Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
раным - Алаш 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

«Қаулы.

1929 Жыл, ақпанның 10 күні, Қызылорда қаласы.

Мен, ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімі бастығының көмекшісі, ҚССР бойынша өкілі – Саенко, бүгінгі күні № 6 іс бойынша тергеуде жүрген Жәленов Кәрімді Қылмысты Істер Кодексінің 58-7, 58-11, 59-3 баптарына сәйкес айыпқа тартылғандықтан былай деп тауып:

Кәрім Жәленов – кеңес өкіметін құлату үшін құрылған астыртын конт-революциялық ұйымның мүшесі және Орта Азиядағы басмашылар қозғалысына көмек көрсеткені үшін Қылмысты Істер Кодексінің 128 және 147 баптарына сәйкес мынадай шешім қабылдадым:

Жоғарыда жазылған айыптардың негізінде Жәленов Кәрім айыпкер ретінде тергеуге тартылсын. Қылмыстың алдын-алу мақсатымен ол – ПП ОГПУ-дің ҚССР дегі түрмесіне қамалсын.

Шешімнің көшірмесі орындалу үшін ҚССР бойынша ППОГПУ-дің РСО-на жіберілсін.

Шығыс бөлімінің бастығының орынбасары – Саенко.

“Келістім” Шығыс бөлімінің бастығы – Петров.

“Бекітемін” ОГПУ-дің ҚССР бойынша төтенше өкілі – Волленберг.

Бұл айып маған таныстырылды. Өзімді айыптымын деп есептемеймін. “Не” деген сөз ерекшелену үшін сиямен жазылған. Айыпкер – Жәленов».

Тура сол күні дәл осындай айыппен:

Ахметсафа Юсупов, Міржақып Дулатов, Хайретдин Болғанбаев, ал ақпанның 11 күні Есполов Мырзағазы, Битілеуов Дамолла, Бірімжанов Ғазымбек туралы шешім шығарып, оларды тұтқындалуына байланысты қызметтерінен босату туралы қатынас жолданған. Бәріне ортақ жалпы үлгісі мынадай:

“Азамат Міржақып Дулатұлы 3 қаңтардан бастап, яғни тергеу ісіне тартылған күннен бастап “Еңбекші қазақ” газеті редакциясындағы әдеби қызметкер міндетінен босатылсын, бұл жағдай Дулатовтың қызмет орны – “Еңбекші қазақ” газетіне хабарлансын”.

Соңына жоғарыдағы үшеуінің қолы қойылған. Бұған қарағанда тұтқынға алынған барлық адамдарға айыптау санкциясы кейіннен қойылған.

«Жәленов Кәрім мен Әділов Дінмұхамедтің беттесуіндегі сұрақ – жауаптың хаттамасы.

27 Мамыр (май) 1929 жыл.

Жәленовке сұрақ: Әділов Дінмұхамедпен қай уақыттан бері таныссыз?

Жауап: 1921 жылдың жазында Әділов Ташкент қаласында тұрды ма, жоқ па, мен білмеймін. Тек, 1921 жылдың күзінде, не қысында мен осы Ташкент қаласындағы Қазақ институтында көргенім есімде. Ол институтқа алба-жұлба боп келді, келді де киюге киім сұрады. Оған кім костюм алып берді, қазір есімде жоқ, алайда Д.Әділев оқушылармен бірге тұрды-ау деймін. Келесі күні Әділев: өзінің Ферғанадан келгенін, Жанұзақовтың басмашыларының арасында болғанын айтты. Бір қышлақта бандылардың үстінен қызыл әскерлер түсіп қалыпты да, Әділев ол жерден қашып құтылып, осында әзер жетіпті. Оның өзінің айтуы бойынша ол Жанұзақовқа жолығуға барыпты, бірақ не үшін барғанын айтса да қазір ұмытып қалыппын.

Осыдан кейін мен Қожановқа бардым да, Әділевтің маған айтып бергенінің бәрін оған мағлұмдадым: Қожанов: «Әділев өте қабілеттті қызметкер, бірақ та ол жас, сондықтан да бір нәрсеге ұрынып қалуы мүмкін. Оны институтқа оқытушы ғып орналастырып қойып, бақылап жүру керек”, – деді.

Жәленовке сұрақ: 1921 /?/ жылы көктем айында Әділев Ташкент қаласына келгенде оның Бұқараға бара жатып жолай аялдағанын білдіңіз бе, жоқ па?

Жауап: Әділов өзінің Бұқараға барғанын елдің бәріне айтып жүрді.

Жәленовке сұрақ: Мүмкін сіз Әділевтің басмашыларға қалай тап болғанын есіңізге түсірерсіз?

Жауап: Ондай әңгіме есімде жоқ.

Тағы да соған сұрақ: Ташкенттегі қазақ қызметкерлерінің бір тобы қатысып, Валидовтің кеңес өкіметіне деген көзқарасына байланысты мәселені талқылаған және астыртын ұйым құру жөнінде ұсыныс жасалған мәжіліс өтті ме, жоқ па?

Жауап: Менің қатысуыммен ондай мәжіліс болған жоқ. Ал мен жоқ жерде ондай жиналыс өтті ме – одан да хабарым жоқ».

Жалпы осы екінші томның соңына дейінгі көрсетінділер мен бетпе-бет жауаптасу кезіндегі айғақтарды салыстырсақ, Д.Әділевтің Бұқараға барғаны расталады. Мәселе: астыртын ұйымның қандай тапсырмасымен барды немесе битілеуовшілеп «жер көргісі келіп» тағы да «партизаншылап» кетті ме, нақты шындық осында. Тергеудегі айғақтамаларға жүгінсек, Д.Әділевке ешкімде ондай өкілдік бермеген.

Құлмұратов Тәжібай – 38 жаста. Қызылорда округінің Тереңөзек ауданының № 1 ауылының қазағы. Үйленген. Партияда жоқ. Кешірімге байланысты түрмеден босатылған. Бұл – Д.Әділевтің көрсетіндісі бойынша оның түрмеде жатқан ағасы Байсейіт Әділевтің қашып шығуына көмектесті делінген адам. Оның айтуынша: Байсейітке түрмеден қашу туралы ақыл қоспаған. Жазығы – оның қашуына қол ұшын бергендігі екен. Ол үшін бір құлынды бие алыпты. Көрсетіндісінің соңын:

Т.Қалмұратов: “Кәрібаев Нұрлан Қызылорда қаласында кіммен кездесті, ол жағын білмеймін. Мен Дулатовтың үйінде Нұрлан Кәрібаевпен бір-ақ рет, 1927 жылы Байсейіт беріп жіберген құлынды биені әкеп берген жолы ғана бірге болдым. Біз бірге бардық, Нұрлан: Байсейіттің тапсырмасы бар еді, – деді, қандай тапсырма екенін ол маған айтқан жоқ. Біз келген кезде Дулатовтың үйінде қонақтар бар екен, мен ауыз үйде қалдым да Нұрлан ішкі үйге кіріп кетті, іле кері шықты да маған: Дулатов ертең таңертең кел деп айтты, – деді. Есполовты тіпті көргемін де жоқ. Бұдан басқа ештеңе де айта алмаймын, хаттама маған оқылды...”, – деп аяқтаған.

Әй, қазақ-ай! Жылқы десе – басын да бәйгеге тігіп жібереді- ау! Тәжібайда одан үлкен «саяси мақсат та» жоқ шығар. Міржақып Дулатовқа Нұрлан Кәрібаевтің жолыққанын айту арқылы «контрреволюциялық астыртын құпия ұйымның Голощекинді қастандықпен өлтіру және қырда көтеріліс ұйымдастыру туралы жоспарын талқылап, Д.Әділевке тиісті нұсқау бергенін» растағаны Т.Қалмұратовтың қаперіне де кірмеген.

Бұдан кейін тергеу ісінің осы томында Д.Әділовтің бір көрсетіндісі екінші көрсетіндісіне қарсы келетін, бір жолы: «Осы айтқаным шындық», – деп, келесі жолы ол көрсетіндісінен бас тартып, ішінара: «Мен ешқандай күш көрсетуден қорықпаймын», – деп толтырған ұзақ сонар жазбалары кездеседі. Ол жауаптар екінші, үшінші, төртінші, алтыншы томдарға да ұласады. Онда Ахметсафа Юсуфов пен Жүсіпбек Аймауытовтың, оған қоса Сұмағұл Сәдуақасовтың „өзі білетін өмірлеріне қайраткер” ретінде шолу жасайды. Мұнда айтылған жайларға тергеу істерін талдау барысында нақты тоқталатын болғандықтан да бұл арада мазмұндап жатуды артық көрдік. Онда 1922-ші жылы ашаршылықа ұшыраған Торғай еліне Семей өңірінен мал айдап барған Жүсіпбек Аймауытов пен Ахметсафа Юсуповтың жалған жаламен сотқа тартылғаны баяндалады. М.Есполовтың өміріне шолу жасап „саяси баға береді”. Қалған жайларды Есполовтан естідім деп. „тарихи шолу жасайды”. Сөзінің соңын:

„Голощекинге қастандық жасау туралы ойымды Дулатовқа айттым. Ал Бөкейханов болса, Москвадағы, Орынбордағы террористердің батыл қимылдайтынын, қазақ қызметкерлерінің ондай әрекеттен қорқатынын бізге айтты. Маған Голощекинге қастандық жасау туралы ой сол кезде түсті”, – деп „ағынан жарыла” аяқтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]