- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Сұрақ. Монологтық сөйлеу
Монологтық сөйлеу- қазақ шешендерінің толғау, ақыл, өсиет, бата, тілек, үндеу түрінде ертеден қолданылып келе жатқан сөйлеу түрі. Монолог- бір кісінің сөйлеу немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделетіндіктен, көпшілік алдында сөйленген сөз, жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, айтылған пікірлер монологқа жатады. Онда адамның ойы, ғылыми, саяси, әлеуметтік көзқарасы, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, дүниетанымы –бәрі анық байқалады. Жұртшылыққа әсер етуді көздегендіктен және алдын-ала дайындадалатындықтан монолог мағыналы болады және шешен тілде сөйленеді.Монологта автордың түйінді ой-тұжырымдары айтылып, көпшілікке талқыға ұсынылады. Сондықтан көп жағдайда монолог диалогқа айналады.
Тыңдаушы көпшіліктің ішінен шешенге сұрақ қоюшылар, қарсы пікір айтып келіспеушілік танытушылар немесе керісінше қолдап сөйлеушілер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тыңдаушылар шешеннің пікірлесушілеріне айналады да, монолог сөз пікірталасына ұласады.
Монолог пен диалогтың түрлері бұрынғы шешендікте кеңінен орын алды. Қазіргі шешендікте бұлардың орындары молайып, түрлері көбейді. Монолог баяндама, мақала, саяси шолу тәрізді сөйлеу түрлерімен толықты.
Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
⇐ Предыдущая345678910
|
|
Бүгінгі қазақ елінде, туған жерімізде қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, ана тіліміздің коғамдық қызметі жоғарылаған кезеңде шешендік сөздің әлеуметтік мәнін ұғындыру ici және мемлекеттік тілде шешен сөйлеу мәдениеті мәселесі аса өзекті. шешендік – ел келешегі жастардың рухын аспандатар, асқақтатар өнер. Ал қазақтың халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята білгенде ғана халық мерейі, абыройы қаз қалпында болмақ. Рух тұнған тұста ғана қалыптасу үстіндегі тұлғаны тұтандырар, ілгерілетер идея да күшті. Демек, бүгінде жастардың рухын еселеп жандандыра, жаңғырта түсер кешенді ойлы істер ауадай кажет. Ал ел болашағы – қазақ жастарының рухының биіктігі, жоғарылығы – ұлт тәуелсіздігі сақталуының бірден-бір айғағы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, шешендік шежіре-рухани байлық көзі. Халқымызға тән шешендік өнер тәліміне кейінгі ұрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат, парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ұрпақ – еліміздің сенімді келешегі. Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.
Сұрақ Тұрмыстық диалог
Кез келген сөйлеу әрекеті пікіралмасуға құралады. Ақылдасу, кеңесу диалог арқылы жүзеге асады, сол себепті диалог істің тетігі боп саналады. Диалог талқыланатын мәселелердің мазмұнына қарай түрліше болады. Онда тұрмыстық, іскерлік, әлеуметтік, саяси, сот ісі т.б. мәселелер қамтылады. Мысалы: тұрмыстық диалог әлеуметтік тұрмысқа қатысты игіліктерді жақсартуды көздейді.
Сұрақ Әскери диалог
Ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Әскери диалог қарулы күштердің рухын көтеруге арналады. Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.
