- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
Зерттеуші ғалым Серік Негимов шешендік өнердің тектері мен түрлерін үш
топқа бөледі.
1.Əлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік.
2. Академиялық шешендік.
3. Əлеуметтік-тұрмыстық тақырыптағы майталмандық. Букетов бойына
осынын алғашқы екі түрі тəн екендігін сенімді түрде айта аламыз. Əсіресе,
Негимов жазуындағы«Академиялық шешендік» (лекция, ғылыми баяндама,
ғылыми хабарлама бойынша) Букетов өмірінде айқын дəлелденген құбылыс.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші ғалым С.Негимов былайша бағалайды: “Олар риториканы -шешендік, эвристиканы — тартыс өнері, диалектиканы — дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді” — дейді.
Қазақ шешендік өнері жайындағы ғылымның тарихы да шешендік өнер тарихы секілді арыда жатыр. Бұл ретте: “Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, “Шығыстың Аристотелі” атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр әл-Фарабиден басталады. Ол “Риторика” атты күрделі трактатында ғылыми-теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс-мақсаттан, қолдану аясынан туындатады”,- деп жазады шешендік өнер қақында жүйелі еңбек жазған ғалым С.Негимов.
С. Негимов былайша бағалайды: “Дала уалаятының газетінде” қазақ билерінің қоғамдағы орны, билік-кесім шығаруы жөнінде бірнеше мақалалар берілген. Атап өтер болсақ, “Қазак билерінің жұмыстарды тексеретұғыны турасынан”, “Қазақ жұртының тергеу хүкімі хақында”, “Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы”, “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” дейтін материалдарда ұтымды пікірлер, бағалы мәліметтер, құнды дерекгер бар”.
Сөйлеу мәдениетінің ерекше белгісі – дәлдік. Дәлдік – анық, ұшқыр ойдан тұрады. Шешен ана тілінің көркемдік қазынасын және өз пәнін жүйрік білгенде ғана, сөз қолдану, байланыстыру тәсілдерін, көп мағыналы сөздерінің сәні мен мәнін, құпия сырларын, синоним, антоним, омоним, нақыл, қанатты сөздерді еркін әрі сәтті пайдаланады. Бұл ретте шешен – билердің сөздерінде дәлділік, айқындылық мейлінше жоғары деңгей – дәрежеде көрінеді, сондықтан оны қазақ әдеби тілі негізі арналы саласы деуге болады [1, 145 б.]
Белгілі ғалым С. Негимов “Шешендік өнер” атты еңбегінде осындай байқампаздық туралы мынадай келісті ойлар айтады: “Шешен қырағы, байқампаз болса, аудиторяның шып-шырғасын шығармай уысында ұстайды. Егер де шешен сөзі аудиторяға ғаламат әсер ететін болса, онда тыңдаушылардың көздері от шашып, жүздері гүл-гүл жайнап, ықыластанып, жұмсақ жымиып, бастарын изеп, қоштағандай, қолдағандай ым-ишарат жасайды. Ыстық ықыласын, ізет-ниетін дауыстап та білдіреді. Сөйтіп, шешен мен ау-диторяның құлшынысы бірдей оянып, оттай маздап, бір-бірін жетелеп, қоян-қолтық араласып, туысып кетеді. Бір кеменің ішінде, рахаттың теңізінде жүзіп бара жатқандай сезінеді” [1].
«Шынайы шешен— жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мəнері, кескін
келбеті, рухы, тəжірибесі, ішкі мəдениеті, білім өрісі, дүние-танымы, талант
табиғаты, жан-тəн қуаты, мінбедегі тəртібі, ым-ишараттары, дауыс ырғағы
қызықтырмай қоймайды» (Негимов С.
Кекілбаев шешендігі.
Қазақстанның халық жазушысы, «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» деп азаттықтың ақ таңын талмай насихаттап келе жатқан күрескер қаламгер, халық қалаулысы, бұрынғылардың сөзімен айтсақ, төбе би Әбіш Кекілбайұлын айтамыз. Әбіш Кекілбайұлының өзі айтқандай, оған тағдыр мен тарих қоғам мен ұлт өміріндегі ең бір шешуші оқиғалардың ортасында жүруге бұйырды. Ол – қазақ елінің бостандыққа ұмтылған әрекеттеріне дем беріп, азаттықа қолы жеткен алғашқы күннен бастап Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерісіп, егемен еліміздің саяси өмірі мен қоғамдық тұрмыс тіршілігіне асқан қажырлылықпен араласып, оң бағыт – бағдар беріп келе жатқан данагөйіміз. Не туралы жазса да, кім туралы толғанса да кемеңгер тұлға халықтық мәселелерге соқпай кете алмайды. Жанамалап болсын, сөз арасында болсын жазушы әлеуметтік мәселерді асқан білгірлікпен талдап, ақыл – кеңесін аяған жері жоқ. Әрі кеменгер ұстаз жұмған жұдырықтай тас түйін бірлікке шақырады. Ел бірлігін, халқын сүйген отаншыл талай ойшылдардың күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған мазасыз мәселесі болмап па еді? Тек ынтымағы, бірлігі бар ел ғана елдігін сақтай алады деп Ер Күлтегін де, дана Баласағұн да, хан Тәуке де ер Абылай да, Бұқар жырау да, Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды билер де, ұлы Абайда осыны айтып шырқырамап па еді? Бүгінгі күні де тәуелсіз қазақ елі ел болып қалу үшін ең қажетті болып отырған әлеуметтік үлкен мәселенің бірі – Елбасының айналасына топталған ытымақ, халықтың бірлігі керек екенін жақсы түсінген. Осылайша көргені көп, тоқығаны, түйгені мол кеңесші өмір құбылыстарына іштей бойлап, заман жайын тереңдей зерттеп, бүгінгілерге өнеге боларлық толғамдар айтып отыр, тек мұны тыңдайтын құлақ, түсінетін сана болғай!
