Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ_произ практика3ВТКОспо_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.86 Кб
Скачать

2.1. Кафедрадағы практика жетекшісінің міндеті.

Практика басталарда жетекші студенттердің практика өтетін жерімен танысып, практика барысында практиканттардың еңбек ету жағдайы құқықтық нормаға сәйкес болуын мекемелер мен фирмалардан талап етеді, практиканттарға консультация береді, күнделіктердің уақытында, дұрыс толтыруын қадағалайды, практиканттардың есебін, берілген пікірлерді тексеріп қорғауға рұхсат береді, практика есебін қорғау комиссиясының ісіне араласады, кафедраға өндірістік практика нәтижесі туралы жазбаша есебін тапсырады.

    1. Мекемелер, ұйымдар немесе фирмалардағы практика жетекшілерінің міндеттері.

  • өндірістік практика бағдарламасына сәйкес студенттердің практикасын ұйымдастыру;

  • студентпен бірге мекеменің бөлімшелерімен бөлімдерде практиканы өту кестесін жасау, практиканы өтуге берілген уақытты тиімді қолдануды қамтамасыз ету; (6-қосымша).

  • Практика есебіне керекті материалдарды студенттің жинауына көмек көрсету, практиканттың еңбек тәртібін бұзбауына бақылау жасау;

  • Студентті күнделікті дұрыс толтыруға үйрету және күнделікке практикантқа берілген тапсырмалар мен нұсқауларды уақытында енгізу;

  • Студенттің практика бойынша есебімен танысып оған объективті пікір және практикантқа мінездеме беру.

2.3. Практикант – студенттің міндеттері,

  • практика өтетін жерге дәл белгіленген мерзімінде бару;

  • өндірістегі жетекшімен бірге практиканың календарлық жоспарын жасау;

  • практиканың бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды толық және белгіленген мерзімде орындау;

  • мекеменің жұмысшылары мен қызметкерлеріне арналған ішкі тәртіпті қатаң сақтау;

  • орындайтын жұмысына жауап беру;

  • белгіленген формада күнделікті уақытында толтырып отыру;

  • практика аяқталысымен кафедраға мекеменің немесе фирманың бастығы қол қойып, мөрмен бекітілген пікір жазылған жазбаша есеп беру және осылай күнделікті тапсыру;

  • ішкі тәртіпті бұзған студент- практикантқа бөлім бастығы сөгіс жариялап кафедра меңгерушісіне, ректорға шағымдана алады, ал студенттің одан әрі университетте қалуы туралы мәселені кафедра және ректор шешеді;

  • өндірістік практиканың бағдарламасын орындамаған немесе өз есебін қорғағанда қанағаттанғысыз баға алған студент практиканы қайтадан өтеді немесе жоғары оқу орынынан шығады.

3 Бөлім. Студенттерге тапсырмалар

1 тапсырма.

Жазбаша сипаттау:

    1. Мекеменің не фирманың қысқаша тарихы;

    2. Өндіріс процесінің және шаруашылықтың негізгі бағыттары;

    3. Мекеменің өндірістік құрылымы және ұйымдары;

    4. Өндірістік бөлімнің штаттық құрамы;

2 тапсырма.

    1. Программалық құралдарды мына схема бойынша зерттеу керек:

  1. Операциялық жүйесі;

  2. Өңдеудің құрал-жабдықтық ортасы;

  3. Қолданбалы программалардың атқаратын міндеттері, жазылған ортасы, басқа да қажетті автоматизациялау мүмкіндіктері.

    1. Мекеменің ақпараттық жүйесін және оның ішкі жүйелерін зерттеу (басқару жүйесі, кадрлар-ішкі жүйесі, бухгалтерлік есеп және басқа ішкі жүйелер).

1-ескерту..Мекемені басқарудың ақпараттық ішкі жүйесін зерттеу схемасы:

а) мекеменің ағымдағы қызметі туралы ақиқат ақпаратты керекті уақытта бүтіндей немесе бөліктеп алу;

б) финансты басқару және бақылаудың оперативтілігі;

в) қолда бар қорға талдау жасап, жоспар құру;

г) жоспардың және өзара міндеттемелердің орындалуын бақылау;

д) мекеме жұмысының нәтижесіне талдау жасау және оптималды басқаруды құру;

2-ескерту.

  1. Анкеталық мәліметтерді жинау және жеке карточкаларды құру;

  2. Штаттың кестесін құру;

  3. Қызмет сатысына көтерілу барысын тіркеу;

  4. Қажетті мамандарды дайындауды жоспарлау және есепке алу;

  5. Кезекті демалысты жоспарлау;

  6. Қызметкерлердің жабық мәліметтір жинау;

  7. Кадрлардың құжаттарын құру (бұйрықтар, контрактілер).

3-ескерту. Бухгалтерлік есеп – ішкі ақпарат жүйесін зерттеудің схемасы:

а) касса;

б) финанс – есеп бөлімі;

в) материалдық бөлім;

г) еңбекақы;

д) нақты шығын есебі;

е) бірнеше стандарт бойынша параллель көпжоспарлы есеп;

ж) мекеме ішінде құжаттардың жүргізілуі;

з) банктармен мәлімет алмасу;

и) әр түрлі есептерді қарау, архивтегі мәліметтермен жұмыс.

4-ескерту. Басқа ішкі жүйелерді зерттеу схемасын өндірістегі практика жетекшісімен келісу керек.

3 Тапсырма. Осы мекеменің мәліметтер базасының сипаттамасын беру:

а) өңдейтін ортасы;

б) жергілікті, алыстағы;

в) мәліметтерді алу әдісі;

г) мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдар.

4 Тапсырма. Желі және оның мына схема бойынша атқаратын қызметі:

а) жергілікті желі;

б) региондық, корпоративті желі;

в) ауқымды желі – Internet;

г) E-mail-ді пайдалану.

5 Тапсырма. Талдау жасау:

а) Мекеменің ақпараттық жүйесін программалық қамтамасыз ету жағының әлсіз және күшті жағы;

б) мекеме жұмысын одан әрі автоматтандыру мүмкіндігін талдау.

Ескерту. Студент берілген тапсырмалардан басқа дипломдық жұмысы бойынша жеке тапсырма алады.

4-бөлім. Есепті жасау және қорғау.

Өндірістік практика аяқталысымен студент-практикант реценцзиялау және қорғау үшін кафедраға есебін алдын-ала тапсыруы керек. (титулдық беттің үлгісі келтірілген – 1-қосымша). Алдын ала есепті кафедрадағы жеткшісі тексеріп, қол қояды. Практика бойынша есепке мына құжаттар тіркеледі: өндірістік практиканың күнделігі (2,3-қосымша) және мекеме басшысының пікірі (5- қосымша) мен практикантқа мінездеме.

Есеп практика бағдарламасында қарастырылған тақырыптар мен тапсырмаларды және істелінген жұмысты қамтуға тиіс, ал оның көлемі 15-20 бет мәтін (текст) және оған қосымша, есептеулер, кестелер, суреттер т.б. тіркеледі.

Есепте қорытындылар мен ұсыныстар айқын көрсетіліп, кестелер мен т.б. қосымша материалдарға талдау жасалуы керек.

Есеп барлық қосымша құжаттармен бірге кафедраға тапсырылады. Кафедрадағы практика жетекшісі рецензиялап, не қорғауға жібереді, егер кейбір тақырыптар мен бағдарламадағы тапсырмалар толық ашылмаған болса, толықтыру үшін кері қайтарады.

Есепті қорғау кафедрада құрылған комиссия алдында өтеді. Есептін бағасы 4 балдық жүйемен бағаланады. Егер студент есебін уақытылы жасамаса немесе қанағаттанғысыз қорғаса, онда кафедра шешімімен өндірістік практиканы өтуге қайта жіберіледі.

ҚОСЫМША 1

Есеп берудегі титулдік бетті көркемдеу үлгісі

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және есептеуіш техника кафедрасы

_______________________________________________

мамандығының ____курс (____семестр) студенті___________________________________

____________________________ практикасының

ЕСЕБІ

Ақтөбе- 20__ ж.

ҚОСЫМША 2

Есеп берудегі күнделікті көркемдеу үлгісі

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және есептеуіш техника кафедрасы

_______________________________________________

мамандығының ____курс (____семестр) студенті_____________________________________

____________________________ практикасына арналған

КҮНДЕЛІК

Ақтөбе- 20__ ж.

____________________практика ____________ оқу жылы

(практика түрі)

____________________факультетінің ____ курсының студенті

Фамилиясы ______________________________________________

Аты-жөні _____________________________________________

Практика ___________________________________________ өтті

(өндірістің аты)

Практиканың күнтізбелік мерзімі:

Оқу жоспары бойынша басталуы: _______ аяқталуы: ___________

Практикаға келген уақыты : «_____» ______________ 20 ____ ж.

Практиканың аяқталған уақыты: «_____»____________ 20 ____ ж.

Практиканың университеттегі жетекшісі

Кафедрасы: _______________ Дәрежесі __________________

Фамилиясы: _____________________________________________

Аты-жөні:_________________________________________________

Қызметі:______________________________________________

Практиканың өндірістегі жетекшісі:

Фамилиясы: _____________________________________________

Аты – жөні: __________________________________________

Қызметі: _______________________________________________