- •Мазмұны:
- •Жеке жоспары
- •Жеке жоспар
- •1. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің жалпы сипаттамасы (тарихы)
- •0902000 Электрмен қамтамасыз ету салалары бойынша:
- •1013000– Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы
- •1109000 – Токарлық іс және металл өңдеу
- •2. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің оқу жұмысы
- •2.1 Менің оқу жұмысым
- •3.Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің тәрбие жұмысы
- •3,1.Менің тәрбие жұмысым
- •Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің кәсіби бағдар беруі
- •Факультеттер
- •Қорытынды
- •Қолданған әдебиеттер
- •Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің «бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесары» тобына педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •2.1 Менің оқу жұмысым
2.1 Менің оқу жұмысым
Тәжірибеден өту кезінде "Жанаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі"үздік ұстаздың бірі тарих пәнінің оқытушысы ЖОЛМУХАНБЕТОВА ВЕНЕРА ЖУМАШЕВНА «Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және машина жасаудағы автоматика» тобына өткізген «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәсстүрлері» атты ашық сабағына қатыстым. Сабақ 8:30 да басталды. Сабақтың басты мақсаты жас ұрпақтың сана сезіміне ұлттық құндылығымыз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптеп, оның өмірімізде алар орнының ерекше екенін түсіндіру болды.
Ашық сабақ өз уақытында басталды. Оқушылар да, оқытушы да өте жақсы дайындалған. Бұл дайындық сабақ барысында көрінді, оқушылар салт-дәстүріміз жайында білетіндерін айтса, оқытушы балаларға білмегендерін толықтырып, көптеген мәліметтер берді.
Сабақ барысында мұғалім тақырыпты ашу үшін көптеген көрнекіліктер, плакаттар, сөзжұмбақ, дәстүріміз жайында мағұлмат беретін суреттер қолданды. Тақырып өте дұрыс таңдалған деп ойлаймын, себебі қазіргі кезде жастар салт-дәстүрге мән бермей бара жатқаны рас. Осыған орай ашық сабақта оқушылар әдет-ғұрпымыздың, салтымыздың әр уақытта қажет екендігін түсінді.
Ашық сабақта тарих мұғалімі оқушыларға өзінің ойын өте жақсы жеткізе білді. Әр түрлі салт-дәстүрімізге байланысты суреттер көрмесі, барлық әдет-ғұрпымыз дәріптелген кітаптар, сабақ үстінде мұғалімнің сөз саптауы арқалы оқушылардың назарын өзіне аудара білді. Осы себепті оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жарыса жауап беріп жатты. Сабақ соңы бата беру салтымыз дәріптелген қойылыммен аяқталды. 9 сынып оқушысы Саясат Еламан білетін батасын айтып, барлық оқушыларға, қатысқан ұстаздарға бата берді.
Жалпы сабақта қойылған мақсат орындалды. Оқушылар еркін өз ойларын айтып белсенді қатысты, оқытушы өзінің сабақ өткізу ерекшелігімен, сөз саптауымен оқушылардың назарын өзіне аударып, алға қойған мақсатына қол жеткізді.
