Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+10. Практикалы сабатара дістемелік нсау-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.57 Mб
Скачать

Өзіндік шығаруға арналған есептер

Есеп 1. 271 °С балқу температурасына қатты және сұйық висмуттың тығыздығы салыстырмалы тең. 10,005 және 9,637 г/см3. Балқу жылуы 2600 кал/моль. 50 атм қысымда қандай температурада висмут балқиды.

Жауабы : 543,8 К.

Есеп 2. Алюминийдің қалыпты балқу температурасы 658 °С. 660 °С –де алюминийдің қандай қысымда балқитынын табу. Қатты және сұйық алюминийдің тығыздығы салыстырмалы тең 2,70 және 2,382 г/см3. Алюминийдің балқу жылуы 2200 кал/моль.

Жауабы : 147,2 атм.

Есеп 3. 99,5 °С су буының серпімділігі 746,52, ал 100,5 °С - 773,69 мм сн. бағ. 100 °С-де қаныққан меншікті будың көлемі 1,658 л/г.100 °С-де судың булану жылуын тап.100 °С- гі сұйық судың тығыздығы 1 г/см3. Булану кезіндегі түзілетін будың жасалған жұмысы шамасының булануға қажетті 1 атм сыртқы қысымға қатынасын табамыз.

Жауабы : 41 351 Дж/моль, 7,313-10-2.

Есеп 4. 0 °Сқатты йодқа будың қысымы 0,03, ал 100 °С - 45,5 мм сн. бағ. Йодтың балқу температурасы 113,6 °С, қалыпты қайнау температурасы 183 °С. Есептеуді балқу температурасы мен үш фазалы тепе- теңдік температурасының тең болған жағдайда жүргізу .

Жауабы : 62 007, 44 610 и 17 397 Дж/моль.

Есеп 5. Су 95 °С- де қандай қысымда қайнайды. Судың булану жылуы 539 кал/г.

Жауабы : 636,2 мм рт. ст.

Есеп 6. Сұйық хлордың серпімділігі температурадан тәуелділігі келесі теңдікпен анықталады. Хлордың булануының мольдік жылуын есептеу. 1§р(ммрт. ст.) = -1160/Г +7,773.

Жауабы : 22 210 Дж/моль (5308 кал/моль).

Есеп 7. Қалайының балқу температурасының қысымынан тәуелділігі келесі теңдікпен түсіндіруге болады.

T = 231,8 + 0,0333(Р-1),

Балқу жылуы АтН° - 14,05 кал/г. Сұйық қалайының 1 атм қысымда тығыздығы 6,988 г/см3. Қатты қалайының тығыздығын анықтау.

Жауабы : 7,124 г/см3.

Есеп 8. 132 °С-де хлоробензолдың тығыздығы (С6Н5С1) с1ж = 0,9814 г/см3, Қаныққан бу тығыздығы = 3,59-10“3 г/см3.

Осы температурадағы өлшем бірлігі 20,5 мм сн. бағ./К. хлоробензолдың қайнау температурасын анықтаңыз.

Жауабы : 8251,4 кал/моль (73,467 кал/г).

Есеп 9. 10;20 °С –де будың салыстырмалы тең 562,9 және 807,5 мм сн. бағ. Буланудың жалпы молрялы жылуын табыңыз ВС13, Қалыпты қайнау температурасымен , қалыпты қайнау температурасы кезіндегі сұйық ВСІ3-ің энтропиясының өзгеруін анықта.

Жауабы : 24 876 Дж/моль, 291,3 К (18,3 °С), 65,4 Дж/моль-К.

Есеп 10. Қатты және сұйық темірдің балқу температурасы салыстырмаы турде тең. Және 7,865 и 6,88 г/см3 тең Балқыту қезіндегі энропия өзгерісі 2 кал/моль-К. Қысым 1 атм.көтерілгендегі темірдің балқу температурасын анықта.

Жауабы : 0,01232 К/атм.

Есеп 11. Сынаптың қысымының температураға тәуелділігі келесі теңдікпен өрнектеледі. lg p=- . Температурада . Сынаптың булану температурасын және сұйықтың сынаптың молярлы жылусыйымдылығын анықта. Сынаптың буы – біратомды идеал газ.

Жауабы : 59 280 Дж/моль, 27,835 Дж/моль-К.

Есеп 12. Сұйық бромның буының қысымы температурамен келесі теңдік бойынша өзгереді . lg p=- Т +19,84. Бромның булану жылуының температураға тәуелділігін табу керек. 1-моль бромның қалыпты қайнау температурасында өзгеруі (Т° =331 К). жауабы : иН°т = 42315 - 33,921Г (Дж/моль); 93,92Дж/моль-К. Төртхорлы көміртегінің өайнау температурасын келесі теңдікпен анықта .

АиН? = 10 960 -10,53 • Т (кал/моль).

СС14 75 °-де , 1 атм қысымда қайнайтын ескере отырып, 60 С-де СС14 қаныққан буының қысымын анықта .

Жауабы : 0,618 атм (470 мм рт. ст.).

Есеп 13. 70 °С төртхлорлы көміртегінің буының қысымы 622, ал 80 °С - 843 мм сн. бағ. Буланудың молярлы жылуын есептеу, қалыпты қайнау температурасын есептеу. Қысым 1 мм сн. бағ. қайнау температурасын өзгерткен кезде жһ\әне қалыпты қысымда есептеу.

Жауабы : 30 605 Дж/моль, 349,5 К, 0,0437 К/мм рт. ст.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Фазалық тепе-теңдіктің негізгі заңдары.

  2. Гетерогенді жүйенің екі фазасындағы компоненттің тепе-теңдік шарттары.

  3. Моно және энантиотропты фазалық айналулар.

Блиц - тест:

1. Фаза деген не? Фаза – бұл:

a) Физико-химиялық қасиеттері бірдей гетерогенді жүйе бөліктерінің жиынтығы

b) Интенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі

c) Экстенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі

d) Экстенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі

e) Интенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі

2. Жүйенің компоненті деген не? Жүйенің компоненті деп ... аталады

a) Берілген жүйенің барлық фазаларын қайта өндіру үшін қажетті және жеткілікті химиялық қосылыстардың санын

b) Жүйенің химиялық қосылыстары

c) Әр түрлі фазаларда орналасатын химиялық қосылыстар

d) Берілген жүйенің әр түрлі фазаларын қайта өндіру үшін қажетті жеке химиялық қосылыстарды

e) Заттың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшегі

3. Еркіндік дәрежесі деген не? Еркіндік дәрежесі деп ... параметрлер санын айтады

a) өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығыспайтын

b) Еркін өзгертуге болатын

c) өзгеру кезінде фазалар саны өзгермейтін

d) өзгеру кезінде фазалар табиғаты өзгермейтін

e) Өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығысатын

4. Егер еркіндік дәрежесінің саны 0-ге тең болса, жүйе қандай жағдайда болады?

a) Жүйе фазалар санымен табиғатын өзгерте алалмайды

b) Жүйенің бір да бір сипаты фазалар санының өзгерісісіз өзгермейді

c) Жүйе ортамен энергия алмасуға түсе алмайды

d) Фазалар саны өзгермей әрбір фазадағы сыртқы параметрлер мен концентрация өзгермейді

e) Еркіндік дәрежесі бойынша жүйе күйін сипаттауға болмайды

5. Фазалық тепе-теңдіктің шарттарын атаңдар

a) Фазалардың саны мен табиғатының тұрақтылығы

b) Фазалар санының тұрақтылығы

c) Фазалар табиғатының тұрақтылығы

d) Фазалар саны мен олардың сандық қатынасының тұрақтылығы

e) Фазалардың сандық қатынасының тұрақтылығы