- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Көне түркі шешендіГі
Қазақ шешендік өнерінің тарихы ежелгі түркі шешендігі мен көне түркі шешендігіненбастау алады. Өйткені халық тарихы, тіл тарихы, әдебиет тарихы 5-6 ғасырдың аясына сыймайды. Ешбір халық, ешбір ұлт тілі белгілі бір кезеңдерде ғана жасалып қоймайды, құрып та кетпейді, үнемі жаңару, толығу үстінде болады. Түркі халықтарына ортақ көне түркі әдебиеті мен мәдениетіне, сөз өнеріне Орхон ескерткіштері(7 ғасыр), «Қорқыт» (8 ғасыр), (Оғыз-нама( 9 ғасыр) сияқты жәдігерлержатады.
Алымдар Орхон ескерткішін түркі руларын басқарған Күлтегін, Білге, Тоныкөк тәрізді беделді бек-батырлардың басына қойылған құлпытастарға қашалып жазылған ерлік жыры деп таныды. Авторларын М.Жолдасбеков сол дәуірде өмір сүрген екі жырау-ақын – Йолдығтегін мен Тоныкөк деп қарайды. Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуы ескі қазақ тіліне өте жақын. Сөйлемі мен сөз тіркестері ұғуға жеңіл, қазақтың қазіргі сөйлеу тілінен көп алшақтығы жоқ. Ескерткіште шешендік сөйлеу үлгілері өте көп. Өз заманының білікті азаматы- Иоллығ-тегін де бір кездері әлемнің апшысын қуырған атақты Түрік қағанатының құлап, Қытай императорының қол астында бодандықта өмір сүріп жатқан кезін қайғырып, шешендік жоқтау етіп жазды. Кезінде жанашырың болып көрініп , ру-тайпа араларына жік салған, оларды іштен ірітіп, атыстырып-шабыстырып күш-қуатын алған қытайдың жегі құрт саясатының сұрқия сырын түсінген зерделі Йоллығ-тегін қағанаттың жеңілу себептерін тәптіштеп тізіп, бір сөйлем ішіндебірыңғай мүшелердің көп қатарлы тізбегін құрып, «ұқсайды, себепті» деген сөздерді бірнешерет қайталап қолданады. Сөйтіп әрбір сөйлемді бірыңғай формадағы сөздермен аяқтап отырады. Мұның өзі де шешендік тәсіл. Осы тәсіл арқылы оқиғалардың біріне екіншісі себеп болып жүзеге асқаны үдемелі ойдың желісімен жеткізіледі. Үдемелі сипаттағы сөйлеу стилінде, бір жағынан , ауызбіршіліктің жоқтығына ашу-ыза жатса, екінші жағынан, осы арқылы болашақ ұрпақты бірлікке шақыру идеясы жатыр. Күлтегін ескерткішінде шешен сөйлеу тәсілдерінің бірі- арнау. А.Байтұрсынұлы айтқандай, зарлай арнау отаншылдық сезіммен астарласып, халқына, әулетіне, ұрпағына, ақсүйек, әскербасшыларына арналады. Жырда мансап пен дүние опасыз, аңдыған жауға алдырар құрал екенін айтып, оның орнына елі мен жерін адалдықпен сүюге шақырады.Көне түркі ескерткіштеріндегі антоним сөздер негіз болып, шендестіруге құрылған мақалдар мен тұрақты тіркестер , эпитеттер мен ауыспалы мағынадағы балама сөздер –қазақтың лиро-эпостық жырларында да кездеседі. Мысалы, өлімнен ұят күшті, жоғарыда көк аспан, төменде бөз жер, басы барлар басын исін, тізесі барлар тізе бүксін, көрер көзім көрместей болды,білер блігім білместей болды т.б.
Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
⇐ Предыдущая45678910Следующая ⇒
|
|
|
Г.Қосымованың шешендік өнер ғылымына қосқан үлесі |
ГүлбануСейілбекқызыҚосымова (7. 11. 1954 жылытуған, Ақтөбеоблысы, Шалқарауданы, Көпмолаауылы) — тілбілімімаманы, филология ғылымыныңкандидаты (1991), доцент (1996). ҚазақтыңАбайатындағыпедагогикаинститутынбітірген (1977). 1977—1979 жылдары Ақтөбеоблысы, Шалқарқаласындағы №40 ортамектептемұғалім. 1980—1982 жылдарыАлматыдағыА. Пушкин атындағымемлекеттік кітапханада кітапханашыболыпжүріп, сырттай аспирантурада оқыды. 1983—1985 жылдарыАлМУ-дыңқазақтілі кафедрасында ағалаборант. 1986 жылданосында қазақтілі жәнеқазақтіліноқытукафедраларындаоқытушы, ағаоқытушы. Қазақтілітарихы, грамматикасы жәнеқазақ шешендік өнерісалаларындаеңбекетіпжүр. 24 ғылыми мақаласы жарықкөрді.[1]
|
Ақындар шешендігі |
Қазақ қоғамы үшін орны бөлек, еңбегі ерен, өмірі мен талантын халық үшін аянбай жұмсаған жауынгер ақын - Махамбет. Махамбет әдебиет тарихында жырау емес, ақын деген атпен танылды, сонда да ол жыраулық мектептен қол үзген жоқ.
Махамбет өлеңдерінің біразы тек толғау өлшемімен келіп қойған жоқ, ойдың берілу тәсілдері - психологиялық параллелизмдер, синтаксистік жарыспалы құрылымдар, ойды түйіндеп қайырып отыратын қайталама сөздер, басқы, соңғы, ішкі ұйқастар, дыбыстық үндестіктер ақын толғауларында орын алды.
Абай үшін өзіне дейінгі көркем сөз үлгі болмаса да, рухани азық болды. Терең логика мен поэтикалық көркемдікке құрылған шешендік сөздерден үйренді. Абайдың қара сөздері бастауын қазақтың осы шешендік өнерінен бастау алды. Сөйлем құрылысы өлең мен қара сөздің аралығында болып келген шешендік сөздер де ырғаққа құрылады. Өлеңге тән бастапқы ұйқас, соңғы ұйқас, ішкі ұйқастар қазақ шешендік сөздерін өлеңге жақындастырса, сезімнен гөрі келелі пікірге, түйінді ойға, терең логикаға құрылуы оны қара сөзге жақындастырды.
Сүйінбайөмір шындығын тап басып, батыл да бейнелі тілмен айта лаған болса, сындарлы да кемел шағында ол отты, өткір, көреген, ақпа ақын болғаны айдан анық. Оттылық, өткірлік, көрегендік, ақпалық қасиеттер дүлдүл шешенге тән қасиеттер.
|
Шешендік өнерді ғылым ретінде негізін қалаушылар кімдер? |
Шешендік өнердің зерттеліп ғылыми жүйеленуі ерте замандардан басталған. Мәселен, көне грек, рим дәуірінде бұл өнердің жеке пән ретінде оқытылып, теориялық тұрғыдан зерттеле бастағанын көреміз.
Антикалық шешендік өнер қақындығы алғашқы толыққанды мәліметті бізге Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңққа мемлекет және саясат қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған шешен ретінде бөленді.
Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы мен шешендік өнер ілімі пайда болды. Оның негізін Коракс, Лисий және Горгий салды. Коракс шешендік өнерге “Шешендік дегеніміз – нандырудың қызметшісі” – деп анықгама берді.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазыпқалдырмаған. Оныңфилософиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектеріндекөріністапқан. Сократ даналықсөздерінкөшеде, алаңдажиын-топқасөйлеп, айтыпотырған.
Сократтыңтәсілі — асқаншеберлікпентабылғансұрақ-жауапарқылықисындыәңгіме-дүкенқұру, сөйтіпкүрделі, ғибраттыойларөрбіту.
Софистердің риторика ғылымынасіңіргенеңбегінәдебиетшіғалымШешендікөнертеориясынаайтулыүлесқосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.
Шешендікөнертабиғатынжасайотырып, Аристотель риторика пәнініңауқымынөзінедейінгібұлмәселегеқатыстыкөзқарастарменсалыстырғандакеңейтетүсті. Аристотельдіңайтуынша, риторика жекелегенпәнніңарнасындақалыпқалмауыкерек. Олнандырудыңқұралы мен жолдарыншарттытүрдебарлықпәндердентабаалады. Осы қасиетіменолдәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайығылымдарданерекшеленеді.
КөнеГрецияныңмаңдайалдышешендерініңбірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Демосфен сөйлеу мен оныңтехникасыншегінежеткізді.
Цицеронныңшешендікөнерілімінеарналғанеңбектеріндешешенүшінсөйлеукомпозициясы, стилі, айшықтытілоралымдары, сөйлеудіңдыбыстықжағы, артистікқасиетсияқтытәлімалатынкөптегенжақтарқамтылған.
|
Әл-Фарабидің шешендік жайындағы ой-пікірлері |
Жалпы шешендік өнер туралы философ-шешен әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігіне тоқталған. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдары Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты дау- дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікірсайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айтқан шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы, көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдап түсіндіреді.
Пікірсайысында шындықты іздеп табуды, ақиқатқа көз жеткізудің тәсілі ретінде Платон айтқан диалектиканың маңызы зор екенін көрсетеді.
Қайырымды қала ұғым түсініктерінде әл-Фараби қайырымды қала бес түрлі адамдардан тұрады деп, ең құрметті адамдарға даналарды, пайымдағыштарды, маңызды істе беделді адамдарды, солардан кейін шешендер мен діни қызметкерлерді, сөзге шебер ақындарды жатқызады. Әл- Фарабидің айтуында даналар мен пайымдағыш шешендерде болатын ақыл парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Әл-Фараби этикасының ең жоғарғы категориясы – бақыт, өйткені ең жоғарғы игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Қоғамды жетілдіру арқылы адамдарды бақытқа жеткізетін өнерді логика өнері деп таниды.
|
Грек тарихындағы Салон заңы мен қазақ қауымындағы Жеті жарғы заңының үндестігі. |
Ірі реформалардың бірі «Жеті жарғы» заңының қабылдануы. «Жеті жарғы» заңы үш жүздің төбе билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті. «Жеті жарғы» аталуы «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына (мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы) тағы да екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заңның қосылуынан еді. Хандық билік едәуір нығайды. Тәуке өзінің саясатын билер мен батырларға сүйеніп жүргізді. Тәуке хан билер кеңесі арқылы халыққа иек артты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін нығайтты. Өз кеңесінде халық көкейіндегі маңызды мәселелерді: көш қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланған.
|
Аристотель еңбектерінің мәні |
Аристотель сөйлеу өнеріне қатысты бірнеше еңбектер жазды. Ол «Риторика» трактатын оқу құралы мақсатында емес, аналитикалық шығарма ретінде жазды. «Риторикада» сөйлеудің түрлері, стиль мәселелері қарастырылды. «Поэтикада» көркем сөздің түрлері, «Аналитикада» сөз таным құралы ретінде қарастырылды. Аристотельдің «Риторика» трактатында көпшілікке арналған классикалық сөздің түрлері мыналар: тағылым сөз, соттағы сөз, өсиет сөз. Аристотельдің шешендік өнердің ең басты табысы – сөйлеудің анықтылығы мен түсініктілігінде екендігін айтты. Ол ойын стильге қатысты дамытып, стильдің негізін дұрыс, көркем сөйлей білу құрайды деп көрсетті. Шешендік сөздің мазмұны мен әсерлілігі, ықпалдылығы Аристотельдің «Риторикасында» қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа байланысты қарастырылды. Аристотельдің көзқарасынша, қоғамдық мемлекеттік құрылыс ең алдымен қоғамның сөзбен ұйымдасуы. Сонымен қатар, ғалым шешендік сөздің түрлерін аудиторияның құрамына қарай, мақсатына қарай сөйлеу түрлерін , шешеннің әдебі секілді критерийлерін айқындап берді.
|
Шешендік сөздердегі көріктеу құралдары. |
Сөздің таза, дұрыс, анық, дәл айтылуының үстіне, лебіз көрнекті, көркем болуы тиіс. Шешендік сөз қашанда көркем, осы қасиетімен ол көпшілікті қызықтырады. Шешендік сөздің мәнерлілігі сөз етіп отырған зат, құбылысты, ұғым, түсінікті айқын, дәл сипатталуынан көрінеді. Шешендік сөздердегі көріктеу құралдары: көріктеу (эпитет), теңеу, бейнелеу (метафора), алмастыру (метонимия), бернелеу (символ), әсірелеу, мегзеу (синекдоха).
Көріктеу (эпитет)-бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқысы келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту. Мыс., Алтын ұяң отан қымбат, Құт берекең атаң қымбат.
Шешендердің көркем ойлауының, дүниетанымының ұлттық ерекшелігі теңеуден көрінеді. Теңеуде екі жағдай салыстырылады. Мыс., көңілі білімсіздің құмдай болар, құйса ада дария тасып жымдай болар.
Сөздердің ауыс мағынасы деп олардың ауыстырып қолданылуынан туындап тұрақтаған мағынаны бейнелеу деп айтамыз. Мыс., ашу дұшпан, ақыл дос, көп сөз көмір, аз сөз алтын.
Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту алмастыру деп аталады. Мыс., алысым жақын болды, тәттім шырын болды.
Бейнелеу бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, амалын екінщі нәрсенің мысалында көрсетіп айту. Мыс., адам аяғының тұзағы бала шаға.
Әсірелеу бір нәрсені не кемітіп, не асырып айту. Мыс., жорғаңыз да дүлдүл ғой, көздің жауын арбайтын.
Мезгеу бір ұғым орнына екінші ұғымның айтылуы. Мыс., Халық жүдеп, іш азбас.
Әсерлеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтады.
|
Діни шешендіктің тілдік белгілері. |
Діни мазмұнді шешендікке құран сүрелері, діни уағыздар, діни мейрамдарда халыққа қаратылып айтылатын тілек сөздер жатады. Қазір халқымыз дінге жаппай бет қойғанда, діни шешендіктің қолданылатын орындары көбейді. Құрандағы сүре жолдары түгелімен риторикалық сұрақтардан тұрады. Риторикалық сұрақ сезім, тебіреністен туындайтыны, сөйтіп оқырмандарына әсер етуді көздейдіні белгілі. Сүре жолдарында адамшылықты, бірлікті, махаббатты білдіретін ойлар бірыңғай сөйлем мүшелерімен келіп отырған. Бірыңғай сөйлем мүшелерімен сөйлеу әдісі мазмұнға тереңдік, ойға үдетпелік, тілге көркемдік сипат беретіні белглі. «Құран Кәрімнің» тіліндегі көркемдік қуатты үн, ой айқындылығы, ыңғайлас салалас пен шартты, қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас құрмаластардың жасалу жолдарынан, бұйрықты сөйлемдердің қатысуынан, қаратпа сөз бен демеулік шылаудың қолданысынан, риторикалық сұрақтардан көрінеді.
|
Ақын-жыраулар толғауларындағы шешендік тәсілдер. |
Қазақ ақын жырауларына тән қасиеттер: олар көбінесе елдік мәні үлкен, келелі мәселелердің тұсында халық пен ханға бірдей ақылшы, көргені мен білгені көп кемеңгер ойшыл ретінде көрінеді, айтпақ ойларын толғау түрінде философиялық, дидактикалық түйіндер арқылы, психологиялық параллелизмдер негізінде, асқақ рухта жеткізеді.
Сыпыра жырау сөзінің өткірлігі – қайталанақолданған қаратпа сөздің екпінінде, шартты мәнде жұмсалған құрамалас сөйлемнің риторикалық сұрақпен қайырылуында.
Асантолғауларындағы шешендік тәсіл – психологиялық, синтаксистік паралеллизмдер.
Қазтуған шешендігі – толғауларын өз атынан, І жақта баяндау шеберлігімен ерекшелінеді.
Бұхар жыраудың шешендігінде -адамдарға таныс құбылыстарды қатар суреттеу арқылы ой түсіріп, қоғам, тіршілік туралы түйін жасайды.
Махамбетте ойдың берілу тәсілдері – психологиялық параллелизмдер, синтаксистік жарыспалы құрылымдар, ойды түйіндеп қайырып отыратын қайталама сөздер, басқы, соңғы, ішкі ұйқастар, дыбыстық үндестіктер.
|
Соттағы шешендік нені құрайды? |
Сотісіндегі шешендік қазір қалыптасып болды деп айта аламыз. Қазақ тілі еліміздің Конст. Мемлекеттік тіл болып қалыптасқанан бері қарай сот істері де қазақшалана бастады. Айыптаушы, қорғаушы, бітім айтушылардың қай- қайсысы да адам тағдырына араласатындықтан, жалпылама сөйлеп жайбарақат қала алмайды, тыңдаушы қауымға сөзбен ісер етуді мақсат етеді. Сол себепті мұнда қорғаушының да, айыптаушының да келтірген дәлелдері мен сөйлеген сөздеріндегі сөз оралымдары маңызды рөл атқарады.
Сотта қолданылатын шешендік монолог әрі диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істердің бәрі мұндай шешендіктің тақырыбы бол алады. Сонда «сот ісіндегі шешендік» деген атау біршама жалпы сипатта қолданылады: тікелей сот процесіндегі үкім шығаратын судьяларға әсер етуді көздейтін шешендік және сотта тезірек қаралуға түрткі болатын баспасөз бетіндегі айыптауларға негізделген шешендік, айыпкерге үкімі шығарылып, сот процесі аяқталғаннан кейінгі халыққа жария болған тәрбиелеу мақсатындағы шешендік.
