- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
Қазақ шешендік өнерінің бастауы А.Байтұрсыновтан бастау алады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Мәметова, Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациялар қорғады. Қазақ шешендіктану ғылымында шешендік өнер мен шешендік сөздің ұғымдық айырмасын ашып, анықтама берген ғалым-Р.Сыздықова. 1987 жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі» деп аталатын кітапта шешендік өнердің сөзге шеберлік екендігін ұғындырып, оны шешендік деген атаумен атауды ұсынған. Одан әрі шешнедік өнерді әдеби тұрғыдан қарастырып, шешендік сөздерді жинақ етіп құрастырған Б.Адамбаев болды.
Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
⇐ Предыдущая12345678Следующая ⇒
|
|
11. Шешендік сөздің құрылымдары.Көпшілік алдында сәтті сөйлеп шығу үшін, материал жинау жеткіліксіз, ол материалдарды қалай орналастыруды ойлау керек: негізден бастау керек, қалай жалғастырған дұрыс, немен аяқтау қажет, аудиторияны жалықтырмай, сөзді аяғына дейін тыңдатудың қандай амалы бар дегенді ойластыру үшін, сөйленетін сөздің құрылымын түзу, сөздің жүйесін анықтау маңызды. Көркем шығарманың барлық элементтерінің басын қосып, оны тұтастай ұйымдастыруда композицияның рөлі ерекше. Композиция дегеніміз – құрылымдық реттілік, элементтер мен тілдік тұлға-бірліктердің белгілі бір тізбек бойынша ұйымдасуы. Шешендік сөздің құрылымын түзуде алдын-ала жоспар құру қажет-ақ. Жоспар дегеніміз – мазмұнның қысқаша бағдарламасы, жинақталған, содан кейін сұрыпталған матералдардың орналасу тәртібі.Жоспар жасап алғаннан кейін шешен сөйленетін сқзінің құрылымын түзеді. Ауызша және жазбаша сөйлеудің ең көп таралған құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Әрбір бөліктің өзіндік ерекшелігі бар. Ғалымдардың айтуынша, сөйлеудің басы мен аяғы көпшіліктің есінде жақсы сақталады, сондықтансөйленетін сөздің кіріспесі мен қорытындысына ерекше көңіл бөліну керек. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тыңдаушылар үшін маңыздылығы, айтылу мақсаты атап өтіледі.Негізгі бөлімде материалдың негізі беріледі: мазмұны түсіндіріледі, дұрыстығы дәлелденеді, ұсынылатын идеяға көз жеткізіледі, басты-басты сауалдарғв жауап беріледі. Қорытындыда шешен кіріспеде айтылған мақсатқа қайтып оралады, негізгі айтылған ойлардан түйін шығарады, тыңдаушының алдына нақты міндеттер қояды.
12. Апресянның шешендік өнер жайындағы еңбегінің мәні.Шешендік - тек тарихи құбылыс қана
емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи кезеңдерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнерді зерттеп, окулық жазған Г.З.Апресян қазіргі шешендікті мазмұнына қарай былайша бөледі: 1) әлеуметтік-саяси мәндегі шешендік; 2) академиялық шешендік; 3) сотта айтылатын шешендік; 4) әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік; 5) діни қызметте қолданылатын шешендік. Сондықтан әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес. З.Г. Апресянның осы пікірін бұдан 40 жылдай бұрын қазақтың ғұлама ғалымы А. Байтұрсынұлы айтқан еді. Ғалым шешендік сөздерді бес түрге бөледі: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде – саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері – билік шешен сөзі деп аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошаметпен сөйлеген шешеннің сөзі – қошамет шешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені – білімір шешен сқзі деп аталады; д) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі – уағыз деп аталады.Осылайша шешендік сөздерді Байтұрсынұлы мен Апресянның жіктеулері мазмұндық-тақырыптық жағынан соншалықты сәйкес. Байтұрсынұлының шешендік сөздердің түрлеріне берген атаулары қазақ шешендік сөздерінің табиғатына үйлестіріле, қазақ ұғымына лайықталып, көркем түрде берілген.
13. Шешендік сөздердегі уәж.Көпшілікті ұйытып, бір нәрсеге жұмылдыруды мақсат ететін шешендердің сөйлеу әрекетінде тауып айтушылық айқын ойлаудан туындайды. Ойы ақын шешеннің сөзі де өткір болады. Ойдың нақтылығы алдымен сөз етіліп отырған нәрсенің маңызды белгілерін дұрыс айқындаудан қалыптасады. Керек емес нәрсені айтқан шешеннің сөзін ешкім тыңдамайды.Көпшіліктің көңілінен шығатын жайттарды жеткізген шешеннің сөзі әрқашан бағаланып отырған. Тауып айту – ойлау заңдарын жетік білудің жемісі. Ойлау заңдары: тепе-теңдік заңы, қайшылық заңы, жоқ заң және жеткілікті негіз заңы. Ойлау дұрыс болу үшін, ол аса дәл, анық, дәйекті болып, пікір тақырыбынан ауытқып кетпеуі керек және ойлауда екіұштылық пен логикалық қайшылықтар болмауы тиіс.Сөзді белгісіне қарай орнымен жұмсамаған жағдайда, сол сөз дау туғызуға дейін барады.
14. Орта ғасыр түркі шешендігі.Басқа түркі халықтары сияқты қазақ халқының тарихына қатысты орта ғасыр жазба мұралары қазақ шешендік сөздерінің қалыптасуында елеулі рөл атқарған. Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар жан-жақты энциклопедист ғалымдар, философтар болумен қатар, тіл өнерінің жетістіктерін меңгерген дарынды шешендер болғандығы мәлім. Батыс пен Шығыс ғалымдары жетістіктерін ұштастырған кемеңгер ғалым Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған әл-Фараби де заманында талантты да білімді , шешен тілді ақын болған. Әл-Фарабидің өлеңдерін оқып отырып, ақынның ұшқыр ойын, шалқар шабытын, жүректі тербер нәзік сезімін, афоризмге толы шешен тілін байқауға болады. Орта ғасыр түркі шешендігіне тиесілі шығармалардың қатарына Қарахандар мемлекеті дәуірінде Жетісуда жазылған екі түрлі жазбаны – Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» мен М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты сөздігін жатқызуға болады. Сонымен қатар А. Иассауидің «Диуани хикмет» атты кітабының, Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегінің , С. Сарайидің, Құтыптың нақыл сөздерінің де орны ерекше. 15. Әлеуметтік- саяси шешендіктің белгілері.Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздер қоғамның экономикасын, әлеуметтік саяси өмірін, мәдениетін, оқу-ағарту ісін, халықтың тұрмысын тиек етеді. Шешен осы салалардағы деректерді пайдалана отырып, өтіп жатқан оқиғаларға қоғам мүшелерінің қатысын, пікірін, шешімін қатыстырып сөйлейді.Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөз әлеумет ісіне араласатындықтан, нақты деректермен ойын дәлелдей алатын жан-жақты дайындықты және айқын ұсыныстар жасай алатын аса білгірлікті қажет етеді. Әлеуметтік-саяси мазмұнды сөзде ресмилік үн болуы, логиканың күштілігі, дәйектемелердің бұлтартпас мықтылығы маңызды рөл атқарады. Саяси шешендер қатарында тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті, шебер дипломат, білгір саясаткер, жан-жақты білім иесі – Н. Назарбаевты атауға болады. Елбасы ретінде қоғамдық өмірдің қай саласында сөз алса да, терең білімділік танытып, өрелі ой иесі екендігін анық аңғартады, бейнелі сөздермен, мақал-мәтелдермен, фразеологиялық оралымдармен әрлеп, астарлап сөйлеп, қазақ тілінің мол байлығын жетік меңгерген сөз зергері екендігін танытады. Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздерге:
n саясат сөздері;
n әскери патриоттық сөздер;
n конференция митингідегі сөз;
n дипломатиялық сөз;
n парламенттегі сөздер жатады.
Саяси-әлеуметтік тақырыптарды толғана жазып жүрген шешендеріміз баршылық. Олар: Ш. Мұртаза, Ә. Нұршайықов, Т. Жұртбаев, Қ Олжай т.б,
16. Шешендік сөздердің тарихи мәні. Қазақ шешендік өнерін көнелендіру, оның тарихын сонау ежелгі сақ, ғұндарға қатысты әңгімелерден, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінен бастау үрдісін көтеру – маңызды мәселе. Орхон, Енисей, Талас, оның бер жағында орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бәрі – біз үшін ортақ дүние. Шешендік өнер халықтың қоғамдық, әлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайына байланысты дамып, кемелденіп, марқайып отырған. Осыған орай оның дамуы кейде қарқындап, кейде бәсеңдеп, қоғамдық қызметінің шеңбері кейде кеңейіп, кейде тарылып отыруы мүмкін.
Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы сол халықтың әдеби тіліне қатысты болуы мүмкін.Бұл қатыстылық шешендіктің әдеби тіл байлығы арқылы жүзеге асатындығынан туындауы қажет. Тарихымызда әдеби тілдегі шешендік ауыз әдебиетіміз, авторы белгілі жазба мұраларымыз, билер сөзі, ақын-жырау шығармалары арқылы көрінеді.
Сондықтан шешендіктің тарихын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымы мен тарих ғылымын ұштастырып зерттеу қажеттігі туындайды. Өйткені қазақ шешендік өнерінің жеткен шыңы мен басып өткен жолының қыр-сырларын тек әдеби тілдің тарихын сөз ете отырып, тарихи тұрғыдан қарастырғанда ғана дұрыс тани аламыз. Шешендік өнер сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, экономикасымен, саяси-әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.
