- •1Әлеуметтік-экономикалық үрдістердегі салық саясаты және салықтық әкімшіліктендірудің мәні мен мазмұны.............................................................10
- •2 Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі жүзеге асырылу ерекшеліктері..............................................................20
- •3 Қазақстан Республикасында салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің бағыттары.................................................................................................................46
- •1 Әлеуметтік -экономикалық үрдістердегі салық саясаты және салықтық әкімшіліктендірудің мәні мен мазмұны
- •1.1 Салықтық әкімшіліктендірудің түрлері мен нысандары, жүзеге асырылу қағидаларының теориялық аспектілері
- •1.2 Салық саясатын жүзеге асырудағы салықтық әкімшіліктендірудің атқаратын рөлі
- •2 Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі жүзеге асырылу ерекшеліктері
- •2.1 Салықтық әкімшіліктендірудің жүзеге асырылуының қолданыстағы механизмі
- •2.2 Салықтық әкімшіліктендірудің мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орнын талдау
- •2.3 Салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі қызмет ету тиімділігін бағалау
- •3 Қазақстан Республикасында салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің жолдары
- •3.1 Салықтардың уақытылы және толықтай түсуінің негізі ретіндегі салықтық әкімшіліктендірудің мәселелері
- •3.2 Салықтық әкімшіліктендірудің болашақтағы даму перспективалары
3 Қазақстан Республикасында салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің жолдары
3.1 Салықтардың уақытылы және толықтай түсуінің негізі ретіндегі салықтық әкімшіліктендірудің мәселелері
2015 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен салықтық және кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру бойынша жұмыс тобы дөңгелек үстелдің бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. Қазақстандағы және Орта Азиядағы EY компаниясының басқарушы әріптесі, шетел тарапынан жұмыс тобының тең төрағасы Ерлан Досымбеков «Әкімшіліктендіру мәселелері елдің инвестициялық тартымдылығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шетелдік инвесторлар осы саладағы жаңа енгізілімдерді талқылауда жоғары деңгейдегі қызығушылықтарын білдірді»-деп түсіндіреді.
Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті – инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған Комитеттің бастамаларын білу, сондай-ақ Комитет төрағасымен әкімшіліктендіру және құқықтық қолдану практикасы саласында инвесторлардың көкейкесті мәселелерін тікелей диалог арқылы талқылау болды.
Дәулет Ерғожин, сөз сөйлеушілер Қазақстан Республикасындағы «Дойче Банк АГ» өкілдігінің басшысы, «Қазақстан шетел инвесторлары кеңесі» Ассоциаициясының басқарма төрағасы Ульф Вокурк, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтардың арасында негізгі баяндамашы болды.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары – шетелдік инвесторлар, даму институттары, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық орталықтар өкілдері әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
Дәулет Ерғожин өз сөзінде, «Қазақстан-2050» стратегиясы» және «Нұрлы Жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына қаланған тұжырымдамалық негізде Мемлекеттік кірістер комитетінің өзекті бастамаларын атап өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті өз қызметін елімізде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарлаған.
Мемлекеттік қызметшілердің кезең-кезеңімен карьералық өсудің жүйелі жоспарын, оларды оқыту және дамытуды қоса алғанда, кәсіби кадрлық құрамды қамтамасыз ету, Комитет төрағасы айтқан реформаның маңызды құрамдасы болып табылады.
Іскерлік қоғамдастық үшін инвестициялық шешімді қабылдау және қызметті жүргізу кезінде заң ұлылығының ерекше маңыздылығы бар. Дөңгелек үстел барысында талқылаулың негізгі бөлігі құқықтық қолдану практикасына және оны жетілдіру жолдарына арналды.
Комитеттің жоспарында – «нысаннан мазмұн артық» тәсілін енгізу, яғни салық төлешілердің сұрақтарын мәніне қарай қарастыру, салықтық дауларды қарау жүйесіне сенімді арттыру.
Бірінші кезектегі міндеттердің арасында – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тарифтік саясатты оңайлату бойынша ауқымды жұмыс жүргізу. Бұл міндетті іске асыру қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, сондай-ақ Республиканың позициясын халықаралық рейтингте көтеруге ықпал ететін болады.
Ерекше қызығушылықты бизнес процестерді жетілдірумен байланысты реформаның компоненттері тудыртады, себебі оның іске асырылуы қызмет көрсетудің сапасына тікелей әсер етеді, салық төлеушілер үшін де, мемлекет үшін де тиімділігін арттырады және шығындарды қысқартады. Бизнес процестерді жетілдіру бағыттары арасында е-декларациялау (электрондық декларациялау), УЭО кәсібилігі (уәкілетті экономикалық операторлар), call – орталығы қызметінің спектрін және сапа деңгейін кеңейту, бірыңғай ақпараттық жүйені және деректер базасын құру арқылы техникалық мүмкіндіктерді кеңейту айқындалған. Адал салық төлеушілердің СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл оңтайландыруға мүмкіндік беретін бақылау тәуекелдерді басқару жүйесіне бағдарланатын болады, сондай-ақ күшті көлеңкелі экономикаға қарсы күреске шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жақын арадағы перспективада бизнес үшін осы бастамалардың ішінде іске асырудың ең көп күтілетін нәтижелердің арасында - кедендік декларациялау кезінде құжаттардың қысқаруы, СЭҚ-қа қатысушылардың тіркеуін оңайлату, бақылау функциясы тауар шығарылғаннан кейінгі кезеңге ауысатын «жасыл дәлізді» енгізу.
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы айтқан бастамалар іскерлік кеңістікте оң қолдау табады, себебі ол салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар үшін әкімшіліктендіру жағдайын жақсарту бойынша жоспарлы жұмысқа бағытталған. Комитеттің жаңартылатын кәсіби кадрлық құрамын және бизнес процестерінің жетілдіруін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттерін ерекше атап өту қажет. Осы міндеттерді іске асыру қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады» - деп атап өтті.
Салықтық әкімшіліктендіру және құқықтық қолдану практикасы саласында шетел инвесторларының өзекті мәселелері бар. Презентацияның ақпараттылығы, дискуссияның нәтижелілігі, қиын мәселелерді талқылаудағы ашықтығы көрсетілді және осындай форматтағы кездесулердің жиі өткізілуіне сенімдері мен қызығушылықтары бар.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік пен салық салу рейтингі бойынша Қазақстан 178 елдің ішінде 44-ші орында тұр. Қазақстан жалпы салық жүктемесі жағынан 58-ші, салық есебін дайындау мен салық төлеуге жұмсалатын уақыт көрсеткіші жағынан 105-ші орында тұр. Көршілерімізден жалпы салық жүктемесі жағынан Ресей 131-ші, Қытай 163-ші, Өзбекстан 170-шы орында, ал салық есебін дайындау мен салық төлеуге жұмсалатын уақыт жағынан Өзбекстан 65-ші, Ресей 151-ші, Қытай 167-шы орында орналасқан.
БЭФ-тың 2013-2014 жылға жасаған бағалауы бойынша еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 61-ші орын алады. Онда салықтық реттеулер мен салық жүктемесі Қазақстанда бизнес жүргізудегі негізгі кедергі ретінде бағаланып отыр. Мәселен, салықтық әкімшіліктегі салық төлеушілердің өзекті проблемалары - салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша шағымдану,артық төлеген салықты есептеу мен қайтару, бюджеттен ҚҚС (НДС) сомасын қайтару жайы және салықтық тексерулердің ұзақтығы. Салықтық есептілік көлемінде құзырлы органдарда бекітілген барлық салықтар бойынша салықтық есептіліктің негізгі үлгілерінің жалпы саны заңды тұлғалар үшін - 33, жеке тұлғалар үшін - 26. Үлгінің көлемі корпоративтік кіріс салығында 170 бет, қосымша құн салығында 60 бетке жуық. Салық кодексі нормаларын түсіндіруде осы уақытқа дейін Қаржы министрлігінің Салық комитетіне 850-ге жуық түсіндіру хаттары бағытталған. Кодексте қарастырылған жаңадан жасалуға тиісті құқықтық нормативтік актілердің саны 300-ден астам. Ал жеңілдіктердің саны 135 болып отыр.
Салық органдарының салықтар мен төлемдер бойынша берешекті бюджетке өндіріп алу жөніндегі жұмысы Үкімет тарапынан дереу шешуді талап ететін салықтық әкімшіліктендіру саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Есеп комитетінің бағалауынша, салық органдарының бюджетке берешекті өндіріп алу жөніндегі қолданып отырған шаралары тиімсіз. Трансферттік бағаны қалыптастыру туралы заңнаманы сақтау жөніндегі бақылау жұмысының тиімділігі төмен деңгейде екені байқалады. 2015 жылы бар болғаны 9 салық төлеуші тексерілсе, соның ішінде құқық қорғау органдарының бастамасымен 6 салық төлеуші тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша есептелген 21,1 млрд.теңге бюджетке өндіріп алынбаған.
Экономика дамуының бүгінгі деңгейі шаруашылық субъектілерді орнын барып кешенді тексеруді жоспарлауда кенеттен емес, ғылыми-әдістемелік тәсілді қолданады. Орнына барып кешенді тексеруге сай салық төлеушілерді анықтау үшін салық органдары мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне және салықтық міндеттердің орындалу деңгейіне алдын-ала талдау жүргізу қажет. Оларды салық төлеушілермен салық төлеуден ауытқудың әртүрлі сызбаларын пайдаланудың жеке белгісі, сондай-ақ белгілер жиынтығы алаңдатуы тиіс. Мысалға, азайтулардың жоғары үлестік салмағы; салық төлеушімен ҚҚС қайтарып алуға үнем талап етулері, ал қайтару сомасы бюджетке төленген салықтар сомасымен сәйкес емес; салық төлеушіде кадрлық құрамның, негізгі заттың және өзге ликвидті мүліктің, өсіп отыратын дебиторлық және несиелік қарыздың болмауы; жеткізушілерге немесе кедендік органдарға ҚҚС төлеудегі нақты шығындардың, қосымша шығындардың жоқтығы; салық төлеушінің жалған заңды мекен-жайды пайдалануы [44].
Осындай белгілердің саны өте көп, менің ойымша, оларға келесілерді жатқызуға болады:
берілген салық төлеушіде салық жүктемесі нақты саладағы шаруашылық субъектілері бойынша орташа деңгейінен төмен (экономикалық қызмет түрі);
бухгалтерлік және салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезеңдер мерзіміндегі шығындардың сипатталуы;
салықтық есептілікте белгілі бір кезеңдегі қомақты сомалардың алынуларын сипаттау;
тауарларды (қызметтерді, қызмет көрсетулерді) айналымға салудан түскен табыстың өсу жылдамдығынан шығындардың өсу жылдамдығының озуы;
бір қызметкерге төленетін орташа айлық жалақы Қазақстан Республикасы субъектін-де экономикалық қызметі бойынша орташа деңгейден төмен;
жеке кәсіпкердің күнтізбелік жылда алған табысының сомасына максималлы
Осылайша, салық ставкаларының төмендеуі болжамды кезеңде осы салықтардың келіп түсу жылдамдығының салыстырмалы түрде азаюына алып келеді.
Алдағы жылдары аталған салықтардың келіп түсу жылдамдығының әрі қарай өсуі болжамдалуда, себебі салық жүктемесін азайтудан күтілетін әсер алынады деп есептеледі.
Жалпы саясат жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы бойынша ставкаларды бекіту белімінде осы ставкалардың байланыстылығына негізделуі тиіс екенін айта кету қажет.Себебі бұндай байланыстың болмауы салық салу жүйесіндегі ауытқулардың алғы шарты болып табылады.
Атап айтқанда, ірі кәсіпорындарға қарағанда азғантай табыс алатын кіші бизнес субъектілері үшін корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша темен салық жүктемесінің болмауы заңды тұлғаларды сегменттеу мен ұсақтау арқылы салық салынудан ауытқу үшін негіз болады.
Патент негізіндегі арнайы салық тәртібі немесе қарапайым декларациялар негізіндегі арнайы салық тәртібі болса да, кіші бизнес субъектілері үшін салық салудың қолданыстағы жүйесінің аталған тәртіптерді қолданатын субъектілерді әкімшіліктеуде кемшіліктері бар.
Негізгі себеп шығындық белікті анықтау үшін бухгалтерлік есепті жүргізудің болмауы болып табылады. Салық төлеушілердің табыстық белігін анықтаудағы негізгі көрсеткіштердін жоқтығы патент негізіндегі немесе қарапайым декларациялардың негізіндегі арнайы салын тәртібін қолданатын субъектілерді автоматтандырылған камералды бақылау жүргіэуге мүмкіндік бермейді.
Бүгінгі таңда дамыған елдер салықтық тексерулерді жоспарлауды автоматтандыру тұрғысында салықтық басқаруды жетілдірудің біршама тәжірибесін жинақтаған, ол салық ережесінің орындалуын бақылау шараларын жүргізу кезінде салық қызметкерлерінің қызметін барынша тиімді етуге және стандартизациялауға арналған.
