- •«Орынбор р.К.П (большевиктер) комитетіне жолдас Ахмет Байтұрсыновтың мәлімдемесі.
- •1. Адамзаттың барлық езгіге ұшыраған бөлігімен, яғни әлемдік революциямен, әлемдік федерациямен бірге азаттық алғанда ғана, қазақ халқы бақытқа бөленеді.
- •2) Сондай-ақ орталықтың өкілдері мен тұрғындардың арасында өзара сенімнің жоқтығында.
- •1. Ресейдегi ұлттық республикалар мен автономиялардың құрылымын анықтау және ұлттық республикалардың Ресейден бөлiнiп шығу құқының кепiлдiгiн бекiту.
- •3. Қыр елінің мұқтаждығы 3. Кцик пен кснк құрамын сайлағанда
- •4. Кейбір аса мүдделі және 4. Орталық мекемелердегі съездің
- •5. Жергілікті халық өкілдері партия,
- •6. Партия қатарын тазалау жөніндегі
- •Жиналыс төрағасы – м.Әуезов. Хатшысы – ә.Байділдин».
- •1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай-ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.
- •1. Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтаждықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ.
- •1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.
- •1. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:
- •1. Комиссия ҚазЦик бекiткен ерекше ереже бойынша жұмыс iстейдi және өзiнiң барлық жұмысын Обком мен ҚазЦик арқылы жүргiзедi.
- •1) Патша өкiметi де кезінде ашаршылықпен күреспедi.
- •2) Қазақ даласы мен қазақтар үшiн жұт – табиғат сыйы. Қазақтардың ашаршылыққа етi үйренiп қалған.
- •1921 Жылдың наурыз айының соңындағы мәлiмет.
- •1. Қалай санасаңда Қазақстанда европалық тұрғындар басым (орыстар – 54 %, қазақтар – 46%).
- •2. Қазақстанның ркп(б) ұйымдарындағы қазақтар 6% (568 адам) ғана. Оның үстіне қазақ коммунистері бытыраңқы, дербес қазақ ұйымдары жоқ...
- •1921-1922 Жылдары Орынбор мен Ташкентте кеңес өкiметiн құлату үшiн құрылған астыртын контрреволюциялық ұйымның хаттамалары;
- •23/Х – 27 ж. М. Төлепов».
- •2. Маған тағы да мынадай (тергеушінің ауызекі әңгімесі бойынша, әйтпесе, жазба құжаттарды мен көргемін жоқ) айыптар тағыпты:
- •9.І. 1929 жыл. Қызылорда».
- •25/І-29 жыл Халел Ғаббасов (қолы қойылған)».
- •Протокол
- •1928 Жыл, 17 желтоқсан.
- •Бауырым Дінше!
- •Валидовпен арадағы хат туралы сұраған тергеушілерге ә.Бөкейханов:
- •Жоғарғы сот «тергеудiң стенограммасы ғана сақталған» деп неге ерекше ескертiп отыр?
- •Еліне барған соң Шымбурынның шыңырауының суық суын қанып ішті ме, жоқ па, кім білсін, бірақ байыз таба алмай тағы да жолға шығыпты.
- •Міне, «Алашорда қайраткерлерінің» үстiнен қозғалған „қылмыстың”, яғни, лақап – аңыздың ұзын-ырғасы мен мән-мазмұны осындай.
- •1.Труппаңыздың жобасы (положение).
- •2.Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы.
- •3.Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)
- •1. Кеңес өкiметiн құлату үшiн құпия ұйым құрған.
- •2. Англиямен астыртын байланысып, ағылшын әскерi Қазақстанға басып кiре қалған жағдайда қырда көтерiлiс ұйымдастыруды жоспарлаған.
- •Саналы алаш!
- •«Қымбатты Манаш Қозыбаев!
- •«Құрметті Қорған!
- •5. Дамолла Битілеуов
- •6. Кәрім Жәленов
- •«Қаулы.
- •1929 Жыл, ақпанның 10 күні, Қызылорда қаласы.
- •27 Мамыр (май) 1929 жыл.
- •7. Ғазымбек Бірімжанов
- •8. Ахмед-Сафа Юсупов
- •9. Хайретдин Болғанбаев
- •10. Асқар Дулатов және Басқалар...
- •1. Бұл топты Оспан Бөлтіріков басқарады, оның әкесі бұрын 30 жыл болыс болған, патшаға адал қызмет еткені үшін шен-шекпен алыпты.
- •11. Тілшелер
- •Ардақты Жақа!
- •Шырақ Мадиярым!
- •Қазақ сср Жоғары сотының: «Жүргізілген тергеу жұмыстарының ішінде қарулы көтерілісті дайындағандықтарын дәлелдейтін бірде-бір нақты дерек табылмады», – деген анықтамасына алып-қосар-пікіріміз жоқ.
- •32 Жыл, декабрьдің 31-і.
- •(Қорытындының орнына)
- •Мазмұны
3. Қыр елінің мұқтаждығы 3. Кцик пен кснк құрамын сайлағанда
мен ерекшелігін ескеруге қазақ кедейлері мен еңбекшілерін кеңінен
дәрменсіз және оған құлықсыз тарту, орыстармен тығыз байланысты
отаршылдардың зорлығы, сақтап, қатаң бағыт ұстау және
сондай-ақ тамыр-таныстық құрылтайдың шешімдерін жүзеге асыру.
пен арандату арқылы тартысты
күшейтіп отырған қызметкерлерді
қызметтен алу.
4. Кейбір аса мүдделі және 4. Орталық мекемелердегі съездің
тәжірибелік мәні зор мәселелерді шешімдерін орындауда әрбір жауапты
жүзеге асыру үшін қатаң тәртіп қызметкерлердің сессия алдындағы -
орнату және ұлт мәселесі жөніндегі жауапкершілігін арттыруды талап ету
Х съездің қаулысын орындау. және жауапты қызметкерлерді
ауыстыра беретін өктемдікті жою.
Қаулының жалғасы:
5. Жергілікті халық өкілдері партия,
кеңес орындарына тартылсын.
6. Партия қатарын тазалау жөніндегі
губерниялық және уездік
комиссиялардың құрамында кемінде
жергілікті халықтан шыққан бір
коммунист кіретін болсын (Осы
қаулыны шығарған М.Әуезовтің өзі сол
тазартуға ілігіп, «тазарып» кетті – Т.Ж.)
ІІ. Сәдуақасов жолдастың мәлімдемесі.
Қаулы етілді:
Сәдуақасов жолдастың қысқаша мәлімдемесін тыңдағаннан кейін мәжіліс мынадай қаулы қабылдады. Оның бейберекеттікке жол беріп, отаршылдық саясатын жүргізген Семей губерниялық атқару комитеті мен губревкомын таратқаны жөніндегі шешімі өте дұрыс деп табылсын. Сәдуақасов жолдастың Семей губерниясындағы іс басына қыр елінің азаматтарын тартып, отаршылдарды жұмыстан босатқан ісі де дұрыс деп табылсын, сондықтан да обком мен бақылау комиссиясы құрылтай кезінде қабылданған Сәдуақасов жолдас туралы шешімді қайтадан қарап, Сәдуақасов жолдасты ақтау туралы мәселе көтерсін. Және обком мен бақылау комиссиясы Сәдуақасовтың ісі туралы Семей мен Ақмола губерниясының өкілдеріне жолығып, қосымша материал жинауды қамтамасыз етсін.
Жиналыс төрағасы – м.Әуезов. Хатшысы – ә.Байділдин».
Сөйтіп, мемлекет басындағы қазақ қайраткерлерiнiң солқылдақтығы мен намыссыздығының салдарынан Смағұлдың тағдыры талқыға түсті.
«Мен үкiметтi түсiнемiн: болашақ Дума – бiздiң 1907 жылғы шiлде-ақпан айларындағы оқиғаларымыз үшiн қиямет соты болмақ», – деп В. О. Ключевский айтқандай, дәл осы күнгi, осы кештегi қайраткерлiгi Мұхтар мен Смағұлды қашан көз жұмғанша талқының тезiне салып, өмiр бойы жауапқа тартқызып кеттi.
Ә.Байділдин (жалғасы): «Бұл мәжiлiсте талқыланған екiншi мәселе – С. Сәдуақасовтың мәлiмдемесi болды. Ол отарлаушылардың өзiнiң соңынан шам алып түскенi және облыстық бақылау комиссиясының сергелдеңге салғаны туралы мәлiмдеп, мәжiлiске қатысушылардың осы жөнiнде пiкiрлерiн бiлдiрiп, тиiстi көмек көрсетуiн өтiндi. Мәжiлiс оны қолдау керек деп шешiм шығарды (Бұл жиналыстың протоколы менде сақталған едi, оны ГПУ тергеушiлерi алып қалды). Мiне, бүкiлқазақтық көлемдегi сәдуақасовшылдық осылай қалыптасты. Алайда осы бағыттың басты рухтандырушысы – С. Сәдуақасовты бұл шешiм де қанағаттандыр-мады. Қанша өрекпiгенiмен де съезден соң оның ұнжырғасы түсiп кеттi. Өйткенi ол, бұрынғыдай Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң төралқа мүшелiгiне өтпей қалды, оны жауапқа тарту әрекетi жалғаса бердi, өзiн қанағаттандыратын үлкенді-кiшiлi қызмет орыны ұсынылмады. Осының барлығы жанына батып, не iстерiн бiлмей теңселдi де жүрдi. Күнi бойы қабағын ашпайтын, ал кешке Әуезовтiң бөлмесiнен шықпай онда ұзақ отыратын».
Қазақ ұлты мен кеңес өкiметiнiң саясат сахнасындағы мүдделерiнiң бағыт-бағдары анықталып, қайтып ымыраға келмейтiндей қарама-қарсы жiкке бөлiнiп, iргелерiн ажыратқан ең соңғы және шешушi талқы едi бұл. Қазақ елiнiң маңдайына қандай бақыт пен сор бiттi, қандай келешек күтiп тұр, тағдырын кiмге тапсырды, үкiмет билiгi жанашырдың қолына тие ме, жоқ жалаңтөс жаhангердiң тырнағына iлiне ме, олар жақсылық әкеле ме, әлде жаманатқа бастай ма, мiне, осындай өзектi өртеген күйiндi мәселелер тiкелей
Алаш ардагерлерінің ақпарымен шешiлдi.
Айтты-айтпады, дәл осы 1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктем айларына дейiнгi аралықтағы ұлттың мүддесiн қорғайтын аса көкейкестi шаралардың бiрде-бiреуi Смағұл мен Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың «қаратаяқтары» (зиялыларды қыр қазақтары солай атаған) бұрынды-соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, iшiнара сая iздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық мүдденiң айналасына топтасты.
Тергеудегі екінші басты сұрақ: осы екінші қазақ конференциядағы ұлттық интеллигенцияны қызметке тарту, жинақтап айтқанда, Ә.Бөкейхановтың саяси платформасының С.Сәдуақасов арқылы кеңес өкіметінің құрылымына ықпалы туралы қойылды.
2.
Қазақ жері мен елі талқыға түскен тұста айқындала бастаған ұлттық зиялылардың арасындағы бұл жік осы 1921 жылғы ашаршылық тұсында басталған еді. Қазақстанның солтүстiк батыс аймағын жайлаған аштық қазақ елiнiң ұлт боп өмiр сүруiне қауiп төндiрдi. Кiсiнiң етiн кiсi жеп жатқандығы туралы үрейлi хабарлар Орынборға суыт жетiп жатса да, негiзгi құрамы қазақ емес ұлттардан құралған өлкелiк Революциялық комитеттiң мүшелерi өзiнiң жұмыс жоспарын:
1). ВПК(б)-ның ХII съезiне дайындық жасауға 2). Ресейдегi аштыққа ұшыраған аудандарға азық-түлiк жөнелту үшiн жергiлiктi ұлттың ең соңғы қолүздiгiн сыпырып-сиырып алуға (Лениннiң Арал балықшыларына Повольжьеге балық жiберу туралы жеделхатын еске алыңыз) 3). Бұған қарсы халықтың наразылығын ұйымдастырып, істі бүркемелеп отырған «қазақ ұлтшылдарына» қарсы күреске жұмылдырды.
Мiне, осындай қиын-қыстау кезеңде Өлкелік үкiмет басшыларының арасындағы пiкiр таласы саяси және ұлттық жiктелуге алып келдi. Большевиктер Қазақстандағы төніп келе жатқан аштыққа қарсы шара қолданбақ түгiл, назарын да салмады.
Коммунистер бұған үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып:
«Партия съезiнiң назарын басқа жаққа аударуға, таптық күрестi әлсiретуге жол бермеймiз» – деп өршелендi.
Мұны – ұлтшылдардың даурығуы деп бағалап, саяси күрестi одан әрi қатаң жүргiзуге, партия қатарын тазалауға рұқсат сұрап, Мәскеуден жарлық күттi. Үкiмет билiгiнен айырылып қалудан қауiптенген С.Меңдешев бастаған большевиктер де Мәскеуге:
«Ашаршылық туралы қауесеттi таратып жүрген ұлтшылдар. Олар қарапайым шаруаның мұң-мұқтажын жоқтағансып, еңбекшiлердiң назарын өздерiне аудару үшiн қасақана байбалам салуда», – деп жеделхат жолдады.
Шындығында, тура сол кезде С. Меңдешевтiң өзiнiң туған ауылында түтiнi тiк шығатын бiрде-бiр үй қалмап едi.
Тақ пен бақты көздеп, ұлт мүддесiн сатқандар ғана екi жаққа бiрдей жалтақтап, жағымпаздықпен күн көрдi. Егерде солар өз iстерiн дұрыс атқарып, ұлт аймақтарындағы экономика мен ұлттық шеттету мәселесiн Орталықтың алдына дер кезiнде қойса, қанша қытымыр саясатты ұстанса да жаппай ашаршылыққа ұшырауға жол бермес едi. Ұлы орыстық рухтың бұл тұста өршiгенi сондай, пролетарлық бауырмалдықты да ұмытып, Аштарға көмек комиссиясы тек орыстарға ғана қызмет еттi. Өзi аштыққа ұшырап, жаппай қырылып жатқан ұлттың мал-мүлкiн тартып алып, Ресейдегi және Қазақстандағы орыстар қоныстанған селолар мен деревняларға үлестiрдi. Ал қазақ ұлтының қамын ойлайтын қайраткерлер «балапан басында, тұрымтай тұсында» кеттi.
Қазақ қайраткерлерiнiң бұл кеңесi «ұлы орыстық коммунистiк-колонизаторлыққа» қарсы бағытталған саяси ашық күресiмен тарихтан тиiстi орнын алатыны сөзсiз. Өкiнiшке орай, Кеңес өкiметi тұсында дербес саяси ағым ретiнде қалыптасып, саясат сахнасына шыққан бұл қоғамдық қозғалысты партия мен кеңес кезеңiн зерттейтiн тарихшылар әр адамның iс- әрекетiне қарсы бағытталған жекелеген көрiнiс ретiнде бағалап жүр. Шындығына жүгiнсек, тек ресми тiркеуден өтпегенi болмаса, бұл – ұлттық даму бағдарын ұстанған саяси ағым едi. Оны «мемлекеттiк көсем» Сталин мен Голощекин бiлдi. Сондықтан да Троцкиймен бiрге бұлардың да көзiн жойып жiберуге тырысып, тергеу iсiн барынша тұқырта жүргiздi. Жоғарыдағы кеңестен кейiн де «коммунистiк колонизаторлық» пиғылға тосқауыл қойылмады. Қайта екпiнi күшейiп, таптық тартыс – ұлттық тартысқа ұласты.
Ол үшiн оларды аштықпен есеңгiреттi. 1921-1922 жылғы аштық бұл саладағы алғашқы «тәжiрибе» ретiнде сынақтан өттi. Мұқым қазақ халқын «табиғи түрде жоюға» мұршасы жетпедi. Өйткенi қазақтың дәстүрлi көшпелi экономикасы мен өмiр сүру тәсiлi оған мүмкiндiк бермедi. Ендi, «мойынсерiк», «қосшы ұйымы», «кедей қостары» арқылы, Ә.Бөкейханов «ақ шом экономикасы» деп атаған, тiрi қалудың, күн көрудiң, жұтамаудың ғасырлар бойы сыннан өткен тәсiлi мансұқталды.
1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктемi қазақ мемлекетi мен ұлты үшiн осындай саяси, экономикалық, ұлттық мәселелердiң ширыға шиеленiскен тұсы болды. Бұл «Алашорда» қайраткерлерiнiң өкiмет басындағы ықпалы сақталған ең соңғы маусым едi. Олар жазға қарай жаппай қамауға алынғанына қарамастан өздерiнiң ұлт алдындағы парызын орындап кеттi. Ел iшiндегi жағдайды толық көрiп-бiлiп, шындыққа көзiн жеткiзу үшiн қызмет бабының ретiн пайдаланып:
«...Губерниялық партия конференциясын өткiзу үшiн Орал қаласына барды. Ол Жолдыбаевпен, Қаратiлеуовпен бiрге Орынбор қаласына кiрекештердiң көлiгiмен қайтты. Әуезов өзiнiң бұл жүрiсiн: жол-жөнекей аштардың жағдайын көзiммен көруiм қажет болды деп түсiндiрдi. Ол Орал губерниясындағы ашаршылық жайлаған қазақ тұрғындарының қасiреттi көрiнiсiне (иттiң өлексесiн, шөптiң тамырын жеген адамдарға, жолдың шетiнде үйiлiп жатқан аштан қырылғандардың өлiгiне, т.б.) қатты күйiнiп келдi, оның есесiне Оралдағы партия қызметкерлерiне риза болды. Бiздiң бағытымызды сенiмдi түрде ұстаған Жолдыбаев, Жантiлеуов, Қаратiлеуов сияқты жiгiттер туралы өте жақсы пiкiр бiлдiрдi. Сонымен қатар Кенжин, Мырзағалиев пен Асылбеков қатарлы бiздiң өз адамдарымыздың Орал губерниясыдағы беделi жоғары екендiгiн айтты. Соны айта тұрып, ат төбелiндей көк езу Әйтиевшiлдiң де бар екендiгiн, конференцияда оларға есе теңдiк бермегенiн мысқылдай баяндады».
Ашаршылықтың қазақ арасына ажал тырнағын салғанын, әр бұтаның түбiнде көмусiз қалғанын көрген Әуезов қызметке оралысымен дабыл қақты. Бiр аймақта ғана емес, Орал, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Ақмола губернияларын жайлаған аштық қазақтардың кеңес өкiметiнiң жазалауынсыз-ақ қырылып бiтетiнiне көз жеткіздi. Кеңестiк партия қызметкерлерiнің Мәскеуден жасырған қылмысын әшкерелеп, барлық қазақ қайраткерлерiн аштарға көмек комитетiн құруға шақырды. Мұндай хабарды алысымен Ташкентте С. Қожанов, Ғ. Бiрiмжанов, Семейде М. Дулатов пен Ж. Аймауытов бастаған зиялылар «Ақ жол», «Қазақ тiлi» газеттерi арқылы бүкiл қазаққа сауын жариялады. Содан кейiн барып Орынбордағылар қозғалды. Бұл жөнiнде тергеуде берген куәлiгiнде Ә. Байдiлдин:
«Бұл iстiң де бастамашысы Әуезов болғаны тегiн емес. Ол (1921 жылдың желтоқсанында ғой деймiн) қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң атынан қазақ қызметкерлерiнiң (партия мүшелерiн де, партияда жоқтарын да) үлкен мәжiлiсiн шақырды, оған үкiмет мүшелерiмен қоса жекелеген еуропалық жауапты қызметкерлер де қатысты, ашаршылық туралы мәселенi талқылауды күн тәртiбiне қойды. Мәселенi талқылау барысында бұл мәжiлiс: аштарға көмек көрсетудi дереу қолға алу керек, ол үшiн Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң жанынан аштарға көмек көрсету комиссиясы құрылсын – деген шешiм қабылдады. Бұл комиссияның құрамын бекiту кезiнде әдеттегiдей жiкшiлдiк ұсыныстар жасалды. Әр топ (меңдешевшiлер, сәдуақасовшылар, Асылбековтiң өкiлдiгiмен айқындалатын сейфуллиншiлер, алашордашылар) өз адамдарын кiргiзуге ұмтылды. Соның iшiнде өте тосын: «Комиссияның төрағалығына Ахмет Байтұрсынов сайлансын, ал партияда жоқ көрнектi адамдар да оның құрамына мүше боп кірсін» – деген ұсыныс (ұмытпасам Әуезов) жасалды. Ол бұл пiкiрiн: коммунистерге қарағанда олардың (алашордашылардың) қазақ тұрғындары арасындағы беделi зор, сондықтан да комиссияның жұмысы жемiстi болады – деп дәлелдемек болды. Бұл ұсыныс iшiнара ғана қабылданды. Меңдешев төраға, Байтұрсынов пен Әуезов төрағаның орынбасары болып сайланған бұл комиссияның мүшелiгiне сол кездегi жауапты қызметкерлердiң көпшiлiгi сайланды», – деп көрсетті.
Әрине, тергеудiң аты – тергеу. Сондықтан да (Ә.Байділдиннің) Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтi кекете еске түсiруі заңды. Алайда кiмнiң қандай қайрат көрсетiп, елiнiң тағдырына қаншалықты қамыға араша түскенi онсыз да бiлiнiп тұрғандықтан да, бiз бұған қосымша түсiнiк берiп жатпаймыз. Қазақ елiнiң басынан кешкен, қолдан жасалған 1932 жылғы ашаршылықтың зауалы сұмдық. Ешқашанда орыны толмайтын қасiрет. Алайда содан тура он жыл бұрын, яғни 1921-1922 жылғы ашаршылықтан Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң Мәскеуге жолдаған толық емес ақпараты бойынша 1,5 миллион (!) адам аштықтың тұзағына iлiнген. Ашаршылыққа қарсы кеңес өкiметi дер кезiнде шара қолданбай, Мәскеу мен Өлкелiк партия комитетi самарқаулық танытып, тек сырттай бақылаушы ғана болып отырған.
Сондықтан да ұлты үшiн күйiнген қайраткерлердiң, оның iшiнде Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтiң дабыл қағып, мәжбүр етуiмен өткен жоғарыдағы мәжiлiстiң протоколын (оны бiзге танымал тарихшы, абзал ғалым марқұм Ақыжан Игенбаев дегдар ұсынып еді) толық келтiрудi жөн көрдiк. Көсемсөзбен баяндап беру тiлге де, түсiнiкке де жеңiл. Бiрақ та бұл тарихи құжатта сондай қысылтаяң, қасiретi мол күндердiң күйiнiшi мен сүйiнiшiнiң табы, аяулы жандардың жан айқайы, отты лебi жатқандықтан да дерекке жүгіндік. Сонымен 1921 жылы 10 желтоқсан күнi өткен қазақ қызметкерлерi қатысқан кеңестiң күн тәртiбiне қойған мәселесi екеу:
«І. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру.
