Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.

 

Шындықты танып білудің нәтижесінде адам жаңа білім алады. Адам дүниені сезімдік таным арқылы танып біледі,бұған да ақыл-ой қатысады. Бірақ сезім мүшелерінің дүниетану мүмкіндіктері шектеулі. Себебі өтіп кеткен заттар мен құбылыстарды сезім мүшелері арқылы танып біле алмайды; сондай-ақ нәрселердің ішкі мәнін, заңдылықтарын танып біле алмас еді. Адам болмысты ойлаудың нәтижесінде қабылдаған ойқорытындысы арқылы жете тани алады. Адамзат, тіршілік, өмір т.б. туралы білімдердің көпшілігі абстрактылы ойлаудың бір формасы – ойқорытынды арқылы алған білімдер.Олар тіл арқылы біреуден біреуге жетіп отырады.Біз өзімізді қоршаған дүние туралы білімді ҰҒЫМ; ПАЙЫМДАУ, ПІКІР; ОЙҚОРЫТЫНДЫ формасында тұжырымдаймыз. Бұлар – дүниетанудың құралы болып табылыады. Ұғымдардың логикалық байланысынан пайымдау(пікір(() құрылады.. Ал пайымдаулардың өзара байланысынан ойқорытынды құрылады. Би-шешендер өмірден көріп-танып білгендерін пікірлей отырып, содан ойқорытындысын шығарып отырған.Мысалы: Әнет бабаның Төле балаға шыбықтарды сындыру арқылы бірліктің мәнін түсіндірген шешендігі.

Кейде шешендік сөздерде ойқорытындысы берілмейді.Ойқорытындысын шығаруды шешен тыңдаушы көпшіліктің өзіне қалдырады.Мысалы диханның Төле биден тарыны қандай жерге ексем мол өнім аламын деген сұрағына Төле бидің: Тары өз жаулары – құрт-құмырсқа, тышқан, торғайы көп жерге жақсы шығады деп жауап беруі.БҰл жерде шындық ой ғана берілген, бірақ сайын шыңдала береді.Мұндай айтылмаған ойқорытындыны қысқартылған силлагизм немесе энтитема деп атайды. Шешендер өмірді танып білуде ойқорытындының аналогиялық түрін де кең қолданған. Яғни екі нірсенің кейбір белгілерінің ұқсастығынан бір нәрселердің басқа белгілерінің ұқсастығы туралы ойқорытынды.Мысалы: Бала би қартайған шағындаелінің игі жақсыларымен кеңесңп отырып : «Жерден ауыр не, судан терең не, көктен биік не?»- деп сұраған екен. БҰҒАН ЕШКІМ ДҰРЫС ЖАУАП БЕРЕ АЛМАПТЫ. Сонда Бала бидің өзі: Жерден ауыр дегенім –ақыл-білім,

Судан терең дегенім –оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім –адамның өмірі,

Көктен биік дегенім –тәккапардың көңілі, -деген екен.

Бұл жерде шешен табиғат пен адам болмысын салыстыра зерделеп, адам мүмкіншілігінің өлшеусіздігі деген ойқорытындысын шығарады.

 

Шешендіктегі экспрессивтілік

Предыдущая2345678Следующая

Адамзаттың жан дүниесінің бар толғанысы, ішкі әлемінің сан алуан жағдайы, реніші мен күйініші, қуанышы мен сүйініші сөз арқылы сыртқа шығады, сөз арқылы өзгеге жетеді. Сөйлеу әрекетін жүзеге асыратын − тілдің коммуникативтік, сигнификативтік және экспрессивтік қызметі. Қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдің қызметі тіл білімінде тілдің коммуникативтік (латынның «қатынас», «байланыс» деген сөзінен алынған) функциясы деп аталынса, ал ойлауды жеткізуші құрал ретінде тілдің экспрессивтік (латынның «сөйлемше» деген сөзінен алынған) функциясы атқарады. Тілдің мұндай ерекше функциясы ғалымдар назарын аудармай қойған жоқ. Т.Қордабаев: «Тілдің қатынас құрал болу қызметі коммуникативтілік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтілік деп аталады» деп көрсетті . Демек, тілдің экспрессивтік функциясы дегеніміз − сөйлеушінің эмоционалдық жағдайының тілдің мәнерлік құралдарының көмегімен сыртқа шығу мүмкіндігі, сан алуан жағдайлар мен айналадағы құбылысқа деген оның субъективтік көзқарасы. Сөздік тілімен айтсақ: «Экспрессия (латынша expressio - оралым, мәнерлілік, ағылшынша expression, expressiveness) − сезімнің, көңіл-күй әсерлерінің тілдік мәнерлік құралдарының көмегімен көрінуі . Экспрессивтік амалдар мәнерлілікті, бейнелілікті күшейту үшін қызмет етеді. Экспрессивтілік жалпытілдік категория ретінде тілдің барлық жүйесін қамтиды және ортақ тілдік заңдылықтардың белгілі бір шектеулеріне қарамастан, мұның жеткізілу жолы көп қырлы, мейлінше жан- жақты. Сөзді «мірдің оғына» балаған қазақ халқы ежелден-ақ жүйелі сөзге жете мән берген. Халқымызда тіл қарым-қатынастық құрал болумен ғана шектелмей, әлеуметтік мәні бар қоғамдық қызметті де атқарған. Теориялық тұрғыдан толық жүйеленбегені болмаса, қазақ тілі ғасырлыр бойы өзінің экспрессивтік қызметін жетілдіріп, сөз зергерлері тарапынан өңделіп, жаңа бояулармен қанығып келеді. Ойлауы дамымаған адамның сөйлей алмайтынындай, сөздің қатысуынсыз ойлау да мүмкін емес. Олай болса, тіл адамзат тарихының ең алғашқы күнінен- ақ бар деп батыл айта аламыз. Жазбашамен салыстырғанда ауызша сөйлеуде адам ойы әлдеқайда анық, түсінікті жеткізіледі. Себебі ауызша сөйлеуде сөзбен қатар ойды жеткізуге қызмет атқаратын қосалқы элементтер бар. Дауыс ырғағы, беттегі әртүрлі эмоция, қолдың түрліше қимылы мен көз жанарының тыңдаушыға ойды жеткізуде атқарар рөлі орасан зор.