- •5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3, 4-курс студенттері үшін кәсіби практикадан өтуге арналған әдістемелік нұсқау.
- •1 Қолданылу саласы
- •2 Сілтемелік құжаттар
- •3 Жалпы ережелер
- •4 Әдістемелік нұсқаудың мазмұны
- •5. Жауапкершіліктер
- •Ерекешева м.М.- қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің информатика теориясы және оқыту технологиясы кафедрасының меңгерушісі.
- •2.1. Кафедрадағы практика жетекшісінің міндеті.
- •Мекемелер, ұйымдар немесе фирмалардағы практика жетекшілерінің міндеттері.
- •2.3. Практикант – студенттің міндеттері,
- •3 Бөлім. Студенттерге тапсырмалар
- •Студенттерге арналған нұсқау
- •Жолдама
- •Келуі туралы қағаз
- •Студентке (практикантқа) өндірістік мінездеме:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Информатика және есептеуіш техника кафедрасы
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3, 4-курс студенттері үшін кәсіби практикадан өтуге
арналған әдістемелік нұсқау
Ақтөбе, 2015 ж.
5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3, 4-курс студенттері үшін кәсіби практикадан өтуге арналған әдістемелік нұсқау.
Құрастырушылар:
Сарсимбаева С.М. - ф.-м.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Информатика және ЕТ кафедрасының доценті
Буранбаева Б.С. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Информатика және ЕТ кафедрасының оқытушысы
Рецензенттер:
Ерекешева М.М. - ф.-м.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Ақпарат теориясы және оқыту технологиясы» кафедрасының меңгерушісі
Жахина Р.У. - к.ф.-м.н., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітіліп, баспаға ұсынылды.
Хаттама №4 19 қараша 2015 ж.
1 Қолданылу саласы
Осы әдістемелік нұсқаудың ережелері кәсіптік практикалардың ұйымдастырылуын, өткізілуін және өту барысын бақылауды регламенттейді.
Әдістемелік нұсқау сонымен қатар базалық мекемелерге және мекемедегі практика жетекшілеріне таратылады.
2 Сілтемелік құжаттар
Осы әдістемелік нұсқауда келесі нормативті-құқықтық құжаттарға сілтеме қолданылды:
ҚР «Білім туралы» заңы (27 шілде 2007 ж. №319 III ҚРЗ).
ҚР МЖМБС 3.08.317- 2006, ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2012ж), мамандық стандарты (2006).
Университет жарлығы.
21. 11. 2013ж. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ кәсіби практикасы туралы ережесі.
3 Жалпы ережелер
3.1 Студенттер өндірістік практика кезінде кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстарға бейімделіп, тәжірибе жинақтауы керек.
Өндірістік практиканы (КОБ негізіндегі мамандықтың) студенттер 3-курста 5 апта мерзіммен өтеді.
Практика мерзімдері университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген оқу үрдісінің академиялық күнтізбесінде және мамандықтың жұмыс оқу жоспарында көрсетіледі.
3.4 Кәсіптік практиканың мазмұны Информатика және ЕТ кафедрасы құрастырған практика бағдарламасымен анықталады.
4 Әдістемелік нұсқаудың мазмұны
4.1. Өндірістік практика
4.1.1. Өндірістік практиканың мақсаты:
1) студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімін тереңдету және бекіту;
2) болашақ маманның кәсіптік деңгейін қалыптастыру.
4.1.2. Өндірістік практика міндеттері:
болашақ мамандығына орнықты қызығушылығын қалыптастыру;
студенттердің мамандықты игерудегі шығармашылық қабілетін, өз бетімен оқып үйрену дағдысын қалыптастыру;
студенттердің негізгі пәндерден алған білімін, дағдысын практика жүзінде қолдануға баулу;
жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.
4.1.3. Кафедра практиканы оқу-әдістемелік жағынан жабдықтап, оның бағдарламасын жасау, практиканы өтетін жерлерді белгілеп, кафедрадан жетекшілерді тағайындайды, студенттердің практика алдында ұйымдастыру жиналысын және практика аяқталуына байланысты оны қорытындылау жиналысын өткізеді және студенттерді оқу-әдістемелік, жетекші құжаттармен қамтамасыз етеді (бағдарламасы, күнделік , практикаға жолдама т.б).
4.1.4. Өндірістік практика уақытында студент-практикант міндетті:
практика өтетін жерге дәл белгіленген мерзімінде бару;
өндірістегі жетекшімен бірге практиканың күнтізбелік жоспарын жасау;
практиканың бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды толық және белгіленген мерзімде орындау;
мекеменің жұмысшылары мен қызметкерлеріне арналған ішкі тәртіпті қатаң сақтау;
орындайтын жұмысына жауап беру;
белгіленген формада күнделікті уақытында толтырып отыру;
практика аяқталысымен кафедраға мекеменің немесе фирманың бастығы қол қойып, мөрмен бекітілген пікір жазылған жазбаша есеп беру және осылай күнделікті тапсыру.
4.1.5. Өндірістік практика аяқталғаннан кейін студент төмендегілерді қамтитын құжаттарды тапсыруға міндетті:
күні, атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны көрсетілген, жұмыстың орындалғаны туралы практика жетекшісінің қолы қойылған өндірістік практика күнделігі (өндірістік практика бағдарламасында Қосымша 2 қараңыз).
өндірістік практика өткен мекемедегі жетекшісі жазып, қол қойған (мөрмен бекітілген) мінездеме (өндірістік практика бағдарламасында Қосымша 4 қараңыз).
3) базалық мекеменің өндірістік практиканың ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы ұсыныстары мен ескертулері бар пікірі.
4) келесі мәліметтерді қамтитын өндірістік практика есебі:
а) кіріспе, мұнда практиканың өткен жері, мерзімі және мақсат-міндеттері көрстеіледі;
б) практика мазмұнын ашатын негізгі бөлім;
в) қорытынды, мұнда орындалған жұмыстың қысқаша қорытындысы және өндірістің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар, сонымен қатар практиканы ұйымдастыруды жақсарту шаралары болады;
5) әдебиеттер мен әдістемелік материалдар тізімі;
6) қосымшалар (формалар, кестелер, есептеулер және т.б.).
4.1.6. Кафедрадағы практика жетекшісі студент есебіне пікірін береді және қорғауға рұқсат береді немесе егер программа бойынша қандай да бір сұрақтары мен тақырыптары толық ашылмаған болса толықтыруға қайтарады.
4.2. Практика өтуін ұйымдастыру
Базалық мекемелермен келісім-шарттар оқу жылы басталардан кем дегенде 1 ай бұрын жасалуы керек.
оқу жылы басталардан кем дегенде 1 ай бұрын базалық мекемелермен практика программасын және күнтізбелік графигін келісіп алу керек.
Кафедра меңгерушісі оқу үдерісінің академиялық күнтізбесіне сәйкес практикаға жіберу туралы ректордың атына (деканның қолы қойылған) мәлімдеме береді. Мәлімдеменің негізінде бұйрық шығарылады.
Кафедрадағы практика жетекшісі:
Практиканттарға жалпы жетекшілік етеді;
Практика бойынша тағайындау және қорытындылау конференциясын өткізеді;
Студенттердің практика бойынша есептік құжаттарын тексереді және практикасына дифференциалды бағасын қояды.
4.2.5. Практика қорытындысы бойынша студенттер кафедраға практика жетекшісі тексерген, кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғайтын есебін ұсынады. Есепті қорғау нәтижелері белгіленген балды-рейтингілік әріптік жүйеде дифференциалды сынақпен бағаланады.
4.3. Практика барысын бақылауды жүзеге асыру
Кәсіптік практика программасы кафедрада құрастырылады, кафедра отырысында қарастырылады, бекітіледі және факультет Кеңесінде бекітіледі.
Практика уақытында кафедрадағы жетекшілері (әдіскерлер) алдын ала бекітілген (каф. меңгерушісімен) график бойынша базалық мекемелерге практиканттарды бақылау және әдістемелік көмек көрсету үшін барады.
Кафедрада практиканы өткізу сапасын бақылау кафедра ішілік жоспары құрылады.
Университеттің практика жетекшісі мекемелерде студенттердің практика өтуіне жағдай жасалуын, қауіпсіздік ережесі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілуін, ішкі еңбек ережесін практиканттардың орындауын қадағалайды.
Мекемедегі практика жетекшісі практиканттарға қажетті түсініктемелерді береді, тапсырмалардың сапалы және уақытында орындалуын талап етеді және бақылайды және практиканы бекітілген программа және студенттің жеке жоспары бойынша жетекшілік етеді, практика аяқталғаннан кейін студент-практиканттың жұмыс туралы жазбаша пікір береді.
4.3.6. Студент-практиканттың кәсіби дайындық деңгейін анықтау мақсатында кафедрада базалық мекемелердің кәсіптік практиканың ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы пікірлері жинақталады.
4.3.7. Практика барысын бақылау кафедра меңгерушісі, факультет деканы және университеттің практика меңгерушісі тарапынан жүргіділеді.
Кафедра отырыстары және факультеттің әдістемелік секциясы отырыстарының жоспарларында кәсіптік практикалардың ұйымдастырылуы және олардың қорытындылануы туралы сұрақтар қарастырылады.
Өндірістік практика нәтижелері кафедрада талқыланады. Жалпы нәтижелер факультеттер кеңесінде шығарылады және университеттің Ғылыми Кеңесінде (жоспар бойынша) қарастырылады.
