- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
Жазба тіл мәдениетінде тілдік норма сақталуы тиіс. Тілдік норма- халық, ұлт толық қабылдаған, жүйеленіп қалыптасқан ережелер жиынтығы.
Лингвистикада дыбысты тіл екіге бөлініп қаралады. Бірінші саласы- тілдің материалдық жағы, екіншісі- мағыналық, функциялық жағы.
Тілдің материалдық жағына ондағы дыбыстар, сөздер, грамматикалық формалар, үлгілер жиынтығы жатады.
Ал тілдің функциялық жағына адамдар арасындағы қатынас құралдық қызметі жатады.
Жазба әдеби тіл- жазу арқылы белгілі бір жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған, жазу дәстүрі мен жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалы, стильдік- жанрлық тармақтары бар, халыққа ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпыхалықтық тілдің екшелген, сұрыпталған түрі, ең жоғары сапалы тіл.
Жазба тіл өзіндік тілдік ерекшелігіне қарай бірнеше стильдік тармақтарға бөлінеді :
1. Ресми тіл( іс қағаздары стилі).
2. Ғылыми стиль.
3. Көркем әдеби стиль.
4. Публистикалық стиль.
5.
Жазба тіл мәдениетін игеруде есте ұстайтьын қағидалар:
1. Сөзді орынды қолданып, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қою.
2. Дұрыс жазу үшін баяндайтын оқиғаны жақсы меңгеру.
3. Сөзді дұрыс тіркестіріп, грамматика заңдылықтарын меңгеру.
4. Орфография, пунктуацияны білу.
Қарым- қатынас түрлері.
Әлеуметтік- тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы тілдік қатынасты, сөз қолданысын екі түрге бөлуге болады:
1. Әлеуметтік тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер.
2. Іскерлік қарым- қатынасқа байланысты қолданылатын сөздер.
Отбасы ортасындағы, дос-жар, құрбы- құрдас, құда- жекжат ортасында және күнделікті тіршіліктегі тілдесулер, пікірлесудегі сөздер тұрмыстық- әлеуметтік қатынастағы сөздерге жатады.Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
1. Отбасы аясында қолданылатын сөздер.
2. Дос, құрбы- құрдастардың арасында қолданылатын сөздер.
3. Құда- жекжат, ағайын- туыс арасында қолданылатын сөздер.
4. Күнделікте өмірде, көлікте, көпшілік т.б. орындарда қолданылатын сөздер.
Сәлемдесу- сөз басы.
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу- тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оған мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдағы.
Кішінің үлкенге сәлем беруі- үлкенге көрсетілген құрмет, кішінің ізет көрсетуі. Сәлемдесу- ағайын мен туысты, дос- жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата жалғастыру, алысты жақындату.Адамның кейіп- кескініні тану, болмысын байқау, көңіл күйін білу әрі өз ниетіңді ұқтыру.
Сәлемдесу әдебі.
Әр адам сәлемдесу әдебін, қас- қабақ, бет- жүз, дауыс құбылысын байқап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.Қойылатын талаптар:
1. Сәлемдесудің ең басты шарты- жылы лебіз.
2. Қабақ түю, түнеру, тыржию, естілер- естілмес сәлем беру- әдепсіздік, кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылық.
3. Сәлемді селқос қабылдау, кекірею, жақтырмау- инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық, көргенсіздіктің белгісі.
Қазақ халқының салт- дәстүрі бойынша адамның үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.Үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады.Туыстық, жақындық ақтынасқа байланысты ағайын, туыс, жекжат, жұрағат, құландалы деген сөздер қолданылады. Қазақтар бірін- бірі бөтен санамайды, “Қарға тамырлы қазақпыз” деп отырады.
Ата- әкенің әкесі, төрден орын беріп, құрметтеу керек.Жолын кесіп өтуге болмайды.
“Аулыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең”дегендей, ата- ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры. Атаның айтқаны- кейінгіге заң. Дәстүр бойынша ең алдымен сәлем атаға беріледі.
Іскерлік қарым- қатынас, ондағы тілдік ерекшеліктер, сөз орамдары.
Біздің заманымыз- іскер, белсенді, өздігінен жол таба алатын адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба бьілетін іскерлік адамды көздеген мақсатына жеткізеді. Бұл адамның ортаман іскерлік қарым-қатынас жасай білуіне, сөйлеу этикасын меңгеруіне байланысты. “Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма”,- деп ұлы Абай айтқандай, адам сөзі арқылы танылады.
Іскерлік қарым- ақтынастың негізгі түйіні- тілдік ерекшелікті білу, сауаттылық, сөйлеу мәдениетін меңгеру.
· Іскерлік қарым- қатынас- мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің қызмет бабында пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажет құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.
· Іскелік қарым- қатынас әдебі сөйлеушінің өз өзіне жауапкершілікпен қарауынан, өзін ұстауынан, мінезінен, батылдығынан, тартымды, жағымды сөйлеуінен көрінеді.
· Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау, сәлемдесу, ұлттық дәстүрді сақтау- қалыптасқан нормалар.
· Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, білікті қолдану, тапқырлықпен, нақты, жүйелі сөйлей білу іскерлік әдебін танытады.
· Іскерлік қатынаста тіл табысуға зиянын тигізетін нәрселер:тақырыпты жетік меңгермеу, мағынасын түсінбеу, ойды дамытып әкете алмау, көпсөзділік, айтқанынан қайтпау, жігерсіздік, ұялшақтық.
·
