- •§1. Мұнайды өндіруге арналған штангалы сорапты қондырғылардың тағыда бір түрі болып жер бетіндегі жетекті винтті штангалы сорапты қондырғылар (вшсқ) табылады.
- •§2. Шетелдік және отандық практикада всшқ көптеген схемалары және типтік өлшемдері белгілі, оларды төмендегідей түрде топтастыруға болады:
- •Ұңғымаларды пайдалану кезінде кездесетін әр түрлі шиеленістер жағдайларында жүргізілетін жөндеу жұмыстары (құмның шығуы, парафин, тұз қосындылары, уақыттан бұрын су толуы).
- •Бұл шиеліністермен күресу әдістері.
- •Жөндеу-бекіту жұмыстары
- •Жөндеу-түзету жұмыстары
- •Тізбектердегі дефектерді түзету.
- •Ұңғымаларды жою категориялары.
- •Екінші оқпанды кесу және бұрғылау кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •Тізбектегі ауытқышты түсіру және бекіту
- •Қабатты гидравликалық жару
- •Ұңғыманы тексеру
- •Штангалы сораптармен пайдаланатын ұңғымаларды жөндеу
Жөндеу-бекіту жұмыстары
Ұңғымаларды капиталдық жөндеуге тән жұмыстарға жөндеу-оқшауландыру, жөндеу түзету, ұстау жұмыстары жатады.
Жөндеу оқшауландыру жұмыстары ұңғымаға бөтен сулардың (қабаттағы жоғарғы немесе төменгі сулардың) енуін жою болып табылады. Ұңғымаларға бөтен сулардың енуін берілген аралықтағы ұңғыма оқпанын цементтеу жолымен жояды.
Жоғарғы сулар енген кезде, құбырдан тыс кеңістікті қысыммен цеменнтеу жүргізіледі. Табан суларының енуі кезінде оқшауландырудың әр түрлі тәсілдерін қолданады.
Цементтеудің барлық түрінде де бұрғылаудағы сияқты, сапасы да сондай тығындау цементін пайдаланады. Цементтің қатуы кезінде пайдаланатын судың мөлшері әдетте құрғақ цемент салмағының 40-50% құрайды. Әрбір цементтеу алдында айдауға қажетті цементтік ерітінді мен судың қажетті мөлшерін алдын ала есептейді.
Эксплуатациялық бағаналардың зақымдануының себептері түрлі болады. Бағана қандай да бір учаскесінде қабырғасының қалыңдығының азаюының немесе бұрандалық қосылымдардың ақауларынан әлсізденуі мүмкін. Осы жерлерде міндетті түрде судың қысымының немесе жыныс қысымының бұзу әсері болады. Ұңғымамадағы сұйықтық деңгейінің күрт төмендеуі , соның салдарынан бағанаға сыртқы қысымның рұқсат етілген мөлшерден асып кетуі бағананың зақымдануына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, ұңғыманың забой маңы аймағынан оны пайдалану кезінде құмның көп мөлшерін шығару, құрғатылатын қабаттан жоғары жатқан жыныстың опырылуын тудыруы мүмкін, ол да бағананың майысуына және сынуына алып келуі мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Вадецкий Ю.В. Бурение нефтяных и газовых скважин. – М.: Академия,
2003.
2. Гиматудинов Ш.К., Ширковский А.И. Физика нефтяного и газового
пласта. –М.: Недра, 1982.
№ 6 лекция.
Жөндеу-түзету жұмыстары
Жөндеу-түзету жұмыстары: бағаналардағы майысуларды, сынықтар мен жарықшақтарды түзету және бағананың бұзылған бөлігін ауыстыру.
Эксплуатациялық бағаналардың зақымдануының себептері түрлі болады. Бағана қандай да бір учаскесінде қабырғасының қалыңдығының азаюының немесе бұрандалық қосылымдардың ақауларынан әлсізденуі мүмкін. Осы жерлерде міндетті түрде судың қысымының немесе жыныс қысымының бұзу әсері болады. Ұңғымамадағы сұйықтық деңгейінің күрт төмендеуі , соның салдарынан бағанаға сыртқы қысымның рұқсат етілген мөлшерден асып кетуі бағананың зақымдануына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, ұңғыманың забой маңы аймағынан оны пайдалану кезінде құмның көп мөлшерін шығару, құрғатылатын қабаттан жоғары жатқан жыныстың опырылуын тудыруы мүмкін, ол да бағананың майысуына және сынуына алып келуі мүмкін.
Бағананың майысқан учаскелері ұңғымаға бұрғылау құбырларымен түсірілген түзету қашауларымен немесе арнайы түзеткіштермен түзетіледі.
Егер бағанадағы ақаудағы қашаумен жоя алмаса, майысқан учаскені жазық немесе конустық фрезерлермен айналдыра жонады. Түзетілген учаскені цементтік сақинамен бекітеді, ол үшін қысым астында бағана сыртына цементтік ерітіндіні айдайды.
Капиталдық жөндеу кезінде үзілген құбырларды және құлаған құралдарды алып шығу үшін ұстау жұмыстарының орны ерекше. Ең күрделі жұмыстар құбырларды ұстап алу және оны шығару болып табылады, себебі ұңғымаға құлаған сорғы –компрессорлық құбырлар бағанасы забойға құлағанда бүкіл өне бойымен майысып, эксплуатациялық бағанада қыстырылып қалады. Сонымен бірге, кейде құбырлар забойға ұрылып, соғылғанда бірнеше жерінен сынып, ұңғымада қатарласып орналасады. Құбырлар егер ұңғамада тығын болса, онда оған кіріп кетуі де мүмкін.
Құлаған құбырларды ұстау және алып шығу үшін көптеген түрлі ұстау құрал-саймандары болады (қармақтар, торлар, құбыр ұстағыштар, т.с.с.).
Ұңғымада қалған қандай да бір құрал-сайманмен ұстап алынған құбырларды алып шығу үшін, көбінесе, көп күш жұмсау қажет болады. Сондықтан да, ұстау жұмыстары кезінде үзілуге, сынуға төзімді қалың қабырғалы бұрғылау құбырларын пайдаланады.
Ұңғымаларды эксплуатациялауды тоқтатқаннан кейін де жүргізілетін ұңғымаларды жою жұмыстары да капиталдық жерасты жұмыстарына жатады. Мұндай ұңғымаларда түсірілген шеген құбырларды кеседі және алып шығады, ал ұңғыма оқпанын цементтейді, ұңғыманың геологиялық ерекшеліктеріне байланысты сазды ерітінді құяды немесе сазбен толтырады.
