Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

Сұрақ Ғылыми диалог

Бұл диалог түрі ғылымдағы жаңалықтарды талдауға арналады.

· Диалогтың маңызын түсіне отырып, оның мазмұндылығына талдау жасау;

· Диалог мазмұндылығын анықтауға мүмкіндік туғызатын тілдік жағдаяттар туғызу;

· Диалог түріне байланысты сөздік қолданыстарда айырма болатынын аңғару.

Қазақ шешендік өнері тарихында Аристотель анықтаған үш элемент мерзімдік жағдаят, авторлық шабыт, парасатты сөздің шешуші рөл атқарғанын көреміз. Халықтық мәселелерді талқылаған әрбір халық жиналысы, әр түрлі дау дамайларды шешуге арналған ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, жақсы мен жаманды айыратын ақындар айтысы белгілі бір тақырыптардың төңірегінде келісілген орын мен уақытта өткізіліп отырға; басты ойды шешуге атсалысқан, халыққа түсінікті тілмен сөйлеуді мақсат еткен. Олай болса қандай уақытта, қандай тақырыпқа сөйлейтініне байланысты диалог түрі де өзгеріп отырады. Ғылыми диалог осы айтылғандарға сәйкес ғылыми конференцияларда, мәжілістерде шешендік сөйлеу өнерінің озық, өзінің стильдік деңгейі бар диалогтың бір түрі.

Сұрақ Оқу-ағарту диалогы

Шешендердің қалыптасуына оқу ағарту мақсатындағы диалогтің рөлі зор. Мұндай диалогтар күнделікті іс әрекетте үнемі жүзеге асып отырады. Оқу ағарту мақсатындағы диалогтар адамның рухани дүниесін қалыптастыруға бағытталады. Оның үш түрі бар:

1. Білім беретін диалог; (білім нормаларына жетектеу)

2. Тәрбие беретін диалог; мақсаты рухани дүниесі мен іс әрекетіне үңілдіру;

3. Насихат түріндегі диалог; жаңа мәліметтер беру негізінде мінез құлықты өзгерту. Бұндай диалогтар ғибрат, өнеге береді, өмір сүруге бағыт сілтейді, әдет қалыптастырады. Олардың бірі іскерлікке жетектесе, екіншісі батылдыққа итермелейді, үшіншісі азамат қалыптастыруға көмектеседі. Осы диалогтар пікірталас майталмандарын, үздік шешендерді қалыптастырады.

Сұрақ Іскерлік диалог

Би – шешендердің даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тыңдырып отырғандығын, ертедегі бір бидің өзі – осы күнгі соттың да, прокурордың да, полицияның да (қаншама мекеме, ұйым басшылырының) қызметін атқарғандығын, билердің кесімі, бітімі көпшіліктің көзінше ашық аспан астында айдан анық жария боп отырғандығын, ешқандай құпия, алдын ала ымыраласу, пәтуаласу болмағандығын билер өзінің сөзін, билік шешімін: «Ал, халайық, бұған не дейсіңдер, ризамысыңдар?» – деп көпшілікке салып, мақұлдасқандығын, сондықтан да халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын би-шешендерді ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап, бізге жеткізгендігін ұғындыруда іскерлік диалогтың мазмұны ашылады.

Ұлтымыздың қайраткер ұлы, халық батыры Б.Момышұлы: «Өз тілімнің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай» дегендей, мемлекеттік қызметшілір тек тілді үйреніп қана қоймайды, дауыс ырғағын келістіре сөйлеуге дағдыланады, яғни сазды үнмен қазақ тілінің сондай көркем де әсем екендігіне өзгелердің де көзін жеткізеді, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйренеді. Қысқасы, іскерлік диалог сауатты да, шешен сөйлей білудің қазіргі заман талабы. Қоғамда сөйлеу мәдениеті проблемасы бары анық. Ал кәсіби маманның тіл мәдениетінің алыптасуында ойланар тұстар да жеткілікті. Жалпы кез келген кәсіби маманның сөзі жұртты ұйытып, тыңдаушылардың айызын қандыруы тиіс. Ондай сөзді тыңдай беруден әсте ешкім жалықпасы да айқын. Өкініштісі – көп тұста мамандарымыздың сөзі әсерсіз, нәрсіз келіп, тыңдаушысын мезі етіп жіберетіндігі. Мұның өзі сөздің коммуникативтік сапасы, қысқаша айтқанда, сөз сапасы деген аса күрделі ұғыммен тығыз бірлікте. Ал сөздің коммуникативтік сапасы сөз байлығы, сөз дәлдігі, сөз дұрыстығы, сөз тазалығы, сөз әдебі секілді белгілерімен танылмақ. Мәселен, кәсіби маманның оралымды тіліне қойылар талаптың бірі – сөз байлығының болуы. Сөзі жұтаңның ойы да таяз көрінбек. Соның салдарынан мақсатсыз қайталау да көп болмақ. Орынсыз қайталау тілдің коммуникативтік сапасын күрт төмендетіп, ойды дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болмақ.