- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Шешендік өнері туралы түсінік
М А З М Ұ Н Ы: Кіріспе. Шешендік өнері туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-9 І Тарау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10-15 1.1. Бата-тілек мәнді, ғибратты шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15-18 1.2. Қоғамдық-әлеуметтік мәні бар құттықтау, мадақтау, бағалау, сөздерінің тілдік-стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18-25 1.3. Қоштасу сипатындағы шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25-27 1.4. Естірту, жұбату, жоқтау сипатындағы шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27-33 ІІ Тарау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің стилистикаға қатысы 2.1. Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі. . . . . . . . . . . . . .34-39 2.2. Шешендік сөздерге тіл, стиль мәселесінің қатысы. . . . . . . . . . . . . . . .40-44 ІІІ Тарау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық ерекшеліктері 3.1. Сөздік құрамы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51 3.2. Бейнелеуіш-көркемдеуіштік құрылымы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51-63 Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 64-65 Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-67 Кіріспе. Шешендік өнері туралы түсінік. Қазақта шешен деген сөз тектен тек шыға салған жоқ. Қазақ - әңгімеге шебер, сөз қадірін өз қадірім деп білген халық, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Оның тарихы да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен көрегендігі де сол сөзде жатыр. Сол себепті шешендік сөздер – халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың басынан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді, өмірге, дүниеге көзқарасын, ой өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да болса жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуаныш үстінде дем беуршілік, реніш үстінде жұбатушылық қызмет атқарған. Әрине, болмыстағы құндылықтарды танып-біліп, олардың қыр-сырын анықтауда, жалпы заңдылықтарын ашып, олар туралы ойы мен түсінігін тұжырымдап айтуда, тағылым етіп ұсынуда адамзат қауымына тән ортақ көзқарас пен құндылықты бағалауда ұқсастықтың болуы заңдылық болып шығады екен. Сонымен қатар, әрбір халықтың өзіне ғана тән рухани мүмкіншілігіне, өзіндік ұлттық логика мен ойлауынан туындаған, өз тілінің болмысына сәйкес айтылған байырғы да төл даналық қорының қалыптасуы заңды. Міне, осылайша, ғасырлар бойы қорланып, жинақталған даналық сөздердің шығу төркіні, қалыптасу жолы қазақ халқының шешендік өнерінде жатыр екен. Яғни, олар – халық даналығының ең бір өзекті де өрісті арнасы, қазақ халқының тіл өнеріне деген ерекше қабілетін паш ететін саласы болып табылады. Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында сыналып, бағаланған. Бұл өнерді қазақ халқының сан ғасырлық тарихының, бостандығы мен бақытты болашағы үшін жүргізген күресінің айнасы, айғағы есепті. Ғасырлар бойы жинақталған, сығымдалған, сұрыпталған шешендік өнер нұсқаларынан халықтың тіл байлығын, ақыл-ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін үйреніп үлгі алуға болады. Халықтың тілінде шешендікті сондықтан да «шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген» деп шеберлікпен салғастырып бағалаған. Мұнда шешеннің сөзі нысанаға дәл тиетіні жағынан анықтауда терең мағына бар. Халық түсінігінде шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет болатындай терең мағыналы, көркем болуға тиіс. Тіл өнерінің салтанатты думаны сондай шешендік алаңында қызады да, оның от ауызды, орақ тілді шеберлері сол думанда көзге түседі. Соларды қазақ «шешен» деп атап, тілдің терең қыр-сырын аса меңгерген дарын иелері деп құрметтеген. Сондай ерекше шешендік қабілеті бар кісілер елді аузына қаратып, ел алдында «отағасы», «биағасы», «ауыл ақсақалы», «ру басы» сияқты атаққа да ие болған. Шешендік сөз өнерінің әлеуметтік сипатын көрсететін жағдайдың бірі – шешендік өнердің тарихи құбылыс болуы. Себебі ол - шешеннің шебер сөйлеу өнерін тарихи кезеңде қалыптастыратын дәстүр, ол – сөз жарыстыру, сөзбен айтысу ақылдың ұшқарлығы мен ойдың тереңдік тұрғысынан сайысқа түсу өнерін және интеллект сайысына түсу өнерін қалыптастыру дәстүрі болып табылады. Халықтың шешендік өнер дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданып келе жатқан аңыз-әңгімелерде, тұрмыс-салт жырларында, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда сақталып қалған. Әдебиетшілер С. Сейфуллин мен М. Әуезовтің пікірлерінде орын алған сияқты, шешендікті өз алдына жанр ретінде қарайды да, оны халық ауыз әдебиетінің бір түрі – билер сөзі деп қана қарастырады. Шешендікті тілдік тұрғыдан зерттеген ғалым Г. Қосымова «Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы» деген еңбегінде бұл пікірді дұрыс емес деп қарайды. «Егер қазақтың феодалдық қоғамында шешендік өнердің басты иелері ру басы – билер болды десек, ежелгі дәуір шешендігі атап өткен тараудағыдай, қол бастаған батырлардың, ел басқарған көсемдердің, халықтың рухани демеушісі болған ақын-жыраулардың, халық арасынан шығып, артына өшпес мұра қалдырған ғұлама ғалымдардың даналығын қайда қоямыз?» – дейді зерттеуші. (1, 18). Сондықтан шешендік – тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын кезеңдерде шешендік қоғамға, әлеуметке қызмет етті. Шешендік өнер, әлеуметтік феномен тұрғысынан алғанда, белгілі бір әлеуметтік ортада, қоғамдық кеңістікте, қалай да бір адам мен оқиғаға байланысты қалыптасып, ерен тапқырлықпен, көркем тілмен айтылатын және әлеумет қабылдап, мойындаған үлгі ойлап, идеялап тұжырымдау үрдісі, рухани әлеуметтік құндылықтар жүйесі кемінен тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік шындық. Шешендік сөз өнерінің әлеуметтік-мағыналық табиғатын айқындайтын социумдық жағдайлар мыналар: а) шешендік өнердің қалыптасуы мен қоғамдық процестердің қалыптасып дамуы арасындағы тығыз байланыстылық; ә) би-шешендердің жеке даралығы мен әлеуметтік үрдістердің астастығы; б) қоғамдағы рухани-мәдени сабақтастықтың шешендік өнердегі көрініс табуы; в) шешендік өнердің қоғамда атқаратын қызметі. Шешендік сөздер мен қоғамдық процестер арасындағы тығыз байланысқа келсек, ең алдымен, тіл мен қоғам арасындағы өзара тәуелді байланысты көрсететін ғылыми дәлелдеуге сүйену қажет.
Шешендік өнер туралы түсінік
Как быть, если ты постоянно потеешь? Ты заражен паразитами! Спокойно, есть известное... Как быть, если ты постоянно потеешь? Ты ... |
Паразиты уйдут сами через 3 дня! Если на ночь выпивать стакан обычной... Паразиты уйдут сами через 3 дня! Если на... |
Home » Рефераттар » Шешендік өнер туралы түсінік
Январь 31, 2016 Stybaev.T Рефераттар Комментариев нет
Теперь и близкие родственники не смогут наследовать квартиры?
|
Сөйлеп түрған адам өзіне айналасындағылардың назарын аударды. Өмір тәжірибесі көрсеткендей, қатынастың сәтті, не сәтсіз болуы адамның көбінесе қалай сөйлегеніне байланысты. Сөйлеп тұрып шешен өз көзқарасын жақтайды, көтерген мәселелерінің дұрыстығын дәлелдейді, осылар арқылы тыңдаушыларға өсер етіп, олардың бұдан былайғы іс-әрекеттеріне ықпал етеді. «Бір кездерде, әдебиет тек қана ауызша болды, — деп жазды И. Андроников «Жазылған сөз бен айтылған сөз» атты мақаласында, — Содан соң баспа станогін ойлап шығарды да, міне бес жүз жылдай уақыттың ішінде адам баласы өз сөзін ңағаз арқылы беріп келеді. Ұлы әдебиет, ұлы публицистика пайда болды. Небір тамаша ғылыми еңбектер жарық көрді, бірақ оның барлығы да ауызша сөздің, ауызша тілдің қасиеттерін бере алмады. Ал адамдар барлық уақыттарда шешендерді, лекторларды, өңгімешіл адамдарды жоғары бағалап келді. Ұлы жазбаша жанрлар пайда болды, біраң ауызша тірі тіл өз маңызын осы уақытқа дейін жойған жоқ». Ауызша тіл сөздік қатынастың аса күрделі түрі болып саналады. Адам баласының өмірінде аса маңызды рөл атқарған ең алғашңы ғылымдардың бірі — риторика (грек сөзі zhetorike) осы ауызша тілге негізделген. Риторика ұғымы қазаңша шешендік өнері, шешендік деген үғымдарга сөйкес келеді. Ескі гректер риториканы «сендіру өнері» деп есептеген. Рим өркениетінің кезінде риторика деп «жақсы, шешен сөйлеу өнерін» айтқан. Ортағасырда және қайта өрлеу дәуірінің басында риторика «сөзді әсемдеу өнері» деген атқа ие болған. Жалпы алғанда риторика ықпал жасау өнері. Жұртқа ықпал жасай отырып, шешен оларға қажетті ой, сезім, шешім тауып, олардың сана-сезіміне, жүрегіне, еркіне әсер еткісі келеді.
Грек сөзі риторикаға латын сөзі — ораторлық өнер, орысша красноречие (әсемсөз, көсемсөз), қазақша -шешендік өнер ұғымдары сәйкес келеді. Сөздік ңатынастардың қазіргі заманғы теориясында шешендік өнер: Көркем, әдемі сөйлеу және шешендік өнердің негізін баяндайтын оқу пэні деп тусініледі. Әрбір әсер, ықпал да іс-әрекет болғандықтан, шешендік өнер де (риторика) әрине, іс-өрекет, қимыл. Шешендік өнерді тек шартты түрде ғана өнер деп атайды, шындап келгенде ол — адамның іс-әрекетінің бір түрі, оны меңгеруге әр адамның шамасы келеді. Әрбір сауатты адам ерінбей, қажымай-талмай еңбектенсе шешендік өнердің негіздерін меңгере алады. Олар — өңгімені түсінікті, ңызыңты жөне сенімді етіп айта білу. Орыс тілінде оратор деген сөз XVIII ғасырда пайда болды. Ол латынның огаге — «сөйлеу» деген сөзінен шыңқан. Қазақ тілінде шешен деген сөз көнеден белгілі, шешендік өнер қазақ халқының сонау атам заманғы өмірінен бері қарай оның ажырамас бір бөлігі есебінде өмір сүріп келеді. Сонымен, қорыта айтқанда, шешен деген сөз көп мағыналы. Біз бұл еңбегімізде оны тек «көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам» мағынасында қарастырамыз. Шешен деген сөздің сапалық сипаты жоң, сондықтан д а түрлі анықтауыш сездерді қосып айтқанды керек етеді. Жақсы шешен, тамаша шешен, атақты шешен, әйгілі шешен, жалынды шешен, отауыз, орақ тілді шешен. Әрине, әрбір көпшілік алдына шығып сөйлеуші кісі жақсы шешен болуға, сөзі тыңдаушыларға белгілі бір дәрежеде әсер ететіндей болуға тырысуы керек.
Шешендік өнердің тарихы. с. Біраң ол өзінің даму деңгейіне шын мәнісінде антикалық дәуірде жетті. Ежелгі Грекияда б.з.д. ІV-V ғасырларда пайда болып, ІІ-ІІІ ғасырларда жүйелі қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда Ежелгі Грекиядағы Афины мемлекеті дүние жүзіндегі ең дамыған, әрі бай құл иеленушілік демократиялық мемлекетке айналды. Мұнда әсіресе үш негізгі мекеме: халың кеңесі, бесжүздің кеңесі және сот болды. Мемлекеттік істерді талқылауға кәмелетке жеткен жеке басы еркін афины азаматтары қатыса алатынды. Соттарда ресми айыптаушылар мен қорғаушылар да болған. Әрбір азамат (құл емес) сотта қажет болған жағдайда әрі айыптаушы, әрі қорғаушы (өзін-өзі) ретінде сөйлей алатын болды. Сондыңтанда бүл елді халың жиналыстарында, соттарда сөйлей алу, өз пікірін дәлелдеп қорғау және қарсыласының дәлелдерін, айыптау сөздерін теріске шығара алу біліктілігі өте жоғары бағаланды. Қорыта айтңанда, шешендік өнерді меңгеру афинылықтар үшін қажеттілікке айналды.
