Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

Абай шешендігі.

Шешендік өнердің тарихында «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін ондай сала алмаған» Абайдың орны ерекше. Абай – жағдайының жағдайсыздығы тудырған, басып тұрған қараңғылық ішінен келер таңның шолпаны болып елестеп, тұнып тұрған тымырсықта келер дауылдың дауылпызы болып күңіренген адам. Абайдың ерекшелігі – айтайын деген ойына қатысы, байланысы жоқ, не болмаса буын санын толтыру үшін қолданылатын артық сөз не сөйлемнің Абай өлеңдерінде кездеспеуі. Абайша жалпы адамзаттық мәселелерді сөз ету, пікірін мазмұнмен сезімге құру, мазмұн анықтығы мен сөз дәлдігін берік ұстау – шешендіктану ғылымында қойылатын басты шарттар. Абай өлеңде болсын, қара сөзде болсын, басы артық бір сөз тұрмай, «айналасы теп – тегіс жұмыр келу» шартын қатаң сақтау арқылы қазақ шешендігін бұрын соңды болып кормеген сатыға көтерді. Абайдың сөздері, Ілияс айтқандай, «қиюынан қыл өтпейтін» нығыз болып, мағына мен сезімге толы болады. Абай «ескі бидің сөз қосарлап мақалдайтындығын» сынаса да, өзі де осы даналық сөздерді пайдаланбай қалған жоқ. Мақал – мәтелдерді қосып сөйлеу ойлы, шешен сөйлеудің амалы екендігін түсінген Абай өлеңдері мен қара сөздерінде қазақтың елу үш мақал, мәтелін пайдаланды. Әсіресе, Абайдың қара сөздерінде «Би екеу болсаң, Манартауға симассың, бас алқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің», «Өзін ар тұтқан жаттан зар тұтады», «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» мақалдар өзгеріссіз өз мағынасында қолданылған. Абай әр мақалды бұрынғының шешендері сияқты айтайын деген пікіріне дәлел ретінде қолданған. Г.Қосымова өз еңбегінде «Абайдың қара сөздері – стиль, мазмұн, сөз саптау жағынан әлдеқайда байы,ан, жетілген, жоғары сатыға көтерілген шешендік сөз», - деп атап тоқталған.

М.Әуезов шешендігі.

Заманымыздың заңғар жазушысы, ғұлама ғалымы, көркем сөздің киелі иесі М.Әуезов қандай ғылыми тақырыпқа қалам тартса да, жазушылық шеберлікпен толғады. Мысалы, қазақ әдебиеті тілі туралы айтқан ғылыми пікірінде М.Әуезов: «…Абай өзіндік көркем шығармаларын жазғанда, халқының өз тілімен жазды. Бар қасиетті, қадірлі нәрді, ажар кестені, толық сыпатты өз халқының тілінен табады. Бұл Абайдың өзгешелік, ірілік, классиктік сыпаты еді», - деп ойлы сөздерімен тоқталған. М.Әуезовтің лекция оқу шеберлігін сөз еткен ғалымдар оның шешендігін тамсана айтқан еді. М.Әуезовтің өз сөзімен айтсақ, «бүркітке тән талмайтын, самғайтын қанаты болған» М.Әуезов ғылым – білім мазмұнында лекция оқып тұрып шәкірттерін ләззатқа бөлеген. Қазақтың мемлекеттік университетінде М.Әуезовтен лекция тыңдаған З.Қабдолов «Мұхаңдай шешен адамды өз басым ғұмырымда көріп – білген емеспін. Мінбеде не кафедрада күркіреген өзенше тасып, яки толассыз сіркіреген ақ жаңбырша төгіліп тұрушы еді. Және бір кереметі – Мұхаңды енжар тыңдау мүлде мүмкін емес. Өйткені ол жазғанда ғана емес, ауызекі сөйлеген сөзде де ғаламат суреткер болатын. Алысқа шабатын жүйрік алдымен біраз кібіртіктеп барып көсіледі деседі ғой. Сол секілді, Мұхаң да басында біраз барлау жасағандай немесе неден бастауды ойлағандай, қайта – қайта іркіле беріп, тамағын кенеп, үзік – создықтау тұратын да бірер минуттан кейін нөсерлете жөнелетін. О, енді бітті! Енді сіз уақыттың откенін білмей қаласыз, шешеннің ой ағымымен жер – дүниені шарлап кете барасыз.. Шешендік шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан туатын нәрсе! Мұхаңның шешендігі ғұлама ғалымдығында жатыр» деп тамсанған.