Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауап 1-101.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

94 Жаңа Қазақстан-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала мұрагері екендігін дәлелдеңіз

 Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруағы жар болсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!» – деп түйіндеді сөзін Елбасы.

95.Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мазмұнын ашыңыз.

1999 ж Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарық көрді.Маңыздысы-тарих қайнауын зерделей отырып,ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттілігі айтылады .Бұл кітапта қазақ даласы, мәдениет келешегі,ұлттық бірегейлік , тәртіп пен ұлттық ұғымдар,тарихтың терең шеңберлері тереңнен суреттеліп,жазылған.Өткеннің кейбір сабақтарына мән бере отырып,қазақ халқының тарихи жолы туралы ой талғап,рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. Мазмұны 1.Ұлттық келбетті ұлықтайық 2.Қазақ даласы ұлы түркі елінің қара шаңырағы 3.Мәдениет келешегі 4.Алаш мұрасы және осы заман 5.Ұлттық бірегейлік туралы 6.Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар 7.Орт.Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тоғылымдар 8.Тарих шеіберлері мен ұлттық зерде

96.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша айту дәстүрінің ,шежіренің ,жазбаша тарихнаманың:м.Х.Дулатидың, қ.Қ.Жалаирдің аса көрнекті еңбектерін ашыңыз

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) – әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнаме» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.

М.Х. Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың – тұңғыш тарихшысы, философы, ғұлама ақын, дипломат, әскери қолбасшы және ол қазақ халқын құраған ежелгі  түркі тайпаларының бірі – ұлы ойшыл ғалым.

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының төңірегінде дүниеге келген. Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ұлы атасы Мұхаммед Хайдар мырза Қашқарияны биледі. Әкесі Мұхаммед Хұсайн ХҮ ғасырдың ақыры мен ХҮІ ғасырдың басында Моғолстанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Мұхаммед Хайдардың анасы Хубнигар ханым – Шағатай ұрпағы, Моғолстан ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]