- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
⇐ Предыдущая45678910Следующая ⇒
|
|
Рационалды риторика ұлт мектептерінде ұлттық тілде дамыған оқу- білім шешендігімен, діни шешендікпен қатар дамыды.
Рационалды риторика қызыл сөзге төселдірумен қоса, сөйлеуде ақыл-ойдың дамуына төселдіруді мақсат етеді. Мұндай риториканың үлгісі М.В.Ломоносовтың «Краткое руководство к красноречию» деген еңбегін атауға болады. Ол: шешендік сөзді ойлап табу деген ұғым сөйлеу тақырыптарымен, идеялар жиынтығымен шектелетінін айтады. Ойлап табу риториканың негізі ретінде ойлардың логикалық құрылымы дегенді білдіреді. Ломоносов сөздің екі түрлі жанрда: проза және поэзия түрінде құрылатынын айтады. Ломоносов айтуында: риторика- сөзбен берілген ойлардың қиюын тауып құрастырылуы туралы ғылым, қызық сөз ретінде айтқанда ол – ойды жеткізу мен орналастырудың құралы. Ломоносов одан әрі синтаксистің теориясын құрады, себебі сөйлемнің және құрмалас сөйлемнің жайылма түрінің теориясы шешендік сөздің құрылымында шешуші рөл атқарады.
Ломоносовта ең жақсы шешен- қоғамға пайдалы болуды көздеген парасатты, ізгілікті және эмоциональды адам. Ломоносов негіздеген Рационалды риторика мақсаты: оқып-үйрену арқылы образды ойлай алатын, сезіне алатын, көркем сөзбен жеткізе алатын адам қалыптастыру.
Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
Шығыс әлемінде сөйлеу туралы ілім басқаша өркендеді. Хандық үшін, княздық үшін күрес Ежелгі Қытайда монархиялық құрылысты ұстап тұрды. Саяси шешім шығару оқыған зиялы топтың қолында болы, ал тұрғындардың басым көпшілігі шаруалар қоғамды материалдық жағынан қамтамасыз етті. Бұл күресте монархиялар қырағылық танытуы қажет болды, шешімнің дұрыс-бұрыстығын бақылайтын, ақыл-кеңес беретін кеңесшілер ұстады.
Шешім ғылыми зиялы ортада қабылданатындықтан, сөзге мынадай талаптар қойылды: анықтық, тұжырымдық, ойлылық, эмоционалды ынталылық, ұстамды құмарлық, әрбір сөзге жауапкершілік.
Мұндай сөйлеу түрі аса жоғары ақыл-ой дайындығын талап етеді. Бұл жерде болжам бірінші орында болады, кімде- кім өз болжамында өмір ағымына сай көрегендік, ұшқырлық танытса, сол нәтижеге қол жеткізеді. Мұнымен қоса, олардан даналыққа, көрегенділікке баулитын ерекше тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу талап етілді. Өзін-өзі тәрбиелеу қырағылыққа баулитын ішкі сөйлеу риторикасы жатты.
Қытайлық шешендер философтар болды. Философ шешендер мед, матем, астрономия, тарих, әдеп ғылымдарын меңгеріп қана қойған жоқ, поэзияны оқып – үйренуге ұмтылды. Поэзияға, поэтикаға құштарлық сөйлеу стилін қалыптастырудың мүмкіншілігі ғана емес, мемлекеттік мансапқа жеткізетін жол болды.
Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
Индияда үш түрлі қоғамдық топ болды: рухани (брамин), әскери (кшатрий) және ауыр еңбекпен айналысатын адамдар тобы. Әңгімеде, киім кию үлгісінде, тамө жеуде және некелесуде бұл топтар араласпауы керек. Сөйлесім әрекеті жалпылық сипат ала алмады, халық жиналыстары болмады.
Ақыл-ойға негізделген сөйлесім әрекеті рухани топқа ғана қатыста болы. Индияда шешендік пеадгогикалық және литургиялық (діни философия) сипаттағы сөз түрінде дамыды. Мұндай сөйлеу түрлері адамдарды даралыққа, даналыққа тәрбиеледі. Шындықты іздеп табуға құрылған диалектика логикалық дәлелдеулерді дамытуға жол ашты. Философиялық ілімдер «Махабхарата», «Рамайяна» эпостары арқылы кең тарады.Поэзия мен өнер философиялық ой-тұжырымдарды бейнелеудің құралы болды. Үнділер диалектикасы мен өнері бірыңғай этикалық бағытта бір-бірімен тығыз байланыста болды. Осылайша Индиядағы көпшілік сөзі литургика мен театр болды.
Ал, түрік шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеу керек. Аңыз дегеннің- өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мыңдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағын естімегендіктен де естіген әңгімесін халыө аңыз сияқты қабылдаған. Сондай ағыздардың ішінде Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Қашқари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа» - жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.
Ежелгі түркі еліндегі шешендікте орын алған басты мұрат- өз елін, жерін қорғау жолында дұшпандарға қарсы тұруға шаұырушылық. Ежелгі түркі елінде бұл батырлықты дәріптейтін, ерлерін мадақтайтын, жауынгерлік рухқа шақыратын асқақ ерлік жырларда, ғажайып ағыздарда, мазмұнды ертегіге айналған терең мифтерде көрініс тапты.
