- •Мазмұны:
- •Жеке жоспары
- •Жеке жоспар
- •1. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің жалпы сипаттамасы (тарихы)
- •0902000 Электрмен қамтамасыз ету салалары бойынша:
- •1013000– Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы
- •1109000 – Токарлық іс және металл өңдеу
- •2. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің оқу жұмысы
- •2.1 Менің оқу жұмысым
- •3.Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің тәрбие жұмысы
- •3,1.Менің тәрбие жұмысым
- •Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің кәсіби бағдар беруі
- •Факультеттер
- •Қорытынды
- •Қолданған әдебиеттер
- •Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің «бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесары» тобына педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •2.1 Менің оқу жұмысым
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
кәсіптік білім беру кафедрасы
оқу – танысу психологиялық – педагогикалық тәжірибе
ЕСЕБІ
Студент _____________Жәкетова К.
Кафедрадан
жетекші _____________
Оқу
мекемесінен
жетекші _____________Исаева Г. .
Астана – 2015
Кіріспе
Қаңтардың 15-22 күндері аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» оқу-танысу психологиялық – педагогикалық тәжиребе өтілді. Бұл тәжірибе кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық процестің маңызды бөлігі және студенттердің өз бетінше кәсіптік іс-әрекетке дайындығының кезеңінің бірі болып табылады. Сондықтан, бұл кезеңде студенттердің колледждегі оқу-өндірістік және тәрбие үрдісін бақылау, түрлі оқу сабақтарына қатысу, сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарын жүргізу, есепке қатысты және курстық жұмысына қатысты материалдарды жинау жұмыстарына көңіл бөлінеді.
Тәжирибе мақсаты студенттерді өз бетінше педагогикалық іс-әрекетке түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіптік-педагогикалық білімдер мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білуге жан-жақты дайындау болып табылады. Ал тәжірибе міндеттеріне келетін болсақ:
студенттердің өз бетінше педагогикалық іс-әрекет жасауға дайындықтарын тексеру;
студенттердің түрлі формадағы оқу сабақтары мен әр түрлі типтегі сабақтарды педагогикалық және арнайы пәндер бойынша алған білімдері негізінде жүргізуге дайындау;
университетте алған педагогикалық және арнайы білімдер жүйесін іс-жүзінде қолдана білу;
студентті сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізуде сынып жетекшісі қызметін орындауға дайындау;
студенттің кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту және бекіту.
Оқу-танысу психологиялық–педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтеді. Тәжірибені өту барысында студенттерде кәсіптік-педагогикалық білімдер, біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың педагогикалық қабілеттері дамиды.
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................3
Жеке жоспар............................................................................................4
1.Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
жалпы сипаттамасы............................................................................6
2. Мектептің оқу жұмысы.....................................................................9
2.1.Менің оқу жұмысым........................................................................10
3.Тәрбие жұмысы.................................................................................11
3.1.Менің тәрбие жұмысым..................................................................12
Кәсіптік бағдар беру жұмысы.........................................................13
Қорытынды.......................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер.................................................................16
Қосымша...........................................................................................17
Оқу–танысу психологиялық-педагогикалық тәжірибенің
Жеке жоспары
Бекітемін
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар
колледждің тәжірибе жетекшісі
Нұғыманов Т.А
«15» қаңтар 2015 ж.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің
1-курс студенті Жәкетова Камиланың
Оқу-танысу психологиялық–педагогикалық тәжірибесін өту бойынша
Жеке жоспар
№ |
Жұмыс мазмұны |
Орыдалу уакыты |
Орындалуы жайлы мәлімет |
1 |
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің жұмыс ерекшелігімен, басқару қызметінің ұйымдастырылу жүйесімен, материалдық.Колледждің проблемасы, мамандар құрамы, негізгі бағыттары, жетістіктері, құрылымдық жүйесімен танысу. |
15.01.2013 |
Орындалды |
2 |
Колледж жұмысына байланысты нормативтік құжаттар, олардың жүргізілу тәртібі. |
16.01.2015 |
Орындалды |
3 |
Колледж директорының оқу, тәрбие жұмысы орынбасарларының, топ жетекшісінің жұмысымен танысу. Топ жетекшісіне қойылатын кәсіптік талаптар. Бекітілген топ студентерінің даму ерекшелігін зерттеу. |
15.01.2015- 16. 01.2015 |
Орындалды |
4 |
Колледждегі алдыңғы қатарлы мұғалімдердің сабақтарына қатысу, әңгімелесу. |
17. 01.2015 19. 01.2015 |
Орындалды |
5 |
Бекітілген топпен сыныптан тыс іс-шарасын ұйымдастыру, өткізу. |
20. 01.2015 |
Орындалды |
6 |
Колледж психологының жұмыс мазмұнымен танысу. Әңгіме сұхбат. |
21. 01.2015 |
Орындалды |
7 |
Практика кезіндегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Практика құжаттарымен жұмыс. Есеп пен күнделікті рәсімдеу |
22. 01.2015 |
Орындалды |
