- •Аннотация
- •1. Практиканы өтуінің мақсатытары мен міндеттері
- •2. Жко нбб құрылымында практиканың орны.
- •3. Практиканың құрылымы және мазмұны.
- •Меңгеру:
- •2. Құрастыру:
- •3. Іске асыру:
- •4. Бақылау формасы.
- •Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •6. Практиканың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.
- •7. Есеп құжаттарының тізімі
- •8. Практика барысын бақылау графигі
- •9. Практика қорытындысын бағалау критерийлері
- •6 Семестрге арналған бағалау кестесі:
- •10 Қосымшалар
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті
«Информатика теорисы және оқыту технологиясы» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Практика атауы: Өндірістік(педагогикалық) практика
Мамандық: 5В011100-Информатика
Курс: 3
Оқытушы Байғанова А.М.
2016 -2017 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Практика атауы: Өндірістік(педагогикалық) практика
( 7 кредит )
Практика өткізу уақыты мен орыны |
Консультация өткізу уақыты мен орыны
|
Оқытушының аты-жөні |
Байланыс, тел, |
3 курс 23.01-04.02.17 3ИПҚБ Мектептер: 51,40,21,30,39,6.
|
|
Байганова А.М. |
87016179122 |
|
Курмангалиев Е.К. |
87024373086 |
|
|
Кульмагамбетова Ж.К. |
87016186085 |
|
|
Әлиева А.О. |
87016392167 |
|
|
Убаева Ж.К. |
87016413761 |
|
|
Жумагулова А.А. |
87014542236 |
Аннотация
Педагогикалық практика - болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыратын алғашқы әдістемелік оқу-тәрбие шараларының бірі. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру базасы жалпы білім беретін орта мектеп пен инновациялық типтегі мектептер болып келеді.
Педагогикалық практиканың мақсаты жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру .
Бағдарламада практиканың құрылымы мен мазмұны, бақылау формасы, практиканың оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, есеп құжаттарының тізімі келтірілген.
1. Практиканы өтуінің мақсатытары мен міндеттері
Педагогикалық практиканың мақсаты:
тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;
мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру;
болашақ мұғалімдерді практикалық даярлау;
студенттердің практикалық іс-әрекет түрі ретінде маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған.
Педагогикалық практиканың міндеттері:
тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;
мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;
информатика пән мұғалімдермен, оқушылармен, психологиялық қызметтің қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу;
педагогикалық құзырлылығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалар) дамыту және қалыптастыру;
кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі);
дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;
педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;
тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;
студенттердің теориялық және практикалық білімдерін тереңдету және бекіту;
мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жай-күйімен;
психологиялық-педагогикалық және информатика пәнін оқып-үйрену барысында алған теориялық білімдер мен педагогикалық практика арасында байланыс орнату.
2. Жко нбб құрылымында практиканың орны.
біртұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыруда мұғалімді дайындауды қалыптастыру;
жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білімдерді және оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мен диагностиаканы іске асыру дағдыларын, әдістерін және класта, мектепте біртұтас педагогикалық процесті қалыптастыру;
пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психологиялық ұжым қызметкерлерімен, ата-аналармен байланыс орнату;
педагогикалық компоненттерді дамыту және ұйымдастыру (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, қолданбалы және т.б.)
кәсіби- педагогикалық және жеке тұлға дағдыларын дамыту (сабақтың және өз мамандығына байланысты пән бойынша сыныптан тыс сабақтардың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерін шешу және анықтай білу);
дәстүрлі және инновациялық технологияларды, оқыту әдітерін бірлестіріп қолдану;
педагогикалық қызметке шығармашылық зерттеу тұрғыда;
біртұтас педагогикалық процесті (БПП) іске асыруда өзіне-өзі баға қоюды ұйымдастыру;
кәсіптік даму және оны оқыту қызмет рыногы жағдайларында іске асыру
