Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

– «мәтін» статикалық, «дискурс» динамикалық  қалыпта көрініс табады. Дискурс тілдің қатысымдық қызметіндегі  барлық қолданысын  біріктіретін атау болып табылады;

– шешендік сөздердегі дискурсивті қатынас оқиғаның өту кезеңдері  (қойылған сұрақ, хабарды сұрыптау, білім қоры, келесі мүмкіндік, қайтарылған жауап) ерекше назарға алынады;

  • шешендік сөздер дискурсының типологиясын (сөйлеу типі,  өтуі, берілуі, сипаты, тыңдаушылардың саны, коммуниканттардың қатысуы, тыңдаушының әлеуметтік құрамы, мақсаты), ұйымдасу (құрылым, функционалды-стильдік, дайындалған, тұтастық пен байланыстылық,  алгоритмдік, ішкі ойдың берілу, функциональды-прагматикалық),  сөйлесім

(сөйлеу формасы, серіктес, тыңдаушы орта, сөйлеуге дайындық, тыңдаушылардың реакциясы, қолданылу аясы) параметрлерін, сөйлеудің типтерін (диалог, монолог) беру негізінде шешендік сөздер мәтінінің түрлі белгілері, құрылымдық, мазмұндық жақтары ескеріледі;

–   шешендік сөздер дискурсының          құрылымдық жағы (мәтіннің тақырыбы: тараудың, бөлімнің, бөлімшенің, абзацтың тақырыптары) мәтін композициясы (кіріспе, негізгі бөлім, мазмұны, дәлелдеме,фактіге сүйенген жағымды дәлел, қарсы жақтың көзқарасының жалған екендігін дәлелдеу, бекіту, қорытынды, түйіні), мәтіннің көлемі (шағын және көлемді мәтін), мәтіннің басталуы, мәтіннің аяқталуы, күрделі синтаксистік тұтастық (тізбекті, параллельді, абзац) өзіндік ерекшеліктерге ие;

– шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш тәсілдердің (эпитет, метафора, теңеу) танымдық қызметі мен сөз этикетінің (естірту, жоқтау,  көңіл айту, көңілін сұрау) мәні,  гендерлік ерекшеліктер (ерлер мен әйел тілі) сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейін танытады;

–  шешендік сөздер дискурсында тілдік амал-тәсілдер ретінде көрініс табатын қайталамалар (мимезис, аллитерация, ассонанс, дыбыстық анафора, абзацтағы қайталамалар) сұраулы сөйлемдер (ақпарат беретін сұрақтар, жұмбақ сұрақтар, қызығушылық тудыратын сұрақтар, тағылымдық мәні бар сұрақтар, дұрыс жауаптың шешімін іздеу, ой тастау немесе ойға жұмылдыру), қаратпа сөздер (кісі есімдерінің түбір күйінде қаратпа қызметінде, тәуелдік тұлғасында, эмоционалдық-экспрессиялық мән туғызатын қосымшалардың қосарлануы арқылы, жалпы есімдердің қаратпа қызметі), табу мен эвфемизм сөздер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар қолданысын ерекше айтуға болады.

Зерттеудің теориялық, практикалық маңызы. Бұл жұмыс осы салада болашақта жүргізілетін лексикология, көркем мәтін лингвистикасы, мәтін семантикасына қатысты зерттеулерге теориялық, ұстанымдық негіз ретінде қызмет етеді. Зерттеу жұмысының нәтижелері іргелі ғылыми пайымдаулардың дамуына жол ашады.

Зерттеу нәтижелерін мәтін лингвистикасы,  көркем мәтін лингвистикасы  бойынша мәтіннің  теориясы мен практикасына байланысты жүргізілетін арнаулы курстарда қолдана алады.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында тіл біліміндегі сипаттау, салыстыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.

Жұмыстың әдістанымдық негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қазақ тіл білімінде: Р.Сыздықова, Б. Шалабай, Н. Уәлиев, М.Серғалиев, Г.Смағұлова, Г.Әзімжанова, Қ.Есенова, С.Жусанбаева, А.Таусоғарова  т.б.орыс тіл білімінде: И. Гальперин, З. Тураева, Ю. Казарин, Е. Кубрякова, И. Гиндин, М. Кожина, Е. Клюев, Ю.Левицкий, Л.Поповская, И.Гиндин, Л. Бабенко, А. Залевская, А. Карлинский т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері, мақалалары қарастырылды.

Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының бағыт-бағдары, мазмұны,  негізгі тұжырымдары мен басты нәтижелері республикалық және халықаралық деңгейдегі  ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда С. Исаев және мерзімді баспасөз тілі атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы,2003), Х.Кәрімұлы Мұхамбеттің 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда (Алматы, 2007), «ХХІ ғасыр Шәкәрімнің рухани мұрасы» республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Семей, 2007),     Ө. Айтбайұлының 70 жасқа толу мерейтойына орай «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты профессор

М. Балақаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда(Алматы,2007), «Тілтаным» журналында № 4 (Алматы,2007), ҚазҰУ Хабаршысы. Филология серияларында 2003, № 9 ( 71);  2004, № 5 (77);  2006, № 6 (96) 9 мақала жарыққа шықты.

Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек  кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.