Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тандамалы 10-сынып. Биологиялық экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90 Кб
Скачать

VI.Үйге тапсырма беру:

Қазақстан Республикасының қауіпті аймақтарын анықтау. ҚР – да болған ең ірі табиғи және техногенді апаттар жайлы мәліметтер жинақтау.

Суға қатысты апаттар,

келтіретін зардаптары

Атмосфера алабында

болатын апаттар,

келтіретін зардаптары

Техногендік апаттар

келтіретін зардаптары

Табиғи төтенше жағдайлар, келтіретін зардаптары

18

Күні:

Пәні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны ластайтын заттар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды қоршаған ортаны ластайтын заттар мен олардың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География, химия

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

Vі. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Экологиялық апат. Табиғи төтенше жағдайлар. Антропогендік (техногендік) апаттар. Жер сілкінісі. Цунами. Су тасқыны. Дауыл. Құйындар. Өндірістік апаттар. Сел, оның зардаптары.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Экологиялық апат деген не?

2. Табиғи төтенже жағдайларға не жатады?

3. Суға қатысты апаттар, олардың пайда болу себептері.

4. Техногендік апаттарға не жатады?

5. Экологиялық апаттар қандай зардаптьар келтіреді?

ІV. Жаңа сабақ:

Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады.Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр.

Ластаушы заттардың классификациясы және олардан қорғану шаралары

Механикалық ластаушылар 

Химиялық ластаушылар

Физикалық ластаушылар  

Биологиялық ластаушылар 

1.

шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. 

экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.

 Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар)

экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.

2.

Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна, қарағайлар 36,4 т, шамшаттар - 68 т шаң жинайды.

Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады.

Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.

 Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.

V. Бекіту:  

1. Қоршаған ортаны ластайтын заттарға нелер жатады?

2. Механикалық ластаушыларға не жатады?

3. Химиялық ластанудан қорғану үшін не істеу керек?

4. қоршаған ортаның ластануының себептері неде?