Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚ ТІЛІ мдо 21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
736.49 Кб
Скачать

3.Омоним, синоним, антоним сөздер, олардың жасалуы

4.Еркін және тұрақты тіркестер.

Дәріс мәтіні:

Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Грек тілінің lexis - «сөз» және logos - «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.

Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның өзгеруі, ауысуы), энтимология (сөздің шығу тегі, төркіні, ең алғашқы мағынасы), фразеология (тұрақты сөз тіркестері), лексикография (сөздерді жүйелеу және сөздік жасау ерекшеліктері) деп аталатын салалардан тұрады. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрамға кіреді. Сөздік құрам тілдің тарихи кезеңдері бойынан жасалған, сол тілде сөйлеуші ұлттың, халықтың тарихи тұрмысы мен шаруашылығын, наным-сенімі мен таным-түсінігін, әдет-ғұрпы мен салт-дағдырларын айқындайды. Сөздік құрам қоғаммен тікелей байланысты, сондықтан қоғамдағы өзгерістерге қарай жаңа заттар, ұғымдар, жаңа сөздердің тууына негіз болады, кейбір сөздер қолданылудан шығып қалады немесе мағыналарын өзгертіп отырады. Ал сөздік қор өз тұрақтылығын сақтауымен ерекшеленеді. Сондықтан да сөздік құрам тілдің негізі бола алмайды. Тілдің негізі-сөздік қор. Тілді құрайтын, негізінен, байырғы төл сөздер, екінші бір арна-басқа тілден енген кірме сөздер.

Тіл-тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады. Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса, мағынасы - ішкі мазмұны. Бұған қарап барлық сөздерде мағына болады деуге болмайды. Тілде мағынасынан айырылған сөздер де кездеседі. Шылау, көмекші сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына үстейді. Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.

Сөздердің мағынасы - тілдің ұзақ даму кезеңдерінің нәтижесі. Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздіктерде көрсетіледі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.Сөздің зат пен құбылыстың, сан мен сапасының т.б. мағына түрлерінің белгілерімен тікелей байланысып, сол жөнінде нақты ой тудыруын тура мағына деп атайды. Мысалы: ақ көйлек дегендегі ақ - қара түске қарама-қарсы заттың түсі, ал ақ жүрек дегендегі ақ «таза», «адал», «пәк» деген мағыналарға ауысады.

Ауыспалы мағына - сөз мағынасын екінші бір мағынамен алмастыру. Ауыспалы мағынаның негізі тура мағынадан алынады. Ауыспалы мағына сөз тіркестері мен сөйлемде ғана анықталады. Жеке тұрғанда (тіркес, сөйлемге мүше болмаған жағдайда) сөз тек тура мағынада ғана болады.Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы Метафора тәсілі - сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мысалы: Өзім - күнмін, өзім - от. (Мағжан.) осындағы «күнмін», «от» метафора тәсілі арқылы ауыспалы мағынаға ие болған.

Метонимия - зат, құбылыс атауларының екінші бір зат, құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (мақал). Ақпа құлақ «ұғымсыз» мағынасын, құйма құлақ «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.

Синекдоха - жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын мағына. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Мақалда көп «халық», «ел» мағынасын береді.

Сөздің қолданылу сапасының өзгеріп, атап айтсақ, жалпыхалықтық лексикадан (жалпыхалықтық лексика - белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың барлығына түсінікті сөздер) арнаулы лексикаға (арнаулы лексика - белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың барлығына бірдей түсінікті бола бермейтін, тек бір сала, бір мамандық иелеріне ғана түсінікті сөздер) өтуі арқылы ауыспалы түрде жасалуы - қазіргі тілде қолданылатын сөзжасамның өнімді тәсілдерінің бірі. Мысалы: теңдеу, алу, азайту, қосу етістіктерінен математикалық терминдер, түбір, қосымша, жалғау т.б. сөздерден лингвистикалық терминдер (лигвистика - тілді зерттейтін ғылым) жасалған.Кез келген тілдегі байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағына жасауға негіз болады. тілдегі байырғы сөздердің тура мағынасы арқылы жаңадан бір немесе одан да көп қосымша немесе туынды мағыналар жасалады. Бұл тілдің сөздік қорын байыта түседі.

Тілдің алғашқы тура мағынасының екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы деп атайды. Тіл білімінде бұны полисемантизм (грек тілінің poly - «көп» және sema - «белгі» деген сөздерінен құралған) дейді.

Көп мағыналы сөздердің ерекшеліктері

1. Бір негізден, бір сөзден таралады.

2. Бір сөз табына қатысты болады.

3. Түпкі мағына бірлігі сақталады.

1) Есікті, қақпақты, әйтеуір жабық затты ашатын құрал: Назым үйдің кілтін ала шықты.

2) Істің, әрекеттің шешілу жолы: Негізгі кілт - оқығандарды жинау.

3) Зат, құбылыс, әрекеттің негізгі, бастамасы: Жұмбақ істің кілті Айшаның әңгімесінен кейін ашылады.

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді. Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.Екі күймек бір жанға әділет пе,Қаны қара бір жанмын, жаны жара.Ашиды жаның, қайнайды қаның, Мінездерін көргенде…Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.Көп мағыналы сәздер мен омонимдсрдің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жагыиан бұлар нақ бірдей дсугс болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі тұр-тұрпатын да емес, магынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, гана сөз табына катысты. Сондықтан да көп мағыналы сөздердің бір нсгізден ишққандыгын магыналардыц өзара жақындығынан, ұксасгыгынан бірден таньш білуге болады.

Сөздердің еркін тіркесіне сыртай ұқсас, бірақ іштей яғни тілдік табиғаты жағынан оған қара-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу, ат тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрынан тіркескен дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары ешкімнің еркіне көнбей, “өзінен-өзі тіркесіп қалған” тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздердің еркін тіркесіне қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі немесе фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымлдарды фразеология зерттейді. Кемінде екі сөздің тіркесуінен, мағынасы біртұтас, құрамы мен құралымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица әдетте фразеологиялық оралым деп аталады. Олардың қатарына мысалы, орыс тілінде глубокая осень, глубокая печаль, волчий аппетит, перимывать косточки және т.б. тұрақты сөз тіркестері, қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашыпжұмғанша, ит өлген жерде, мидай дала, су жүрек тәрізді тұрақты сөзтіркестері енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың әрқайсысы сөздердің бір-бірімен тіркесуіне тіркесе жұмылуынан жасалғанымен, мағынасы жағынан тұрақты единица ретінде ұғынылады. Фразеологиялық оралымға өте-мөте тән, басты белгі оның даяр қалпында жұмсалу белгісі.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар:кинофильмдер, плакаттар, слайд, тест тапсырмалары

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә [5;7]

Қ.Ә [4;6]

5 Дәріс тақырыбы: Қазақ тілі лексикографиясы. Сөзжасам туралы жалпы түсінік.

Жоспары:

1. Қазақ тілі лексикографиясы туралы мәлімет. Сөздік олардың түрлері, сипаттары.

2. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі жайында мәлімет.

3. Сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері.

Дәріс мәтіні:

Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың стильдік айырмашылықтарын білу керек. Ол үшін қазақ тіліндегі әртүрлі сөздіктермен дұрыс жұмыс істей білу қажет. Сонда сөздік дегеніміз не? Оның тілімізде қандай- қандай түрлері бар? Онымен тіл білімінің қандай саласы айналысады? деген сияқты мәселелердің басын ашып алғанымыз жөн.

Тіл-тілде сөздіктердің түрлері көп. Олардың қай-қайсысы болмасын, әр түрлі қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Осыған орай, әрбір сөздіктің алдына белгілі бір мақсат қойылып, міндет жүктеледі. Мысалы орфографиялық сөздік емлені таныту, сөздердің дұрыс жазылуын білдіру мақсатымен жасалса, түсіндірме сөздік әдеби тілдің сөз байлығымен таныстыру мақсатын көздейді. Ал енді екі тілді аударма сөздік болса, бір тілді үйретіп, ондағы сөздерді білдіруді мақсат етеді.

Міне, осындай бір тілдегі бар, қолданылып жүрген сөздерді түгел жинастырып, оны жүйеге келтіріп, белгілі бір мақсаттағы әртүрлі сөздіктер жасауда, оны бастырып шығаруды мақсат тұтатын тіл ғылымының саласын лексикография деп атайды.

Лексикография грекше – лексикос (сөздік), графос (жазамын), “сөздік жазамын” дегенді білдіреді. Демек, лексикография деген сөздің мағынасы – бір тілдегі сөздерді жинап, құрастырып, жүйеге келтіріп, сөздік етіп шығару деуге болады.

Жалпы тіл білімінің лексикографиясында сөздіктердің түрлері көп. Мұнадай сөздіктердің аттарын атуға болады:

  1. түсіндірме сөздік

  2. этимологиялық сөздік

  3. терминологиялық сөздік

  4. орфографиялық сөздік

  5. орфоэпиялық сөздік

  6. академиялық сөздік

  7. энциклопедиялық сөздік

  8. салыстырмалы сөздік

  9. синонимдік сөздік

  10. антонимдік сөздік

  11. омонимдік сөздік

  12. фразеологиялық сөздік

  13. екі тілді (не аударма) сөз тіркесінің с өздігі

  14. көп тілді сөздік

  15. диалектологиялық сөздік

  16. жиілік сөздік

  17. шет тілдік сөздік т.б.

Енді осы аталған сөздік түрлерінің кейбіреулеріне тоқталайық:

Салыстырмалы сөздік. Бір тіркестердің түрі ұқсас я бір-біріне жақын, туыс бірнеше халықтың сөздік құрамын қамтитын сөздікті салыстырмалы сөздік дейміз. Ол туыс тілдерді қамтуы жағынан көп тілдік сөздікке жақындайды. Бірақ бұл екеуінің мақсаты, алдына қойған міндеті мүлдем басқаша. Бұл сөздік туыс тілдердің сөздеріне, түріне, не мағынасына қарай талдап, үйлесетін жерлерін алады.

Көп тілдік сөздік. Ол орыс тілінде кездеседі. Бұл тілдің сөздіктерінің ішінде жүз тілдік сөздіктер бар. Түркі тілдері жағдайында ондай сөздіктер әлі жасалынған жоқ.

Түсіндірме сөздік. Бұл – тілдегі болатын сөздіктердің ең көлемдісі және сөз байлығын есепке алуда сөздердің мағыналарын анықтауда ең маңыздысы деуге болады. Мұнда тілдегі бар сөздер қатаң алфавит тәртібімен беріледі де, әрбір сөздің неше түрлі мағынасы болса, сонша сөйлемдер алынып, сөздің мағыналары түсіндіріледі. Қазақ тілінде түсіндірме сөздіктің 2 томдығы (1959, 1961) және он томдығы бар (1974-1986).

Академиялық сөздік. Сөзді қамтуы жағынан түсіндірме сөздікке жақын болса да, бұл сөздіктің өзіне тән ерекшелігі болады. Яғни, мұндай сөздікте берілген әр сөздің негізгі мағыналары құжаттандырылып, цитаттармен дәлелденіп отырады. Ол цитаттар әдеби тілмен жазылған ең көрнекті, таңдаулы шығармалардан алынады. Егер сөздің мағынасын анықтайтын үзінді болмаса, яғни ол мағынасы әдебиетте кездеспесе, жұртқа түсінікті сөз бола тұрса да, ол сөз, әдетте бұл сөздікке енбейді.

Бұл сөздікке енген бір тілдегі лексиканың көпшілігі қолданылуы тиіс. Бұған жоргондар, техникалық сөздер, жергілікті ерекшеліктер алынбайды. Тілдің сөз байлығын мол қамтудың нәтижесінде, әрі әдеби тілді сұрыптап алуына байланысты бұл да нормативтік сөздік деп аталады.

Этимологиялық сөздік. Бұл – бір тілдегі сөздердің осы күнгі тұлғасының қалай пайда болғандығын, шығу төркінін белгілі мысалдармен талдап түсіндіретін сөздіктің түрі. Бұған тілдегі бар сөздердің бәрі енбей, тек жасалуы, шығу төркіні жағынан түсіндіруге қиыншылық келтіретін сөздер ғана енеді. Сөздіктің бұл түрі қазақ тілінде соңғы жылдары ғана қолға алынды. Қазірге дейін “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” шықты.

Терминологиялық сөздік. Белгілі бір тілдегі қолданылып жүрген әрбір ғылым саласындағы термин сөздерді есепке алып жинақтап, шығарылатын сөздіктердің түрін айтамыз. Терминдер әр бөлек салалы болғандықтан, сөздіктің бұл түрі бір кітап болып, бірнеше кітап түрінде де шығуы мүмкін. Бұл күнде терминологиялық сөздіктер қазақ тілінде де шыға бастады. Олардың саны оншақты. Бұл қазақ тілінің ғылыми тіліне де айнала бастауының басты көрінісі болып табылады. Терминологиялық сөздіктерге қазақ тілінде термин ретінде қолданылып жүрген қазақтың байырғы сөздері де, орыс тілінен енген сөздер де кіреді.

Орфографиялық сөздік. Бұл тілдегі көп қолданылатын сөздердің дұрыс жазылу үлгісін алфавит тәртібімен тізіп берілген сөздік. Тілдегі қолданылып жүрген алуан түрлі сөздердің жазылуын емлелік, орфографиялық ережелерге шығару мүмкін емес. Сондықтан бірқатар сөздердің қалай жазылатындығы сөздікте ғана беріліп, сол арқылы дұрыс жазу дағдысын тұрақтандырады, қалыптастырады. Орфографиялық сөздіктің қарастыратын мәселелері: жазылуы жалпыға бірдей емес, сирек кездесетін тұлғалы сөздер, орыс тілінен енген сөздердің баламасын тауып жазу, қоғамдағы өзгерістерге байланысты тыңнан қосылған жаңа сөздерді енгшізу сияқты талас туғызатын нәрселерді анықтайды. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі алғаш 1957 жылы жарық көрсе, жаңадан өңделіп 1988 жылы шықты

Сөз құрамы жағынан бірнеше бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектер өзіне тән мағына мен қызмет атқарады. Мысалы: оқушыларымыздың. Аталған сөз оқу+шы+лар+ымыз+дың деген бес бөлшекке бөлінеді. Алғашқы оқу іс-әрекет, қимыл атауын білдірсе, -шы- заттық мағынаға айналдырып тұр. Келесі -лар- көптік, -ымыз- иелік ұғымды берсе, -дың байланыстыру, жалғастыру қызметінде жұмсалады. Жоғарыдағы бір сөз құрамындағы басты мағынаға ұйытқы, негіз болып тұрған сөз оқу, қалғандары - осы сөзге жалғанып, қосымша мағына үстеушілер.

Сөздің мағына беретін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.

Сөздің түбіріне қосылып, оған қосымша мағына үстейтін бөлшек қосымша деп аталады.

Сөз бір түбірден де (апа, мектеп, кітап т.б.), қосымшалы түбірден де (апа+тай, кітап+хана т.б.), екі немесе одан да көп түбірлерден де (әке-шеше, Екібастұз, күнбағыс, биыл т.б.) жасалады.

Дара және күрделі сөздер

Сөздерді құрамы жағынан дара және күрделі сөздер деп бөледі.

Бір ғана түбірден тұратын негізгі немесе туынды түбір сөзді дара сөз дейміз. Мысалы: аспан, ата, дана, даналық, терезеде т.б. Аспан, ата, дана сөздері бір ғана негізгі түбірден тұрса, дана+лық - туынды сөз, терезе+де - жалғаулы сөз.

Екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуінен, қосарлануынан, қайталануынан, қысқаруынан, тіркесуінен жасалған сөздер күрделі сөздер деп аталады.

Күрделі сөздердің түрлері

1. Біріккен және кіріккен сөздер: белбеу, бүгін, айбалта, ақсақал, Ақтау, қаламсап, орынбасар т.б.

2. Қос сөздер: биік-биік, әрең-әрең, бала-шаға, қыз-келіншек т.б.

3. Қысқарған сөздер: ААҚ, ТМД, БҰҰ, ПМУ, ПМПИ т.б.

4. Тіркесті сөздер: қара сұр, он сегіз, қара ала т.б.

Біріккен және кіріккен сөздер

Екі немесе одан да көп түбірлердің бірігіп, бір мағына, бір ұғым, бір атау, мезгіл, қимылды т.б. білдіретін сөздерді біріккен сөздер дейміз. Мысалы: отбасы, сексен, әкел, әпер, былтыр т.б.

Қазақ тілінде біріккен сөздер екі түрлі болады. олардың біреуінде күрделі сөз құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталып, өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: әрқашан, ешкім, Темірқазық, Көкшетау т.б. сөздердің ендігі бір тобының құрамындағы түбір сөздер фонетикалық (дыбыстық) жағынан өзгеріске ұшырап, бір-бірімен белгілі бір дәрежеде үндесіп айтылуы негізінде дыбыстық жағынан ықшамдалуы да мүмкін. Бұларды кіріккен сөздер дейміз. Мысалы: бүгін (бұл+күн), әкел (алып+кел), түрегел (тұр+кел) т.б.

Біріккен және кіріккен сөздердің емлесі

1. Біріккен сөздер үнемі бірге жазылады: бағдаршам, кәсіпорын, өнеркәсіп, қарлығаш т.б.

2. Кіріккен сөздер қосылып жазылады: алаңғасар, апар, биыл, былтыр т.б.

3. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдіктер мен үстеулер түбір тұлғасын сақтап, бірге жазылады: ешбір, ешкім, әрқалай, кейбір, біркелкі, біржолата т.б.

4. Екі немесе үш түбірден біріккен кісі аттары мен географиялық атаулардың түбірі сақталып, бірге жазылады: Талдықорған, Сарыарқа, Сарыөзек, Әбдіманат т.б.

5. Екі түбірден құралған кейбір кісі аттары айтылу дәстүрін сақтап, түбір тұлғалары өзгеріп жазылады: Торайғыр, Қожахмет, Дәметкен т.б.

6. Екінші сыңары к, қ дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттарын жазу кезінде алдыңғы сөз қатаң дыбысқа аяқталса к, қ, ал алдыңғы дыбыс дауысты немесе ұяң, үнді болса, келесі түбірде алғашқы дыбыс г, ғ дыбыстарымен жазылады: Амангелді, Нұргелді, Ботакөз т.б.

Сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері.

Түбір мен қосымша

Сөздің мағына беретін, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.

Түбірдің ерекшеліктері:

1. Сөздің мағына беретін бөлшегі.

2. Қосымша жалғанбай-ақ дербестігі болады.

3. Қосымшасыз да дербес қызмет атқарады.

4. Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та, қайталанып та (айта-айта, қарай-қарай), басқа форфемалармен қосарланып та (тау-тас, ата-ана), бірігіп те (тасбақа, бүгін), тіркесіп те (тас жол, ақ сары) жұмсала алады.

5. Түбірге бір немесе бірнеше қосымша жалғанса да, тұлғасын сақтайды: апа+лар+ымыз+ға, жол+дас+тық+тың т.б.

Сөздің түбіріне қосылып, оған қосымша мағына үстейтін бөлшек қосымша деп аталады.

Қосымшаның ерекшеліктері

1. Түбірден жеке мағына бере алмайды: білімді, басшы. Бұл сөздердегі -ім, -ді, -шы - қосымша морфемалар, оларды өзі қосылып тұрған түбірден бөліп қолдана алмаймыз.

2. Қосымшалар түбірге жаңа мағына қосады: біл десек, қимыл, іс-әрекетті білдіреді, ал білім десек, дерексіз заттық мағынаға ауысып тұр; -ді қосылып сындық мағына жасалған: білімді адам (қандай?) немесе қосымша мағына үстейді: мектеп+ке бағыттық мағына беріп тұр.

3. Қосымша морфемада дербестік болмайды, түбірдің айтылуына қарай өзгеріп отырады (мектеп+тер, бала+лар, адам+дар, үй+лер, кітап+тар).

Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау.

Жұрнақ - өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертетін немесе оған мағына үстейтін, сөз бен сөзді жалғастыру, байланыстыру қызметіне қатыспайтын қосымша.

Жұрнақтардың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар.

Өзі жалғанған түбірдің түпкі лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа мағына жасайтын жұрнақ сөз тудырушы деп (өнер-зат есім, өнер+лі сын есім, тәрбие - зат есім, тәрбие+ле - етістік), жалғанған сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, тек оған қосымша мағына үстейтін жұрнақ сөз түрлендіруші (ақ+шыл, көл+шік деген сөздерде -шыл - сындық мағынаны сақтаған, ақ дегенде түр-түс анық берілсе, ақшыл солғын тартқан сынды анықтайды, сол сияқты көлден көлшік кішкене екендігін білдіруімен ғана ажыратылады) деп аталады.

Сөздің жеке түбірден немесе қосымшалы түбірден құралуына қарай негізгі түбір және туынды түбір болады. Туынды түбірді туынды сөз деп те атайды. Мысалы: бала - негізгі түбір, бала+лық - туынды түбір. Бір сөзге қажетіне, мүмкіндігіне қарай бірнеше жұрнақ жалғануы мүмкін. Мысалы: сый+лық, сый+ым, сый+лау, сый+ла т.б. осы төрт сөздің негізгі біреу - сый. Туынды сөз немесе туынды түбір - жұрнақ жалғану арқылы бір түбірден өрбіген сөздер

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: слайдтар, плакаттар, үлестірмелі қағаздар

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә [5;7]

Қ.Ә [4;6]

6 Дәріс тақырыбы: Грамматикалық ұғымдар. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есім.

Жоспары:

1.Грамматика ғылымы туралы түсінік.

2. Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы.

3. Грамматиканың салалары.

4. Зат есім туралы жалпы түсінік.

5. Зат есімнің лексика-грамматикалық,морфологиялық сипаты.

Дәріс мәтіні:

Грамматика-әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, 1)тілдің ішкі құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрылысының жүйесі; 2) тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, грамматикалық тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Грамматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады: 1) Сөзжасам процесінің тәсілдері-сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сөз байлығын молайту амалдары; 2) морфология- сөздің грамматикалық мағыналары мен формалары, грамматикалық категориялар, сөздің морфологиялық құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты; 3) синтаксис- сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сөздердің қызметі. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен мен заңдылықтарын анықтаудағы оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда, тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа бөлінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сөйлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипатталады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен академиялық басылымдарда ғылыми грамматика деп аталады. Нормативті грамматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына бөлінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми грамматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің сол дәуірдегі және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрылысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналған

Грамматикалық мағына-сөздің жалпы немесе әртүрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде я басқа сөздермен әр алуан қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын мағынасы. Тілдегі әрбір сөздің өзіне тән нақты мағынасы болады. Сол мағынасы арқылы ол басқа сөздерден тіпті мағынасы жақын сөздерден ажыратылады.Мысалы, мектеп пен институт бір-біріне жақын ұғымдарды білдіргенмен, мағыналары әр басқа; мектеп-жалпы білім беретін алғашқы басқышты оқу орны болса, институт-арнайы білім беріп, белгілі салаға жоғары білімді маан даярлайтын оқу орны;Сөздің осындай нақты, ұғымдық мағынасы лексикалық мағына деп аталады. Аталған сөздерде жалпы заттық мағына, мектеп-ке кетті-бағыттық, институтта оқиды- мекендік, грамматикалық мағыналар болып табылады. Сөйтіп, грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы да, сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да беріледі. Грамматикалық тәсіл- белгілі бір лексикалық, деривациялық және грамматикалық релятивті мән-мағынаны білдірудің грамматикалық жолы, амалы. Жаңа сөз тудырудың грамматикалық тәсілі түбірге қосымша жалғау, сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру болып табылады. Мысалшы, оқыту-шы, біл-ім, парақ-та дген жаңа сөздер –шы,-ім,,-та қосымшалары арқылы; бүгін, әкел дегендер бұл+күн, алып+кел деген сөздерден бірігіп, аяқ-табақ, жата-жастана, анда-санда сөздері қосарланып, боз торғай, қазылар алқасы тәрізді тіркесіп, күрделеніп жаңа сөздер жасалған. Грамматикалық тәсіл арқылы грамматикалық мағына тудырудың мынадай түрлері бар:1) қосымшалар арқылы. Оған көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларымен бірге форма тудыратын жұрнақтар, мысалы, шырай жұрнақтары, етістіктің етіс, болымсыз етістік, рай, шақ, есімше, көсемше жұрнақтары жатады; 2) негізгі сөзге септеулік, демеулік шылаулар тіркесу арқылы: барған соң айтарсың-соң шылауы барған деген сөзге мезгілдік мағына үстеп тұр; келдің бе?-бе сұраулық мағына үстеп тұр; 3) орын тәртібі арқылы бұл-бала кезінен кітапты көп оұиды дегенде бұл адам, ойдың иесі, бала- кез сөзін анықтап тұр; бұл кітапты көп оқиды дегенде бұл-баланы анықтап тұр да, бала- ойдың иесі болып тұр;4) дауыс ырғағы (интонация) арқылы: бұл- бала кезінен көп оқиды дегенде бұл ерекше интонациямен айтылады, ал бұл бала кітапты көп оқиды дегендекөп ондай интонациямен айтылмайды немесе-мен кеше үйде отырдым, кеше? Мен барғанда ешкім болмады ғой деген сөйлемдегі екінші кеше сұрау интонациясымен айтылып тұр. Грамматикалық тәсілдің қосымшалар қосылу түрін тіл білімінде синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл, ал қалғандарын аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл деп те атайды.

Зат есім-лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына дербестігі бар сөздер. Сөз табы жағынан есім сөздер тобына кіреді. Қоршаған дүниедегі зат пен жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға, болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер.

Тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің бірқатары түбір сөздер болса, кейбіреулері әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер болып келеді. Сол сияқты зат есімдер екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған түрлері мен қос сөз сөз тұлғалы түрлері де бар. Екі сөздің тіркесі белгілі заттың атаушы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер зат есім қатарында танылады.

Сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсу ыңғайына қарай зат есімге тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары жалғанады, сондай-ақ олар сөйлем ішінде не жекеше, не көпше тұлғада айтылады. Бұлардан тыс зат есімнің жалқылық пен жалпылық, жақтылық пен жақсыздық секілді категориялары бар. Жалқы есім- адамның жеке басына, жан-жануарға, дербес заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздер де, жалпы есім- бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстарға, жан—жануарға жалпылама атауыш болып келетін сөздер.

Көмекші есімдер-негізгі сөздерге теліне жұмсалып, олардың кеңістікке, уақытқа, қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, түп, сырт, бас, бет, шет, тұс, бой, сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-алыстығы; қыры; аралығы тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есім қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркесіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады. Көмекші есім өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы,т.б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады.Ауылдың жаны-терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны-бастауыш.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар, диафильмдер, кинофильмдер

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә [5;7]

Қ.Ә [4;6]

7 Дәріс тақырыбы: Сын есім. Олардың сөйлемдегі қызметі

Жоспары:

1. Сын есімнің семантикалық топтары

2.Сын есімнің морфологиялық құрылымы

3. Сын есімнің синтаксистік қызметі

4. Сын есімнің зерттелуі

Дәріс мәтіні:

Сын есім-қазақ тілінде семантикалық сипаты, яғни жалпы грамматикалық мағынасы жағынан ерекшелінетін сөз табы. Сын есім әдетте семантикалық сипаты жағынан белгілі бір заттың әр түрлі сапалық белгісін, сипатын, қасиетін, түр-түсін және бір затқа, құбылысқа, іс-әрекетке т.б. қатыстық сипатын білдіріп, көбіне зат атауын анықтап тұрады. Морфологиялық жағынан сын есім-түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары (сонымен бірге категориясы да) жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, екінші тобы қатыстық сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанбайды. Сын есімге сөйлемде септік, көптік, тәуелдік жалғауларының бірі жалғанып қолданса, онда ол сын есім қасиеттерінен айырылып, заттанып (субстантивтеніп), зат есімнің орнына жұмсалады: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, Талаптыға нұр жауар. Сын есімінің негізгі синтаксистік қызметі зат есіммен ешбір сөз байланыстырушы тұлғаларсыз орын тәртібі арқылы қабыса байланысып, анықтауыш болады; Сын есімдер сөйлемде етістіктен болған мүшенің сапалық я қатыстық сипатын білдіріп, адвербиалдық (үстеу) мәнде пысықтауыш қызметін де атқарады: Арық сөйлеп, семіз шық . Қатыстық сын есімдерге бір заттың белгісін басқа бір заттың, қимыл, іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіетін сөздер жатады. Мысалы, өнерлі жастар, балалы үй, жазғы демалыс, шоқпардай кекіл т.б. Алдыңғы сын есімдер жастардың өнерге, үйдің балаға, демалыстың жазға, кекілдің шоқпарға қатысын білдіріп тұр. Осыдан көрінетіндей, қатыстық сын есімдер морфологиялық жағынан сөзжасам қосымшалары арқылы жасалған туынды сөздер болып келеді. Тілімізде –лы, (-лі,-ды,-ді,-ты,-ті); -лық (-лік; --дық,-дік; -тық,-тік); -ғы,(-гі,-қы,-кі); -сыз (-сіз;); -шыл (-шіл); -и, паз, -қой,-ық (-ік,-қ,-к); -ғыш (-гіш,-қыш,-кіш); шақ(-шек); -ғыр (-гір,-қыр, -кір); т.б. сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар я жоқ, соған бейімділік, мекендік т.б. тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу арқылы қатыстық сын есім болады

Қатыстық сын есімдерге шырай қосымшалары жалғана алмайды; таулы, бірақ таулырақ я тап-таулы емес. Ал қосымша арқылы жасалған туынды сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанса, олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып табылады: өткір (пышақ)-өткірлеу-өп-өткір-өте өткір,

Құрылысына қарай сын есімдер дара және күрделі болып та бөлінеді. Дара сын есімдерге негізгі және туынды түбір, яғни бір ғана сөз жатады да, күрделі сын есімдерге кем дегенде екі сөзден құралған сын есімдер жатады.

Күрделі сын есімдер-екі я одан да көп сөздің тіркесуі, қосарлануы, қайталануы, кейде бірігуі арқылы жасалған сөздер. Қазақ тіліндегі күрделі сын есімнің құрамдық үлгілері мынандай: 1) сапалық сын есмідердің бір-бірімен тіркесуі: көк ала, қара жер, ал қызыл т.б.; 2) сапалық, қатыстық сын есімдердің қайталануы үлкен-үлкен, таулы-таулы, биікбиік; 3) Бір түбірден әр түрлі қосымшалар арқылы жасалған сөздердің немесе әр түрлі сапалық қатыстық сын есімдердің қосарлануы: сулы-сусыз, үлкенді-кішілі, жақсы-жаман т.б. 4) Сапалық сын есім мен –лы тұлғалы қатыстық сын есімдердің тіркесуі: кең жауырынды, қызыл шырайлы, жирен мұртты т.б.

Сын есімнің шырайлары- бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіретін сапалық сын есім категориясы. 1.Салыстырмалы шырай бір заттың сынын я сипатын, түсін екінші заттың біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің, түрлердің бір-бірінен я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар: а) –рақ,-рек,-ырақ,-ірек: үлкен-үлкенірек ә) –лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу: толық-толықтау т.б. 2. Күшейтпелі шырай бір заттың бастапқы сынын, белгісін күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады да, күшейтпелі буын немесе өте, аса, ең, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеу арқылы жасалады. А) қызыл-қып-ұызыл, жасыл-жап-жасыл. Шырай қосымшалары кейде кейбір үстеулерге де жалғанады: тез-тезірек, төмен-төмендеу т.б. Бұның өзі, бір жағынан, кейбір амал, мекен, мезгіл үстеулері тарихи жағынан сапалық сын есімдерге жақын екендігін көрсетсе, екінші жағынан, үстеудің, оның жеке түрлерінің түгелдей шырай тұлғаларымен түрлене алмайтынын көрсетіп, үстеуге тән еместігін байқатады. Сапалық сынның белгілері бірде тым басым, артық болса, бірде бәсең болуы мүмкін. Мысалы, сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар. Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады: 1. –рақ,-рек,-ырақ.-ірек

Сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар: Олар: 1)-ғыл, -гіл,-ғылт,,-қылт,-ғылтым,-қылтым,2) –шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім 3) –ғыш,-ілдір 4) –аң,-қай,-ша,-ше.

Қазақ тіліндегі сын есімге зат есімнің көптік, септік категориялары тән құбылыс емес, өйткені сын есімге шырай формалары тән құбылыс. Сондықтан сын есімге септік, көптік жалғаулары жалғанса-ақ, оны субстантивтендіріп, заттық мағына үстеп жібереді.

Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не затттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады»,-дей келіп, бұл пікірін одан әрі «олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады»,-деп анықтағандығы ғылыми еңбектерде көрсетілге.1967жылғы «Қазақ тілінің грамматикасында» Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап, оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды. Үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды. Яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады»,-деп көрсетілген.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: слайд, плакттар, бейнематериалдар

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә [5;7]

Қ.Ә [4;6]

8 Дәріс тақырыбы: Сан есім. Олардың сөйлемдегі қызметі

Жоспары:

1. Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты.

2. Сан есімнің морфологиялық ерекшелігі.

3. Сан есімнің синтаксистік қызметі.

4. Сан есімнің зерттелуі.

Дәріс мәтіні:

Сан есім- заттың санын, ретін, есебін білдіретін есімдер жататын сөз табы. Құрылысы жағынан дара сан есім, күрделі сан есім, қосарлы сан есім болып бөлінеді. Мағыналық және морфологиялық ерекшелігіне қарай 6 топқа жіктеледі: 1) есептік сан есім-сандық мөлщерді емес немесе дерексіз сандық ұғымды білдіреді, ол лексикалық-семантикалық тәсіл, морфологиялық тәсіл, синтаксистік тәсіл арқылы жасалады; 2) реттік сан есім-заттар мен құбылыстардың орын тәртібін, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады; -ыншы,-інші,-ншы,-нші қосымшалары арқылы жасалады; 3)жинақтық сан есім-сандық мөлшерді жинақтап көрсету үшін қолданылады; -ау,-еу қосымшалар арқылы жетіге дейінгі есептік сан есімнен жасалады;4) топтық сан есім-өзара теңбе-тең сандық мөлшерді білдіреді: -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен,-дап,-деп,-тап,-теп қосымшалары арқыл ыжасалады; 5) болжалдық сан есім-сандық мөлшерді шамамен білдіреді;-ер,-дай,-дей,-тай,-тей, -даған,-деген,-таған,-теген,-лы,-лі, -ды,-ді-ты,-ті,-деген,-таған,-теген,-лы,-лі,-ды,-ді, жұрнақтары, жуық, шамалы, шақты, астам т.б. сөздердің тіркесуі арқылы жасалады: 6) бөлшектік сан есім –заттар мен құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіру үшін қолданылады. Сан есім басқа сөз таптарын жасауға да негіз болады. Сан есімдердің негізгі ерекшелігі-олар өзге сөз таптарынан жасалмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, негізінде, белгілі бір заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, ретін, мөлшер-шамасын білдіру үшін, соларды айқындау үшін қолданылады. Осы себептен олар мағына жағынан сын есімдерге біршама ұқсас та болып келеді, бірақ сын есімдер заттың сын сипаты мен сапасын айқындайтын болса, сан есімдер заттың сандық белгісі мен мөлшерін анықтайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің ішінде алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сөздерінің құрылыс жүйесі ерекше. Бұл сандар- алты, жеті, сегіз, тоғыз сөздері мен ондық ұғымдағы –пыс,-піс және он сөздерінің тіркесінен бірігіп пайда болған сөздер.

Сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды, бұл-олардың негізгі бір ерекшелігі. Сан есімдердің қай-қайсысын алсақ та тек негізгі есептік сан есімдердің әр алуан комбинация арқылы өз ара жүйелесіп орналасуы, негізінде пайда болған. Бірақ өзге сөз таптарынан жасалмаса да, іштей сөз тудырудың сан есімдерге тән сөз жасаушы өзіндік грамматикалық формалары да бар. Мысалы, реттік сан есімдер тудырушы –ыншы,/-інші, жинақтық сан есімдер тудырушы –ау/-еу; топтық сан есімдер тудырушы –дан/-ден; болжалдық сан есімдер тудырушы –ер,-дай/-дей,-даған/-деген; бөлшектік сан есімдер тудырушы шығыс (-дан/-ден), ілік (-ның/-нің) жалғаулары мен үшінші жақ тәуелдік жалғаулары.

Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бастаған Н.И.Ильминскийдің, А.Казембектің, М.Терентьвтің, П.М. Мелиоранскийдің, В.В. Катаринскийдің, С.В. Ястремскийдің еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.

Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде де сан есім жайында әр түрлі пікірлер кездеседі. Мысалы, Н.П. Дыренкованың грамматикасында «төрт» сан есімінің түрі берілген. Бұл грамматикаларда «сан есімнің семантикалық жақтарына қарай бөлінуін бірінші орынға қойғанмен, ол элементарлы түрде қысқа ғана түсіндіріліп, барлық қолдану ерекшеліктері толық және жан-жақты қамтылмай баяндалғандығы» ғылыми еңбектерде айтылады.

А.Байтұрсыновтың 1914 жылғы бірінші «Тіл-құрал» оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынандай анықтама берілген. «Неше? Қанша? Деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есімдейміз». Ал 1915 жылғы екінші «Тіл-құралда» сан есімге қатысты мағлұматтар кең баяндалған. Бұл кітапта «Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер»,-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік, реттік, бөлшектік сан есім деген түрлері көрсетілген.

Ғалым Ә.Хасеновтің 1957 жылғы еңбегінде түркі тілдеріндегі сан есім категориясының зерттелуіне шолу жасалып, сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып, лексикалық жағынан сан есімдер түркі тілдерінің туыстығын айқын таныта аларлық категорияның бірі болып табылатындығын айтып, морфологиялық ерекшеліктерін көрсетіп, олардың жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылығы-не аффикстену, не басқаша тәсілдер арқылы басқа сөз таптарынан жасалмайтындығын анықтап берген. Сонымен қоса сан есімнің синтаксистік қызметіне сипатама берген.

Ғалым А.Ысқақов өз еңбегінде жеке сөз табы ретінде жан-жақты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына қарай қосылмалы және көбейтілмелі болып келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаған.

Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді. 1988 жылы профессор Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны, атқаратын қызметі айтылып, сан есімнің семантикалық тобының жасалуы, күрделі сандардың жасалу модельдері көрсетілді.

Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері- зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т.Сайранбаев зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А.Елешева фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған.

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, жалпы алғанда, бір сандық ұғымдарды білдіретін сөздер болғанымен, түптей келгенде олардың ішінде біраз сөздер заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін білдірсе, біразы реттік тәртібін немесе теңбе-тең сандық мөлшерін, ал, тағы бір топтары заттың жинақтық я тұспалдық санын немесе оның бөлшектік үлесін т.б. білдіру үшін қолданылады. Осыған орай ондай сөздердің жасалу амалдары мен түрлену жүйелері де бірдей емес. Сол себепті сан есімдер іштей мағыналық және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес: есептік, реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер болып алты топқа бөлінеді.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар, плакаттар, слайд, кинофильмдер

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә[2; 4]

Қ.Ә[5;8]

9 Дәріс тақырыбы: Есімдік, оған тән негізгі мағыналық ерекшелік, мағыналық топтары, синтаксистік қызметі

Жоспары:

1. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты.

2. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері.

3. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі.

4. Есімдіктердің қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Дәріс мәтіні:

Есімдік-есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер. Есімдіктің қай сөздің орныада жұмсалып тұрғаны алдыңғы сөйлемнен белгіл болғандықтан ол жалпы мағынаға ие. Мысалы, мен-сөйлеушіні, сен-тыңдаушыны, ол- бейтарап адамды танытады. Сөйтіп бұл сөз табының құрамына енетін сөздердің мағынасының нақтылы болмай, жалпылама болып келуі есімдіктің лексика-семантикалық өзгешелігі болып табылады.Айталық, мен, сен сияқты сөздердің нақтылы мағына беретін сөздердің де, абстрактылы мағынада да жұмсала беруі мүмкін. Морфологиялық тұрғыдан алғанда, есімдіктер басқа сөз таптары сияқты септелуге, көптелуге бейім. Соның өзінде есімдікке тән айырмашылық бар. Мысалы, зат есімде көптік мағынаны білдіру лексикалық, морфологиялық, сол сияқты синтаксистік тәсілмен де болып жатады. Ал есімдіктерде көптік жалғау арқылы көптік мағынаны білдіру барлық түрлеріне тән құбылыс болса, лексикалық тәсіл тек сұрау есімдіктерінде болады. Сондай-ақ лексикалық тәсілмен көптік мағынаны білдіру жіктеу есімдіктеріне, соның ішінде, бірінші және екінші жақтағы есімдіктерге ғана тән. Есімдіктердің көпшілігі септелгенмен, қайсыбірі дәстүрлі жалғауды «қабылдамайды»: маған (менге емес), саған (сенге емес), менен (меннен емес),оған (олға емес), онымен (олмен емес,снымен (солмен емес). Сөз тудыру тұрғысынан келгенде, есімдіктердің өздерінен жаңа сөз жасау өте сирек кездеседі. Лексика-семантикалық және грамматикалық өзгешеліктеріне байланысты есімдіктер жеті топқа бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық.

Жіктеу есімдіктері- белгілі бір жақты көрсету үшін жұмсалатын есімдік түрі. Олардың барлығына меншіктілікті білдіретін жұрнақ жалғанады. Бірінші, екінші жақтағы есімдіктерінің бәріне жіктік жалғау жалғанады. Бәрі септік жалғауын жалғап септеледі. Есімдіктерге тән құбылыс болмағанымен, жіктеу есімдіктеріне жұрнақ жалғанып, жаңа сөз жасалып жатады. Сілтеу есімдіктері сөйлеушімен аралық қатынасқа байланысты сөздердің орнына қолданылады, сондықтан бұл есімдіктерден сөз құрауы болып тұрған заттың немесе құбылыстың алыс немесе жақындығы білініп тұрады. Сілтеу есімдіктерінің ішінде өзге сөздердің орнына қолданылмайтындары да бар. Тәуелдік жалғаулары сілтеу есімдіктерінің кейбіреулеріне ғана жалғанады. Көптік жалғауын қабылдайтын сілтеу есімдіктері де бар. Септелу де сілтеу есімдіктерінің бәріне тән құбылыс емес. Сілтеу есімдіктеріне сөзжасам жұрнақтары жалғанады. Жатыс септігінің жалғауы сәл өзгеше болып келеді. Қосарланып та келетін жайлары бар. Сұрау есімдіктері заттың атын, мезгілін, мекенін, амалын т.б. білу мақсатында қолданылады. Сілтеу есімдіктері тәуелдік жалғауының оңаша, ортақ түрлерін қабылдай береді. Септік жалғауы кез-келген сілтеу есімдіктеріне жалғанады. Көптік жалғауларын кім?, не?, немене? Сөздері қабылдайды. Сілтеу есімдіктері қосарланып та келеді. Өздік есімдігі сөйлеушіні өзгелерден бөліп көрсету, сондай-ақ меншікті айқындау үшін қолданылады Өздік есімдігі тек қана өз болғанымен, әр түрлі қосымшалар арқылы көптеген өзгеріске түседі. Зат есімнің алдында келгенде өздік есімдігіне қосымша жалғанбайды Өздік есімдігінің қосарланып келетін түрлері де бар өзімен-өзі,өз-өзінен. Белгісіздік есімдіктері заттардың, құбылыстардың санын, сапасын, амалын, мекенін, мезгілін тұспалдап, көмескі айту үшін қолданылады. Жалпылау есімдіктері біркелкі заттарды, құбылыстарды жалпылай айту үшін қолданылады. Болымсыздық есімдіктері әлдебір затты, құбылысты жоққа шығару үшін қолданылады.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: тест тапсырмалары, үлестірмелі қағаздар, плакаттар

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә[2; 4]

Қ.Ә[5;8]

10 Дәріс тақырыбы: Етістік. Етістіктің лексика-грамматикалық категориясы

Жоспары

1.Етістіктің жалпы сипаты.

2. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.

3. Етістіктің лексика- семантикалық топтары.

4.Етістіктің грамматикалық сипаты.

5. Етістіктің жасалуы.

6. Етістіктің зерттелуі.

7. Етістіктің синтаксистік қызметі.

Дәріс мәтіні:

Етістік-қазақ тіліндегі негізгі сөз таптарының бірі. Оның өзіндік ерекшеліктер мол: семантикалық сипаты сан алуан, грамматикалық қасиеті әр жақты, түрлену жүйесі менграмматикалық категориялары әр қилы, синтаксистік қызметі мен тіркесу, басқа сөздермен байланысу қабілеті кең, құрамы мен құрылымы қат-қабат. Семантикалық жағынан етістік табиғат пен жаратылыс шеңберінде, қоғамдық өмірде адамның абстракты ойы мен санасында пайда бола алатын алуан түрлі қимыл, іс-әрекет, қозғалыс, амал, қалып, жай-күй, ойлау-сөйлеу, көру, есту, бағыт-бағдар, бейнелеу т.б. процестерге қатысты ұғымдарды білдіреді.

Етістіктердің осындай семантикалық сипаты осындай сан алуан болғанымен, грамматикалық қасиеті жағынан олар ыңғайлас, сәйкес болып келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы «Етістік дегеніміз-заттардың еткен-етпеген істерін көрсететін сөздер»,-деп оның болымды, болымсыз, есімше, көсемше түрлерін атап көрсетеді. Ы.Маманов «Етістіктер дегеніміз-заттың іс, қимыл процесін, күйін білдіретін, шаққа, жаққа, райға, етіске, болымды, болымсыз болып түрленіп, сөйлемді құрастыруда ерекше қызмет атқаратын сөз табы»,-деп анықтама берсе, Н.Сауранбаевтың айтуынша: «Етістік-қимылды немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы»,-деген.

«Етістік-қимыл, іс-әрекеттің атауы» деген пікірді С.Исаев қатеге шығарады. «Етістік қимыл, іс-әрекеттің атауын емес, нақ өзін білдіреді, ал атын етістіктің белгілі бір формасы білдіреді», -деп көрсетеді.

Ә.Төлеуов етістіктің морфологиялық белгілерін айта келіп, «етістіктің түбірі ІІ жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни, оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы,-р, -йтын,-ғалы,-й,-ған,-ып,-с,-ды,-пты т.б.»,-дейді.

Грамматикалық формаларға бай етістікті ғалымдар жан-жақты зерттеген. Ы.Маманов өз еңбегінде етістікті негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, ал негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктер деп қарастырады. Сөздің лексикалық мағынасын білдіретін бөлікті түбір етістікке, ал белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын модификациялы етістікке жатқызады. Салт және сабақты етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, сыпат, болымсыздық етістік категорияларын модификациялық етістік түріне енгізіп, етістіктің бірінші түбір етістіктерді, екінші модификациялық етістіктерді, үшінші функциялық етістік тұлғаларын, төртінші орынға рай, шақ категорияларын қойып сатылап бөледі.

Негізгі етістіктер түбір және модификациялық болып екіге бөлінеді. Түбір етістіктердің бірнеше түрі бар: 1) негізгі түбір; 2) туынды түбір; 3) кіріккен түбір; 4) қос түбір;5) тіркесті түбір.Модификациялық етістіктердің де бірнеше түрі бар: 1) етіс жұрнағы; 2) күшейтпелі жұрнақтар; 3) күрделі етістіктер.

Функциялы етістіктер дегеніміз-әртүрлі формада тұрған етістіктер немесе жұрнақтардың жалғануы.

А.Ысқақов етістікті мынадай грамматикалық категорияларға бөледі. 1. Етістік негізі. 2. Қимыл атауы категориясы. 3. Салттық және сабақтылық категориясы. 4. Етіс категориясы. 5. Болымдылық және болымсыздық категориясы. 6. Амалдың өту сипаты категориясы.7. Есімшелер категориясы. 8. Көсемшелер категориясы. 9. Рай категориясы. 10. Шақ категориясы.

«Қазақ грамматикасында» етістіктің түбірден өзге формаларының жүйесі: 1) қимыл атауы категориясы; 2) салттылық және сабақтылық категориясы; 3) етіс категориясы; 4) болымдылық және болымсыздық категориясы; 5) амалдың өту сипаты категориясы; 6) есімшелер категориясы; 7) көсемшелер категориясы; 8) рай категориясы, 9) шақ категориясы; 10) жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы категорияларының ыңғайында қарастырылады.

Етістіктің түбірі тікелей жіктелмейді, ол үшін етістік белгілі бір грамматикалық тұлғаларда тұруы керек, бірақ етістіктің барлық тұлғалары жіктеле бермейді. Ал бұл тұлғалар түбірдің мағынасына тек қосымша грамматикалық мағынасына тек қосымша грамматикалық мағына үстеп қана қоймай, оның үстіне семантикалық реңк үстейді. Сондықтан С.Исаев оларды етістіктің лексика-грамматикалық категориялары деп атайды да, оларға салт, сабақты етістік, етіс, болымсыз етістік категорияларын жатқызады. Етістіктің грамматикалық категорияларының ерекшелігі ретінде етістік түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына сақталып, оған тек қосымша грамматикалық мағына үстеп, парадигмалық сипатта түрленетін грамматикалық формалар жүйесінен тұратын категорияларды атап көрсетеді де, ай, шақ, жақ категорияларын осы топқа жатқызады. Сонымен бірге С.Исаев етістіктің ерекше тұлғалық түрлері деп етістіктің категориялық мәнге ие бола алмайтын тұлғаларын айтады. Әрине, бұлар-көсемше, есімше және тұйық етістік.

С.Исаевтың айтуынша етістіктің ерекше тұлғалық түрлері, соның ішінде есімше мен көсемше етістік тұлғаларымен және басқа сөз таптарына түрленіп, тұйық етістік болса түрленбейтін ерекшеліктерімен грамматикалық категориялар (рай, шақ) жасауға тұлға бола алады.

А.Қалыбаева етісті категория деп, бірақ оның жұрнақтарын сөзжасамдық деп қараса, А.Ысқақов оны сөзжасамдық жұрнақ деп, ал С.Исаев етісті лексика-грамматикалық категория деп, оның жұрнақтары сөздің грамматикалық формасын жасайтынын айтқан.

А.Ысқақов етістің бес түрін: 1) негізгі етіс, 2) ортақ етіс, 3) өзгелік етіс,4) ырықсыз етіс, 5) өздік етіс деп бөліп көрсетеді. Басқа еңбектерден етістің негізгі етіс түрін кездестірмейміз. А.Ысқақов мынадай анықтама береді: «негізгі етіс деп өзге етіс формаларына таяныш-негіз болатын, солардың түрлерін қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы айтамыз» және оған түбір, туынды етістіктердің, күрделі етістіктердің негіздерін жатқызады. С.Исаев етістік түбірі және етіс деген ұғымды бір деп біледі, түбірге тән ерекше грамматикалық мағынасы болмаса, оны категория қатарына енгізбейді және кейбір етістік түбірлері етістің бір түріне негіз бола алатын болса, екінші түріне негіз бола алмайтынын айтады. Осы пікірге сәйкес көзқарасты «Қазақ грамматикасынан» көре аламыз: «Негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір, мейлі күрделі түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі, басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан еш айырмашылығы жоқ» делініп, оны категория шеңберіне енгізбей, сол категория түрлеріне негіз ғана бола алатынын түсіндіреді. Ы.Маманов оны күрделі етістіктер және күшейтпелі етістіктермен қатар модификациялық етістіктер қатарына жатқызады.

Етістік сөйлемде жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады, тұйық етістік, есімше тұлғаларында, атау септікте бастауыш, басқа сөздерге толықтауыш, анықтауыш, көсемше тұлғаларында пысықтауыш қызметтерін де атқара алады.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: слайд, плакаттар, тест тапсырмалары

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә[2; 4]

Қ.Ә[5;8]

11 Дәріс тақырыбы: Үстеу. Шылау сөздер

Жоспары:

1.Үстеулердің зерттелу тарихы.

2.Үстеудің лексика-грамматикалық топтары.

3.Үстеудің морфологиялық ерекшелктері.

4.Үстеудің синтаксистік қызметі

5. Шылаулардың зерттелу тарихы.

6. Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері.

7. Жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер, олардың қызметі.

Дәріс мәтіні:

Күрделі сөз таптарының бірі-үстеу. Ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді әуел баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздердің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»,-деп анықтама берген. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу -сын есім, сан есім, есімдік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер». А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа бөледі: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5) мекендік деп бөлгендігі көруге болады.

Профессор С.Аманжолов: «Үстеу дегеніміз-істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»,-деген түсініктеме береді және қызметіне қарай екі топқа бөледі: етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер.Ғалым етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін т.б. Үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. cөздерді жатқызады.

Үстеуді арнай зерттеген ғалым Е.Саурықов «Адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық» тақырыбында кандидаттық диссертация жазды. Онда үстеудің лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық белгісі, синтаксистік қызметі сынды белгілері жалпы түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Аталған еңбекте үстеулердің пайда болуы мен тарихи қалыптасу жолдарын диахрондық әдіспен зерттеу нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетілген.

Ғалым Ә.Ыбырайым үстеулердің тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырау құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз табында болып жатқан әр түрлі лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қасиеттері туралы ғылыми түсінік береді. Ғалым сондай-ақ үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан-жақты дәлелдейтіндігін зерттеу еңбектерде көрсетіледі.

Грамматикалану жолымен қалыптасқан үстеулер өте көп. Сол себептен бұл тәсілді үстеу сөздердің жасалуындағы ең бір өнімді амал деп атауға болады. Грамматикалану жолының ішінде үстеу сөздердің жасалуындағы негізгі де, өнімді де тәсіл болып саналатыны-жеке сөздердің өз ара не өзге сөздермен қосарланып айтылуы. Ондай қосарланып айтылған сөздер форма жағынан алуан түрлі болып келе береді. Бұл жөнінде үстеулердің мағыналық топтарының тұсында толық айтылмақшы.

Мағынасындағы, жұмсалуындағы осы ерекшеліктері ескеріліп, бұлар сөздік құрамдағы айрықша бір топ, сөздердің айрықша түрі ретінде дараланып шылаулар деп аталады. Шылау деген атау бұл сөздерді сөз табы ретінде емес, сөздік қордағы өз ара грамматикалық ортақ сипаты бар ерекше түр, топ екенін білдіреді. Шылаулар сөз тіркестерін құрауға тең компонент болып қатыса алмайды, өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды. Бұлар атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретінде жалғасады.

Ортақ сипаты, негізінде, бір топ болып танылған шылау сөздер сөз табына қойылатын талаптар тұрғысынан саралағанда, өз ара мына үш топқа бөлінеді:

  1. Септеуліктер; 2. Жалғаулықтар; 3. Демеуліктер;

Сөз таптарының қатарына шылаулар осы топқа сай дараланып

енеді.

Шылау сөздер атау мағыналы сөздерден дамып шыққан. Бірақ атаулы сөзден шылаудың дамып шығуы ұзақ процесс. Көп сөздер тек белгілі ситуацияда ғана шылау қызметінде жұмсалып, ұзаққа дейін өзінің негізгі мағынасынан ажырамайды.

Септеуліктер өз ара бағыныңқылы қатынастағы сөздерді

Байланыстыру үшінжұмсалады. Сондықтан қызметі, мағынасы жағынан септеуліктер септік жалғаулар сипаттас. Бұлар да сөз бен сөздің арасындағы мезгілдік, мекендік, себептік т.б. осы сияқты абстрактылы-граматикалық қатынастарды білдіреді. Бұл-септеулік тің мағына, қызметі жағынан демеулік, жалғаулықтардан ерекшелентін жайлары.

Септеуліктер қызметі жағынан септік жалғауларға ұқсас болғандықтан, көбіне, зат есім, есімдік, есімше, тұйық етістіктерге тіркеседі. Бұл сөздерге септеуліктер үш формада-атау, барыс, шығыс, көмектес септік формасында меңгеріп тіркеседі.

Сөздерді атау формада меңгеретін септеуліктер: арқылы, бойы, бойда, бойынша, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, тәрізді, туралы, сайын, үшін.

Сөздерді барыс септік формасында меңгеретін септеуліктер: дейін, шейін, деген, деп, қарап, қарсы, қарай, салым.

Сөздерді шығыс септік формасында меңгеретін септеуліктер: бері, кейін, соң.

Сөздерді көмектес септік формасында меңгеретін септеуліктер: бірге, қабат, қатар.

Септеуліктер, басқа шылаулар тәрізді өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайтын, түрленбейтін категория. Осы жалпы қағидадан ауытқу мезгіл-мекен мағыналы септеуліктердің басында ғана бар. Бұл септеуліктер бойына сын есім тудыратын –ғы,-гі жұрнақтарын қабылдап жұмсала алады: қырыққа дейінгі, жазға салымғы, күзге таманғы т.б. Бұл жерде жұрнақты қабылдаушы тек септеулік емес, аналитикалық формадағы күрделі сөз. –ғы,-гі-мезгіл, мекен мағыналы сөзге жалғанатын жұрнақ Сондықтан ол басқа жұрнақтардан өзгешелеу жұмсалып, сөзге жатыс септік жалғауынан соң тұрып жалғанады. Жұрнақ дейін, соң, кейін септеуліктеріне де осы ереже бойынша жалғанып тұр.

Септеуліктердің жұмсалу өрісі олардың шығу, қалыптасу тарихына, синонимдік варианттарының қатарына көп тәуелді.

Қазақ тілінде үшін, сайын-өте жиі жұмсалатын септеуліктер.Бұл олардың мағынасына, қызметіне ортақтас басқа септеуліктердің болмауынан. Екіншіден, бұл септеуліктер өте абстрактыланып, жұмсалуда сө талғамайтын болып өрісін кеңейтіп алған.

Мағынасына қарай септеуліктер бес топқа бөлінеді:

Мезгіл-мекен мағынасындағы үстеуліктер: дейін, шейін, бойы, бойында, таман, салым.

Амал мағыналы септеулер: бойынша, бірге, қабат, қатар.

Мақсат мағыналы септеуліктер: үшін, деп.

Қатыстық мағыналы септеуліктер: туралы, жөнінде, жөніндегі, жайлы,

Теңеу, талғау мағыналы септеуліктер: сияқты, секілді, тәрізді.

Септеуліктер де, басқа шылау сөздер тәрізді, атаушы сөздерден дамып шыққан. Бұл категорияның толығуы, жетілуі-тілдің тарихымен қатар жарысып келе жатқан ұзақ процесс.

Жалғаулықтар қатарына мағынасы дерексіз, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемдерді байланыстыру үшін жұмсалатын сөздер жатады. Басқа шылаулар тәрізді, жалғаулықтар өзіне қосымша жалғамайды. Демеуліктерден айырмасы-бұлар тиянақты формада келіп өз ара тең тұрған сөздерді, сөйлемдерді байланыстырады, солардың арасындағы грамматикалық қатынасыт білдіреді.

Мағынасына қарай жалғаулықтар 6 топқа бөлінеді:

  1. Ыңғайлыстық жалғаулықтар: әрі, да,және, мен.

  2. Қарсылықты жалғаулықтар: ол, алайда, әйтпесе, әйтпегенде, әйтсе де, бірақ, дегенмен, онда да, әйткенмен, сонда да.

  3. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, болмаса, бір, біресе, жоқ, не, немесе, әлде.

  4. Себептік жалғаулықтар: неге десең, не үшін десең, себебі, өйткені.

  5. Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, сол үшін.

  6. Шарттық жалғаулықтар: егер, егер.онда.

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар:бейнематериалдар,плакаттар, слайд

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә[2; 4]

Қ.Ә[5;8]

12 Дәріс тақырыбы: Еліктеу сөздер. Одағай сөздер

Жоспары

1. Еліктеу сөздердің зерттелу тарихы.

2. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері.

3. Еліктеу сөздердің фонетика- морфологиялық сипаты.

4. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі

5. Одағай, жалпы сипаттама.

6. Одағайдың түрлері.

7. Одағайдың интонациялық ерекшеліктері.

8. Одағайдың құрамы мен қызметі.

Дәріс мәтіні:

Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыстарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап түсуі, домалауы, соқтығысуларына еліктеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.

Сөз табы - ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артық құрылымдық түрі барын анықтаған чуваш ғалымы Н.И.Ашмарин. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен ғалым-Л.Н.Харитонов.

Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып бөлініп даралануы профессор А.Ысқақовтың есімімен байланысты. А.Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше сөздер тобына жататыныны ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді.

Еліктеуіш сөздер- табиғат құбылыстарының, адам мен айуанаттың шығарған дыбыстарына, олардың қимыл-әрекеттеріне бейнелі түрде еліктеуден пайда болған сөздер. Еліктеуіш сөздер екі топқа бөлінеді: 1) Дыбыстық еліктеуіш сөздер-табиғат құбылыстарының, заттардың қозғалуынан, бір-бірімен соқтығысуынан шыққан немесе адам мен айуанаттардың шығарған дыбыстарына еліктеуден туған сөздер. Мысалы, тарс-тұрс, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір, гүрс-гүрс т.б. 2) Бейнелеуіш сөздер-адамның, хайуанаттың, жеке заттардың сыртқы көрінісін бейнелеп көрсететін немесе олапрдың қимыл-әрекетіне, қозғалуына еліктеуден туған сөздер. Мысалы, бүкшең-бүкшең, бүрсең-бүрсең, селк-селк т.б.

Еліктеуіш сөздерге –ыл,-іл,-ла,-ле жұрнақтары жалғанып, зат есім, етістік жасалады.

Сөйлемде негізгі етістіктермен тіркесіп, пысықтауыш қызметін атқарады да, көмекші етістіктермен тіркескенде күрделі баяндауыш, пысықтауыш құрамына енеді. Еліктеуіш сөздер бұрын одағай категориясына телініп жүрді. Кейінгі жылдары өз алдына жеке сөз табы ретінде танылды.

Тіліміздегі көп мағыналы одағайлардың әрбіреуі жұмсалатын мағынасына қарай әр түрлі интонацияда айтылады. Бірде созылыңқы, баяу, бірде жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. Бірде одағайдың соңғы буыны ерекше екпінмен айтылып, соңы баяу ырғақпен тынады. Мысалы, Ойбай! Одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да да сөздің өзі жұлып алғандай, тез, жылдам айтылады.

Субстантивтенген одағайлар мынадай сөйлем мүшелерінің қызметінде жұмсалады:

1.Бастауыш қызметінде: Аһ естілді. Алыстан «Ура!» естілді.

2.Толықтауыш қызметінде: Барылдаған Досжанның ойбайынан толық ешнәрсе ұқпады.

Кейбір одағайлар сөйлем ішінде қаратпа сөз қызметінде жұмсалады. Бұл қызметте, көбінесе, Әй! Уа! Әй! Ей! Одағайлары жұмсалады.

Одағайлардың тіркестік қабілетінде де біраз ерекшеліктер бар. Одағайлы тіркестерді екі топқа бөлуге болады.

1.Одағайлардың өзара тіркесі. Одағайлар жапатармағай бір-бірімен тіркесе бермейді. Олардың өзара тіркесуінде белгілі бір заңдылық бар. Әдетте, жағымды эмоция, көңіл-күйді білдіретін одағайлар өз ара тіркеседі де, жағымсыз көңіл-күйді білдіретін одағайлар өз ара тіркеседі. Мысалы, Алақай! Ура! Одағайлары бір-бірімен тіркеседі де, Әттең! Қап! Одағайларымен тіркеспейді.Сол сияқты Қап! Одағайы Әттегенай! Одағайымен мағына жағынан жақын болғандықтан бір-бірімен тіркеседі де, Паһ-паһ! Сөзімен тіркеспейді. Демек, одағайлардың бір-бірімен тіркесу-тіркеспеу қасиеті олардың мағыналық алыс-жуықтығына байланысты.

2.Одағайлардың етістікпен тіркесуі. Одағайлар етістікпен тіркескенде олардың бірқатары одағайлы тіркес құрайды да, бірқатары тұрақты тіркес құрайды. Осыған орай оларды екіге бөліп қарастырамыз.

Одағайлы тіркестер.Одағайлар, көбіне, де етістігімен тіркесе келе кейбір жағдайда сол етістікпен өз ара жымдасып, мағыналық жағынан өзгеріске ұшырап, толық одағай категориясына ауысып кеткен. Мысалы. Я деген! Па деген!

3. Тұрақты тіркестер. Бұл топқа жататын тіркестердің ішінде одағай сөз болғанмен бұл тіркестерді түгеліме одағайға жатқызуға болмайды. Бұлар тұрақты сөз тіркес құрайтын Ай-шай деспей, әу десті, әу дейтін жер, ойбай салды, аһ ұрды т.б. одағайлар

Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар, плакаттар, слайд

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Ә[2; 4]

Қ.Ә[5;8]

13 Дәріс тақырыбы: Синтаксис туралы жалпы түсінік. Сөз тіркесі. Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

Жоспары:

1.Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны.

2.Синтаксистің зерттелу тарихы, салалары.

3. Сөздердің байланысу тәсілдері, түрлері. Сөз тіркесінің типтері

4.Сөйлемнің модальділігіне және интонациясына қарай түрлері

5.Сөйлем мүшесі болудың шарттары.

6.Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз, айқындауыш мүшелері.

7.Бірыңғай мүше, Үйірлі мүше.

Дәріс мәтіні:

Синтаксис – гректің құру, біріктіру даген мағынаны білдіретін сөзі. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемнің құрамы мен құрлысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі

Септеулік шылаулар арқылы

Қосымша

лар арқылы

Орын тәртібі арқылы

Интонация арқылы