- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Сұрақ Шешен бейнесі
Шешеннің бейнесі шешеннің өзі емес, оның аудиторияға өзін танытқан қалпы. Шешен өзін шынайы қалпында танытуы керек. Шешен сөйлеген сөзінің салдарына барлық уақытта жауап береді, себебі ол шындықты танытады, көпшіліктің арасында жауапты тұлға. Ол өзіне көпшілікті сендіре білуі тиіс. Шешен бейнесі сөйлеген сөзіне тыңдаушының әсері мен пікір тұрақтылығының кепілі. Шешен бейнесі аудиторияны ұйытатын мазмұнның басты бөлігі. Шешен болуға талпынған адам мынадай тағылымдарды ұстануы қажет:
· Сөйленетін сөздің құрылымын түзіп қана қоймай, өзіне дейінгі шешендердің бейнесіне назар аударуы;
· Шешендерге мінездеме беруі
Цицерон шешендік сөздегі ең басты қағида шешеннің білімділігін және оның жалпы мәдениетін алады. Цицеронды табысқа жеткізген осы қасиеттері еді. Білімділік және көп мағлұматтылық шешенді сәтті әрекеттерге жетелейді. Шешеннің өнегелі, жағымды көзқарасы шешен сөйлеуде ең маңыздысы.
Білімдарлық, көп нәрседен хабардарлық, мықты логика, шешендік әрекеттегі тәжірибе, дауыс күшін игеру қабілеті сөз өтімділігінің негізі боп саналады. Цицерон «шешенде диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің есте сақтау қабілеті, трагиктің даусы болуға тиіс. Шынайы шешен халық өмірі мен әдет ғұрып, салт сана дәстүрлеріне мейлінше жетік болуы керек» деп түйіндеген.
Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
ШЕШЕН БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ СТИЛЬ МӘСЕЛЕСІ
20 Декабрь 2016
327
21
Авторы: Құрбанов А.Г., Қайырбекова Ұ.Ж.
Категория: Образование и наука
Версия для печати
Шешендік сөздерді қазақ әдеби тілінің ауызша шешендік стилі, ауызша шежіре стилі деген қосалқы тарамдары болды дей аламыз. Ғалым Р. Сыздық шешендік сөздер мен ата-тегін тарату үлгілерін стилистика, оның ішінде функционалды стилистика дәрежесінде танып, талдау жұмыстары өте қажет екендігін атап көрсетеді [1, 164–б.]. Себебі бұл салалар бір - біріне ауыс - түйіс жасап, өзара әсер етіп жататын құбылыстар ғой.
Шешендік өнер - сөйлеудің теориясы мен өнері ретінде танылады, дұрыс сөйлеудің заңдарын үйретеді. Сөйлеу - әлеуметтік және шаруашылық процестерді ұйымдастыру мен басқарудың құралы бола отырып, қоғамдық өмірдің сөз нормасы және стилистикалық мүмкіндіктерін қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Бұл өнер функционалдык стильдердің кез келген ауызша түрінен көріне алады. Бұрынғы шешендік өнерден қазіргі шешендік сөздердің тілдік-стильдік жағынан ерекшелігі бар, бірақ шешендік сөздердің түрлері мен тектерінің арасында үлкен айырмашылық жоқ. Қоғамдағы әлеуметтік - тұрмыстық өмірінің мәні, оның тақырыбын қамтиды. Яғни, шешендік сөз функционалдык стильдердің ауызша түрін тарату формасы ретінде қарастырылады. Ол қазақтың ұлттық табиғи болмысының, әлеуметтік өмірінің шынайы көрінісі.
Ғалым Г.Қосымова шешендікте шешен бейнесін қалыптастыру мәселесі өте - мөте құнды проблема екендігін ескертеді [2, 281–б.]. Шешендік теорияда шешен бейнесі сөйлеу түріне қатысты екендігі айтылады. Шешен бейнесі сөйлеу стилі арқылы айырылады. Заманына қарай халықтың өмір сүру стилі өзгереді, халық өміріндегі сан салалық саяси өсу, ғылыми - техникалық даму, әр халықтың мәдени қалпы сөйлеу стиліндегі әр түрлілікке алып келеді. Мысалы: қоғамдагы өзгеріс бұрынғы өсиет, дау, тағылым түріндегі билер сөзінің орнына қазіргі шешендіктің түрлерін - тұрмыстық, саяси, білім-ғылым, діни, сот шешендіктерін қалыптастырды. Шешендіктің осы түрлері шешендердің бейнесінде қазіргі қоғамға тән ерекшеліктерді туындатты, әр саладағы шешендердің әрқайсысына тән стилін қалыптастырды. Мысалы, саясат шешендері Қазыбек би мен Әбіш Кекілбайұлының ойлау жүйесі мен дүниетанымдық көзқарасы, білімі, өмірлік ой - толғаныстары, соған сәйкес сөйлеу стилі бірдей емес, бұлардың әрқайсысы - өз заманының көрегендері. Сондай-ақ, әр түрлі сөйлеу түрлері ретінде танылатын шешендіктің қазіргі түрлерінде көсем болып жүрген шешендердің сөйлеу стилін салыстырсақ та, әрқайсысы сөйлеу мазмұнына, сөз қолданыстары, жеткізу мәнеріне қарай айырылады.
Шешендікте сөйлеу түрлеріне қарай шешендердің стилі әр басқа. Мәселен, діни мазмұнда сөйлейтін шешеннің стилі әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнда сөйлейтін шешен стилінен өзгеше. Тіпті әлеуметтік-мазмұндық тақырыбында сөйлеуші шешендердің де стилі түрлі болып келеді. Барлап отырсак, бата, тілек, еске алу, естірту, т.б. жайттарды филолог шешен бір басқа жеткізеді де, ал математик шешен бір басқа, өзінше жеткізуі мүмкін. Стильдегі айырмашылық тіл құралдарын пайдаланудан, шешен тілінің сөздік - қорынан, тіл байлығын сөз мазмұнына қарай іріктеп жұмсаудан байқалады. Мысалы, белгілі шешен тілді ақын, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы Өкілетті елшісі О.Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдығына арналған құттықтау сөзін былай жеткізеді:
«Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Қазастан Жазушылар одағының 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Қаламгерлердің ғана емес, қазақ руханиятының Қарашаңырағына айналған осынау киелі ордамыздың 70 жылдық өмір жолы – ел тарихының шежірелі беттерімен астаса өріліп жатыр. Қазақ елінің рухын көтеріп, тәуелсіз ұлт дәрежесіне кетеруді арман еткен Алаштың қалам ұстаған қайраткер ұлдарының басы осы шаңырақтың астында біріккенін білеміз. Бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда қаншама арыстарымыз бен ұлтын сүйген ардақтыларымыз кұрбан болды. Кешегі Кеңес дәуірінде осы Қарашаңырақтың іргесін қалап, уығын көтерген Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер, сол тұста ел тәуелсіздігі идеясын алға тартқан Ахмет, Әлихан, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптардың кейінгі тағдыры қалай болғаны тарихтан белгілі. Әуезов бастаған каншама қазақ жазушыларына «ұлтшыл» деген жала жабылып, азап пен тозақ жолынан өткенін өскелең ұрпақтың ұмытуы мүмкін емес.
«Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ» деген ата-бабаларымыз. Біз даланың кеңдігін бойымызға сыйдырған халықпыз. Кеңдіктен кемелдік туындайды. Біз үшін мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, рухани кемелдік ұғымынан биік тұратын не бар? Осы бағытта жүргізіп келе жатқан елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын өркениет жолындағы іргелі елдердің бәрі де бағалап отыр. Қазақстан халқы бірлік, берекені, татулықты, тұрақтылықты бәрінен жоғары қояды. Ел зиялылары, қалам қайраткерлері халықты ізгілік, жақсылық жолына қарай бастай береді деп сенемін.
Қадірлі қаламдастар! Сіздерді Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отыра, үлкен шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілеймін!
Осы мерейтойға арналған келесі құттықтауды келтіріп көрейік. Бұл сол кездегі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е.Қосыбаевтан түскен құттықтау:
«Қазақстан Жазушылар одағын 70 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын!
Қазаққа қасірет пен қуанышты қатар берген жиырмасыншы ғасырда Абай өлеңдерімен бесігін тербетіп, Жамбыл жырларымен жөргегін ораған Жазушылар одағы Махамбеттің өршіл рухымен ержетіп, Алаш айбынымен кемелденді.
Жетпіс жыл аралығында жарқын болашақтан сенім үзбеген Жазушылар одағы іргелі кезеңдерден еңсесін биік көтеріп, қабырғасы рухани игілік үшін қайсарлықпен қызмет ете білді. Сондықтан да бүгінгі күндері алыс-жақын шетелдермен терезесі тең болып отыр.
Қадірлі қаламгерлер! Қадірлі бұл қара шаңырақ – қазақ елінің бай да терең рухани арсеналын, интеллектуалдық деңгейін төрткүл әлемге жан-жақты таныта береді деп сенемін.
Мерейтойларыңыз құтты болсын! Сіздерге үлкен табыс, сәттілік тілеймін!»
Екі құттықтаудың әлеуметтік - мазмұндық, тілдік сөз саптастарында өзіндік ерекшеліктер барлығы байқалады. Бірі бүгінгі қазақ елінің жеткен жетістіктері сындарлы саясаттың арқасы екендігін алға тартса, ал екіншісі бүгінгі жеткен табыс халқымыздың өткен Махамбет, Жамбыл, Абай сынды алыптарының салған сара жолында екендігін әдемі жеткізеді. Құттықтаудағы шешен тілдің сөз байымдаулары мақал, канатты сөздер арқылы ерекше көрініс тапқан. Мысалы, «тұяғы бүтін тұлпар жоқ қанаты бүтін сұңқар жоқ» деген халық мақалы, сол сияқты «даланың кеңдігін бойымызға сыйдырған халықпыз», «кеңдіктен кемелдік - туындайды» деген сөз орамдары құттықтау салтында қазақ жұртының еректігін паш ете алған жолдар дейміз. Ал екінші құттықтау хатынан мынадай жарқын жолдарды шешендіктің үлгісі деп тануға болатын сияқты: «Абай өлеңдерімен бесігін тербетіп», «Жамбыл жырларымен жөргегін ораған», «Махамбеттің өршіл рухымен ержетіп», «Алаш айбынымен кемелденді». Келтірілген бұл тіркестердің әрқайсысының салмағы тұтас өлең, поэманың айтарымен бірдей келіп жатыр. Сондай-ақ, автор қазақ елінің бай да терең табиғатын «рухани арсеналы», «интеллектуалдық деңгейі» деген әлеуметтік, ішінара саяси, мәдени тілмен береді.
Шешеннің сөз саптауы, шешеннің бейнесі тіл заңдылықтары мен стилистикалық қағидаларды меңгерумен ғана өлшенбейді, тіл байлығын жетік білуге де байланысты. Шешендік тілдік қатынаста ең өзекті мәселе – шешеннің айтқан сөзін тыңдаушылардың толық түсініп, соған оң баға беруі. «Шешендіктану ғылымында сөзді түсіну дегеніміз - сөзді тілдік таңбалар ретінде қабылдау, шешеннің айтпағын қандай тілдік құралдармен жеткізгенін ұғыну деген сөз», - дейді шешендіктің тілдік танымын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалым Г.Қосымова [3, 282–б.].
Шешендікте тілдік құралдарға жасалатын талдау лингвистикалық, грамматикалық, стилистикалық талдаулардан өзгешерек. Лингвистикалық талдау мәтінде қолданған сөздердің тізімін қарастырады, топ-топқа бөліп сипаттайды, грамматикалық жүйеге түсіреді. Лингвистикалық тілдік құралдарды сипаттағанда стилистикамен бірігеді, яғни сөздерді қолданысы түрғысы жағынан жалпыхалықтык, диалектілік, кәсіби, т.б. сөздер деп топтайды. Сөйтіп, стилистикалық белгісі жағынан сөздерді талдап, тіл тазалығы туралы ойлайды. Міне, осы жерде лингвистика стилистикамен жақындасады.
Авторлық сөз қолданыстарды талдау кезінде лингвистика автор қолданған сөздердің сөздігін жасайды. Сөздікте автор қолданған көркемдегіш тілдік құралдарды қарастырады. Осы жағынан лингвистика шешендікке жақындайды.
«Ал стилистика шешендікке қай жағынан көмектеседі десек, біріншіден, шешендік сөздің стильге қатысты толықтық, қысқалық, тазалық тәрізді талаптарын көрсетеді». [3, 282–б.]. Шешендік сөздің толықтығы дегеніміз - ойдың толық қамтылып, баяндалуы, ал қысқалығы дегеніміз - ойдың мейлінше үнемделіп берілуі, тазалығы дегеніміз - басы артық сөздің қатыстырылмауы. Екіншіден, стилистика мәтінді стильдің түрлеріне қарай шешен баяндама, шешен тілді мақала, шешен әңгіме, т.б. деп жіктейді: ғылыми, ауызекі, публицистикалық, т.б. шешендік сөздерді әсерлілігіне қарай рационалды стиль, романтикалық стиль, орта стиль деп айырады. Рационалды стильді - төменгі, романтикалық стильді жоғарғы стиль деп те атайды. Рационалды стиль дегеніміз - ойдың қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, эмоционалды-экспрессивті сөздерсіз «салқын қандылықпен» ұсынылуы; ал романтикалық стиль дегеніміз - тыңдаушылардың сезіміне, көңіл-күйіне әсер ететін көркемдеуіш құралдардың, эмоционалды-экспрессивті сөздердің молырақ жұмсалуы; орта стиль дегеніміз -жоғарыдағы екі стильдің де элементтерінің қолданылуы. Осылайша, шешендік тілдік құралдарды зерделегенде лингвистика мен стилистика жетістіктерін пайдаланады. Шешендік пен лингвистиканы кез келген сөйлеудің түсінікті болуын қадағалау міндеті біріктіреді, ал стилистиканы шешендік пен авторлық даралыққа ұмтылу мақсаты біріктіреді. Шешендік лингвистика мен стилистика жетістіктеріне сүйеніп, ол өзіндік мақсатына қарай тілдік элементтерді грамматикалық мағыналардан тыс қызметте де жұмсай алады.
Мысалы, сөйлемнің айтылу сазына қарай бөлінетін түрлерін өз мағынасында жүмсаумен қатар, сұраулы сөйлемді сұрау мағынасынан бөлек риторикалық сұрақ түрінде көркемдегіш тәсіл ретінде пайдаланады. Сол сияқты шылауларды да өзінің қызметінен (септеулік, жалғаулық) басқа, бір нәрсеге ұқсату, теңеу кызметінде (гүл тәрізді, теңіз сияқты, т.б. түрінде) қолдана алады немесе еөз тіркестерін заңды грамматикалық байланысында жұмсап қана қоймайды (мысалы, анықтауыш), даралық қолданысқа түсіріп, арнаулы мақсатта (эпитет) жұмсайды. Сондықтан шешендік талдауда жалпы лингвистикаға, жалпы стилистикаға тән категорияларды түгендемей-ақ, авторлық қолданысқа тән ерекшеліктерді талдау қажет.
Халық даналығының ұйытқысы – шешендік сөздер көбіне-көп дана билер мен ақылман – айтқыш, ділмәр–шешен, суырыпсалма ақындар мен сұңғыла жыраулардың ой - толғаныстарынан туындап отырған. Олардың дуалы аузынан шықкан сөздердің құдіретті де күштілері әрі қысқа, әрі нұсқа айтқан түйіндері болып табылған. Сондықтан қазақ халқының шешендік сөздері даналық қорды ішкі арна бойынша қалыптастырудың ең өнімді жолы іспеттес.
Шешендік сөздер cоңына дейін көр ҚАЙТЫП КІРЕР ЕСІКТІ ҚАТТЫ СЕРІППЕ Орта жүз Қошқарұлы Жәнібек он үш жасқа келгенде үлы жүзде Қараби деген аузы дуалы, өзі білімді би бар деген даңқын естіп, содан барып бата алуға жолға шығады. Ол қазақ пен қалмақтың жауласып жатқан кезі болса керек. Бұлардың барар жолын қалмақтар басып алып, олар өте алмай үйіне қайтып келіп үш жыл жатады. Төртінші жылда жол ашылып, Жәнібек он алты жасында Қарабидің еліне келеді. — Шырағым, кімнің ұлысың? — дейді Қараби. — Қошқарұлы Жәнібекпін,— деп жауап береді бала. — Мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, неге кешіктің? Жәнібек себебін айтады. Қараби қонақасын беріп, ертеңіне: — Не қалайсың, шырағым? — дейді. — Сізден бата алайын және өсиет боларлық өз аузыңыздан сөз естиін деп келіп едім,— дейді Жәнібек. Сонда Қараби батасын беріп былай деген екен: Бедері жоқ қамқадан, Берік тоқылған бөз артық. Берекеті жоқ ағайыннан, Берік сөйлескен жат артық. Пайданы алыстан қылғайсың, Залалды жақыннан қылғайсың, Тышқан да інінің айналасына оттамайды, Оны да есіңе алғайсың. Қайтып кірер есікті Қатты серпіп жаппағайсың. Қайтып көрер досыңа Қайрылмастай сөз айтпағайсың. Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен Кем де, қор да болмайсың. * * * * * * * * * * * * * БІЛГЕНДЕРДЕН ҒИБРАТ АЛ Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсет би көрісе кеп былай деген екен: — Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы,— депті. Сонда Абыз былай дейді: Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Балалықтың қадірін Саналы болғанда білерсің. Асыл менен жасықты Бағалы болғанда білерсің. Бостандықтың қадірін Жабылғанда білерсің. Қалтаңдағы ақшаңды Қағылғанда білерсің. Ден саулықтың қадірін Ауырғанда білерсің. Ақ бетіңнің қадірін Қан кеткенде білерсің. Ақ білектің қадірін Әл кеткенде білерсің. Жиырма бестің қадірін Жас өткенде білерсің. Қара көздің қадірін Нұр кеткенде білерсің. Татулықтың қадірін Дос кеткенде білерсің. Жақсы әйелдің қадірін Өлгенінде білерсің. Жақсы туыс қадірін Көмгенінде білерсің. Аяқ-қолдың қадірін Ақсағанда білерсің. Отыз тістің қадірін Қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін Тоқтағанда білерсің. Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат ал! * * * * * * * * * * * * * ЖАҚЫНЫҢ ҮШІН ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҒАСЫНАН АЛМА (Төле шешен айтты деген сөз) Шақшақұлы Жәнібек батыр Төле биге: «Түзу мылтық, ұш-қыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат - бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса — жазулы тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса— ерттеулі тұрған атың деуші еді, ақыл сұрайын деп келдім»,— дейді. Сонда Төле шешен: — Менен ақыл сұрасаң Өгізге ер салма, Қанатың талар. Наданға көзіңді салма, Сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, Сенімің кетер, Дұшпаныңа шыңыңды айтпа, Түбіңе жетер. Жал-құйрығы қалың деп Жабыдан айғыр салма, Жаугершілік болғанда, Жағдайлап мінер ат тумас. Жақының үшін Жақсының жағасынан алма, Жерің тарылар. Ит жүгіртіп, құс салсақ Әуейі боларсың. Әйел алсаң, Көріктіні алма, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң Жөніңнен шығарсың. Ұрыншақ ат жаз жарға, Қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, Тұман түбі жұт болар, Ақылдың түбі құт болар. Қарап отырғанша Бір нәрсеге жарап отыр. Кәсіп болмай нәсіп болмас, Қабырғадан қар жауса Атан менен нарға күш, Ел шетіне жау келсе Қабырғалы биге күш. Менің ақылым осы,— депті. * * * * * * * * * * * * * ЖЕРДЕН АУЫР НЕ? Балаби қартайған шағында халқын жиып: Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? — деп, төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен: Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім. Судан терең дегенім — оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім — фани жалған, адамның өмірі. Көктен биік дегенім — тәкәббардың көңілі. * * * * * * * * * * * * * ҮШ НӘРСЕДЕ ҚАДІР ЖОҚ Амандықта қадір жоқ,— Алдырған күнде білерсің. Денсаулықта қадір жоқ,— Ауырған күнде білерсің. Қолда бар жақсының қадірі жоқ, Айрылып өлген күні білерсің. * * * * * * * * * * * * * ДҮЗДЕ ЖҮРСЕМ БАТЫРМЫН Толыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, баймырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, жалаңбас тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан: — Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! — дейді. — Ағалайкуміссалам, жайсаң мен қасқалар, Кедейшілік ердің түсін басқалар. Дүзде жүрсек батырмыз, Үйде отырсақ қатынбыз, Қатын ауру, бала жас, Тары түйіп жатырмыз. Таудан үлкен талабым бар, Ит ішпейтін шалабым бар, Түссеңдер міне лашық, Кетсеңдер жолдарың ашық! — депті Толыбай шешен. Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапан беріп қасына ала жүрген екен. * * * * * * * * * * * * * ӘКЕМ ТІРІ, АҒАМ ІРІ БОЛДЫ Шоңға сәлем берем деп Байдалыньің бір жас баласы келіпті. - Қай баласың? — дейді Шоң. — Байдалының баласымын,— дейді бала. — Байдалының мен көрмеген қай баласысың? — Жалға жүріп бұланбаған баласымын, Топқа түсіп сыналмаған баласымын. Әкем тірі болды, ағам ірі болды, Сондықтан билік құра алмаған баласымын,— дейді. Сонда Шоң балаға тура қарап: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады» деген осы екен- ау»,— депті. * * * * * * * * * * * * * АҚЫЛДЫ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ! Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: - Ақ сауыт деп нені айтамыз, Арғымақ деп нені айтамыз?’ Ақылды деп кімді айтамыз, Ер жігіт деп кімді айтамыз? — деп сұрақ қойыпты. Бұған Шоң: - Ақ сауыт деп айтамыз, Атқанда оқ өтпесе. Арғымақ деп айтамыз, Желгенде жылқы жетпесе. Ақылды -деп айтамыз, Тозған елді септесе. Ер жігіт деп айтамыз, Жауға тастап кетпесе! — депті. * * * * * * * * * * * * * ҚАЗЫБЕК ПЕН БҰХАР Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаздауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: — Бірден онға дейін санның мағнасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші,— деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы: Бір дегеніңіз — бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз — егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз — үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман. Төрт дегеніңіз — төсекке шыға алмаған кәрілік жаман. Бес дегеніңіз — білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. Алты дегеніңіз — аймағын билей алмаған адам жаман. Жеті дегеніңіз — жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз — серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз — толғанғаныңыз. Он дегеніңіз — өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз. * * * * * * * * * * * * * ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып: — Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті. Жиналған халық көп дағдарып: Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: — Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты. — Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас:—Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де: Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді. * * * * * * * * * * * * * АҚТАЙЛАҚ ПЕН ҚАНАЙ ШЕШЕН Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен: — Ер басында бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу? — деп сұрайды. Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді: — Ер басында бақыт — бесеу, кемдік —үшеу, құлазу — төртеу. Астындағы атың жүрдек болса, Жалғанның пырағы: Алғаның жақсы болса, Үй мен қонақтың тұрағы: Әкең — асқар тау, Шешең — қайнар бұлақ, Балаң жақсы болса Екі көздің шамшырағы. Міне — бес бақыт осы. — Атың шабан болса, Жалғанның азабы; Алғаның жаман болса, Дүниенің тозағы; Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы. Міне,— үш кемдік осы- — Қалың ел көшсе, Көл құлазиды, Қаптаған мал кетсе, Бел құлазиды. Нарқын танымаған Сөз құлазиды, Қатарынан айрылған Шал құлазиды. Міне,— төрт құлазу осы. * * * * * * * * * * * * * БАТАЛЫ ЕР АРЫМАС Ұлы жүздің арасында Қайдар деген жігітті ел билемекке белгілейді. Сонда көпшіліктің ішінде бұрын жол көргендері айтыпты: — Сен Арғын Алшағыр биден бата ал, «Баталы ер арымас» деген. Онсыз билікке айтқан сөзіңде пәтуа болмайды,— дейді. Содан кейін Қайдар Алшағырға келіп сә- лемдеседі. Алшағыр: «Шырағым жолың болсын, қандай бұйымтайың бар еді?» — депті. Қайдар: «Бір-екі ауыз сұрайтын сұрағым бар еді»,— дейді. — Бірінші — тумай жатып әкем өлді, туған соң үш айдан соң шешем өлді. Ер жетіп мал таптым, тапқаным құралмайды, ұраға жығылады, ұры алады, өле береді. Жасымда жетім қылып зарлатты, өскен соң кедей қылып қақсатты. Мен құдайдың несін алдым? Осыған айтар ақылыңыз бар ма? — депті. Алшағыр айтыпты: — Балам, сен жетім емессің ғой, дүниеде үш жетім бар. Басшысы келіспесе ел жетім, ұқпасқа айтқан сөз жетім, жаңбырсыз жер жетім. Ол жетімдіктерге сен жатпайсың. Бақ-дәулет келер болса, Отыңның басы ұйым болар, Үйің күнде мейман жиын болар. Кедейлік келер болса, Бұта түбі үйің болар. Кедейлікке қарсы тұр, Келетұғын көрінбей. Бір мінсе иығыңнан түспейді, Қайнатқан қара желімдей. Қарау болма ашық бол Сараңдыққа берілмей. Мал тап, алысқа кет, Жалқаулыққа жеңілмей. Мал арыстанның аузында, Түрікменнің төрінде, Табарсың оны қайраттансаң ерінбей. Бақ-дәулет келуіне мен кепіл, Ар-ұятыңды текпей жүрсең, елірмей. Атың Қайдар екен, айдарсың, Топтап малды байларсың. Тасымай жүр, тасыған төгілер. — Ақылмен жүрсең, рулы елді жайларсың,— деп ақылын айтып, батасын беріпті. * * * * * * * * * * * * * БАЙДАЛЫ МЕН МАЙТОЛЫҚ Ағайынды Торайғыр мен Шоң әкесі өлгеннен кейін араздасып, кергісіз болыпты. Сонда Түсіп дегеннің шақыруымен Байдалы қарт татуластыруға келеді. Байдалы Шоңның ағасы Торайғырға былай дейді: — Торайғыр мен Шоңбысың мақтап жүрген, Бар білгенің осы ма сақтап жүрген? Араздасып екеуің аулақ кетсең, Құзғын қарға жемей ме жақтап жүрген! Сонда Торайғыр «айтқаныңды қабыл алдым» дейді. Байдалы «әуелі аға бауырдан болады, іні тастан болады, ініңнің барда аяғына жығыл» дейді. Торайғыр «мақұл» дейді. Бірақ Байдалы аз ойланып: «Жұртқа бұл жаман үлгі болар»,— деп, інісі Шоңға былай дейді. — Қарағай бойы қар жауса, Жұтамайды сауысқан. Қанды қалпақ кисе де, Шыдамайды туысқан. Оңғандықтың белгісі Өзі ұрысып, табысқан. Оңбағанның белгісі Өткен істі қуысқан. Сонда інісі Шоң ағасы Торайғырдың ел тұрмай ертемен үйіне келіп, түндігін ашып, шәугімін асып жатқанда, Торайғыр төсектен басын көтеріп алып, ет жүрегі езіліп, інісі Шоңға: — Жақсы кісі ақылымен тәуір болады, Мінезі қорғасындай ауыр болады, Құлағы өсекті естімейтін сауыр болады, Кедейдің жалғыз керіндей Құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады. Осы мінездің сенде біреуі де жоқ, біреудің тілі тиіп қалса, қолы тиіп, сүйегімізге таңба болып қала ма деп өтірік араз болып жүр едім деген екен. * * * * * * * * * * * * * ЖЕТЕСТІҢ КӘРІЛІК ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ Қара кісі руының Жағал деген бір азаматы жасы сексенге келіп қартайып отырған кіші жүз Жахайым Жетес бимен әңгіме үстінде: — Иә, Жетеке, сіз сексенге келдіңіз, әрбір он жылды бір белеске қойғанда, не нәрсеге теңер едіңіз? — деген екен. Сонда Жетес сәл ойланып алып: - Е, қарағым-ай, мен он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым, қатар балалардың асығын ұтып қоймадым; жиырмаға келдім, бойға жетіп бойладым, онда да балалықты қоймадым. Жиырма беске жеттім, жақсы іске сүйіндім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншек болса, соған шүйілдім; отызға келдім: қызыл алтайы түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбымның көңілін қалдырмадым; қырыққа жеттім: арғымақтай аңқылдадым, тау қырандай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқылдадым. Елуге келдім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды-артымды тегіс көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін біле алмадым; алпысқа жеттім: алты тарау жолға кездестім, қайсысына түсуді білмей дағдарысқа ұшырадым. Жетпіске келдім: жеңілгенімді білдім, билікті бала-шағаға бердім, айтқанына көндім, жетегіне ердім; тап осы күні сексендемін: алдым терең құз, артым биік жар, сол жағым — су, оң жағым — от, қалай қарай қозғалсам да, маған тірілік тірлік емес-ау! — деген екен. Ұқсас жазбалар: Айтыстағы шешендік сөздер Шешендік сөздер аңызы Ауыз әдебиетінің ерекше жанры – шешендік өнер Қазақтың шешендік сөздері (I бөлім) Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/3822/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗООНИМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
02 Ақпан 2015
225
1
Авторлар: Улбала Каирбекова
Session: Адами даму
Категория: Білім және ғылым
Версия для печати
Сөз мағынасы ірі-ірі үш бөліктен тұрады: заттық мағына; ұғымдық мағына; сезімдік мағына.
Сөздің заттық мағынасы деп – обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың түр-түсі, пішіні, табиғи қасиеттері арқылы санада бейнеленуін айтамыз. Басқаша айтқанда, сөздің заттық мағынасы дегеніміз- белгілі бір сөзді айтқанда, естігенде көз алдымызға, ойымызға келетін зат не оның басты-басты белгілері, бейнесі. Мысалы, орындық десек көз алдымызға төрт аяқты, беліңді сүйейтін арқалығы, отыратын жері бар отырғыштың бейнесі елестейді. Бүркіт, ешкі, түлкі, қойдесек, бұл заттардың дәл осы түрде болуы шарт емес, олардың көз алдымыздағы бейнесі сол сөздердің мағынасын бере алады. Демек, адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттардың қасиеттері ғана заттық мағына жасай алады /12,42/.
Зат, құбылыс, қозғалыс туралы адамның түсінігі қаншалықты мол болса, сол зат туралы оның ұғымы да соншалықты мол болады. Ұғым мол болуы деген сөз – сол заттың не құбылыстың атауы болып табылатын сөздің мағынасы анық, айқын әрі толық болады деген сөз. Мысалы, қасқалдақ – 1. Тұмсығының үсті қызыл, тамағының асты ақ, дене пішімі үйректерден әлдеқайда кіші құс. Бұл - заттық мағына. 2. Қамысты, қоғалы көлдерде тіршілік ететін, еті адал, әрі дәмді кішірек құс. Бұл - ұғымдық мағына.
Сөздің ұғымдық мағынасы деп – заттың өзін емес, зат туралы жалпы ұғымды білдіретін мағынасын айтамыз. Әдетте біз заттарды материалды зат, идеалды зат деп екіге бөліп қарастырамыз. Материалды заттар нақты, деректі бейне береді. Мысалы, ит, мысық, тауық. Ал идеалды зат (бақыт, арман, ой) жалпы, дерексіз бейне береді. Жоғарыда мысалға келтірілген қасқалдақ сөзінің 2-і мағынасы - ұғымдық мағына. И.А.Стернин, М.В.Никитин, М.Оразов сынды ғалымдар заттық мағынаны денотаттық мағына, ұғымдық мағынаны референт деп атаған /1, 1985; 2,1983; 3,1991/.
Сөздің лексикалық мағынасына бұл екі мағына да енеді. Заттық мағына сөз мағынасының өзегі болады да, ұғымдық мағыналар оның мазмұнын құрайды және заттың барлық (мәнді-мәнсіз, елеулі-елеусіз) қасиетін түгел қамтиды.
Заттық мағына сөзді затпен байланыстырса, ұғымдық мағына оны оймен, санамен байланыстырады. Заттық мағынасыз ұғымдық мағына болмайды. Ұғымдық мағына заттық мағынадан шығады.
Заттық мағына көбінесе заттарда жиі кездессе, ұғымдық мағына зат есімдермен бірге сын есімдерде, сан есімдерде, етістіктерде, үстеулерде ұшыраса береді. Мысалы, паң, менмен, тәкаппар, өркөкірек т.б.
Үшінші мағына сезімдік немесе эмоционалдық-экспрессивтік мағына деп аталады. Бұл алғашқы екі мағынаның үстіне жамалған қосымша үстеме мағына. Мысалы: Қасқыр-1. Ит тұқымдас жыртқыш аң. 2. Ауыс. Өжет, батыл. 3. Ауысп. Ақымақ, миғұла. Мұның соңғы мағыналары қосымша мағына. Оларда стильдік бояу, сезімдік бағалау, экспрессивтік мән бар.
Заттар мен құбылыстар тек бейне, образ ғана емес,сезім де туғызуы мүмкін. Сезім екі сипатта болады: жағымды, жағымсыз. Жағымды сезімдер – қуану, жақсы көру, ұнату, рахаттану, мейірлену, еркелету, сүйсіну, аяу, сағыну т.б.; жағымсыз сезімдер – жек көру, жақтырмау, ұнату, қорқу, өкіну, қайғыру, ренжу, ашулану, мысқылдау, келемеждеу, жарамсақтану т.б. Бұлардың барлығы бағалауға, саралауға әкеліп соғады.
Сөз мағынасының ірі құрылымымен қатар уақ құрылымы болады. Сөз мағынасының уақ құрылымы деп – әр мағынаның семалық құрылымын айтамыз.
Сема – ең кіші мағыналық бөлшек, оны бірнеше атаумен атайды. Мысалы, ең кіші семантикалық бөлшек, семантикалық белгі, семантикалық сыңар т.б.
Егер бір сөзде бірнеше мағына болса, соның әр мағынасының өзі бірнеше семалық бөлшектерден құралады. Мысалы, қозы деген сөзде – 1) қойдың төлі; 2) сүт қоректі; 3) кішкентай; 4) әлсіз; 5) әдемі; 6) момақан секілді т.б. мағыналар бар.
Мұнан бір затта қанша белгі болса, соншама мағына болады деген қорытынды жасауға болады. Сөз мағыналарының семаларын анықтау үшін ит және жылқы сөздеріне талдау жасап көрелік.
Сөз |
|
Сыртқы бейнесі |
Қызметі |
Саналық белгі |
|
|
|
|
|
ит |
төрт аяқты |
сабалақ жүнді |
үй қору, аңшылық |
қаныпезер, жауыз |
жылқы |
төрт аяқты |
тықыр жүнді |
жұмыс көлігі |
ірі, күшті, мықты |
Кестеде әр сөзге тән бірнеше мағына айқындалады. Мұның біріншісі екеуіне бірдей ортақ жалпылаушы сема, 2-3 даралаушы сема. 4-сі қосымша сема болып табылады. Мұны сөздің жалпылаушы мағыналық бөлшегі, даралаушы мағыналық бөлшегі және қосымша мағыналық бөлшегі деп атауға да болады. Сөздердің мағыналық бөлшектерін, яғни семаларын топтастыру жөнінде түрлі пікірлер бар.
Профессор М.Оразов мұның жалпылаушы, даралаушы және қосымша семалар деген үш түрін көрсетсе /3/, Б.Қалиев пен А.Жылқыбаевалар оның 8 жұптан тұратын 16 түрін атап көрсетеді. Атап айтқанда: 1) жалпылаушы және даралаушы; 2) мәнді және ықтималды семалар; 3) басты және шеткергі семалар; 4) анық және көмескі семалар; 5) жақын және алыс семалар; 8) тілдік және сөйлеу семалары. Ғалымдар семаның 16 түрін атап көрсете отырып, нақтылап келгенде оның М.Оразов көрсеткен 3 сема түріне жинақталатындығын айта кетеді / 4,50-61/.
М. Ержанов семалар түрін көрсетуде М.Оразов пікірін қолдайды /5/.
Жалпылаушы сема - топ құрамына енетін сөздердің барлығына бірдей ортақ сема. Бұл туыстық мағынаны білдіретін өзекті сема болып табылады. Мәселен, өгіз- үй жануары. Жалпылаушы сема барлық жануар атауын «үй жануарлары» және «жабайы жануарлар» деген жалпы атау төңірегіне топтастырса, даралаушы сема әр жануардың жеке белгісіне қарай «сүтқоректі», «тырнақты», «аша тұяқты», «мүйізді» деген түр-тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Салыстырыңыз: айғыр= «жылқы»+ «еркек», «бие» = «жылқы»+ «ұрғашы», сиыр = «ірі қара мал»+ «ұрғашы», өгіз= «ірі мал»+ «еркек» т.б.
Қосымша мағына сөздердің екінші дәрежелі мағынасымен байланысты пайда болады. Ауыспалы мағынаға ие болған сөздерде қосымша сема негізгі орынға ие болады да, жалпылаушы және даралаушы семалар кейінгі орынға ие болады. Мәселен, ит-1. Үй жануары; 2. Жыртқыш; 3. Ызалы, оңбаған, жауыз. Яғни, ит мінез, ит өмір, иттік жасау секілді тіркестерде ит сөзінің негізгі семалары көмескіленіп, қосымша семалары алдыңғы қатардан орын алады.
Сөзде бірнеше лексикалық мағына болады. Пайда болуы жағынан олар алуан түрлі болып келеді. В.Виноградов сөздердің лексикалық мағыналарын үш түрге бөліп қарастырады. Олар: 1) атауыштық мағына; 2) фразеологиялық мағына; 3) синтаксистік шартты мағына /6/.
Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – заттар мен құбылыстардың белгілерін, іс-әрекеттерін атап көрсететін атауыштық мағына. Ол толық мағыналы сөздердің барлығына тән. Сөз мағынасының екінші түрі – фразеологиялық байлаулы мағына. Бұл тұрақты тіркес құрамында пайда болады. Мысалы: ит арқасы қиянда, түйенің танитыны жапырақ, ешкінің асығындай т.б.
Синтаксистік шартты мағына сөйлем ішінде белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылу арқылы туады. Мұндайда сөз дағдылы мағынадан басқа ерекше мағына үстеп алады. Мысалы, біз адамның қулығын, айлакерлігін, қасиетсіздігін айтқымыз келсе – айуан дейміз. Мұны келтірінді мағына деуімізге де болады. Жануар атауының осындай мәнге ие болуы негізінде адамның зоомінездемесі жасалады. Зоомінездеме жануарлармен адамдардың ұқсас белгілері негізінде жасалады.
Зоомінездеме экстралингвистикалық обьектілерге бағытталады. Олар тілде зоонимдердің семантикалық варианттары ретінде өмір сүріп, жануарлар атауы енетін семантикалық құрылымға қарасты элемент ретінде қарастырылады. Жануар атауы және зоомінездеме (есек – жануар атауы, есек – адам жайлы) тілдегі бір лексикалық бөлшектің әртүрлі варианттары.
М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы зоонимдер өзінің образдылығымен, эмоционалдығымен ерекше көзге түседі. Олардан адамның мінезіне, бейнесіне, пішініне, ішкі жан-дүниесіне байланысты элементтер айқын көрініп тұрады.Жануар атауы негізінде жасалған зоомінездеме жайлы мәселе С.К.Сансызбаеваның еңбегінен орын алған.
«Жануар атауының астарлы мағынасы негізінде жасалған адамға қатысты қолданылатын зооморфтық метафоралардың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндай метафоралық қолданыстар адамның сыртқы бейнесін (аю, сиыр) мінезін (түлкі, қораз) сияқты т.б. түрлі қасиеттерін білдіреді. Әр ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына байланысты жасалатын мұндай зооморфтық метафоралар әр тілде әр түрлі сипатқа ие болады.
Жануар атауы адамға қатысты қолданылғанда жануар мен адам арасындағы ұқсастық әр халықтың ұлттық-мәдени көзқарасына байланысты әр түрлі сипат алады»- дейді ол /7,216/.
«Сөйлеу барысында кез-келген зооним түрлі семаларға ие болады және олар адамның жағымды немесе жағымсыз қасиетін айқындап отырады»- дейді Д.Мэтякубов /8,14/.
Тілдегі жануарлар атауы мен зоонимдер жайлы мәселелер Ш.Жанәбілов М.Балақаев, Ә.Болғанбаев, Ә. Қайдаров сынды т.б. ғалымдар еңбегінде қамтылған. Осы еңбектерге сүйене отырып, біз өз жұмысымызда М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы жануар атауының қолданылу ерекшелігіне тоқталып, олардың мағыналық бөлшектеріне талдау жасаймыз.
Жануар атауының адам мінезін сипаттауда ең жиі қолданылатын түрі – салыстыру. Салыстыру – дай, дей қосымшасы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар арқылы жасалған фразеологизмдерден біз адам мен жануар әлемінің арасындағы тығыз байланысты көре аламыз. Оларды жасалуына қарай төмендегіше топтастыруға болады: 1) Бір компонентті: қабыландай, мысықтай, аюдай, құндыздай, торғайдай, қырандай, жыландай, бөрідей, төбеттей. 2) екі компонентті: ауған, қояндай, қоңыр қозыдай, кәрі тауықтай, қара қабандай, кәрі түйедей, қарт бурадай, егіз қозыдай, домаланған қозыдай, қара бүркіттей, арық тоқтыдай, арлан бөрідей, аш бөрідей. 3) үш компонентті: бөрі көрген сиырдай, құрбанға шалған лақтай, қабаған қара төбеттей, жаланып жүрген түлкідей, қоңыраулы бұйра нардай, түлкіге түсер қырандай т.б.
«Абай жолы» романында жануарлар мен құстар атауының көп қолданылғандығы соншалық, оларды жасалуы және мағыналық ерекшелігіне орай тек салыстыру тәсілі арқылы ғана емес метафоралық мінездеме түрінде де кездестіруге болады.
Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң болар деп болар бала жасынан деген ойды астарлап түсіндірген. Мұнда баланың ертеңіне деген сенім мен болашақ өміріне тілейтін жақсылықтың нышаны жатыр.
Қой төлінің жас ерекшелігіне байланысты қолданылатын тоқты, қозы атаулары тілде көбінесе кішірейту формасын беру үшін қолданылады.
Кішірейту мағынасы сондай-ақ қозы, қошқар сөздері арқылы да беріледі. Қозы – табиғатынан әлсіз, әдемі, тартымды жануар. Бұл сөз, біріншіден, 6 айға толмаған қойдың, жас төлі мағынасын береді. Бұл атау ұйытқы болған тіркестер әр уақытта жағымды мағына береді. Көбінесе метафора түрінде қолданылады. Мысалы, «Қозым менің, ақылың бар еді ғой. Қалай ғана қиясың Мәлігіңді, Зияштың несі ұнамады саған?». – Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым! – деп алып: - Аямайды, аямайды ол! – деп келіп, көзін жұмыңқырап, басын жоғары көтере берді.
Серке сөзінің қатысымен жасалған фразеологизмдердің теке сөзіне қарағанда берер мағынасы өзгеше. Теке сөзі үнемі жағымсыз мағынада қолданылса, серке сөзі жағымды эмоцияны білдіру үшін қолданылатындығына көз жеткізу қиын емес. Ешкінің серкесін мал баққан жұрт қатты құрметтейді. Серкесіз қой болмайды деп, қоралы қойға басшы ретінде серке қояды. Оны көсем серке деп атаған. Қазақ халықты ұйымдастырып, оны соңынан ерте білген беделді ер азаматтың осындай қасиетін – серкенің өзіндік ерекшелігімен салыстыра отырып, ұқсату негізінде оны серкеге теңеген. Салыстырыңыз: Айтатұғын жөнім бар, Ешенге не десем де. Ұжмаққа тура бастайтын, Ел серкесі көсемге (М.Ө.).
Серкесінен айырылды ТТ-і де жоғарғы пікірдің айғағы бола алады. Бұл ардақтысынан, бастаушы азаматынан айырылды деген мағынаны береді. Мысалы: Айтып – айтпай немене? Исатайды өлтіріп, Серкесінен айырылып, Сергелдең болған біздің ел (М.Ө).
Тұрақты тіркестерді талдай отырып, біз ешкі, теке сөздерінің әрдайым жағымсыз мағынада қолданылатындығына, ал серке сөзінің жағымды эмоциялық реңк беретіндігіне көз жеткіздік. Ешкі – «кішкентайлықтың», теке – «жағымсыздықтың», серке – «көсемдіктің» белгісі.
Төрт түліктің қатарында қарастырылатын үй жануарының бірі түйе малы жайлы да тілімізде кездесетін жеке атаулар мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдер де едәуір. Төрт-түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Мұның әмбебаптығына сәйкес атауы да кең көлемде қолданылады.
Түйе – бір, я екі өркешті күйіс қайыратын ірі мал. Жалпылаушы семалары – «үй жануары», «сүт қоректі», даралаушы семалары- «ірі, жұмыс көлігі», «өркешті».
Түйе атауы сөйлем ішінде «ірі», «аңқау», «күшті» секілді қосымша семаларға ие болады.
Түйенің танитыны жапырақ, түйенің үстінен сирақ үйітті сияқты ТТ-ден де көп нәрсені ажырата бермейтін, епсіз, ебедейсіз деген жағымсыз эмоция беріліп тұр. Осыған орай, мұнан «түйе» атауы үнемі төменгі стильде қолданылады екен деген ой тумауы қажет. Барлық заттар мен құбылыстардың жақсы, жаман қасиеттері болатыны секілді түйе малына байланысты қолданылатын атаудың жағымсыз реңкімен қатар жағымды реңкінің қолданылатындығы көпке мәлім.
Сөз мағынасының құрамында затты не ұғымды әрі жалпылап, даралап тұратын мағыналық элементтің бары анық. Біз жұмысымызда сөздердің тіркес құрамында пайда болатын мағынасы мен сөздіктерде көрсетілген мағыналарын негізге ала отырып, жануар атауына тән мағыналарды толық көрсетуге тырыстық. Қорыта айтқанда, жануар атауының семантикалық құрылымына оның сапалық, бағамдық белгісіне тән мағыналардың енетіндігі заңдылық деуге болады.
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРГЕ ТІЛ, СТИЛЬ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАТЫСЫ
06 Желтоқсан 2016
18
0
Авторлар: Агапаша Курбанов
Session: Адами даму
Категория: Білім және ғылым
Версия для печати
http://Шешендік сөздерге тіл, стиль мәселесінің қатысы Елемесова Жансая ОҚМПИ, 4 курс студенті Құрбанов А.Г. ОҚМПИ, ф.ғ.к., доцент Стилистика – тілдегі мәнерлілік, әдемілік болса, сөйлеу мәдениеті – тәртіптілік, тазалық, көркемдік, дұрыстық. Бұл екі сала да тіліміздегі сөздер мен олардың грамматикалық құрылымдарының қолдану заңдылықтары. Шешендік сөздің әлеуметтік мәні – мәңгілік. Шешендік сөз барлық стильдің ауызша түрінде кездеседі дедік. Оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық шешендік ауызекі тіл мен публицистикалық стильдің барысында айрықша көрінеді: саяси-әлеуметтік, әлеуметтік-тұрмыстық жиындарда, ресми өкілдердің сөйлеген сөздерінде, мәдениет-қоғамдық ортада да қолданылады. Қазіргі шешендік стиль – сөз арқылы тәрбиелеу тәсілі. Оның бәрі тілдік ойлау жүйесі арқылы асады. Сөйлеуші ойды жинақтаған кезде сөйленетін сөзді жүйелеп, тобықтай түйінін жасайды. Сөйлеушінің белгілі тілдік-стильдік жүйесінен шешендік өнер, шешендік стиль шығады. Қазіргі шешендік сөздің прагматикасы иландыру мен дәлелдеу мақсатын көздейді, олардың басты мәні - әр түрлі сұрақ төңірегінде стилистикалық әсер тудырады. Сұрақтың түрлерін былай бөлуге болады: – орынды сұрақпен қақпанға түсіру; – қарсы сұрақ әрекеттері; – шытырман сұраулар құрсауына түсіру; – ықтиарсыз көндіру сұрақтары; – үндетпелі сұрақтар – шешеннің ақыл-ойы мен эрудициясы, сұрақтарға дәлелді жауап қайтаруы; – кәсіптік шеберлік әдіс-тәсілі. Белгілі бір стиль із-түзсіз жоғалып кетпейді. Қазіргі функционалдық стиль үлгілерінің тілінен бұрынғы стильдік белгілердің ізін таба аламыз. Әрбір жазушының бүкіл шығармашылығының өн бойынан көркемдік негіздің тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы шығармасының мазмұны мен пішініне қатысты басқа жайттардан да іздеп табуға болады. Міне, стиль - әр суреткерге (оның ішінде шешенге де) тән осындай шығармашылық ерекшелік. Зерттеушілер суреткердің, шешеннің сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастау керектігін айтады. Мәселен, сөз зергері 3.Қабдолов жалпы суреткердің мынадай басты қасиеттерін санамалап талдап, сол арқылы дарын табиғатын сипаттап береді: «Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындығына бейтарап қала алмай, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату. Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял – таланттың серігі. Төртіншіден, интуиция. Мәселен, өлең жазу – есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бесіншіден, өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білген, ұққан-түйгені көп адамның таланты да күшті, мықты. Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы.Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық - еңбек сүйгіштік. Сегізіншіден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық - қабілетсіздік, қабілетсіздік -дарынсыздық, дарынсыздық - талантсыздық» [1, 13-15–б.]. Шешен бітімін, суреткер табиғатын байыптағанда ғалым саралап айтып берген бұл қасиеттердің функциялары айтарлықтай. Жалпы алғанда, стиль деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римляндар сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұшы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, одан бертін келе сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған. Соңғы анықтама белгілі ғалым Бюффонның жалпы жұрт нақылға айналдырып әкеткен «Стиль - адам» деген тұжырымына сай келеді. Бюффон ғана емес-ау, мұндай пікірді «Мінез қандай болса, стиль де сондай» деген Платоннан «Адамның барлық қасиеті стильде тұрады» деген Стендальға дейін талайлар айтқанын тағы ескеру керек. Стиль деген ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр бөлек. Ғылым мен өнер ғана емес, бұл ұғым тіпті өмірдің өзінде қаптап жүр: жұмыс стилі, кеңсе стилі, газет стилі, шахмат стилі т.б. Шешендік сөз, шешендік өнер алдымен ауызекі тілге тән. Жұрт алдында қағазға қарамай сөйлейтін кісілер сол өнеріне сүйсініп айтатын ойын да, оны айту тәсілдерін де табан астында «суырып салып» сөйлейді. Біздің қарастыратынымыз – жазушының, ақынның, бір сөзбен айтқанда, шешен тілді жанның стилі. Әр қаламгердің әдеби бетін айқындайтын жазушылық стиль оның өз кезегінде шешендік танымын да көрсете алады. Және әрбір қаламгердің шешендігі осы стилі арқылы қалыптасады да, үнемі динамикалық даму үстінде болады. Шығармашылык ерекшеліктің қалыптасуында, Гетенің айтуына қарағанда, үш кезең бар: А) өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген шақ; Ә) өзгеден бөлегірек азын-шоғын мәнер, машық тапқан тұс; Б) өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез. Соңғы кезең, яки шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез - шығармашылық эволюцияның ең жоғарғы сатысы, бұған жету үшін әбден шыңдалған суреткерлік шеберлік керек. Әдебиетпен әуестенгеннің бәрі үшінші сатыға (стильге) жете бермейді, мықтағанда, екінші сатыға (мәнерге) жақындайды, немесе бірініші сатыда қалып қояды. Себебі: «Стиль – эшын талант, ұлы ақын-жазушылардың қаламдарына тән сипат. Кез келген ақын-жазушыдан стиль іздеу - бекершілік. Өйткені барлық өлең қиыстырушыларды ақын, сөз жаза білушілерді жазушы десек, қателескен болар едік. Дарын жоқта - стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас. Оқырмандарының ойына азық, жанына сусын бермейтін можантопай шығармалар жазып, «жазушы» атануы мүмкін. Бірақ ондайлардың өзіне тән стилі болады деу -қате. Құба-төбел қойторыларда стиль болмайды. Олардың бірінің шығармалары егіз қозыдай екіншілеріне ұқсас келеді. Жаман шығарманы жағымпаз сыншы, жандайшап әдебиетшілер қанша мақтаса да жандандыра алмайды. Барлық сыншылардың ішінде ең ұлы, ең данышпан, ең қателеспейтін сыншы - мезгіл деп В.Г.Белинский айтқандай, жаман шығарма, дарынсыз жазушы мезгіл сынын көтере алмақ емес. Демек, стильді нақтылы талант, ұлы жазушылардың туындыларынан іздеген жөн». [2, 23-24–б.]. Бұған қоса айтарымыз, шешендік сөз өнерінде шешен өз шеберлігін көрестуде шешендік өнердің құпиясын пайдалану құқығына да ие бола алады. Сондықтан оның ерекшеліктерін ежелгі дүние ойшылдары былайша – көресткен болатын: – таза біткен бейімділік; – шешеннің дарындылығы; – шешеннің жеке қабілеті; – кәсіптік дайындығы; – шешендік өнердің талаптарын игеру т.б. Шешендік сөздің тағы бір талаптарының бірі – элокуция деп аталады, латын тілінен аударғанда «көркем айту, тілмен безендіру» деген мағынаны білдіреді. Тілдің дұрыстығы, айтатын сөздің айқындығы, орындалу реттілігі, жүйелілігі, сөзді, сөз тіркесін таңдап қолдану, тілдік көркемдік амал-тәсілдерін пайдалану мүмкіндігі – шешендік стильдің негізгі тілдік бірліктері. Мысалы: «мойнына отырып алған, мойнына мініп алу, арамтамаққа, асыраушысынан айырылған, қамқоршысы болу, ниеті қара, ақ ниетпен, аққа құдай жақ, алаяқ, арам, сұм, залым, таза, ниеті де таза, жаны да таза». Сонымен қатар, шешендік сөзде дайын сөз формалары қолданылады. Басқаша айтқанда стандартты (штамп) сөздер мен эмоционалды сөздер тізбегі қатар пайдаланылып, эмоцияға әсер беретін негізгі фактіні көрсететін тілдік бірліктер қатысады, олар стилистикалық категориялар мен стилистикалық ауыс мағыналардың негізінен тұрады. Яғни, шешеннің дәлелдемелерді пайдаланудағы оралымдылығы, икемділігі, дәлелдемелерді сөйлеген сөзінде орнымен орналастыра білуі оның стиль жатықтығынан, стиль шеберлігінен туындайды.
Шешендік сөздер мәтіні
Диссертациялар, Қазақ тілі, Филология
01/08/2016
Бағасы: 1100 теңге
Кіріспе …………………………………………………………..…… 3-7
1 Шешендік сөздер мәтіні ………………………………………….…8-39
1.1 Тіл біліміндегі мәтін мен дискурс …………………………………………..8-19
1.2 Шешендік сөздердегі дискурсивтік қатынас ……………………20-26
1.3 Шешендік сөздер дискурсының типологиясы, сөйлесім,
ұйымдасу параметрлері, сөйлеудің типтері…………………… … 26-38
Бірінші тарау бойынша тұжырымдар……………………………..38-39
2 Шешендік сөздер мәтінінің құрылымы және
сөйлеу мәдениеті…………………………………………………….….40-78
2.1 Шешендік сөздер дискурсының құрылымы……………………… 40-58
2.2 Шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш құралдар…….…58-64
2.3 Шешендік сөздер дискурсындағы сөз этикеті (естірту, жоқтау,
көңіл айту, көңілін сұрау)…………………………….…………………64-72
2.4 Шешендік сөздер дискурсындағы гендерлік жіктелім……………….72-78
Екінші тарау бойынша тұжырымдар…………………………….…….78
3 Шешендік сөздер дискурсындағы қолданылатын
амал -тәсілдер…………………………………………………………………………. 79-112
3.1 Шешендік сөздер дискурсындағы суггестия құбылысы…………79-86
3.2 Шешендік сөздер дискурсындағы қайталамалар…………………… 87-92
3.3 Шешендік сөздер дискурсындағы сұраулы сөйлемдер ……………. 92-98
3.4 Шешендік сөздер дискурсының аппелятивті қызметі…………… 98-102
3.5 Шешендік сөздер дискурсындағы табу мен эвфемизмдер,
жұмбақтау…………………………………………………………………………….102-107
3.6 Шешендік сөздер дискурсындағы бейвербалды амалдар……….107-112
Үшінші тарау бойынша тұжырымдар…………………………. 112-113
Қорытынды …………………………………………… … …………….114- 115
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………… ………………………….116-120
Пәні |
Қазақ тілі |
Жұмыстың түрі |
Диссертация |
Жұмыстың көлемі |
119 бет |
Интервал |
1 |
Пайдаланған әдебиеттер саны |
107 |
Жұмыстың бағасы |
1100 теңге |
Кіріспе
Ұзақ жылдар бойы тілдік жүйені зерттеуге ден қойып келген лингвистер кейінгі кезде тілдік жүйенің сөйлеу кезіндегі көрінісін зерттеуге бет бұрды. Антропологиялық ізденістердің нәтижесінде адам, оның іс-әрекеті бірінші кезеңде тұрды. Адам өзін қоршаған ортаны мәтін арқылы танып біледі. Өзіне қажетті ақпаратты мәтін арқылы алып, мәтін арқылы жібереді. Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болады. Ол адамдар қарым-қатынасының алғышарттары мен ұйымдастырылуын сипаттайды.
Мәтін лингвистикасы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған, соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тың сала. Ол барлық гуманитарлық, философиялық ойлаудың негізі болумен бірге мәтін лингвистикасы пәнінің шығуына түрткі болған. Мәтін лингвистикасы пәнінің филология ғылымдарының бір саласы болып қалыптасуы қазіргі лингвистиканың даму бағытын көрсетеді.
Қазірде мәтін ұғымы жаңаша сипатқа ие болды. Соның нәтижесінде, мәтін терминін дискурстық терминологияға, мәтіннің статикалық қалпынан динамикаға көшіріп, басқаша зерттеуді қолға алды. Ғылымда дискурс, дискурсивті талдау сияқты ұғымдар көрініс тапты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс. Аталған дискурс терминін қолдануда осы кезге дейін бірізділік жоқ. Соған орай дискурске түрлі анықтамалар беріліп, тұжырымдар жасалуда.
Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін Қ. Жұбановтың 30-жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса да кездестіреміз. Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы көбінесе ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі де жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы сөзде бұл кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Сөзді қалай құрудың тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті»,– деп көрсетеді [1, 148 б.].
Ал қазіргі қазақ тіл білімінде дискурс термині соңғы кезде сөйлеудің дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиль аясында тіл ғылымында ерекше орын ала бастады. «Шешендік сөздердің дискурсы» атты диссертациялық жұмысымыздағы шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан, мәтін ретінде лингвистикалық талдауға негіз болады.
Мәтін – қимыл әрекеттегі тіл. Тілдің негізгі бірлігі сөз, сөйлем емес – мәтін. Мәтін лингвистикасын дискурсивті талдаудың бір бөлімі, компоненті ретінде тану, сөйлеу мен мәтіннің өзара байланысы – дискурс мәтін талдаудан басталады. Ғалым Н.Уәлиев атап көрсеткендей, «Мәтін – дискурстық әрекеттің өнімі, нәтижесі, туындысы [ 2 , 45 б.].
Шешендік сөздерге дискурсивті талдау жасау барысында шешендік сөздер мәтінінен мысалдар жинақталып қарастырылды. Сондай-ақ түсінікті болу үшін мәтіндер толық түрде ұсынылып отыр.
Диссертацияның бірінші тарауында мәтін, дискурс мәселелері, бұларға берілген тіл біліміндегі түрлі анықтамалар жан-жақты көрсетіледі. Мәтіннің типологиясына қатысты бірнеше топтастыруларды бере отырып, шешендік сөздер дискурсының типологиясы мен ұйымдасу, сөйлесім параметрлері, сөйлеудің типтері назарға алынады.
Диссертацияның екінші тарауында шешендік сөздер дискурсы құрылымдық жағынан қарастырылып, ондағы көркемдеуіш тәсілдер мен сөз этикеті (естірту, жоқтау, көңіл айту, көңіл сұрау т.б.), гендерлік ерекшеліктер сөз етіледі.
Диссертацияның үшінші тарауында шешендік сөздер дискурсындағы суггестия құбылысы (тілек-бата сөздер мен сан есім) мен дискурсивті талдауда қолданылатын амал-тәсілдер(қайталамалар,сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер, табу мен эвфемизмдер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар) анықталады.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде жалпы мәтінге қатысты әр жылдары жарық көрген біршама еңбектер бар (Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, Х.Кәрімов, Б.Шалабай, М.Серғалиев). Ал шешендік сөздер қазақ тіл білімінде зерттелгенімен, тілдік аспектіде жан-жақты қарастырылмаған. Қазіргі тілтанымда шешендік сөздерге дискурсивті талдау жасау келелі мәселелердің бірі. Шешендік сөздер табиғаты дискурстық тұрғыдан қарастырылып, пайымдалуы қазақ тіл ғылымының тың саласы мәтін лингвистикасының дамуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Бүгінде бізге жеткен құнды да баға жетпес мұраларымыз шешендік сөздердің мәтіндік үлгілерін ерекше айта аламыз. Шешендік сөздер мағыналық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық жағынан өзара байланысқан және тыңдаушыға бағытталған, прагматикалық негіздемесі бар мәтін. Сол себепті де, шешендік сөздер мәтінін дискурсивті тұрғыда жан-жақты алып қарастыру жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Шешендік сөздер дискурсы белгілі бір сөйлемдер тобынан құралып, мәтін құрайды. Шешендік сөздер – ауызша тараған көркем сөз үлгісі. Кейбір мәтінтанушылар (И.Р. Гальперин, Л.М. Лосева) мәтінді жазбаша материалдарға байланысты қарастырған. Ал шын мәнінде сонау заманнан бізге жеткен шешендік сөздердің ауызша жеткізіліп, таралып, бір бүтін тұтас дүние мәтін құрауы бұл көзқарасты жоққа шығарады. Сол себепті де, шешендік сөздер мәтінін дискурсивті талдау жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Шешендік сөздерге дискурсивті талдау жасауда шешендік сөздер дискурсының құрылымы мен сөйлеу мәдениетіне қатысы, шешендік сөздер дискурсында қолданылатын амал-тәсілдер қарастырылады.
Зерттеу пәні. Шешендік сөздердің дискурсы
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы»(1992), Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»(1999), Б.Адамбаевтың «Шешендік өнер»(1999), Б.Әлменұлының «Шешендік сөздер»(1993), С.Негимовтың «Шешендік өнер» (1997), «Шешендік шиырлары»(1976), Г.Қосымованың « Қазақ шешендік өнерінің негіздері»(2003) т.б. еңбектер басшылыққа алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – шешендік сөздердің табиғатын дискурсивті тұрғыдан тану. Бұл ретте дискурс терминінің дефиницалары толық зерделеніп, оның шешендік сөздер табиғатын ашудағы ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай нақты міндеттерді шешу көзделіп отыр:
– «мәтін»мен «дискурс» терминдерінің тіл білімінде алатын орны. Өзара байланысы мен бірлігін ашып көрсету;
шешендік сөздердегі дискурсивті қатынасты көрсету;
шешендік сөздер дискурсының типологиясы мен ұйымдасу, сөйлесім параметрлері, сөйлеу типтерінің мәнін ашу;
шешендік сөздер дискурсын құрылымдық жағынан (мәтіннің тақырыбы, мәтіннің композициясы; мәтіннің көлемі, мәтіннің басталуы, мәтіннің аяқталуы, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац) сипаттау;
– шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш құралдардың танымдық сипатын зерделеу;
– шешендік сөздер дискурсындағы сөйлеу мәдениетінің (сөз этикеті: естірту, көңіл айту, жоқтау, жұбату, көңілін сұрау мен гендерлік жіктелім) орнын даралап көрсету;
– шешендік сөздер дискурсындағы суггестия құбылысының (тілек-бата мен сан есім) табиғатын ашу;
– шешендік сөздер дискурсындағы тілдік амал-тәсілдердің (қайталамалар, сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер, табу мен эвфемизм сөздер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар ) қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста тіл біліміндегі «мәтін» мен «дискурс» терминдеріне, шешендік сөздерге қатысты ғылыми пікірлер, тұжырымдар мен қорытындылар салыстырыла, салғастырыла отырып жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мына төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады:
– сөз мәдениетінің өресін танытатын «мәтін» мен «дискурс» ұғымдарының өзіндік белгілері сараланды;
– шешендік сөздер дискурсындағы дискурсивті қатынас (оқиғаның өту кезеңдері) айқындалды;
– шешендік сөздер дискурсының типологиясы мен ұйымдасу,сөйлесім параметрлері, сөйлеу типтері ұсынылды;
– шешендік сөздер мәтінінің құрылымы (тақырыбы,көлемі мен түрлері, композициясы, басталуы мен аяқталуы, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац) анықталды;
– өрнекті де айшықты сөйлеу мәдениетінің негізгі қаруы көркемдеуіш тәсілдердің танымдық қызметі мен сөз этикетінің (естірту, жоқтау, көңіл айту, көңілін сұрау, гендерлік ерекшеліктер) шешендік сөздер дискурсында қолданылу табиғаты ашылды;
– шешендік сөздер дискурсында қолданыс табатын сан есім қатысқан сөздер мен тілек-бата сөздердің ерекше суггестиялық қасиеті дараланып көрсетілді;
– шешендік сөздер дискурсында қолданылатын тілдік амал-тәсілдер (қайталамалар, сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер, табу мен эвфемизм сөздер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар) анықталды.
