Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тандамалы 10-сынып. Биологиялық экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.18 Кб
Скачать

VI.Үйге тапсырма беру:

Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық проблемалары және оны ретке келтірудегі жүргізіліп жатқан іс-шаралар.

20

Күні:

Пәні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Негізгі химиялық ластағыштар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға химиялық ластағыш түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География, физика

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

Vі. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Экологиялық дағдарыс. Ауаны ластағыш улы заттар. Каспий теңізі. Арал теңізі.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Еліміздегі экологиялық дағдарысқа негізгі себепшілер?

2. Ауаға шығатын улы заттардың құрамына не кіреді?

3. Каспий теңізінің қазіргі жағдайы қандай?

4. Каспий теңізінің маңында қазіргі уақытта туындап жатқан қандай проблемалар бар?

ІV. Жаңа сабақ:

Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкес -терге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларын-да піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.

Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олар-дың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдар-мен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық лас-таушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады.

Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі: 1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер); 2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің; 3) жербетілік және жерасты суларының; 4) топырақтың; 5) тамақтың және т.б. Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз: 1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар; 2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар; 3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар; 4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар

V. Бекіту:  

1. Химиялық ластаушы заттарға не жатады?

2. Химиялық ластаушы заттармен күрес қалай жүргізіледі?

3. Қоршаған ортаның ластаушы көздеріне нелер жатады?