Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+10. Практикалы сабатара дістемелік нсау-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.57 Mб
Скачать

Кристалдану реттілігі диаграмманы талдау

Сынаманың кристалдану тізбегін талдау үшін диаграммада зерттелетін 5 нүктеден құрам осіне перпендикуляр түсіреміз және осы перпендикулярдың қандай фазалық облыстан өтетінін байқаймыз.

1 нүкте

5 нүкте

Екі компонентті жүйелердің диаграммаларын талдау жоспары

Жоғарыда келтірілген екікомпонентті жүйенің диаграммасын тұрғызу әдістемесінің талдауынан және бірінші типті диаграмманың толық талдауынан екікомпонентті жүйе диаграммасын келесі жоспар бойынша талдау керек.

1.Диаграммманың ерекшеліктерін атау;

2.Диаграмманы сызу;

3.Ерекшеліктер және оларды тудырған себептері белгіленген салқындату қисықтарын сызу;

4.Фазалар бойынша диаграмманың барлық облыстарын жазып алу;

5.Диаграмманың барлық сызықтарың және нүктелерінің қолданысын түсіндіру.

6.Гиббстің фазалар ережесі бойынша нүктелерді талдау;

7.Канода бойынша нуктелерді талдау;

8.Диаграммаға тән нүктелердегі жүйе сынамаларының кристалдану тізбегін талдау.

Өзіндік тұрғызуға және талдауға арналған диаграммалар

1. Конгруэнтті балқу нүктесі бар екінші типті диаграмма

2. Инконгруэнтті балқу нүктесі бар үшінші типті диаграмма

3. Әрі сұйық, әрі қатты күйде шексіз еритін төртінші типті диаграмма

4. Қатты күйде шекті еритін бесінші типті диаграмма

5. Сұйық күйде шекті еритін алтыншы типті диаграмма

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Физика-химиялық талдау. Термиялық талдау.

  2. Эвтектикасы бар жүйелер.

  3. Конгруэнтті және инконгруэнтті химиялық байланыстары бар жүйелер.

  4. Компоненттері бір-бірінде шекті және шексіз еритін қатты ерітінділері бар жүйелер.

  5. Сұйық фазада шекті еритін жүйелер.

Блиц - тест:

1. Эвтектика деген не? Эвтектика – бұл ....

A) Тұрақты температурада кристалданатын, құрамы қатан сипаттамалық және тұрақты, кристалдардың жеңілбалқитын ұсақдисперсті жүйе

B) Тұрақты температурада кристалданатын, құрамы тұрақты, кристалдардың ұсақдисперсті жүйе

C) Сипаттамалық құрамды жеңілбалқитын қоспа

D) Температуралар интервалында кристалданатын сипаттамалық құрамды жеңілбалқитын қоспа

E) Температуралар интервалында кристалданатын құрамы тұрақты жеңілбалқитын қоспа

2. Канода деген не? Канода деген ... түзу кесіндісі

A) Екі фазалық облыста, зерттелетін нүкте арқылы құрам осіне паралельді өткізілген

B) Диаграмманың табанына параллельді

C) Екі фазалық облыста зерттелетін нүкте арқылы өткізілген

D) Бір фазалық облыста диаграмманың табанына параллельді

E) Бір фазалық облыста зерттелетін нүкте арқылы өткізілген

3. Екі компонентті жүйедегі эвтектикалық түрленудің теңдеуін көрсетіңдер

A) L⇆ Akp +Bkp

B) L+Akp⇆ Bkp

C) L+α⇆βkp

D) L⇆ α+ β+ψ

E) L+Вkp⇆ Аkp

4. Жалпы Гиббстың фазалар ережесінің дұрыс теңдеуін көрсетіңдер

A) С = К- Ф +2

B) С= К + Ф -1

C) С = К – Ф – 1

D) С = Ф + 2 – К

E) С = К- Ф + 1

5. Химиялық таза заттардың кристалдануының ерекшелігі неде және олар қалай түсіндіріледі? Химиялық таза заттар

A) Тұрақты температурада кристалданады, өйткені Qкр = - Qсал

B) Тұрақты температурада кристалданады, өйткені Qкр > Qсал

C) Температуралар интервалында кристалданады, өйткені Qкр = - Qсал

D) Температуралар интервалында кристалданады, өйткені Qкр < Qсал

E) Тұрақты температурада кристалданады, өйткені Qкр < Qсал