Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+10. Практикалы сабатара дістемелік нсау-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12.57 Mб
Скачать

0Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

КАФЕДРА

МЕТАЛЛУРГИЯ

ФАКУЛЬТЕТ

ТЕХНИКАЛЫҚ

GUTK 3204 Гетерогенді үдерістердің термодинамикасы мен кинетикасы

пәнінен

(код және пән атауы)

5В070900 - «Металлургия»

мамандығының күндізгі оқу бөлімінің III курс

(шифр және мамандық атауы)

студенттеріне арналған

Практикалық сабақтарға әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар

Ақтөбе, 2015 ж.

Орындаушы

техн. ғыл. магистрі, оқытушы

Абілберікова А.А.

қызметі, бөлімі

қолы

аты-жөні

«

» 2015 ж.

Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама №

«

» 2015 ж.

Жауапты орындаушы

«Металлургия» каф. меңг., доцент

Жумагалиев Е.У.

қызметі, бөлімше

қолы

Т.А.Ә.

«

» 2015 ж.

Алғы сөз

Гетерогенді үрдістердің термодинамикасы мен кинетикасы курсының негіздерін зерделеу 5В070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша инженер және ғылыми кадрларды кешенді теориялық, практикалық және ғылыми зерттей дайындаудың негізгі элементі болып табылады.

Берілген жұмыс студенттердің практикалық жұмысының оқу – әдістемелік нұсқауының болып табылады. Практикалық жұмыстарды орындау үдерісінде студент термодинамикалық, кинетикалық және математикалық үлгілеудің заманауи әдістерімен практикалық танысуға мүмкіндік алады. Бұдан басқа әдебиетпен, стандарттармен өзіндік жұмыс жасаудағы дағды қатайып, кеңейеді, тәжірибелік зерттеудегі әдеттер, дағдылар пайда болады, оқып жатқан курс бойынша теориялық білімді баянды етіп, нақтылайды және зерттеу жұмысындағы, техникалық құжаттарды дайындаудағы, сызу мен есептеудегі әдеттерді дамытады.

Студенттер бақылау сұрақтарына және жұмысты орындар алдындағы сұрақтарға жауап беруге дайындық барысында, сонымен қатар өзара пікір алмасу және оқытушыдан кеңес алуда өз ойларын үйлесімді және дұрыс жеткізуге, орындалған жұмыстың нәтижесін түсіндіруге үйренеді. Жұмысты дайындау және орындау барысында студенттер тәжірибелік зерттеулерді дұрыс ұйымдастырудағы дағдыға ие болады, өлшеу әдістемесін меңгереді, тәжірибені орындауда қателіктерді таба білу және тәжірибе жүргізу аспаптарымен жұмыс істеуді, оларды тексеруді, қалпына келтіруді және пайдалануды үйренеді.

Әрбір практикалық жұмыстың әдістемелік нұсқауында берілген бақылау сұрақтары студенттің практикалық жұмысты орындауға дайындығының дәрежесін және жұмыстағы зерттелетін сұрақтарды түсіну тереңдігін көрсетеді. Бақылау сұрақтарының бір бөлігіне студент практикалық практикум материалынан нақты жауап таба алмайтындай етіп құралған. Студент оған жауапты оқылған материалдың себеп-салдар байланысын талдау әдістері арқылы терең түсініп өзі табуы тиіс.

Сонымен, берілген жұмыстың мақсаты мына дағдыларды қалыптастыру болып табылады:

  • оқу және анықтама әдебиеттер бойынша өз бетімен жұмыс істеуі;

  • зерттеу жұмысы;

  • зерттеу жұмыстарын сауатты аналитикалық және графикалық безендіру;

  • жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыны тұжырымдау.

Гетерогендіүрдістердің термодинамикасы мен кинетикасы курсын зерделеуде студенттердің практикалық жұмысына арналған бұл әдістемелік нұсқау 15 академиялық сағатқа есептелген және 5В070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша мамандарды дайындаудың оқу жоспарына сәйкес келеді.

Практикумдағы жұмыстың көлемі мен құрылымы зертханалық жұмыстың бір академиялық сағат ішінде толық орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей таңдалған. Практикалық жұмыстың алдында келесі жұмысты орындауға қажетті барлық теориялық мәліметтерді беретін дәріс сабақтары болады.

Студент кезекті практикалық сабаққа осы пән бойынша барлық жұмысқа алдын ала дайындықпен келуі керек.

Студенттің практикалық жұмысқа арнаған жұмысшы дәптерінде келесідей мәліметтер болуы керек:

- Жұмыстың мақсаты.

- Негізгі заңдылықтар, есептеу формулалары келтірілген қысықаша теория.

- Бастапқы мәліметтер.

- Үдерістің сұлбасы (суреті) (қажет болса).

- Мәліметтерді енгізуге арналған кестелер.

- Бақылау сұрақтары.

№1 Практикалық жұмыс