрсетілді.
Курстық жұмыстың мақсаты - өндіріс саласында дайын өнімнің өзіндік құн есебін көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:
Дайын өнімнің мәнін ашып, өндірістегі маңызын көрсету.
Дайын өнімнің бағалануын қарастырып, нақты өзіндік құнға сипаттама беру.
Дайын өнімнің калькуляциясын жүргізілуін көрсету.
1.1. Дайын өнім түсінігі
Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.
Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
Дайын өнімге сатылуға арналған өндірістік жұмыстар мен қызметтерді, сонымен қатар меншікті өндірістің жартылай фабрикаттардың құны апарылады. Субъектінің қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш өндіріс бойынша жоспардың орындалуы мен өнімнің сатылуы болып табылады.
Субъектінің өнімдер, жұмыстар мен қызметтер сатылуы тұтынушылармен жасасқан шаруашылық келісім-шарттардың орындалуы ретінде негізделеді Өнімнің бір бөлігін саудалық өзінің желілері арқылы сатуы мүмкін. Субъектінің ең маңызды міндеті бұл – келісім-шартында жазылған өнімнің саны мен сапасының, номенклатурасының сәйкес келуі, өнімді уақытында жеткізу сияқты басқа да міндеттерді орындауын айтамыз. Сатыпалушылармен жеткізілген өнімдерге мерзімде төлеу, әр субъектінің тұрақтылық жұмысы болып табылады.
2.1. Өзіндік құн түсінігі
Өндіріс процессін өнім дайындау (өндіру) операцияларының жиынтығынан тұрады. Өндіріс процессін жүргізу үшін жанды және затқа айналдырылған еңбек (жұмыс күші, еңбек құрал жабдықтары) субъектіде сәйкесті шығындар қалыптасуына әкеледі. Нақты өнім дайындауға жұмсалған жалпы шығындар сомасы оның өзіндік құнын құрайды.
Өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің алдына қойылдатын талапқа:
нақты өндіріс көлемі мен жалпы өндірілген өнімді, ақшалай және заттай өлшемдері бойынша анықтау.
Өндірілген өнімнің нақты өзіндік құнын нақты, дәл, дұрыс есептеуін қадағалау жатады. Ол үшін өндірістің өнім шығару кезіндегі барлық шығындар мен олардың әрбір түрлері бойынша шығындарын ескеру керек.
Бұл жерде дайын өнімді өндірісте дайындауға жұмсалған шығындары өзіндік құнына жатқызу және жатқызбауды шектеу басты рөл атқарады. Сәйкесті бухгалтерлік есепте берілген әдістемелік ұсыныста (7 БЕС «Тауарлық материалдық қорларды есепке алу») субъект шығынның жіктелуімен құрамына байланысты өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өзіндік құнымен шығындарды, мерзім ішіндегі өзіндік құнға енбейтін шығындар деп танылған шығындарды анықтайды.
Өндіріс шығындарына қарағанда мерзім ішіндегі шығындарға тауарлық–материалдық қорлар қалдықтары мен аяқталмаған өндіріс көрсетіледі.
Бұлар шаруашылық өндірістеріне баға саясатын жүргізуге шешім қабылдау үшін маңызды рөл атқарады.
Дайын өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығаруға қажетті аяқталмаған өндірісті бағалау мен есепке алудың, негізгі өндіріс шығындарының есебін дұрыс ұйымдастыруда айқындаушы маңызы бар.
Өңдеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімі қабылдамаған өнім, аяқталмаған өндіріс деп, оған жататын шығындар аяқталмаған өндіріс шығындары деп аталады. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары келесідей түрде бағаланады:
есептеп шығарудың барлық баптары негізінде нақты өзіндік құны бойынша;
дайындық дәрежесін ескере отырып (жаппай және ірі сериялармен өндіру) төте шығындардың әрбір бабы негізінде шығыстар нормалары бойынша;
үстеме шығындар пайызбен қабылданған бөлу базасы бойынша;
шикізат және материалдар шығыстарының құны бойынша.
Аяқталмаған негізгі өндірістегі шығындар есебі үшін активті материалдық шот 1340 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімі қолданылады, оның дебет шоты бойынша есепті кезең соңындағы (бұл сома қаржылық есепте, одан көзделетіндей есеп берушілікте (есеп-қисапта) өз көрінісін табу үшін) аяқталмаған өндірістің құны есептен шығарылады; келесі есепті кезең басында аяқталмаған негізгі өндіріс құны 8010 «Негізгі өндіріс» шотына қайтарылады.
Сонымен өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің объектісі дайын өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өзіндік құны болып табылады. Ол экономикалық мазмұндарына байланысты төмендегідей элементтері бойынша топтастырылады:
материалдық шығындар
жұмыс күштердің жалақысына төленетін шығындарды
жалақы бойынша аудару
жасалу шығындары
Өнімнің өндірістік өзіндік құнын жоспарлаған кезде немесе есепке алу мен жұмысты талдағанда төмендегідей топтастырулар қолданылады.
Пайда болу орнына (өндіріс, цех, бөлімше) қарай, өндіріс процессі негізгі және қосалқы өндіріс болып екіге бөлінеді. Өндіріс (тізімі) тізбегі, шығын түрлері (тікелей және жанама, оларды өзіндік құнға жатқызу тәсілі) жоспарланған кезде жеке бөліп шығынды есепке алуға субъектінің (мекеменің) қаржылық есептеу саясатымен анықталады.
Өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет көрсету) яғни өндіріс шығындарына жеке өнімдер түрлерінің өзіндік құны енгізіледі (қызмет түрлері)
Өнім түрлерінің өзіндік құнын шығынға енгізу (жатқызу) тәсіліне байланысты, олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілген шығындар қызмет қасиеттері кейбір өнім түрлерінің (жұмыс, қызмет көрсету) жөнелту шығындарына таралып жазған кезде маңызды рөл атқарады. Есеп беру мерзімінің санында тікелей шығындармен қосылып, таратылып жазуларда дайын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өндірістік өзіндік құнын құрайды.
Дайын өнімнің бір данасының өзіндік құны, материалдар құнының жалпы сомасына жалақы шығындары мен жөнелту шығындарының жиынтық сомасын қосып шығарылған өнімнің жалпы санына бөлу арқылы анықталады.
Мысалы, өндірісте 500 бұйым шығарылады.
Негізгі материалдар шығыны–25 000 теңге;
тікелей жалақы шығыны 20 000 теңге;
жөнелту шығындары–10000теңге, бұйым данасының өзіндік құны төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі материалдар 50 теңге (25 000/500);
Тікелей жалақы шығындары 40 теңге (20000/500);
Жөнелту шығындары 20 теңге (10 000/500);
.............................................................................................
Бұйымның жиынтық өзіндік құны 110 теңге.
Шығындар түрлері бойынша ақпарат белгілі болғанда өндіріс процессі аяқталғаннан кейінгі бұйымның өзіндік құны осылай анықталады.
Тәжірибеде өнім данасының өзіндік құнын келтіретін табыс, бұйымның ағымдағы өткізу бағасын анықтау мақсатында өндіріс процессі басталғанға дейін анықтау талап етіледі.
Бұл жағдайда бұйымның бағасын жуықтап анықталады.
Мысалы, бухгалтерлік есепте бұйым данасын дайындауға жұмсалатын болжамды шығын:
80 теңге материалдық шығын;
50 теңге тікелей жалақы шығыны;
30 теңге жөнелту шығындары;
негізгі материалдар 80 теңге;
жалақы шығыны 50 теңге;
жөнлету шығыны 30 теңге;
.....................................................
Бұйымның болжамды өзіндік құны 160 теңге.
Осы болжамды өзіндік құнына байланысты бұйымның өткізу құны қойылады да оларды өткізу үшін басқару шешімі қабылданады.
Өндірісі бар немесе өндірістік цехтары бар кәсіпорындар шығындарын есепке алу бойынша 8-ші бөлімнің шоттарын қолданады. Бұл шоттарда шығындар топтастырылады содан кейін калькуляция арқылы өнімнің өзіндік құны анықталады.
Өндірістік шоттарды есепке алудың синтетикалық есебі
р\р № |
Шаруашылық операция |
Шот корресподенциясы |
|
Д |
К |
||
1 |
Өндіріске шикізат босатылды: |
|
|
1.1 |
- негізгі өндіріске |
8010 |
1310 |
1.2 |
- көмекші өндіріске |
8030 |
1310 |
2 |
Өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді |
|
|
2.1 |
- негізгі өндірістегі |
8010 |
3350 |
2.2 |
- көмекші өндірістегі |
8030 |
3350 |
3 |
Еңбекақыға әлеуметтік салықтар есептелді |
|
|
3.1 |
- негізгі өндірістегі |
8010 |
3150 |
3.2 |
- көмекші өндірістегі |
8030 |
3150 |
4 |
Үстеме шығындар есептелді |
8010 |
8040 |
5 |
Амортизация есептелді |
8040 |
2420 |
6 |
Коммуналды шығындар септелді |
8010 |
3310, 8040 |
7 |
Іс сапар шығындар есептелді |
8010 |
1250 |
8 |
Өнім дайын болғанда |
1320 |
8010 |
