Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік нсау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

3.2. Электрэнергиясына шығындар.

Станцияда электрэнергия аймақтар мен нысандарға жарық беруге, багыттамалы бүрмаларды, эртүрлі сигналдар мен көрсеткіштерді жарықтандыруға, қол шамының аккумуляторын зарядтауға (қуаттандыруға) және т.б. түтынылады.

Жарық беру энергиясының 1 кВт/сағ қүны 3,6 теңге деп алынады. Қызметтік-техникалық нысандарды жарықтандыратын энергия шығыны мына формуламен есептеледі:

Sсл.тех– қызметтік-техникалық нысандар ауданы 2000м ;

в – жарықтың меншікті қуат нормасы 42 Вт/м;

Т – бір жылда 3500 сағат жарық нүктесінің жану уақыты;

Ц – жарық беру энергиясының 1 кВт-сағ. қүны;

К3 – пайдалы тиімділіктің өзгеруін есепке алатын қор коэффициенті 1,3 тең.

Мұнда: Sскл – қоймалар ауданы 3500м қабылданған.

Станция аумағын жарықтандыруға кететін энергия шығыны мына формула бойынша есептеледі:

Мұнда: N - жарық нүктесінің бекітілген қуаты, Вт;

в - осы түрдегі жарық нүктелерінің саны; N1=500Вт; в1 = 100,

N2=200Вт; в2= 30,

Т – аумаққа жарық беру уақыты 6 сағатқа тең деп алынған. Аккумуляторлық қолшамдарды зарядтаумен байланысты шығындар, жүмыс барысында қолшамды пайдаланатын штатқа, бір жылдағы заряд санына және бір заряд қүнына байланысты есептеледі.

Есеп мына формула бойынша жасалады:

Мұнда: Пфон_ қолшам саны;

60 - бір жылдағы заряд саны;

Ц - бір зарядтың қүны - 20 теңге.

Сөйтіп, станцияны жарықтандыруға кететін шығынның жалпы сомасы қызметтік-техникалық нысандарды жарықтандыру шығыны мен станция аумағына жарық беру және аккумуляторлық қолшамдарды зарядтау шығындарының қосындыларынан жинақталады, ал жүктер үшін -қоймаларға жарық беру шығыны тағы бар.

Салаларға тән негізгі шығынның жалпы сомасы:

Мұнда: - станцияның негізгі өндірістік қызметкерлерінің бір жылдағы жалақысы (штат.кестені қара).

е.док - қүжаттарды алу шығындары шартты түрде 6 дан 9 мың теңгеге дейін алу;

Локомотив депосына локомотивтердің маневрлік жүмыстары үшін шоттарды төлеу шығындары мына формуламен есептеледі:

Мұнда: - локомотив-сағаттың бағасы 3000- нан 4000 теңгеге дейін есеп есептеумен алынады.

3.3 Жалпы негізгі шығындар

Оларға қосымша еңбекақы мен өндірістік штатты элеуметтік сақтандыруға кететін аударымдар, өндіріс жұмыскерлеріне берілетін формалық киімдер бағасына жеңілдіктер, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге байланысты және т.б. шығындар жатады.

Тұтастай станция бойынша жалпы негізгі шығындарды мына шығындар номенклатурасының баптары бойынша есептейді:

241-бап. Қосымша еңбекақы және өндірістік қызметкерлерді элеуметтік сақтандыруға кететін аударымдар. Қосымша еңбекақыға: негізгі және қосыша демалыстарға төлем, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен жұмыс уақытына төлем, шәкірттерді үйретуге және өндірістік тэжірибеге басшылық жасағаны үшін қосымша төлемдер, балаларын тамақтандыратын аналардың жүмысындағы үзілістер төлемі жатады.

Қосымша еңбекақыны төлеу еңбек жоспарында жасалған. Сондықтан, еңбекақының қосымша қорын (АФ3 ) еңбек жоспарынан алу керек.

Әлеуметтік сақтандыруға кететін аударым негізгі және қосымша еңбекақының 10% көлемінде жоспарланады.

  1. бап. Формалық киімдер бағасына жеңілдіктер. Бүл бап бойынша шығындар «басқа да» элементі бойынша, формалық киімдерді алуға қүқығы бар жүмыскерлердің саны, берілу нормасы, киімнің ескіру мерзімі мен оның бағасы туралы деректер негізінде, сонымен қатар, жүмыскерлердің жеке категориялары үшін бекітілген жеңілдік процентерімен жоспарланады.Осы бап бойынша есептеуде шығынды жүмыскерлердің еңбекақысы қорының 0,8-1%) тең деп алуга болады.

  2. бап. Өндірістік қызметкерлердің іссапарлары бойынша шыгындар.Бүл бап бойынша тэуліктік төлемге кететін қаражат, сондай-ақ аралап жүруге тән жүмыстың түріне төленетін қосымша төлемдер жоспарланады. Іссапар бойынша шыгындарды есептеуде шамамен 0,2 мың теңгемен алу керек. Аралап жүруге тән жүмыс төленетін қосымша жолды еаептеумен анықталады.Бүл баптагы барлық шығындар «басқа да» элементі бойынша көрсетіледі.

245-бап. Техника қауіпсіздігі мен өндірістік тазалық бойынша шығындар. Бүл бап бойынша жүмысшылар мен қызметкерлердің саны, 1 кг сабынның қүны және беретін сабын мөлшері негізінде сабынға кететін шығынды есептейді. Бір жылда берілетін сабын мөлшері кг-мен: бір жүмысшыға - 2,4;

  • бір қызметкер мен ИТҚге - 0,6;

  • 1 кг сабынның күны - 40 теңге.

Мұндағы қалған шығындарды шамамен 0,5 мың теңге деп алып «басқа да шығындар» элементіне жатқызуға болады.

Олай болса бұл бап бойынша шығындар былай есептеледі:

Мұнда: К - жұмысшылар, инженерлі-техник қызметкерлері мен жұмыскерлер штаты;

Н - берілетін сабан мөлшері;

Ц - 1 кг сабынның құны.

246-бап. Еңбекті қорғау бойынша басқа да шығындар. Бүл бап бойынша жүмыскерлерге тегін берілетін арнаулы киімдердің тозуына кеткен шығындардың өтеуін анықтайды. Бүл баппен есептеуді арнаулы киім тиісті адамдардың санына, оның бағасына және тозу мерзіміне қарай жүргізеді.Арнаулы киімнің тозуына кеткен шығынды есептегенде арнаулы киімнің тозуына кеткен шығынның шамамен 5% мөлшерін алады.

Контингентті есептеу кезінде қосымша штат пен штат кестесінен негізгі штат және тарату таблицасынан қосымша штат есепке алынады. Барлық жиынтық бағасы сэйкес жиынтық саны туындысының сәйкес бағаға қатынасымен анықталады. Бір жылғы шығын тек қолғаптардан басқа барлық жиынтық бағасын сэйкес тоздыру мерзіміне бөлу бөлшегімен анықталады, қолғаптар бағасы 4-ке көбейтіліді.

Арнаулы киімнің тозуына бір жылда өтеуге кеткен шығындар таблицадағы көлденең жолдағы «бір жылдағы шығындар» қосындысымен анықталады.

250-бап. Негізгі өндірістік қорларды амортизациялау. Амортизациялық аударымдар амортизациялық аударымдар нормасы мен негізгі өндірістік қордың орташа жылдық бағасымен жоспарланады. Станцияның негізгі өндірістік қорының барлық түрі бойынша амортизациялық аударымдардың орташа салмақтағы нормасын олардың қүнының 5,1% мөлшерінде алуға болады. Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық қүны тапсырмада берілген.

253-бап. Өндірістік төмен қүнды және тез тозатын заттардың тозуы. Бүл бап бойынша шығындарды өндірістік жүмыскерлердің еңбекақысы қорының 2%> тең деп есептеп алады.

3.4. Жалпы шаруашылық шығындар.

261-бап. Басқару аппаратына жатпайтын цехтық қызметкерлерді ұстау. Бұ_л бапқа цехтық қызметкерлерді ұстау шығындары жатады (шт.кестені қара.).

263-бап. Жалпы шаруашылыққа жататын нысандар,кұрылыстар мен қү-рал-жабдықтарды үстау. Бүл бап бойынша жалпы шаруашылық нысандарын үстаумен шүғылданатын жүмыскерлердің еңбекақы қоры және тағы да басқа шығындар жоспарланады. Соңғысының көлемін 0,2-0,3 мың теңгеге тең деп алуға болады.

269-бап. Тиімділік пен өнертапқыштыққа байланысты шығындар. Бап бойынша шығын көлемін шамамен 2-3 мың теңге мөлшерінде алуға болады.

  1. бап. Кадрларды даярлау. Бүл бап бойынша шығындарды станцияның барлық жүмыскерлерінің еңбекақысының 0,5% тең деп алуға болады.

  2. бап. Еңбеккерлерге қызмет көрсету. Шығындарды бүл бап бойынша станцияның барлық жүмыскерлерінің еңбекақы қорының 0,3-1,2%о мөлшерінде анықтауға болады.

276-бап. Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар. Бүл бап бойынша басқару аппаратына жатпайтын цехтық қызметкерлер үшін әлеуметтік сақтандыруға аударымдар цехтық қызметкерлер еңбекақысының жалпы қорының 10%о мөлшерінде жоспарланады.

280-бап. Басқа да шығындар. Шығындарды бүл бап бойынша шамамен 5-8 мың теңгеге тең деп алуға болады.

292-бап. Басқару аппараты қызметкерлерінің іссапары. Шығындарды бүл бап бойынша басқару аппараты қызметкерлерінің еңбекақы қорының 0,2-0,5%о тең деп алуға болады.

Станцияның пайдалану шығындарының жалпы сомасы (Э) шаруашылықтың барлық салалары үшін ортақ (Еобщ)тасымалдау бойынша негізгі шығындар мен жалпы шаруашылық шығындарының (Еобщехоз) қосындысымен анықталады.

Станцияның пайдалану жүмыстары өлшеуішінің өзіндік қүнын анықтау.

Станцияның өнім бірлігінің өзіндік қүнын есептеу. Өнім бірлігінің өзіндік қүны станция шығынын (Э) жүмыстың жылдық көлеміне бөлумен анықталады.

Мұнда: С - станцияның өнім бірлігінің өзіндік қүны;

<Зсут- жүмыстың тэуліктік көлемі ( тапсырмада берілген) :

18