Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

Мәдениет мәйегі.

Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой- сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң- сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту -рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі.

Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі.

Тіл табыса білу- өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті.

Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.

® Ауызекі сөйлеу мәдениеті

Сөз мәдениеті

® Жазба тіл мәдениеті

Ауызекі сөйлеу мәдениетінің де, жазба тілдің де бастау негізі- белгілі бір ұлттың ұлттық дағды- дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтық тіл.

Ауызекі сөйлеу тілі – бетпре- бет көріп отырған екі не одан да көп дамдардың өзара пікір алуысуы, түсінісуі.Сөйлесу кезінде жеке адам өзінің мінез- құлқын, бүкіл адамдық болмысын көрсетеді, сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттілік белгісі.

Пікір алысу, түсінісу сөз арқылы ғана жүзеге аспайды, бет- ауыз, қас- қабақ, қол қимылдары да қатысып отырады.Сөйлеуші айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіру үшін, тыңдаушының назарын аудару мақсатында дауыс ырғағын құбылта сөйлейді.сөздердің айтылу заңдылықтары сақталуы тиіс, бірақ адам жергілікті тіл ерекшелігіне сай халықтық нұсқаны қолдана сөйлейді.

Бұл айтқандардан ауызекі сөйлеу тілінің мынадай стильдік ерекшеліктері бар екендігі анықталды:

Қолдану аясы таныс кісілермен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

Сөйлеу мақсаты- қарым- қатынас жасау.

Өзіндік стильдік ерекшелігі:еркін, даярлықсыз өткізілуі, сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдануы, айтушының көзқарасы қолданған сөздерінен анық көрінуі.

Тідік құралдары: қарапайым сөздер, көңіл күйін білдіретін сөздар, сұраулы, лепті сөйлемдер, диалог, қыстырма, қаратпа сөздер.

Әңгімелескенде, сөйлескенде, пікір айтқанда сөздің де, мінездің де сыпайы болғаны дұрыс,сөйлеушінің сөзін бұзып, қарсылық білдіру ыңғайсыздыққа соқтырады.

Ең негізгі нәрсе- сөздің айтылу заңдылықтарын, сөзді орынды қолдануды сақтау, сөздік қордың мол болып, сөзді іріктей қолдана білу.

Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ойын жүйелі жеткізе алады. Ауызекі сөйлесуде тыңдау, сөйлеу мәдениеті басты орын алады, бұларды қалыптастыру – мәдениеттілік белгісі.

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назқарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс.

Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады.

Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек.Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек.

Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек.

Тыңдау екі түрлі болады :

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау.

Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1.Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау- әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.

5.

Сөз атасы – құлақ.

Сөзге құлақ қойып, тыңдай білуге де дағды керек.Абай ақылды сөзді кімнің қалай ұғатыны туралы былай деген: “Қарны тоқ аса маңғаз ұқпас сөзді, сөзді ұғар көкірегі болса көзді”. Кісіні тыңдай білу де – мәдениеттілік. Адамның аузы біреу, құлағы екеу болғандықтан, көп тыңдай білу керек. Сөйлей білу қаншалықты қажет болса, тыңдай білу де сонша керек.

Айтылған сөз атылған оқпен тең. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Бал тамиған тілден у тамар. Көп сөз- күміс, аз сөз - алтын. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың. Таза сөйлеу- биік мәдениеттілік. Көңілсіз құлақ- ойға олақ.