Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус 3 курс_прак.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141 Кб
Скачать

3. Практиканың құрылымы және мазмұны.

Педагогикалық практика мазмұны болашақ мұғалімінің мамандығымен байланысты құрылады және бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас, сонымен бірге педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті, себебі арнайы мамандығы бойынша даярлап жатқан пәндермен қатар педагогика–психология пәндері аралыққа студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделген.

  1. Меңгеру:

  • Информатика пәні мұғалімінің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;

  • бекітілген сыныптағы тұтас педагогикалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта жіне т.б. );

  • отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы;

  • бекітілген сынып оқушыларының ата-аналармен, сынып жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;

  • мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;

  • мектептің дарынды балалармен жұмысы;

  • мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру;

  • мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік қор;

  • инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту және ендіру бойынша мектеп жұмыстары;

  • мектеп кітапханасының кітап қоры;

  • тұтас педагогикалық процесіне этнопедагогика негіздерін ендіру.

2. Құрастыру:

  • студенттің педагогикалық практика кезіндегі пән мұғалімдерінің және сынып жетекшісі ретінде жеке жұмыс жоспары;

  • тақырыптық және сабақ жоспарлары;

  • пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспарлары;

  • кабинеттің әідістемелік қорын толтыру жоспары (кесте, үлгі, таратпа материалдары және т.б.);

  • сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық ағарту жұмыстары үшін психологиялық-педагогикалық әдебиеттер тізімін;

  • педагогикалық практика кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын ;

3. Іске асыру:

  • информатика пәні мұғалімі ретінде жұмыстар (сабақ жүргізу, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, үлгермейтіндермен жұмыс және т.б.); әртүрлі сабақтарға талдау жасау (психологиялық, жалпы дидактикалық, жеке методикалық, кешендік), сонымен сабақтың өзіндік талдауы;

  • жоспарға сәйкес сынып жетекшісі ретінде іс әрекеті;

  • сыныпта өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық, педагогикалық талдауы;

  • бекітілген сынып оқушылармен жұмыс жасайтын информатика пәні мұғалімдерімен байланыс;

  • сыныптағы тұтас педагогикалық процеске жаңа білім беру және тәрбие технологияларының элементтерін ендіру;

  • сынып белсенділерімен жұмыс;

  • оқушыларға жеке көмегі;

  • курстық және дипломдық жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер;

- өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамыту бағдарламасын жөндеу.

4. Бақылау формасы.

Ағымдық бақылау: мектептегі қатысымды тексеру, зерттеу жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау.

Қортынды бақылау: портфолио материалдарын дайындау, есеп беру.