- •1Әлеуметтік-экономикалық үрдістердегі салық саясаты және салықтық әкімшіліктендірудің мәні мен мазмұны.............................................................10
- •2 Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі жүзеге асырылу ерекшеліктері..............................................................20
- •3 Қазақстан Республикасында салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің бағыттары.................................................................................................................46
- •1 Әлеуметтік -экономикалық үрдістердегі салық саясаты және салықтық әкімшіліктендірудің мәні мен мазмұны
- •1.1 Салықтық әкімшіліктендірудің түрлері мен нысандары, жүзеге асырылу қағидаларының теориялық аспектілері
- •1.2 Салық саясатын жүзеге асырудағы салықтық әкімшіліктендірудің атқаратын рөлі
- •2 Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі жүзеге асырылу ерекшеліктері
- •2.1 Салықтық әкімшіліктендірудің жүзеге асырылуының қолданыстағы механизмі
- •2.2 Салықтық әкімшіліктендірудің мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орнын талдау
- •2.3 Салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі қызмет ету тиімділігін бағалау
- •3 Қазақстан Республикасында салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің жолдары
- •3.1 Салықтардың уақытылы және толықтай түсуінің негізі ретіндегі салықтық әкімшіліктендірудің мәселелері
- •3.2 Салықтық әкімшіліктендірудің болашақтағы даму перспективалары
2.3 Салықтық әкімшіліктендірудің қазіргі кездегі қызмет ету тиімділігін бағалау
Салықтық әкімшіліктендіру салықтық бақылауды ұйымдастырудың маңызды нысаны болып табылатындығына көз жеткіздік. Мысалға, салықтық әкімшіліктендіруді жеке сектордағы әкімшіліктендіруді ұйымдастырумен салыстыруға болмайды. Осыған байланысты, салықтық әкімшіліктендіру мемлекеттің қаржылық қызметінің салық салуға қатысты барлық тексерулерінің, оның ішінде азаматтық –құқықтық негізде жүргізілетін, салықтық міндеттеменің уақытылы және толықтай орындалуына деген басқарудың бір түрі болып табылады.
Салық комитетінің өткен және соңғы бірнеше жылдар бойғы жұмысының нәтижелеріне келетін болсақ, Салық органдарының қызметін талдау нәтижесі 2012 жылдан бастап мынадай көрсеткіштердің үнемі өсіп отырғанына куәлік етеді:
салық органдарының 1 қызметкеріне түсетін түсімдер, 2013 жылғы түсімдер сомасы 79,4 млн. теңгені құрады, ал 2015 жылы ол 481,4 млн. теңге болды. Артық төлеудің өсу қарқынының көрсеткіші 133% болды, алғаш рет бұл көрсеткіш 2012 жылдан бастап 1% - ға дейін төмендетілді.
мемлекеттік органдардың ішіндегі алғашқы болып электрондық форматта қызметтерді енгізген салық комитеті еді, 2013 жылы электрондық түрде ұсынылатын салықтық есеп беру көлемі 5,8 % құраған еді, 2015 жылдың қорытындысы бойынша электронды есеп беру 80% - дан асып кетті.
Көрсетілетін салықтық қызмет көрсетулер сапасын жоғарылату салық органдарының стратегиялық мақсаты болып табылады.
Берілген критериде біз 4 жыл бойы өтеусіз негізде «САНДЖ» зерттеу орталығының дербес бағалауын қолданамыз.
Сұрау жүргізудің алғашқы жылынан бастап (2012жыл) қанағаттылық деңгейінің оң динамикасы байқалып отыр.
Бизнес субъектілерінің 88% және халықтың 89% деңгейіндегі көрсеткіштер ҚР ҚМ стратегиялық жоспарының жоспарланған индикаторлары негізінде орналасқан (85% кәсіпкерлік субъектілермен және 88% халықпен).
Оң динамика мынадай қызмет көрсетулердің көлемінің параметрлерінде көріне бастағанын айтып қөрсету қажет: ақпараттың өз уақытылығы мен мазмұндылығы, қызметкерлер құрамының қанағаттылығы. Салық органдарына және оның қызметкерлерінің біліктілік дәрежесіне салық төлеушілердің сенімі өсіп жақсарып келеді.
Өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет бойынша қанағаттану дәрежесі толықтай өсті.
Сурет 4 - Салық органдарының көрсететін «салық қызметі
сапасының» деңгейі, %
Е с к е р т у – ҚР ҚМ 2015 жылға арналған статистикалық мәліметтері бойынша
Өкінішке орай әлсіз жақтар да бар, 2014 жылмен салыстырғанда кезекте тұруда уақыттың үлкен көлемде жұмсалуы өскен.
Кезектермен күресудің бір әдісі ретінде салық органдарына орталықтарды онлайн режиминде көруге мүмкіндік беретін үш деңгейлі бейнебайқауды енгізу және орталықтарда болатын әр түрлі жағдайларға оперативті түрде жауап берудегі әрекет етуге мүмкіндік беретін сәйкес әдістемені жасап шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар бұл көрсеткіште салық органдарында Салық комитеті мен «Атамекен» арасында келісілген Меморандум негізінде қызмет ететін «Атамекен» ЖЭА өкілдіктерінің ашылуы оң әсер етеді. Атамекеннің кеңесшілері барлық республика бойынша 14 ірі аудандарда жұмыс істейді.
Өз кезегінде салық төлеушіге салық есептілігін дайындау мен ұсынуға керекті уақыт та алаң тудырады. 2014 жылмен салыстырғанда жұмсалатын уақыт төмендегені байқалып отыр, бірақ берілген сандық көрсеткіш әлі де жоғары болып қалуда.
Бұған байланысты салықтық есептілік нысандарының оңтайландырылуы мен қысқартылуы жайлы сұрақтар өзінің өзекті сипатын жоғалтпайды.
2014 жылы ҚР ҚМ СК салықтық есептілік нысандарының көлемін мәнді түрде қысқартты (37% - ға). Мақсаттың маңыздылығын түсіне келе берілген бағыт бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып тағы 40% - ға есептілікті қысқартуға дайын. Бұл салық төлеушілерге қалай әсер ететінін көру үшін, мысал ретінде айта кететін болсам: барлығына кең танымал «Рахат» АҚ – мы бұрын КТС – нан есепті кезеңде декларацияны 112 бет түрінде тапсырса, қысқартудан кейін 33 бет қана немесе 3 есе кем тапсыратын болады.
Тіпті Салық комитеті ҚР ҚМ – мен бекітілген салық есебінің тіркелімдерін ең жоғары дегенде 50% - ға қысқартуға дайын.
Өкінішке орай мұндай әрекеттерді ағымдағы жылы бюджеттік заңдылықтың жетілмегені мен оны жеке мемлекеттік органдардың әр түрлі талқылауларының әсерінен жүргізу мүмкін емес.
Салық органдарының қызметінде ерекше рөлді салық төлеуден заңсыз жолмен жалтаратын салық төлеушілермен күресуге бағытталған шараларға арналады.
2015 жылы Салық комитетімен көлеңкелі экономиканы төмендетуге арналған шаралар жоспарының жобасы жасалған еді.
2013 жылы салық органдары жұмысының бақылау-экономикалық көрсеткіші айтарлықтай жақсарды.
Салық тексерулерінің нәтижесі бойынша қоса есептеу 590 млрд. теңгені құрады және 4 есеге өсті. Қоса есептеудің басым бөлігі (77%) ірі салық төлеушілердің еншісіне тиесілі. Қоса есептеу 2012 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артық өндіріліп алынды. Оның үстіне салық тексерулерінің сапасы артты. Егер 2012 жылы шағымдану нәтижесінде қоса есептеу 5,4 млрд. теңгеге кемісе, 2013 жылы – бар болғаны 2,8 млрд. теңге болды, немесе 2012 жылға қарағанда 1,9 есеге кеміді.
Сурет 5 - Салық тексерулерінің бір қызметкерге шаққандағы саны және олар бойынша қосып есептелген салықтарыдың үлесі, %
Е с к е р т у – ҚР ҚМ 2015 жылға арналған статистикалық мәліметтері бойынша
Келесі кезекте салықтық әкімшіліктендірудің құрамдас бөлігі, оны жүзеге асырудың негізгі әдісі салық бақылауына, оның ішінде салықтық тексерулердің жағдайына келетін болсақ, бір қызмткерге шаққандағы салық тексеруінің саны орта есеппен 6,2 бірлікті құрайды. Ең жоғарғы шегі Қарағанды облысында, бір қызметкерге шаққанда 10,3 бірлікті құраған.
Ал, салық төлеушілердің салықтық тексерумен қамтылуы ең жоғарғы үлесі 47,7 пайызды құраған, бұл Қарағанды облысы бойынша қамтылған. Жалпы республика бойынша 2015 жылы кәсіпорындардың 46% жуығы салық тексеруінен өткен. Оның жартысынан астамы шағын бизнес өкілдерін қамтыған. Олар орта есеппен жылына екі рет тексеруден өткен.
Сонымен қатар, барлық деңгейдегі салық органдарының қызметтерін кешенді талдау мақсатында бір жылдан аса уақыт бұрын салық органдары жұмыстарының 12 негізгі бағыты мен 102 көрсеткішін қамтитын бағалаудың рейтингтік жүйесі әзірленіп, енгізілгенін атап өту қажет.
Кесте 5 - 2015 ж. ҚР бойынша аймақтық салық комитеттерінің қызметін бағалау, % |
||||||||||
Салық комитеттері |
Барлығы |
Түсімдер |
Бақылау-экономикалық жұмыс |
Қарыз |
Артық төленген сома |
шағымдану |
Жемқорлықпен күрес |
автоматтандыру |
Түсіндіру қызметі |
ҚҚС қайтарып алу |
Қарағанды |
83,9 |
12,0 |
14,4 |
12,8 |
11,9 |
2,4 |
9,8 |
9,6 |
5,5 |
3,4 |
Алматы қаласы |
77,9 |
15,5 |
11,7 |
8,5 |
10,6 |
9,2 |
7,7 |
8,7 |
0,5 |
3,4 |
Қызылорда |
75,4 |
13,0 |
12,6 |
3,4 |
13,6 |
9,2 |
6,3 |
6,3 |
5,5 |
3,4 |
Қостанай |
67,7 |
9,0 |
5,4 |
11,1 |
9,4 |
9,2 |
8,4 |
4,2 |
5,5 |
3,4 |
СҚО |
63,7 |
3,0 |
9,0 |
10,2 |
2,1 |
9,2 |
10,5 |
8,7 |
5,5 |
3,4 |
ШҚО |
63,4 |
5,0 |
9,9 |
6,0 |
6,8 |
9,2 |
11,2 |
7,8 |
2,0 |
3,4 |
Жамбыл |
60,8 |
2,0 |
13,5 |
7,7 |
8,1 |
9,2 |
4,2 |
5,1 |
5,5 |
3,4 |
Ақтөбе |
58,6 |
7,5 |
3,6 |
13,6 |
12,8 |
0,8 |
2,1 |
7,2 |
5,5 |
3,4 |
НК по ЗКО |
57,5 |
1,0 |
10,8 |
11,9 |
8,1 |
9,2 |
2,8 |
2,7 |
5,5 |
3,4 |
Алматы |
56,9 |
14,0 |
2,7 |
4,3 |
10,6 |
1,6 |
9,1 |
3,6 |
5,5 |
3,4 |
Ақмола |
52,0 |
10,5 |
1,8 |
9,4 |
6,0 |
9,2 |
3,5 |
5,1 |
1,0 |
3,4 |
Атырау |
49,9 |
7,5 |
6,3 |
6,8 |
0,9 |
9,2 |
7,0 |
1,2 |
5,5 |
3,4 |
ОҚО |
45,4 |
15,5 |
0,9 |
5,1 |
2,1 |
3,2 |
4,9 |
2,7 |
5,5 |
3,4 |
Павлодар |
42,4 |
4,0 |
7,2 |
2,6 |
5,1 |
4,8 |
1,4 |
6,3 |
5,5 |
3,4 |
Астана қаласы |
38,2 |
10,5 |
4,5 |
0,9 |
3,4 |
4,0 |
5,6 |
1,8 |
2,0 |
3,4 |
Маңғыстау |
38,1 |
6,0 |
8,1 |
1,7 |
4,3 |
9,2 |
0,7 |
0,6 |
2,0 |
3,4 |
Е с к е р т у – ҚР ҚМ 2015 жылға арналған статистикалық мәліметтері бойынша |
||||||||||
Соған сәйкес, аймақтық салық комитеттерінің бақылау-экономикалық жұмысының деңгейін жоғарыдағы кестеден көруге болады. Рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша 2013 жылы Қарағанды облысы бойынша салық комитеті «Жылдың ең үздік салық комитеті» болып танылды. Аталған салық комитеті өткен жылы ең жақсы жұмыс нәтижелерін көрсетті.
2013 жыл еліміздің салықшылары үшін 2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы салық қызметінің даму стратегиясының әзірленіп, бекітілуімен есте қалды. Басым бағыттар белгіленді және нақты мақсатты көрсеткіштер анықталды.
Сонымен қатар, шот – фактураларды ауыстырып салық төлеуден жалтаратын жалған кәсіпорын контрагенттерінің қарсы іс – қимылдары бойынша сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Ескеруге қатысты бір жайт, ол экономиканың өсуі кезінде, байланысты, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, Кедендік одақ негізінде өзара сауда – саттық кезінде салық төлеуден жалтару тәуекелінің өсуі байқалады.
Салықтық тексеріс кезінде анықталатын салық заңдарына қатысты бұзушылықтар көбіне шаруашылық субъектінің ішкі экономикалық қызметімен байланысты болып келеді.
Бұл бағыт бойынша 2015 жылы Ресей мемлекетімен, Литва және Италия мемлекеттерімен жұмыстар жүргізіле бастады.
Салықтық құқық бұзушылықтарды талдау нәтижесінде салық төлеуден жалтаратын салық төлеушілердің 34 типтік схемасы анықталып, олар бойынша құқық қорғау органдарының қатысуымен сәйкес іс – шараларды өткізуге қатысты жағдайлар жасалуда.
Салық органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше назар қойылған. Салық қызметі органдарының адам ресурстарын басқаруға қатысты жеке сұрақтарды қарастыру үшін Салық комитетінде комиссия жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілген салық органдарының басшыларының шақыруымен Комиссия отырысы өткізіледі. Сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында салық органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан Салық комитетінің веб – сайтына салық төлеушілердің салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларына шағымдануына ресми түрде мүмкіндік беретін «Электронды шағым кітабы» енгізілген.
Сонымен қатар, өткен жылда Салық комитетінің жергілікті бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықты анықтау мен оның пайда болуын болдырмау мақсатында Орталық аппаратқа тура бағынатын Кадр және Ішкі бақылау басқармаларында біріктірулер жүргізілді.
Ал 2015 жылы:
құқық қорғау органдарымен тығыз карым – қатынасқа байланысты салық органдарының бірқатар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне тыйым салынды;
сыбайлас жемқорлық бойынша 43 құқық бұзушылықтардың 28 құқық бұзушылықты салық органдары өздері анықтаған еді, яғни ол 65%;
қозғалған сыбайлас жемқорлық бойынша 46 қылмыстық істердің 35 салық органдарының бастамасымен қозғалған еді, яғни 76%.
Бақылау – экономикалық қызметтің нәтижесі бойынша 2015 жылы салық органдарынан қосымша 495,8 млрд. теңге сомасында салықтар, төлемдер және айыппұлдар есептелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың нәтижесінен 108% - ға артық (457,6 млрд. тенге үстінен есептелген).
Заңды күшіне енген актлер бойынша үстінен есептелген сомалар 31,4 млрд. теңгені құрады, олардан өндіріп алынғаны 11,3 млрд. тенге еді.
Осыған байланысты 2015 жылдың қорытындысы бойынша өндіріп алудың пайыздық көрсеткіші 36% құрады (өткен жылмен салыстырғанда 23,1 пайыздық пунктке өсті).
Қазіргі өндіріп алулардың нәтижелілігін салық органдарына салықтық тексеріс жүргізгендегі тәуекелдерді басқару жүйесін, қаржы полициясы органдарымен тығыз қарым – қатынасты және 2015 – 2015 жылдарда толықтырылатын жаңа ақпараттық – аналитикалық жүйелердің енгізілуімен байланыстырылады.
Бас прокуратураның сайтында мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жоспарлары орналастырылған еді.
Тексеріс жүргізу үшін салық төлеушілердің таңдап алыну сапасын мына екі көрсеткішпен көрсетуге болады:
жоспарлы тексерістер нәтижелілігі (үстінен есептелгені: 2013 жылы – 27118 млн. тенге, 2014 жылы – 56920 млн. тенге, 2015 жылы – 82388 млн. тенге).
Ескерте кететін жайт, салықтық тексеріс жоспарына енгізілген салық төлеушілерде айыппұл санкцияларын қолданбай – ақ салықтық тексеріс басталмастан бұрын өз беттерінше атқаратын қызметтеріне аудит жүргізіп және салықтық міндеттемелерді ерікті түрде аударуға мүмкіндіктері пайда болды.
Осылай салық төлеушілер салықтық тексеріс басталмай тұрып 13529,9 млн. тенге сомасында ерікті түрде салықтық міндеттемелерді көбейтті және төледі.
Камералдық бақылауды жүргізудің нәтижесінд ҚҚС бойынша барлық салықтық міндеттемелер 26,1 млрд. теңгеге ұлғайды.
СЕН толтыруда түзетушілік пен нақтылық жоғарылаған еді. «Бос графалардың» үлес салмағы 45% - дан 36% - ға дейін төмендеді.
Өнім өткізу бойынша толтырылмаған тізілімдермен СЕН үлес салмағы 3 есе төмендеді.
Камералдық бақылау бойынша ескертулер жасалған 31 мың салық төлеушілерден 2014 жылдан бастап 1,9 мың салық төлеушілер 2014 жылдан 2015 жылдың сәуіріне дейінгі периодта мүлдем төмендеген, тек мамыр айынан бастап бюджетке 2,6 млрд. теңге төлеген.
Ірі салық төлеушілер өздері салық салынатын объектілерін анықтап және қосымша бюджетке салықтар мен айыппұлдарды 9,6 млрд. теңге сомасында төлеген еді.
Экспорттық бағаларды қолдануға рұқсат беретін құжаттарының болмауына байланысты салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілді. Төлетілген айыппұлдар сомасы 7,6 млн. теңгені құрады.
Сонымен қатар, мониторинг бойынша есептілікті уақытында ұсынбағандары үшін ірі салық төлеушілерді де әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілді.
Кедендік одақ негізінде Салық комитеті алкогольдік өнімдерді сақтау мен өткізуде лицензиар болып тағайындалды. Жергілікті бөлімшелер алкогольді өнімдерді сату мен сақтау үшін лицензия алатын болды.
Республика бойынша қазір алкоголь өнімін сақтап және сататын субъектілердің саны 42 мыңнан астам.
Ең маңызды құбылыстың бірі 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейтін Кеден одағының құрылуы еді. Ол салық органдарына өзара сатудан жанама салықтарды жинау сияқты жаңа қызмет түрін тағайындаған еді.
Барлық облыстық салық департаменттерінде Кеден одағындағы жанама салықтарды әкімшілендіретін басқармалар құрылған, салық органдары жаңа қызметтер (функциялар) атқарады, сонымен қатар салық органдарының қызметкерлерінің саны бұрынғыдай қалып, тіпті оңтайландыру бойынша Жарлық негізінде қысқартылған еді.
2015 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңдегі түсімдер туралы мәліметтерді қарастыратын болсақ, Ресей Федерациясынан импорттан ққс түсімдері:
2014 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсаны арасындағы кезең бойынша Ресей Федерациясынан импорттан ҚҚС түсімдерінің жалпы сомасы – 75668912 мың теңге.
2015 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсаны арасындағы кезең бойынша Ресей Федерациясынан импорттан ққс түсімдерінің жалпы сомасы – 91162035 мың теңге.
Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы түсімдердің өсу қарқыны 1,2 есе немесе 15493843 мың теңгені құрады.
Беларусь Республикасынан импортке ққс бойынша:
2015 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсаны аралығындағы кезең бойынша Беларусь Республикасынан импорттан ққс түсімдерінің сомасы – 3737424 мың теңгені құрады (2014 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсаны арасындағы кезеңде – 2914013 мың теңге).
Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы түсімдердің өсу қарқыны 1,3 есе немесе 823414 мың теңгені құрады.
Айта кететін жайт, Кеден одағындағы елдердің салық органдары арасында ақпарат алмасу электронды түрде (ҚР ҚМ СК ақпараттық базасында жанама салықтарды төлеу мен тауарларды әкелуге қатысты электронды түрдегі өтініштер саны 38977).
Салықтық әкімшіліктендірудегі реформалау бойынша бірлескен жоба негізінде ҚР салық жүйесін түпкілікті қайта қарау көзделген.
«Салықтық әкімшіліктендіруді реформалау бойынша жобаны іске асырудағы жол картасы» қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасалатын болады.
Қарыздың күшіне енуіне барлық шарт талаптар жасалынды. Іске асыру шаралары басталып та кетті.
Келесі жылы Салық комитетімен келесі жұмыстар атқарылатын болады:
бұрыштың ең басына қызмет көрсетуді жақсарту бойынша сұрақтар қойылатын болады. Ағымдағы жылы әкімшілік рәсімдерді регламенттеу бойынша қызмет көрсетулердегі барлық шараларды ең жақсы халықаралық стандарттар негізінде өткізу жоспарланды.
БКМ тәртіпті сақтаудағы салықтық әкімшіліктендірудің сапасын жоғарылату мақсатында 2016 жылы БКМ жылы етіп жариялау жоспарлануда. СК – мен бақылау шараларынан басқа, БКМ – на техникалық қызмет көрсететін орталықтардың қызметін регламенттеу мен фискалдық жадыны нөлдендіру аясындағы қызметті қалыптастыру бойынша шараларды өткізу жоспары жасалған. Бұдан басқа, моральдық тозған БКМ ауыстыру, барлық нарықтарды түгендеу мен тіркелмеген кассалық – аппараттың барлығын айналымнан алып тастау жоспарланған. Бірақ, мұндай шараларды қолданудағы нәтижелілікке жету үшін, СК заңды түрде тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды ұсыну кезінде сатушының сатып алушыға БКМ чегін ұсынбаған жағдайда, тегін түрде беруі туралы нормасын бекітуді болжамдайды.
