- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған
- •Аңдатпа
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •2 Модуль Лексикология
- •3. Омоним, синоним, антоним сөздер, олардың жасалуы
- •3 Модуль. Морфология
- •4 Модуль. Синтаксис, оның зерттеу объектісі
- •3.Омоним, синоним, антоним сөздер, олардың жасалуы
- •Сөздердің байланысу түрлері
- •Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмаластың екі компоненттен тұратын түрлері мағыналық жағынан жоғарыда 8 топқа бөлінетінін айттық. Сонымен бірге салалас құрмаластың түрлері екі жай сөйлемнен ғана емес, үш сөйлемнен де құрала береді. Бұндай сөйлемдер көп компонентті салалас құрмалас деп аталады. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны кеңірек ашылып, оқиға, құбылыс, әрекет жіктеле, саралана алынады. Салалас құрамындағы бірнеше компоненттің болуы бірінің мазмұнын екіншісі толықтыруға қызмет етеді. Мысалы: Балалар да қуана кірісті, жұмысшылар уақытында бітірді де, қос басындағылардың барлығы тез жиналды.
Сабақтас сөйлем деп құрамындағы жай сөйлемдер басыңқы және бағыныңқы қатынаста байланысатын, алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада болып, келесісіне бағынатын құрмалас сөйлемнің түрін айтамыз. Мысалы: Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда бала көрінбейді. (М. Әуезов.)
Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері
1. Сабақтас сөйлемнің екі сыңары тұлғалық, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелді болады.
2. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада аяқталады.
3. Бағыныңқы және басыңқы сыңардан тұрады.
4. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы етістіктің шартты райы, есімше, көсемше тұлғаларында болып келеді және түрлі шылау сөздер арқылы басыңқымен байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
5. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
7. Түсіндірмелі бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
8. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
9. Ыңғайлас (үлестес) бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Құрамындағы бағыныңқы сыңардың мағынасы басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаның шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Балалар уақытында келсе, кезекшілер де ерте қайтады.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары
1. Шартты райдың -са, -се жұрнағымен: Топ ұйымдастырушылары шебер болса, жұмысшылар уақытында бітер еді.
2. Көсемше арқылы: Ата-Аналар келісім бермей, оқушылар ештеме шеше алмайды.
3. Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтарына жатыс септік жалғауы қосылып, оған етістіктің болымсыз түрінің жұрнағы жалғанады: Көршілері уақытында ескертпегенде, күшіктері де жоғалар еді.
ЕСКЕРТУ. Көсемшенің -й тұлғасына етістіктің болымсыз түрі (-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) жалғанады: Гүлнұр уақытында айтпай апасы жиналысқа кешігіп келді.
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаға қарама-қарсы мәнде айтылатын сөйлем түрі қарсылықты бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Мысалы: Нұрбек ерте келгенімен, машина уақытынан кешігіп жетті.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
1. Шартты рай тұлғасы арқылы: Туыстары қанша қарсы болса да, Марат өз дегенін істеді.
2. Есімше арқылы
а) Бағыныңқы сөйлем баяндауышы -ған тұлғадағы есімшеден болып, оған көмектес септік жалғауы жалғанады: Қыркүйектің соңғы аптасы енді басталғанымен, күн ерте суытты.
ә) Есімшенің -ған жұрнағы барыс септікте тұрып, оған қарамастан демеулік шылауы тіркеледі: Мұғалімнің жазғанына қарамастан, оқушылардың ойы да дұрыс екені дәлелденді.
3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі: Айжанның сөзі есінде бола тұры, Сандуғаш мектепке келмеді.
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы оқиға, іс-әрекеттің орындалғанын немесе орындалу уақытын, мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз. Мысалы: Сабақ аяқтала бергенде, атасы да есіктен кірді.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
1. Есімше арқылы: Балнұр орнынан тұра бергенде, бала да кітабына жармасты.
а) Бағыныңқы баяндауыштан кейін кейде -ақ, -ғана демеулік шылаулары тіркеседі: Нұржан аузын аша бергенде-ақ інісі ойыншығын тастады.
ә) Есімшенің -ар, -ер, -р жұрнағына жатыс септік жалғауы жалғанады: Меруерт қалаға аттанарда, анасы көп уайымдаған.
б) Атау септіктегі есімшелерге кезде, шақта, соң, сайын сөздері тіркеседі: Түн шымылдығы жабылған сайын, балалар қорқа бастады.
в) Барыс септіктегі есімше дейін, шейін демеуліктерімен бірге жұмсалады: Ауыл ұйқыға жатқанға дейін, тойдың абыр-сабыры басылмады.
г) Шығыс септік және кейін, бері, былай сөздерінің қатысуымен жасалады: Жанат келгенімен, бұдан кейін Дулат хабарласпады. 2. Көсемше арқылы:
а) -а, -е, -й жұрнақтары: Микрофон дауысы шыға бере, отырғандар тынышталды.
ә) -қалы, -келі, -ғалы, -гелі жұрнақтары: Нұржан осы әңгімені қозағалы бері, жолдасы да қызыға тыңдайтын болды.
б) -ып, -іп, -п жұрнақтары: Бір уақытта олардың дауыстары да естіліп, ағасының шапаны көзіне оттай басылды.
3. Шартты рай арқылы: Оспан артына қараса, көш те жақындап қалған екен.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың мағыналары
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардағы оқиғаның орындалу барысы бір мезгілде де, әр мезгіл шеңберінде де өтеді. Осындай ерекшелігін негізге алып, оларды екі түрге бөлуге болады: бір мезгілдес сабақтас, әр мезгілдес сабақтас.
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы сыңарында басыңқыда хабарланған оқиға, құбылыс, іс-әрекеттің себебі ашылатын сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Оқушыларға үйірме концерт қойғандықтан, мұғалімдер жеке жиналды.
7. Түсіндірмелі бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Басыңқы сөйлем бағыныңқыдағы іс-әрекет, оқиға, құбылыс жайын түсіндіретін құрмалас сөйлем түрін түсіндірмелі бағыныңқылы сабақтас деп атаймыз. Мысалы: Бөлмеге кіре тосылып қалса, бұл-Бауыржанның мысы басқаны.Түсіндірмелі сабақтас сөйлем етістіктің шартты райының жұрнағымен жасалады. Екі сөйлемнің баяндауыштары осы шақтың ұғымда тұрады.
8. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердегі әрекет, жай-күй, құбылыс екінші сөйлемдегі әрекет, оқиға, құбылыспен салыстырыла, теңестіріле айтылатын құрмалас түрін салыстырмалы сабақтас сөйлем дейміз. Мысалы: Ойдағы сіздердің тілектеріңіз қандай болса, қырдағы біздің мақсатымыз да сондай.
Сөйлем бойындағы салыстырмалылық мағына жеке сөздердің қолданысы немесе оқиғалар барысының өзара үйлесе айтылуы арқылы болады. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Кемінде үш жай сөйлемнен тұратын, құрамындағы сөйлемдер салаласа әрі сабақтаса байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Көптеген оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде аралас құрмалас сөйлем құрмаластың жеке бір түрі ретінде қарастырылады. Тек Қ. Есеновтың «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (А., 1995) еңбегінде жеке бір түр ретінде оқытылмайды. Бұның себебін ғалым өзіне тән жасалу амал-тәсілдерінің болмайтындығымен түсіндіреді. Біз де осы пікірге қосылып, сабақтаса байланысу сабақтас құрмалас сөйлемдердегідей есімше, көсемше, рай арқылы жасалатынын айтамыз. Мысалы: Балалар үйге кірсе, үлкендер дастарқан басында отыр, жастар жеке әңгіме құрыпты. Құрмалас құрамында екі салалас, бір сабақтас бар.
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория.
Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын таңбалайды.Сондықтан ол- сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептелінеді де, лексика мен морфологиаға байланысты болады, яғни әрбір жеке сөзде қолданылады.Ал тыныс белгісі олай емес.Ол жеке дыбыс түгілі, тұтас сөзбен де беруге болиайтын күрделі ұғымды білдіреді.Мағыналарының күрделілігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған пиктографикалық немесе идеографикалық белгілер тәріздес.Қолдану орны жағынан алғанда, тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады.Сондықтан пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып,дұрыс түсінудің құралы.
Тыныс белгісі- жазу тілінің жазу мәдениетінің, әсіресе баспа ісінің, дами түскен кейінгі дәуірінің жемісі. Баспаның өркендеуі, оның халық арасына тарап, оқушылар санының артуы, жазу мәдениетінің көтерілуін, жазудың жалпыға бірдей ортақ заңдарға, ережелерге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді.Жахзылған пікір оқуға оңай, түсінуге жеңіл болуы үшін, түрлі ықшамды ұсақ бөлшектерге бөлу, әр бөлшектің бір- бірімен мағыналық қатынастарын көрсету қажеттіктері туады. Сол қажеттіліктерден келіп, тыныс белгілері пайда болады.
Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметтері де әр алуан.Бірақ солардың бәрі бір мезгілдің ішінде, бірден пайда бола қалған емес.Жалпы жазу тілі сияқты, тыныс белгілері де, оларға байланысты заң, ережелер де бірте- бірте дамып, жетіліп отырған.Алғашқыда тыныс белгілері жазылған пікірлерді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданылған.Сонымен бірге, олар түр- тұрпаты жағынан да, қызметі жағынан да қазіргі тыныс белгілерінен өзгеше болған.
Қазақ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Октябрь ревалюциясына дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке танылған пунктуациялық заң, ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін пунктуацялық ережелердің болмауының өзі де табиғи нәрсе еді.өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Ал пунктуацяның тууына, оның дамуына ең бірінші қажеттілік болып табылатын баспасөз Қазақстанда тек совет дәуірінде ғана етек алып дами алды. Республикамызда бапасөздің дамуы, оның бүкіл халық игілігіне айналып, оқушылар санының артуы жазу мәдениетінің, сауаттылықтың шешуші бір саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде қалыптастырып реттеу міндетін қойды.
Біршама аяқталаған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрі сөйлем соңында келетін белгілер деп аталады.
Сөйлем соңында келетін белгілердің арқайсысы, негізінен екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады:біріншісі- сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі- сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату.Бұл екеуі- сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерінің қай- қайсыларының да ең негізгі мағыналары мен функциялары.Сонымен бірге олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функцилары мен қосымша мағыналары болады. Оларға өз орнында тоқталамыз.
Нүкте. Нүкте, бірінщіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін байқатады.Мысалы:Жанат- осы үйдің ер жеткен жалғыз баласы.Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Үркер төбеден ауып кеткен.
Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі- оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір- бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр- тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлі.
Үтір.Үтір- тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бір бай белгі.Бұл жай сөйлемдерді бір- бірімен бөлу үшін де, сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір- бірінен бөлу үшін де қолданылады.Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей:
Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір- бірінен бөліп көрсету үшін қолданылады.Мысалы:Абай, Әбіштер келгенде, ауыр ойда отыр еді.(М.Әуезов)
Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: слайдтар, диафильмдер, плакаттар
Пайдаланылған әдебиеттер
Н.Ә[2; 4]
Қ.Ә[5;8]
№15 Дәріс тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысы
Жоспары:
Тіл мәдениеті туралы ұғым.
Тіл мәдениеті ғылымының зерттеу обьектісі мен салалары.
Әдеби тіл және оның нормалары.
Дәріс мәтіні:
Тіл мен ойлау, сөйлеу өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән кұбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да -адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да коғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықтан да, біз: тіл - ойлаудың құралы,- дейміз.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл аркылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондыктан болар, К.Маркс: «Тіл дегеніміз-ойдың тікелей шындығы »-деген болатын. Ой тіл аркылы тілдегі сөздер мен сойлемдер аркылы көрінеді. Демек, тіл -пікір алмасу құралы, ойлаудың кұралы, ойды жарыққа шығару құралы.
Тағы да кайталайық: ойлау мен тіл бір -бірімен тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып калыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді. Ендеше тілдің ойлаудан тыс болуы мүмкін емес екен.
Бір нәрсені танып білуде тілдің атқаратын ролі зор. Олай дейтін себебіміз,белгілі бір затты жақсы тану үшін, яғни оған ат кою үшін, ең алдымен сол заттың басты белгілерін білу керек. Сол басты белгілерін жақсы білсең, оны тану да, оған ат қою да оңай. Мысалы, ненец (Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тұрады) тілінде қардың түрлерін білдіретін 40 шақты ариаулы атаумен бірге жалпы кар ұғымын білдіретін сыра (мағынасы -«қар») деген сөз бар.
Бұдан шығатын қорытынды: атау сөз (ұғым) жалпы (абстракты ) және нақтылы (конкретті) немесе деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді.
Адам тіл аркылы ойлайды. Ұгым сөз арқылы жатталып қалады. Ал сөз мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен мағынасы жасайды да сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады. Ұғымның сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса, сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-бірімен тіркестіріп колдану аркылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл- ойды айтып жеткізудің кұралы.
Тіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Дыбыс-тілдің материалдық бірлігі, сөздің кұрастырушы бөлшегі. Ол тілдік форма болып саналады. Ендеше, сөз де, сөз тіркесі де, сөйлем де тілдік формалар, тілдік әлементтер болып есептелінеді.Сөздің формасы оның дыбыстық құрамынан көрінеді де, мазмұны оның мағынасынан белгілі болады.Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем қандай да болсын белгілі бір мағынаны, ұғымды, ойды білдіреді. Ұғым мен мағына және ой тілдік бірліктердің мазмұны болып табылады.
Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, ягни сөз бен мағынаның арасындағы байланыс-табиғи байланыс емес. Ол шартты байланыс. Мысалы, «ұннан иленіп, тапаға пісірілген тағам» деген ұғым мен оның нан деген лексикалық атауының арасындағы байланыс-табиғи байланыс болса, дүние жүзі халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жок. Олай емес оны біреу-нан, екіншілер -хлеб, үшіншілер - brot (нем.), төртіншісі – bread (ағыл.) деп атайды. Олай болса, олардың арасындағы байланыс - кейіннен қалыптасқан байланыс екен.
Адам өз ойын сөйлеп не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айкын, әрі түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анык, айқын ойлай алады.
Бұған карап, тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып қалуға болмайды. Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай ұққан. Ол әр түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі,-деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын.
«Тіл мен ойлау тепе-тең » деп қателесушлер сияқты, «тіл мен ойлаудың арасында ешқандай байланыс жок, олар бір-бірінен мүлде бөлек» деп, қате тұжырымдаушылар да жок емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен З.Харис осылай дейді. Алдыңғы пікір каншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате.
Сонымен тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жокка шығарып, бірінен -бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.
Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер аркылы түсіне аламыз.
Тіл-белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас кұбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелік (система) және кызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән. Бұлардың әркайсысының өзіне тән, нақтылы мазмұны болады. Тілдің кызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік.
Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің әлементтерінің арасындағы қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады.
Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес әлементтерінің ара қатынасын және бірлігінен тұрады. Әлементтер яғни тілдік бірліктер мыналар: 1)дыбыс (фонема), 2)морфема, 3)сөз, 4)сөз тіркесі, 5)сөйлем және 6) мәтін.
Дыбыстар (фонемалар)-есту мүшелері аркылы кабылданатын, бір морфеманы екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік әлемент. Мысалы, п. с, т, д, м, н дыбыстары пән,сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр.
Морфема- дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік әлемент. Морфеманың түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық, ағаш+тың, бұтағ+ы) деген түрлері бар. Бұлардың, яғни жұрнақтар мен жалғаулардың әрқайсысының білдіретін мағыналары болады. Мысалы, сөз тудырушы мағына, сөз түрлендіруші мағына (яғни сөздердің байланысын, бір біріне қатынасын білдіретін мағына) т.б. Морфема бір ғана фонемадан да құралуы мүмкін. Мысалы: бар+са+м, бар+са+ң,бар+а+ды.
Сөздер заттар мен кұбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, солардың атаулары ретінде кызмет атқарады.
Сөздің бұл кызметін -номинативті (атау болу ) қызмет деп атайды.
Сөйлем ойды, байымдауды білдіреді, бір нәрсені хабарлау кызметін атқарады. Сөз номинативтік қызмет атқарса, сөйлем коммуникативтік (пікір алысу, сөйлесу) қызметін атқарады. Тіл өзінің қатынас кұралы болу қызметін сойлемдер арқылы іске асырады.
Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір қабатының (деңгейлерінің-уровень), мысалы фонетикалық, морфологиялык, лексикалық, синтаксистік қабаттарының әркайсысының жеке өз құрылымы, өз жүйесі болады. Әр құрылым мен жүйенің мүшелері ретінде кызмет етеді.
Олай болса, жүйе дегеніміз не? Жүйе дегеніміз- өзара байланысты бір тектес әлементтердің бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), кұрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни жүйе - рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас құбылыс (бірлік). Жүйе материя мен құрылымныц бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір кызмет аткарады.
Сондай-ақ, жүйе дегенді -өзіне тән айрықша кұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деп те атауға болады. Тіл кұрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен карым-катынаста, өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін кұрайды.
Тілдің жүйелік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалык, лексикалык, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстардың жүйесі», «дауыссыз дыбыстардың жүйесі» деген такырыптар бар. Ол әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы қойылып топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі
Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар, плакаттар, слайд, тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Ә[2; 4]
Қ.Ә[5;8]
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Педагогика және филология факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы
Тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Қазіргі қазақ тілі негіздері пәні бойынша
5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған
Тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтың құрылымы
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары және оның түрлері
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Тіл білімі, оның басқа ғылымдармен байланысы, тілдің қоғамдық мәні мен қызметі,тіл дыбыстары жайлы зерттеген ғалымдардың пікірлерін конспектілеу.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетиканың зерттелу нысаны туралы түсінік
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
1.Фонетикалық талдау Жаттығу № 1-2
2.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта
3.Сөз құрамындағы дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың , еріннің қатысына қарай талда.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
1.Фонетикалық талдау Жаттығу № 4-5
2. Сөздерді буынға бөл, буынның түрін ата
3. Сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстарды тауып, үндестік заңына сәйкес құбылысты тап. Жаттығу №1-2
4.Берілген тақырып негізінде конспект жасау, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы теориялық білімдерін жүйелеу.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Лексика туралы жалпы түсінік
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Лексикалық талдау Жаттығу №1-2 (жаттығулар жинағынан)
1. Сөйлемді оқы, сөздің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықта.
2. Сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта.
3. Сөздің синоним, антоним, омонимін тап.
4.Тақырып бойынша қажетті теориялық мәліметтермен танысып, қысқаша түсініктерін мысалдар арқылы талдап көрсету.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы:Семасиология.
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Лексикалық талдау. 1-2 жаттығу (жаттығулар жинағы)
1.Мәтіндегі сөздердің мағыналарын лексикалық- грамматикалық мағыналарын ажырат.
2. Фразеологизмнің қандай түрлері бар.
3.Ғылыми еңбектерге сүйеніп , берілген тақырыптар бойынша жазбаша түрде сөздердің қолданылу сипатына тоқталу.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы, сөз тұлғасы
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Сөзді құрамына қарай талдау. 3-жаттығу (жаттығулар жинағы)
1. Сөздің қай сөз табына жататынын анықта.
2 .Түбірлес сөздерді көрсет.
3. Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат: жалғау мен жұрнақтың қай түріне жататынын дәлелде.
4. Сөз құрамын, лексика- грамматикалық мағынасын талдау, айқындау. Жаттығу жұмыстары негізінде талдау,ғылыми еңбектерден қажетті мәліметтер жинақтау.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Стиль жайлы жалпы түсінік
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Стиль ұғымы, оның түрлері, қолданылатын аясы жайындағы білімдерін жетілдіру. Сөздік, олардың түрлері, сипаттары, олармен жұмыс жүргізудің тиімділігі тақырыптарын қарастыру.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикографиясы
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Шет тілдер сөздерінің сөздігі, аударма сөздіктер,терминологиялық сөздіктермен жұмыс жүргізу .
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Сөзжасам туралы түсінік
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Сөзжасам, оның басқа салармен байланысы, морфема ұғымы, күрделі сөздер, оның түрлері, жасалу
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Сөз таптары
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Сөзге морфологиялық талдау жасау. Көркем әдебиеттен 8 сөйлем алып, таладау
1.Мағыналық түрін, морфологиялық құрамын, Сөйлемдегі қызметін көрсетіп, жалпы сипаттама бер.
2. Берілген тақырып бойынша сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталу, қажетті теориялық мәліметтерді тәжірибемен ұштастыру.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Сөз тіркесі
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
1.Сөйлемдегі сөздерді бір- бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланыстып сөз тіркесін жаса. Ақыл бізді білімге жетелейді.
2.Кейбір сөз тіркестерінің байланысу тәсілдеріне байланысты ғалым М. Балақаевтың , профессор С.Исаевтың пікірлерін салыстыра отырып тұжырым жасап, ой қорыту.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Сөйлем мүшелері
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
Берілген жай сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелердің қатынасына қарай екі құрамды және бір құрамды түрлерін ажыратыңыз. Жаттығу №1-2
Тіл білімінде сөз таптарының негізінде қалыптасқан сөйлем мүшелерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуында орыс ғалымы В.В. Виноградовтың анықтама берумен байланыстыра сипаттама беріп, теориялық мәліметтерді тәжірибемен ұштастыру.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Жай сөйлемнің түрлері
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
1. Айтылу мақсатына қарай, модальдық сипатына қарай талдап көрсет. Жаттығу №1-2 (Жаттығулар жинағынан)
2.Тақырыпқа байланысты ғылыми зерттеулерде жай сөйлемнің құрамына, құрылымына, мазмұныныа қарай жіктелуін талдап сөйлемнің сөйлемдік қасиетін нақтылау.
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Құрмалас сөйлем синтаксисі
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
1. Балақаев М.Б., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі . А., 1971.
2. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.А. 1994.
3. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев б. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 1993.
4.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
5.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А., 1994 еңбектерін конспектілеу
1. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы Сөз мәдениеті
2. Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы
1.Жаңа сөздер мен қолданыстар, олардың нормалану процесін саралап, конспектілеу
Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
№ |
Дәріс тақырыбы |
Оқулық және оқу құралы |
Электронды оқулық және оқу құралы |
ПОӘК |
1 |
Тіл білімі және оның салалары |
+ |
+ |
+ |
2 |
Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі |
+ |
+ |
+ |
3 |
Буын. Екпін. Интонация. Үндестік заңы. Ықпал. |
+ |
+ |
+ |
4 |
Лексикология. Сөз мағынасы және оның түрлері. Омонимдер Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. |
+ |
+ |
+ |
5 |
Қазақ тілі лексикографиясы. Сөзжасам туралы жалпы түсінік. |
+ |
+ |
+ |
6 |
Грамматикалық ұғымдар. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есімдер |
+ |
+ |
+ |
7 |
Сын есім. Олардың сөйлемдегі қызметі |
+ |
+ |
+ |
8 |
Сан есім. Олардың сөйлемдегі қызметі |
+ |
+ |
+ |
9 |
Есімдік, оған тән негізгі мағыналық ерекшелік,мағыналық топтары, синтаксистік қызметі |
+ |
+ |
+ |
10 |
Етістік. Етістіктің лексика-грамматикалық категориясы |
+ |
+ |
+ |
11 |
Үстеу. Шылау сөздер |
+ |
+ |
+ |
12 |
Еліктеу сөздер. Одағай сөздер |
+ |
+ |
+ |
13 |
Синтаксис туралы жалпы түсінік. Сөз тіркесі. Сөйлем. Сөйлем мүшелері. |
+ |
+ |
+ |
14 |
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисі. Емле және тыныс белгілері |
+ |
+ |
+ |
15 |
Сөйлеу мәдениеті. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысы |
+ |
- |
+ |
Өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар:
1.Қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты
2.Қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудың міндеттері
3.Қазіргі қазақ тілі пәнінің қарастыратын мәселелері
4.Тіл білімі жайында түсінік
5.Тіл білімінің салалары
6.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
7.Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі.
8.Тіл және ойлау, сөйлеу.
9.Тілдің құрылымы.
10. Фонетика ғылымы туралы түсінік
11. Фонетика саласының зерттелуі
12. Фонетиканың негізгі обектілері, салалары
13. Дыбыс туралы ұғым.
14. Дыбыстау мүшелері жайында.
15. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.
16. Дауысты дыбыстар
17. Дауысты дыбыстардың жасалу жолдары.
18. Дауысты дыбыстар классификациясы.
19. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі жайлы түсінік.
20. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.
21. Сөйлем олардың грамматикалық белгілері.
22. Сөйлем мүшелері жайында мәлімет.
23.Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.
24. Бірыңғай мүшелер.
25.Айқындауыш мүше.
26. Оқшау сөздер жайында.
27. Жай сөйлем синтаксисі, негізгі ерекшеліктері.
28. Құрмалас сөйлем.
29. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері.
40. Тыныс белгілері, оның түрлері.
41. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік.
42. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысы
