- •Көне түркі жазбалары.
- •Сөз мәдениетінің орны.
- •Мәдениет мәйегі.
- •Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
- •Қарым- қатынас түрлері.
- •Сәлемдесу- сөз басы.
- •Іскерлік әңгіме.
- •Шешендік өнер тарихы.
- •Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
- •Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
- •1 Кесте. Тілдік варианттылықтың сандық көрсеткіштері
- •Шешендік өнері туралы түсінік
- •Шешендік сөз тарихы
- •Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.
- •Ерекшеліктері:
- •57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.
- •Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
- •Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
- •Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
- •Азақ шешендік өнерінің бастау арналары?
- •Леуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендіктер
- •Риторикадағы ойлау заңдары
- •32. Шешендік сөйлеудегі ойқорытындысы.
- •Шешендіктегі экспрессивтілік
- •Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесі
- •Монологтық сөйлеу.
- •Көне түркі шешендіГі
- •Азақтың би-шешендерінің шешендік өнердің дамуындағы рөлі
- •Академиялық шешендікке қандай мазмұндағы шешендік жатады?
- •Лем тарихында айтулы шешендердің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атақты қолбасылар, философтар болуы неліктен?
- •59. Саяси шешендердің бүгінгі қоғамдағы рөлі.
- •Сырым шешендігі.
- •Шешендік сөздердегі теңеу
- •С.Негимовтің шешендік өнер туралы пікірлері.
- •Кекілбаев шешендігі.
- •Абай шешендігі.
- •М.Әуезов шешендігі.
- •Махамбет шешендігі.
- •Саясат шешендігі.
- •Сұрақ. Ресейдегі шө қалыптасуы
- •Сұрақ. Қытай шешендік өнерінің әлеуметтік сипаты
- •Сұрақ. Үнді шө- нен түркі шө-нің айырмасы мен ортақтығы
- •Сұрақ. Монологтық сөйлеу
- •Сұрақ Шешендік сөз тағылымы
- •Сұрақ Ғылыми диалог
- •Сұрақ Оқу-ағарту диалогы
- •Сұрақ Іскерлік диалог
- •Сұрақ Шешен бейнесі
- •Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі
- •Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Шешендік өнер, шешендік сөз терминдері нені білдіреді?
«Шешендік өнер» деген терминнің өзі әу баста латын тілінен алынып, «әдемі, сенімді сөйлей білу қабілеті» деген мағынада жұмсалады. Әдемі, сенімді сөйлей білу қабілеті шешеннің сөз таңдау, сөз тіркестерін әдемі, әуезді, әсерлі құру, бейнелегіш-суреттегіш құралдарды шебер қолдану дағдыларынан қалыптасады.
Шешендік сөз дегеніміз тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан оқиғаны жанды суреттей көз алдына алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз. Шешендік сөз көпшілікке қаратып айтылады, шешендік сөздер қара сөзбен де, поэзия түрінде де келе береді.Шешендік сөздердің өзіне тән тілдік-көркемдік белгілері болады, сол белгілер көшілікке қарата айтылған сөздерді ойға түрткі, сезімге қозғау салатындай көрікті де әсерлі етеді. Бұл белгілерді сақтаған кез келген сөйлеушінің сөзі шешендік болып табылады.
Шешенді өнердің қалыптасуы, зерттелуі?
Шешендік өнердің қалыптасуы ежелгі грек, рим шешендігінен бастау алады. Ежелгі грек, рим шешендігінің атауы-риторика. Риторика мәселесі Платонның «Горгий» деп аталатын еңбегң мен Аристотельдің «Риторика» деген трактатында берілген. Платон шешендікті өз-өзіңді дамытуға үйрететін ілім ретінде ептілік, шеберлік, іскерлік деп таниды. Шешен сөйлеу шеберлігі зайырлы қоғамда өте-мөте қажет. Шешен сөйлеу-көпшілік жағдайда өз мүддеңді қорғау үшін де немесе өз ұсынысыңды көпшілікке дәлелдеп, олардың қолдауына ие болу үшін қажет өнер. Шешендік өнер ежелгі қытайда да дамып, өркендеді.Қытайлық шешендер филосоятар болды. Философ шешендер медицина, математика, астрономия, тарих, әдеп, болжаушылық ғылымдарын меңгеріп қана қойған жоқ, поэзияны оқып-үйренуге ұмтылды. Одан әрі шешендік өнер ежелгі үнділерде қалыптасты. Одан кейін Ресейде қалыптасты. Ресейдегі шешендік өнердің үлгісі ретінде М.В.Ломоносовтың «Краткое содеражние к красноречию» деген еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте риорика-сөзбен берілген ойлардың қиюын тауып құрастырылуы туралы ғылым, қызыл сөз ретінде айтқанда ол-ойды жеткізі мен орналастырудың құралы.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Н.Назарбаев шешендігінің қоғамдық-әлеуметтік мәні?
Н.Назарбаев Елбасы ретінде қоғамдық өмірдің қай саласында сөз салса да, терең біліміділік тантып, өрелі ой иесі екендігін анық аңғартады, ағынан жарылып, ақ жүрегін жайып салады, бейнелі сөздермен, мақал-мітелдермен, фразеологиялық оралымдармен әрлеп, астарлап сөйлеп, қазақ тілінің мол байлыған жетік меңгеген сөз зергері екендігін танытады. Жан-жақты білімді, көреген Елбасы «Қалың елім, қазағым» деген кітабында жүрекжарды пікірін былайша өрбітеді: «Шөп шыққан жеріне шығады» дейді аталарымыз. Біздің қазақ – қаншалықты «мың өліп, мың тірілсе де», өзін-өзі сақтап қала алған халық, өте талантты халық. Мен айтар едім: Өліге де, тіріге де бар жанымен беріліп, қызмет көрсететін мұндай халық – ер мінезді, көңілді де, қолы да ашық халық – дүние жүзінен табыла қояр ма екен? Н.Назарбаетың сөйлеген сөзі небір теңеулер мен айшықты эпитеттер мәтіннің көркемдік қуаты оқыған ешбір адамды бей-жай қалдыра алмайды. Осы бір арнау сөздің шынайылығы шөп шыққан жеріне шығады, береке басы – бірлік, деген мақал-мәтелдер мен мың өліп, мың тірілген, ер мінезді тәрізді толып жатқан фразеологизмдердің қатысымымен жарқырап шыға келді. Қарама-қарсы ұғымдармен келген салыстырулар – өліге де, тіріге де, мейлі патша, мейлі қойшы; серт мәнінде сезілетін синтаксистік параллелизм – ел көшін бастау – маған сын т.б. сындылар ішік сезім толғанысын білдірер риторикалық сұрақтар – осының бәрі көркем тілге экспрессиялы сипат беріп, жағымды әуенге түсіреді.
