Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ_произ практика3ВТКОспо_каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165 Кб
Скачать

5. Жауапкершіліктер

  1. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі кафедра меңгерушісіне және кафедрадағы практика жетекшілеріне жүктеледі.

  2. Жалпы жетекшілік жауапкершілігі ОҮҰБ бастығына жүктеледі.

  3. Әдістемелік нұсқаудың талаптарының орындалу жауапкершілігі кафедра меңгерушісіне жүктеледі.

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Физика-математика факультеті

Информатика және есептеуіш техника кафедрасы

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3,4 курс студенттеріне арналған

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтөбе, 2015

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында оқитын 3,4 курс студенттеріне арналған өндірістік практиканың бағдарламасы.

Құрастырушылар:

СарсимбаеваС.М. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің информатика және ЕТ кафедрасының доценті

Буранбаева Б.С. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің информатика және ЕТ кафедрасының оқытушысы

Рецензенттер:

Ерекешева м.М.- қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің информатика теориясы және оқыту технологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Туремуратова А.А. - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығының «Интеллектуалды басқару жүйелерін әзірлеу» бөлімінің инженер-программисті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған.

Хаттама №4, 19 қараша 2015 ж.

1 – бөлім. Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері

Өндірістік практика студенттерге мамандығы бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыратын оқу процесінің маңызды бөлігі және ол әр түрлі меншіктік формадағы, әр түрлі құқықтық-ұйымдастыру жағдайындағы мекемелер мен өндіріс орындарында өткізіледі.

Өндірістік практиканың мақсаты:

  • студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімін тереңдету және бекіту;

  • болашақ маманның кәсіптік деңгейін қалыптастыру.

Өндірістік практиканың міндеттері:

  • болашақ мамандығына орнықты қызығушылығын қалыптастыру;

  • студенттердің мамандықты игерудегі шығармашылық қабілетін, өз бетімен оқып үйрену дағдысын қалыптастыру;

  • студенттердің негізгі пәндерден алған білімін, дағдысын практика жүзінде қолдануға баулу;

  • ақпараттық жүйелер мен желілерді математикалық, ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастыру және құқықтық жағынан жабдықтауды жоспарлауға, жасауға, енгізуге қатынасын, үйрену дағдысын қалыптастыру;

  • ақпараттық және оқыту технологияларын пайдаланып өзінің білімін бағалай білуге және жаңа білім мен дағдыларды игеру дағдыларын қалыптастыру;

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

2-бөлім. Жалпы нұсқау.

Күндізгі бөлімнің 4-ші курс студенттерінің өндірістік практикасының мерзімі 10 апта, ал КОБ негізіндегі мамандықтың 3 курс студенттері үшін 5 апта. Практиканың басталу және аяқталу мерзімі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректорының бұйрығымен тағайындалады.

Практикаға жалпы басшылық жасау, оны ұйымдастыру және өткізу информатика және ЕТ кафедрасына жүктеледі.

Кафедра практиканы оқу-әдістемелік жағынан жабдықтап, оның бағдарламасын жасау, практиканы өтетін жерлерді белгілеп, кафедрадан жетекшілерді тағайындайды, студенттердің практика алдында ұйымдастыру жиналысын және практика аяқталуына байланысты оны қорытындылау жиналысын өткізеді және студенттерді оқу-әдістемелік, жетекші құжаттармен қамтамасыз етеді (бағдарламасы, күнделік , практикаға жолдама т.б).