Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тандамалы 10-сынып. Биологиялық экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.18 Кб
Скачать

17

Күні:

Пәні:

Сынып: 10 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық апаттар, зардаптары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Экологиялық апат түрлерін және олардың себебінен пайда болатын зардаптар туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға, төтенше жағдайда өзін және айналасындағыларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте, «Сұрақтар шеңбер» әдісі.

Пәнаралық байланыс: География

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

VІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Бағасы төмен және сабақ айтуға ынталы оқушылардан түсінік сұрау. Сабаққа қатыспай болмаса сұрақтарға жауап бермей отырған оқушыларды «Ыстық орындық» әдісі арқылы тақтаға шығарып, үйге берілген тапсырмалар бойынша сынып оқушыларына сұрақ қойғызу.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1...........................................................................................................................

2. .........................................................................................................................

3. .........................................................................................................................

4. .........................................................................................................................

5. .........................................................................................................................

6. .........................................................................................................................

ІV. Жаңа сабақ:

Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.

Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б.

Экологиялық апат

(пайда болуына байланысты)

табиғи

антропогендік

(табиғи төтенше жағдайлар)

(адамның тікелей іс – әрекеттерінен болады)

Табиғи төтенше жағдайлар  табиғи құбылыстар. Оларға сел тасқыны, жер сілкінісі (зілзала), көшкін, дауыл, жанартау атқылау, т.б. жатады.

Жер сілкіну. Жер сілкіну - жер койнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді.

Көшкіндер. Көшкіндер таулы жерлерде, төбелерде, теңіз жағалауларында болып тұрады. Топырақ көшкіні көп жағдайда жер сілкінумен қатар жүреді. Қар көшкіндері қыс кезінде биік таулар аймағында болады. Қалың қар массасы бір-бірімен қосылып жылжып жолындағы заттарды ілестіре отырып, қар-топырақ аралас ірі көшкінге айналады. Қар көшкіні адамның іс-әрекетін де болады.

Жанартау атқылауы. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы,өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады.

Сел тасқындары. Сел тасқындары көбіне биік таулы жерлерде көктемде және жаз айларында болады. Өзімен бірге балық, тас, қоқыстарды ағызып, жолындағының бәрін бұзып өтеді.

Суға қатысты

Атмосфера алабында

Техногендік апаттар

1.

Су тасу апаты теңіз, көл, өзен жағалауларында болатын табиғи құбылысөктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді

Дауылдар ауа қысымыныңң әсерінен пайда болып, жер бетінде күшті желдер тудырады. Жер беті жалаңаштанып топырақ, жел эрозиясын туғызады.

1. Автокөліктер апаты жол тәртібін, техникка қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда әр түрлі жолдар бойында (теңіз, темір және тасжолдар, т.б.) болады.

2.

Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күшінен пайда болатын толқындар. Бұл құбылыстар көбіне суастындағы жер сілкіну, жанартаулар атқылау кезінде болса, ал техногенді жағдайда су астында ядролық қаруды сынаған кезде болады. 

Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деректер бар. Ол – құйынның әрекеті

 Ұшақтар апаты. Жолаушы, жүк тасымалдау, ғылыми мақсаттар, сынақ кезінде ұшақ, тікұшақ, ғарыштық зымырандар, реактивті ұшақтар апат болуы мүмкін. Бұл апаттар аумақты жерлерді қамтып, табиғатқа әр түрлі деңгейде шығын әкеледі. Әсіресе Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын ғарыш кемелері мен Жер серіктерінде болатын қаупі екерше.

3.

Өнеркәсіп орындарындағы апаттар. Бұл апаттар технологиялық процестердің бұзылуы, техникка қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, техниканың ескілігі салдарынан болады. Әсіресе химия, мұнай, уран, атом энергиясын өндіретін өнеркәсіптегі апаттар өте қауіпті. Олардан ауаға, суға, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарылып, бүкіл тіршілік атаулыны жоюы мүмкін.

V. Бекіту:  

«Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топқа парақшада схема ретінде тапсырма беріледі. Әр топқа ой жинақтау үшін 3-4 минут беріледі. Дайын топ дайындығын білдіру үшін 3 рет бірдей шапалақ ұрады.

Суға қатысты апаттар,

келтіретін зардаптары

Атмосфера алабында

б олатын апаттар,

келтіретін зардаптары

Техногендік апаттар

келтіретін зардаптары

Т абиғи төтенше жағдайлар,  

к елтіретін зардаптары

1...........................................................................................................................

2. .........................................................................................................................

3. .........................................................................................................................

4. .........................................................................................................................

5. .........................................................................................................................

6. .........................................................................................................................