Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?

Предыдущая45678910Следующая

Шешендік-тек тарихи құбылыс қана емес,қоғамдық құбылыс.Түрлі тарихи кезеңдерде шешендік қоғамға қызмет етті.Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек,шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді қызмет атқарды.Шешендер жер дауы мен жесір дауын қозғаса да,түбі елдікке,бірлікке,теңдікке барып тірелді.Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері,ханға кеңесші билер,,қол бастаған батырлар болуы тегін емес еді.Немесе біз білетін шешендердің әрі би,әрі қолбасшы,әрі батыр,әрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі.

59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.

Саяси шешендер қоғамның экономикасын,әлеуметтік-саяси өмірін,мәдениетін,оқу-ағарту ісін,халықтың тұрмысын тілге тиек етеді.Шешен осы салалардағы деректерді пайдалана отырып,өтіп жатқан оқиғаларға қоғам мүшелерінің қатысын,пікірін,шешімін қатыстырып сөйлейді.Әлеуметтік,шаруашылық,мемлекеттік,саясаттық,тағысын тағы сияқты қоғамдық істерді түзеу,жаңалау,өзгерту мақсатымен халықты соған ұйытйп,миына қондырып,көңіліне сіңдіреді.Бүгінгі күндерде тәуелсіз жаңа қоғамның,жаңа саясаттың мәселелерін түсіндіруде,халықтың шаншылып қалған ой-санасын оятуда бұл аталған шешендіктің мәні үлкен.Әлеуметтік-саяси шешен әлеумет ісіне араласатындықтан,нақты деректермен ойын дәлелдей алатын жан-жақты дайындықты және айқын ұсыныстар жасай алатын аса білгірлікті қажет етеді.Ресмилік үн болуы,логиканың күштілігі,дәйектемелердің бұлтартпас мықтылығы,отаншылдық сезім маңызды. Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздер баспасөз құралдары арқылы жүзеге асады да,талқылау,пікір алмасу,үгіт-насихат айту сипатында келеді.Еліміздің егемендігі ең өзекті тақырып.Саяси шешендер қатарына президентіміз Н.Назарбаев,Әбіш Кекілбайұлы,Ш.Мұртаза,Ә.Нұршайықов,Т.Жұртбаев,Қ.Олжай,Қ.Салғарин,Ғ.Игісін сынды жазушы-журналистер,қоғам қайраткерлері,саяси шолушылар бар.

60. Шешендік сөздегі метафора(бейнелеу).Сөздердің ауыс мағынасы деп олардың ауыстырып қолданылуынан туындап тұрақтаған мағынаны айтамыз.Бірақ ауыстыра қолданудың бәрі бірдей мағына туғызады деуге болмайды.Жай ғана сөз қолдану ретінде қалуы да,болмаса тұрақты ауыс мағына алуы да мүмкін.Ауыс мағынадағы фразеологизмдер осы соңғы топқа жатады.Мыс:адамға тән адалдық,арамдық,мейірімділік,қатігездік,сараңдық,қорқақтық,мырзалық тәрізді қасиеттер бейнелі тіркестер мағынасынан көрінеді:ақ көңіл,қара жүрек,көңілі тар,жаны тәтті,т.б. Б.Хасанов:"Метафораның түп тамыры тілдің,сөздің туу тарихымен тікелей байланысты.Метафораны табиғаттың өзі сыйлаған,оларды қарапайым оқымаған адамдардың өздері де байқамай,сезбей қолдана береді.Адамзат алғашқы кезде нәрселерді толық түсіне алмағандықтан,негізгі мәніне емес,образын бере алатын ерекше әсер еткен бір белгісіне қарай атаған",-дейді.Хасановтың бұл пікірінен метафораның адамзаттың дүниені танып білуінің құралы болғандығын аңғарамыз. Мұны тілдің лексикалық құрамында ертеде-ақ қалыптасқан дәстүрлі метафоралардың молдығы көрсетеді.Тілімізде таныс заттарды ұқсатудан туған алғаш метафоралар кейінгі абстрактылы ойлаудан пайда болған метафораларға негіз болды.Қай шешендік сөйлеуді алсаңыз да пікір,ой жадағай,жалаң айтылмайды,түгелдей бейнелеуге(метафораға)құрылады.Бейнелеудің өзі тыңдаушының көңілін қозғап,санасына сәуле түсіреді,ойына ақыл қосады.Метафора(грекше-көшіру)-ауыстыру,суреттеліп отырған затты не құбылысты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау деген сөз.

61- 70 емтихан сұрақтары. Шешендік өнер Сатыбалдиева