Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.8 Кб
Скачать

Риторикадағы ойлау заңдары

Предыдущая2345678Следующая

Көпшілікті ұйытып, бір нәрсеге жұмылдыруды мақсат ететін шешендердің сөйлеу әрекетінде тауып айтушылық айқын ойлаудан туындайды. Ойы айқын шешеннің сөзі де өткір болмаө. Ойдың нақтылығы алдымен сөз етіліп отырған нәрсенің маңызды белгілерін дұрыс айқындаудан қалыптасады. Тауып айту – ойлау заңдарын жетік білудің жемісі. Ойлау заңдары: тепе-теңдік заңы, қайшылық заңы, үшіншісі жоқ заң және жеткілікті негіз заңы. Осы заңдар дұрыс ойлаудың негізгі сапаларын, яғни біздің ойымыздың анықтығын, қайшылықсыздығын, дәйектілігін және негізділігін білдіреді. Ойлау заңдары – дұрыс ойлаудың негізгі шарты. Ойлау дұрыс болу үшін, ол аса дәл, анық, дәйекті болып,пікір тақырыбынан ауытқып кетпеуі керек.Және ойлауда екіұштылық пен логикалық қайшылықтар болмауы тиіс.Ойлаудың дәл, анық болуы деген не? Болмыстың кейбір құбылысы туралы пайымдай отырып, сөз етіп отырған нәрсені басқа нәрсемен ауыстырмау, әр түрлі ұғымды араластырып жібермеу, сөйтіп екіұштылыққа жол бермеу. Яғни белгілі бір пайымдауда , пікірталаста әрбір ұғым бір мағынада ғана қолданылуы қажет, яғни өзіне-өзі тең болуы тиіс. Мұны логикада теп-теңдік заңы дейді. Осы заңды сақтау , әсіресе , тілдегі көп мағыналы сөздер мен омонимдерді пайдаланғанда қажет. Сөзге қосылған әрбір жаңа мағына әрбір сөзддің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінен , түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Шешендік сөздерде әдетте,көп мағыналы сөздердің ауыспалы мағыналары қолданылады.Сөздің бастапқы тура мағынасы тілде орнығып, әбденбелгілі болғандықтан, ол шешендік тілдесімде пәлендей ой түсірмейді.

Сөздің ауыспалы мағынасы ақыл-ойға әсер етіп,жаңа білім береді, дүниетанымды кеңейтеді. Логикадағы тепе-теңдік заңы сөздің ауыспалы мағынасын қандай жағдайда және неге қатысты айтылу керектігін дәл анықтап қолданудан көрінеді. Сөзді белгісіне қарай орнымен жұмсамаған жағдайда , сол сөз дау туғызуға дейін барады. Шешендік өнерде логиканың жеткілікті негіз заңы маңызды рөл атқарады.Материялық дүниедегі әрбір құбылыстың негізі болады, әрбір нәрселер мен құбылыстар өзара байланысты.Осы байланыстар адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрде бейнеленеді. Әрбір ақиқат ой дәлелді болуы тиіс. Шешендіктану ғылымы да пікірлердің шынайылылығын дәлелдейтін негіздердің болуын талап етеді. Мұндай негіз ретінде адамның өмірлік тәжірибесінен алынған деректер қолданылады. Көп жағдайда адамдардың іс-әрекетінде талай рет дәлелденген ереже мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, тұрақты образдар қолданылады. «Жаман дос –көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» дегенде Абай халық ұғымында бірі шуағы мол жарқын күндерді, екіншісі уайымға толы қайғылы сәттерді білдіретін «күн, бұлт» сөздерін образды пайдаланып, жаман достың көлеңке екенін дәлелдейді.

Ойдың дұрыстығын дәлелдеу үшін келтіретін пікірлерді логикалық негіз дейді.Логикалық негіз болмыстағы құбылыстардың дұрыс бейнесі болса ғана, жеткілікті негіз бола алады. Аристотель ашқан жеткілікті негіз заңының шешндік өнерде аса зор теориялық және практикалық маңызы бар. Жұртшылықты өздерінің айтқандарының ақиқаттығына сендіру керек болатын әрбір жағдайда сол айтқандарын дәлелдеу керек болады. Пікірді дәлелдеу дегеніміз – оны негіздеу деген сөз, яғни жеткілікті негіз ретінде өмір тәжірибесінде дәлелденген, ақиқатқа жататын басқа пікірді келтіру.