Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnova_otcheta.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
640 Кб
Скачать
☆

3,1.Менің тәрбие жұмысым

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі

мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған

ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және

соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар: тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

19.01 күні ашық тәрбие сағатын өткіздім. Сынып жетекшінің жеке жоспары бойынша «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбына дайындалдым (2 қосымшадан қарау). Бұл тәрбие сағатын өткізудегі мақсатым оқушыларға елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйрету, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Ашық сабақ соңында сөз мұғалімдерге беріліп, сабақ жайында өздерінің жақсы әсерлерін айтып, белсене араласып отырған оқушыларға мақтау қағаздарын берді. Мұғалімдер де, оқушылар да жақсы көңіл-күйде, өткізілген тәрбиелік шараға риза болды. Және де осы сабақта көзге түсіп белсене араласқан, сыныптың үздік оқушысы –Айтенова Айсұлу мінездеме бердім. (3 қосымшадан қарау).

Менің осы тәжірибеден оқушылармен қалай жұмыс істеу керек екендігін үйрендім.

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің кәсіби бағдар беруі

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов) Қазақстан Республикасының президенті Әбішұлы Нұрсылтан Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.

Міне осы міндеттің бірі осы жылдың түлектеріне де келіп жетті. Тәжірибе кезінде Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде кәсіби бағдар беру үшін колледждің 3-4 курс студенттерімен кездестім. Бұл кездесуімнің негізгі мақсаты түлектерді алдағы мақсаттарымен, қандай оқу орнына түскісі келетіндігімен, алдағы уақыттағы жоспарларымен танысып, оқу орнын дұрыс таңдауға бағыт бағдар беру болды.

Барлығы да еліміздің бетке ұстар жоғарғы оқу орнының бірі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетіне түскісі келетіндіктерін жасырмады.

Түлектерге университетіміз жайындағы мәліметтірін толықтырып, төменде берілген ақпараттарды айтып бердім.

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар.

Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.

9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдіктануда өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді.

Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]