Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnova_otcheta.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
640 Кб
Скачать
☆

1. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің жалпы сипаттамасы (тарихы)

Біздің елімізде 1940 жылдың 2 қазанында кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа жүйесін КСРО Жоғары Кеңесінің төралқасының «Мемлекеттік еңбек ресурстары туралы» жарлығы жарияланған болатын.Осы күн Кеңестер Одағында «Кәсіптік-техникалық мектептер» күні болып аталатын болды. Бұл сала, міне, бірнеше жылдар ішінде еліміздің халық шаруашылығының алуан түрлі салаларына жұмысшы кадрларын дайындап отыратын негізгі мамандар даярлайтын арнаға айналды.Біздің Маңғыстау облысында да бұл салада көп тәжірибе жинақталды. Облысымыздың потенциалын көтеруде кәсіптік-техникалық мектептер үлкен роль атқарды. 1965 жылдан бастап Маңғыстау өлкесінде мұнай және газды көп көлемде өндіру басталды. Жаңа кен орындарын игеру қажет болғандықтан Жаңаөзен қаласының құрылысы басталды. Оны және басқа да құрылыс жұмыстарын іске асыру үшін 1967 жылы Ералиев ауданында №162 қалалық кәсіптік-техникалық училище ашылды. Оның базалы мекемесі «Маңғыстау мұнай-газ құрылыс» тресі болды. 01.09.1968 жылы №162 ҚКТУ қала типтік Жаңаөзен поселкесіне ауыстырылды. 1973 жылы училище 4500 м2 жаңа типтік 600 орындық ғимаратқа көшірілді.

Елімізде өріс алған реформа талаптарына сәйкес Маңғыстау облыстық білім басқармасының 24.08.1984 жылғы бұйрығы негізінде №162 ҚКТУ №3 орта кәсіптік-техникалық училище деп аталса, облыстық білім басқармасының 30.08.1996 жылғы бұйрығы негізінде №3 ОКТУ-нің аты №3 кәсіптік-техникалық мектеп деп өзгертілді. 26.12.2005 жылы ол «№3 кәсіптік мектеп» мемлекеттік мекемесі болып өзгертіліп, 16.06.2008 жылы ол «Жаңаөзен кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертіліп, 01.01.2012 жылдан қазіргі таңға дейін «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ауыстырылып, өз жұмысын жалғастырып келеді. Мемлекеттік лицензиясының номері – 0032342, берілген уақыты – 01.10.2012 ж. Қазіргі таңда Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде 2005 жылдың шілде айынан бері Нұғыманов Тұрсынқұл Абатұлы басшылық етіп келеді.

Жаңаөзен "Көктем" ш/а, 9 ғимарат

тел: 8(72934) 41 6 29, факс: 8(72934) 41 6 29

e-mail: uzenproflicey@mail.ru

сайт: jksint.kz

4 қабатты оқу корпусындағы 19 оқу кабинеттері 6 интерактивті тақтамен жабдықталған болса, 2 қабатты шеберханадағы 11 оқу өндірістік шеберханалары мамандықтар бойынша жаңа заманауи технологиялармен және 5 интерактивті тақтамен жабдықталып отыр.

       Сонымен бірге мультимедиа кабинеті, 2 информатика кабинеттері, 

  • 200 орындық асхана 

  • 250 орындық акт залы

  • спортзал

  • кітапхана

0902000 Электрмен қамтамасыз ету салалары бойынша:

1013000– Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы

1109000 – Токарлық іс және металл өңдеу

2. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің оқу жұмысы

Жаңаөзен қаласының Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің педагогикалық ұжымының басты мақсаты педагог мамандығының беделін көтеру. МІНДЕТІМІЗ – кәсіби білікті мамандар даярлау. Колледжде кәсіби құзіреттілігі жағары оқытушылар құрамын таңдау және қабылдау штаттық кесте мен жеке еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда  оқытушылар құрамының саны  29, инженер-педагогтар саны-25.  Жоғары және бірінші біліктілік санаттары бойынша  19 оқытушы  қызмет  етуде.

     Нарық  кезінде  жұмыс беруші  өзіне қажетті маманның  кәсіби сауаттылығын қалайды, сондықтан білікті мамандар   даярлайтын оқу орнына сенім артады. Оқытушылар құрамының құзіреттілігі мен біліктілігі – оқу орны үшін сенімді келешектің негізі саналады.

Колледждегі әдістемелік жұмысты арнайы циклдік комиссия директордың орынбасарларынан құралған. Олар мұғалімдердің сабақтарына қатысып, толығымен қадағалап отырады.

Колледждің оқу жұмысын толығымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бактыбаева Гүлшат Джумабаевна қадағалап, ұйымдастырады. Оқу жұмысының өзі екі тармақтан құралған:

1. Коллеждің оқу жұмысы

2. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы.

Колледжде тәжірибе өту барысында нормативтік құжаттармен таныстық.

Колледжде оқу-танысу педагогикалық-психологиялық тәжірибе өту барысында жоғары мамандандырылған мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабақтың жоспарын талдадық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]