Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фо курсовая.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

1.2. Салықтардың типтері мен қызметтері

Салықтың мәні оның атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Ескере кететін жағдай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салық түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстарғанда салық қызметтерін қаржының бөліп тарату қызметінің бөлігі ретінде қарастыруға болады.

  1. Қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың қазыналық (фискалдық) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Тауарлық-ақша ңатынастарының даму шамасы бойынша бұл қызмет мемлекетке түсетін барлың ақша кірісін анықтайды.

  2. Салықтың бөліп тарату қызметі шаруашылық субъектілерінің әр түрлі кіріс бөліктерін мемлекет пайдасына қайта бөлуден түрады. Бұл қызметтегі әрекеттер ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтар үлесімен анықталады: ол ұлттық кірістің мемлекеттік деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы 19,7%, 1998 жылы 16,6%, 1999 жылы 17,4%, 2000 жылы 22,6% болды. Салық жинай отырып мемлекет сол арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары арасындағы кірісті қайта бөледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және т.б.

  3. Салықтың реттеушілік қызметі - ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғайған кезінде туындайды. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл орайда, салыктың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерін алу, жеңілдіктер мен төмендету әдістерін өзгерту қолданылады. Бұл реттегіштер қоғамдық өндіріс құрылысы мен пропорцияларына, жинақтау көлемдеріне әсер етеді.

  4. Ынталандыру қызметі — экономикалық даму, техникалық жаңару бойынша ғылыми - зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық, т.б. жұмыстардың өткізілуіне әр түрлі ынта - жігер туғызады. Мысалы, корпорациялық табыс салығы бойынша кірістің негізгі табыс көзі жер болып табылатын кәсіпорындар үшін 10% мөлшерлеме белгіленген, ал басқа кәсіпорындар бұл салықты 30% мөлшерлеме бойынша төлейді, осылайша ауыл шаруашылығын дамыту ынталандырылады. Акциздер бойын­ша әкелінетін тауарларға салынатын салық мөлшерлемелері отандық өнімдерге қарағанда жоғары, осылайша Қазақстандық акциздік тауар өндірушілер ынталандырылады.

  5. Бақылаушы қызметі - салық алу процесінде салық төлеушілер қызметі бақыланады (заңды және жеке тұлғалардың кіріс есебі, олардың қаржылық-шаруашылық қызметі).

Мемлекет салық саясатын жүргізеді. Әлеуметтік - экономикалық ахуал дамуының әрбір нақты кезеңіндегі қоғамның басқа да мақсаттары мен мәселелерін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтың қатынастардың қалыптасуы жағдайында тұтынудың орталықтанған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты кірісінің маңызды бөліктерін қалыптастырудың өзін-өзі ақтамаған кағидасынан бас тарту салық саясатының негізгі бағыты бо­лып табылады. Салықтар жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;

  • заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен нормативтік актілеріндегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;

  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;

  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;

  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;

  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;